Физика_10 класс_Әртүрлі ортадағы электр тогы_тапсырмалар
Оценка 4.7

Физика_10 класс_Әртүрлі ортадағы электр тогы_тапсырмалар

Оценка 4.7
docx
07.05.2020
Физика_10 класс_Әртүрлі ортадағы электр тогы_тапсырмалар
Физика_10 класс_Әртүрлі ортадағы электр тогы_тапсырмалар.docx

Әр түрлі ортадағы электр тогы

І-нұсқа

 

1.     Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:

а)        электрондар;       ә) оң иондар;

б)        теріс иондар;       в) кемтіктер;

2.     Газдардағы электр зарядтарын тасымалдаушылар:

а)                    оң иондар;        ә) электрондар;

б)        теріс иондар;       в) оң және теріс иондар;

г) электрондар мен оң және теріс зарядталған ион­дар.

3.    Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі:

а)        Электролиттік диссоциация;
ә) электролиз;

б)        рекомбинация;

в)        газдың иондалуы;

г)        а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

4.    Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:

а)        гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б)        гальваностегия;

в)        гальваникалык элементтер;

г)         а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

5.    Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда кемтіктік өткізгішке ие болады?

а)        егер 3 валентті элементке 4 валентгі элементтің коспасын енгізсе;

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б)        егер 4 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

в)        егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің коспасын енгізсе;

г)         егер 4 валентті элементқе 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.

6.    Шала өткізгіштің температурасы артқанда, кедергісі:

а) өзгермейді; ә) артады; б) 2 есе артады; в) кемиді; г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

7.    Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті:

а) 0,394 мг/Кл; ә) 0,207 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,238мг/Kл; r) 0,112 мг/Kл.

8.    Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді? Ниқельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03*10-7кг/Кл.

а) =2 г; ә) =1,5 г; б) =0,5 г;  в) =2,5 г;  г) =3 г;

9.    Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өтқен токтың күші қандай? Қорғасынның  элеқтрохимиялық  эквиваленті 1,074* 10-6 кг/Кл..

а) 6А;      ә)4A;      б)  5А;        в) ;   г) 4,5A

10. Соққы иондалу нәтижесінде тізбектегі ток:

а) кемиді:       ә) артады;

б)аздап артады;      в) аздап кемиді;
г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.

 

ІІ-нұсқа

 

1.     Элеқтролиттерде зарядты тасымаддаушы қан­дай бөлшектер:

а) электрондар мен қемтіктер;
ә)
 электрондар;

б) оң және теріс иондар;

в) қемтіктер;

г) оң иондар.

2.     Шала өткізгіштерде зарядты тасымалдаушы бөлшектер:

а)        электрондар;                     ә) электрондар мен кемтіктер;

б)        оң және теріс иондар;    в) кемтіктер;        г) теріс иондар.

3.    Рельефті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындалуды:

а)        гальванопластика;

ә) аккумуляторды зарядтау;

б)        гальваностегия;

в)        гальваниқалық элементтер;

г)         а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

4.    Электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігу процесі:

а)        электролиз;

ә) рекомбинация;

б)        электролиттік диссоциация;

в)        термоэлектрондық эмиссия;

г)         а-в жауаптар ішінде дұрысы жок.

5.    Шала өткізгішке қандай қоспа қосылғанда электрондық өткізгішке ие болады?

а)        жауаптардың ішінде дұрысы жок:

ә) егер 4 валентті элементке 4 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

б)        егер 4 валентті элементке 3 валентті элементгің қоспасын енгізсе;

в)        егер 3 валентті элементке 3 валентті элементтің қоспасын енгізсе;

г)         егер 4 валентті элементке 5 валентті элементтің қоспасын енгізсе.

6.    Қандай жағдайларда шала өткізгіш диэлектр бола алады:

а)         температура жоғарлағанда; ә) температура нольге тең болғанда;

б)        температура өзгермеген жагдайда; в) темпера­тура төмендегенде;

г) а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

7.    Электролит арқылы 2 А ток күші етқенде, 10 минут ішінде катодта 244 мг никель жиналды. Никельдің электро-химиялық эқвиваленті:

а) 0,304 мг/ Кл; ә) 0,238 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,394 мг/Кл;   г) 0,203 мг/Kл.

8.Катодтан 5 А ток өткенде 50 мин ішінде массасы кандай қүміс белінеді? Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118*10-6кг/Кл.

а)  16,8 г;    ә)  20,г;     б) 10г;   в)  8,4г;       г) 33,6 г.

9.    Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? Мыстың электрохимиялық эқвиваленті 3.94*10-7кг/Kл

а) =5,4A;     ә) = 4A;        б) =3,8A;    в) =4,6A;  г) = 5 A

10. Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы:

а)        электролиз:         ә) газ разряды;

б)        термоэлеқтрондық эмиссия;

в)        газдың иондалуы;

г)        а-в жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

. Эр түрлі ортадағы электр тогы.

