Мақсаты:
Білімгерлерге физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру, өздігінен ізденуін тудыру, ең алғыр оқушыны анықтау.
1 топ сұрақтары
Температураны өлшейтін аспап? (термометр)
Қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған күш. (үйкеліс)
Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық )
Сүт қанша градуста қайнайды ? (1000 С)
Қысым айырымын өлшейтін құрал. (манометр)
Диффузия құбылысы қандай күйде тез өтеді? (газда)
Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)
Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)
Судың тығыздығы неге тең. (1000 кг/м3)
2 топ сұрақтары
Жылу берілудің қандай түрлері бар? (жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)
Күшті өлшейтін аспап. (динамометр)
Будың сұйыққа айналу құбылысы ? (конденсация)
Дүние жүзінде көп тараған сұйық ? (су)
Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
Термометрді кім жасады? (Швед астрономы, физигі Цельсий)
F=-kx кімнің заңы (Гук заңы)
Қуаттың өлшем бірлігі ? (Ватт)
Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі (балқу)
Оқушыларға физикалық терминдерге байланысты жұмбақтар жасырылады, жауабын тауып 3 тілдегі нұсқасын айтулары керек, дұрыс жауапқа 10 балл.
I топ
Келді кезек полиглотты шешуге,Жауаптарды аударуға екі тілде.Қазақ, орыс тілдерін білсеңіз,Жиырма ұпай, шәкірт, саған несібе
Жай көзге көрінбейдіҚозғалуға ерінбейді. (молекула-молекула-moleсule)
Жоғарламайды ешқашанТүрлендірсең егердеБасқа күйге ауыссаЖұмыс істейді әрқашан. (энергия-энергия-energy)
Өзі затты құрайды Теңелуге таразыны сұрайды. (масса-масса-a mass)
Көтерілсе жоғарыЕрітер мұхит мұздардыТөмен түссе шамалыСездірер суық ызғарды. (температура-температура-temperature)
Қозғалысқа келтіріпЖылдамдығын бередіӨлшем бірлігін қарасаңНьютонға келеді. (күш, , сила, force)
Оңынан оқы тіршілік нәріСолынан оқы онсыз адамӨсімдік, аң, құсӘп-сәтте сөнерТұншығып бәрі. (ауа,воздух, air)
Дауыл тұрса дым қалмайТүйдектеліп көшедіТоз - тоз болып өшеді. ( Бұлт-облако-cloud)
Электр энергиясын өндіретін,Үйіңе жарық ендіретін,Ротор стартордан құрылымы,Кім айтады мұндай құрылғыны? (генератор-генератор-generator)
Асып кетсе кернеуді,Төмендетіп береді,Кеміп кетсе кернеудіЖетерліктей береді,Мұны ойлап тауып ед,Яблочков пен Усагин,Тұтынуға қажетті,Тауып берем кернеуді. (трансформатор-трансформатор-transformer)
Интерактивті тақтада сұрақтар шығады, тұлғаларды дұрыс тапқан оқушыға 10 балл.
Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед)
Қысымның өлшем бірлігі қай ғалымның құрметіне берілген? (Блез Паскаль)
Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)
Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. (Рентген)
Жылу мөлшері,энергия,жұмыс өлшем бірліктеріне аты берілген ағылшын ғалымы (Джоуль)
Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)
Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)
Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)
Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)
Орыс ғалымы, 1711-1765 жылдар аралығында өмір сүрген.Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуына үлес қосқан.(М.В.Ломоносов)
Француз ғалымы.Ол сұйықтармен газдардың бірқатар маңызды қасиеттерін ашып зерттеген.Атмосфералық қысымның бар екенін қызықты әрі нанымды тәжірибелермен дәлелдеген.( Б.Паскаль)
Рентген сәулесін ашқан ғалым? (Рентген)
1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)
Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесуін анықтаған француз ғалымы: (Ш. Кулон)
Электромагнитттік индукция құбылысын ашқан ағылшын ғалымы: (Фарадей)
Серпімділік күшін ашқан ғалым: (Гук)
(М,Ж,Е,О,Д)
1.Қыстыкүні пеш тұтанбай қалса, не істейсің?
2.Тонның жылуы несінен?
3.Жаздыкүні қандай киім киген дұрыс?
4.Қаз судан неге құрғақ шығады?
5.Газды су неліктен жабық ыдыста тыныш, ал тығынын ашқанда көпіршіп тасиды?
6.Физика сабағында неге тыныш отырасың?
7. Булану дегеніміз не?
8.Қатты денеде диффузия неге жай жүреді?
9. Физика сабағы қызық па?
10.Бүгін сайыста кім жеңеді?
(Т,А,С,Ө,Қ)
1.Пеш мұржасының биік болғаны дұрыс па, әлде аласа ма? Неліктен?
2.Қыстыкүні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?
3.Үйді кесек кірпіштен соққан дұрыс па, әлде күйдірілген кірпіштен бе?
4.Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
5.Неліктен спортшылар алақанын магнезиямен, шаңғы табанын конифольиямен сүртеді?
6.Физика сабағында неге тыныш отырмайсын?
7. Неге ыстық шайда қант тез ериді?
8.Диффузия деген не?
9.Физика сабағы ұнай ма?
10.Бүгінгі сайыс қалай болды?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.