 

1-нұсқа

2-нұсқа

жауап

жауап

1

А

1

Б

2

Г

2

Ә

3

Ә

3

А

4

Б

4

Ә

5

Б

5

Г

6

В

6

В

7

А

7

Г

8

Ә

8

А

9

В

9

Ә

10

Ә

10

Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауы бойынша есептердің шығарылуы

                  Есеп 1. Мыс хлориды (CuCl2) ерiтiндiсiн токпен электролиздегенде қанша уақытта массасы m = 4,74г мыс катодта бөлiнiп шығады.

Шешуi. Мыс хлориды суда ерiгенде электролиттiк диссоциалану нәтижесiнде оның молекулалары Cu2+ және Cl - иондарына ыдырайды.

Мыс хлориды ерiтiндiсiн электролиздегенде массасы m мыс катодта бөлiнiп шығатын уақыт Фарадей заңы бойынша мынаған тең :

.

Сандық шамаларын қойып, уақытты табамыз:

τ = 2 сағат.

Есеп 2. Электрондық шоқ жазық конденсаторға ұзындығы 50 мм пластиналарға параллель ұшып кiрдi. Егер конденсатордың пластиналарының арасындағы өрiстiң кернеулiгi 15 кВ/м болса, электрондардың жылдамдығы қандай болады?

Шешуi.

сурет. 1

Электрондар конденсаторда қозғалғанда оның абциссасы бiрқалыпты қозғалыс заңымен өзгередi x=vt, өйткенi x өсiнiң бағытында оған күш әсер етпейдi, ал y өсiнiң бағытында электр күшi әсер еткендiктен, оның ординатасы бiрқалыпты үдемелi қозғалыс заңымен өзгередi: y = .

Электрондар конденсатордан ұшып шыққан сәтте оның координаталары

x = l = vt,

тең болады. Осыдан уақытты жойып:

(1)

табамыз. Үдеудi Ньютонның екiншi заңынан табамыз: , мұндағы F=eE.

Оны (1) өрнекке қойып,

табамыз.

Есеп 3. Қимасы 0,2 мм2 тең өткiзгiштегi ток күшi тең. Өткiзгiштегi еркiн электрондардың концентрациясы равна 51028м3 тең. Электрондардың осы өткiзгiштегi реттелген қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.

Шешуi. Өткiзгiштегi ток күшiнiң еркiн электрондардың концентрациясы және электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығымен байланысын анықтайтын (5.2, §5.1) теңдеуiн пайдаланамыз. Осы теңдеуден электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы үшiн келесi өрнектi аламыз:

V=I/qnS.

Есептеп алатынымыз:

V=1A/1,6·10-19Кл·5·1028м-3·0,2·10-6м2≈6,25·10-4 м/с

Есеп 4. Электр шамының 23° С қызған кездегi вольфрам қылының кедергiсi 4 Ом. 0° С температурадағы кедергiнi табыңдар. Вольфрам кедергiсiнiң температуралық коэффициентi 4,8·10-3 К-1 тең.

Шешуi. Кедергiнiң температураға тәуелдiлiгiн сипаттайты теңдеудi есептеймiз:

R=R0(1+αΔt).

Одан:

R0=R/(1+αΔt)=4 Ом/(1+4,8·10-3 К-1·296 К)=3,6 Ом

Есеп 5. Егер кремний диодтан өтетiн күш I=5,5 мА, ал кернеу U=0,7 В тең болса, оның керi бағыттағы тұрақты токқа кедергiсiн табыңдар.

Шешуi. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын қолданамыз:

I=U/R.

Демек:

R=U/R=0,7 В/5.5·10-3А1,3·10-3А


 

Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар: а) эле к трондар; ә) оң иондар; б) теріс иондар; в) к емтіктер; 2

Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар: а) эле к трондар; ә) оң иондар; б) теріс иондар; в) к емтіктер; 2

Элеқтролиттерде зарядты тасымаддаушы қан­дай бөлшектер: а) электрондар мен қемтіктер; ә) электрондар; б) оң және теріс иондар; в) қемтіктер; г) оң иондар

Элеқтролиттерде зарядты тасымаддаушы қан­дай бөлшектер: а) электрондар мен қемтіктер; ә) электрондар; б) оң және теріс иондар; в) қемтіктер; г) оң иондар

Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?

Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?

Есеп 1. Мыс хлориды ( CuCl 2 ) ерiтiндiсiн 2А токпен электролиздегенде қанша уақытта массасы m = 4,74г мыс катодта бөлiнiп шығады

Есеп 1. Мыс хлориды ( CuCl 2 ) ерiтiндiсiн 2А токпен электролиздегенде қанша уақытта массасы m = 4,74г мыс катодта бөлiнiп шығады

Электрондар конденсатордан ұшып шыққан сәтте оның координаталары x = l = vt , тең болады

Электрондар конденсатордан ұшып шыққан сәтте оның координаталары x = l = vt , тең болады

R 0 =R/(1+ αΔ t)=4 Ом /(1+4,8·10 -3

R 0 =R/(1+ αΔ t)=4 Ом /(1+4,8·10 -3
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.05.2020