Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Оценка 5

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Оценка 5
Разработки уроков
doc
физика
7 кл
23.02.2017
Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Жаратылыстану -математика пәндер бірлестігінің онкүндігінде 7сыныптар оқушыларымен өткізілген физика пәнінен "Тапқыр достар" атты тақырыппен кластан тыс іс-шара. Іс-шара физика және экономика ғылымдары кіріктірілген сабақ. Сабақ ойын-сайыс түрінде өткізілді. Бірнеше бөлімнен тұратын іс-шара балаларды бәсекелістікке, өз ойларын ашық айта алуға ,басқаның пікірін тыңдауға тәрбиелейді. Физика заңдарын, физикалық шамалармен өлшем бірліктерді білуге, экономикалық терминдерді есте сақтауға мүмкіндіктер беретін жұмбақтар беріледі.Вне классная работа по физике
физика звезд час.doc
Пән:Физика және астрономия  Сынып:8  «Жұлдызды сағат» атты сайыс «Білімділермен дос бол­ тарыққанда ақыл біледі, Білгіштермен дос бол­адамшылығыңды біледі» (Халық ауызынан) Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер­ деп Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жоспары: І тур «Өткел» ІІ тур «Белес» ІІІ тур «Ойлан тап!» ІҮ тур «Мақал ­мәтелдер» Ү тур «Физика шамаларын білесің бе» ҮІ тур «Кім жылдам»   Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі  қонақтар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Физика»   кешіне арналған «Жұлдызды сағат» атты сайысқа қош келдіңіздер! Ойынға 8 оқушы қатысады,әр турдан соң ұпай саны аз оқушы ойыннан  шығады. Соңында қалған 2 оқушы 6­тур сұрақтарына жауап береді. Жеңімпаз оқушы  марапатталады? Ал, оқушы, ұстаздар Ортаға назар салайық. Сайыскерлер шықпақ сайысқа, Қол соғып қарсы алайық,­ деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға  шақырамыз. Әділ ­ қазы алқасына бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сал әділдікпен шеше біл. Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: Жарыс заңы ежелден, Жеңімпаз болу шарт сол. Еңбек етіп жалықпай, Сәтті сапар тілеумен. Сайысты біздер бастайық, Көрсетіңдер өнерді, Қарап қалма жасқана, ­ дей келе сайысымызды бастаймыз І тур «Өткел» Қарап тұрмай өткелден өтіңіздер, Шәкірттерге әділ шешім беріңіздер, Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Өткелден өтіп Белес турына өтіңіздер Сайысымыздың І ­ кезеңі ­ «Өткел». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге физика  пәніне байланысты сөйлемдер беріледі. Әр ойыншыға 2­сұрақтан қойылады,  жауабын білмесе,екінші ойыншыға сол сұрақ қойылады.Ия, жоқ деп жауап  беріледі, 1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Ал, мұқият болыңыздар: жауап беру 2 мин. 1. Заттың үш күйі бар.(иә) 2. Температураны өлшейтін құрал ­ динамометр.(жоқ) 3. Желді күні асфальт беті тез кебеді.(иә) 4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі ­ Джоуль.(иә) 5. Мылтық жылу қозғалтқышына жатады.(жоқ) 6. Мұз ерісе энергия шығарылады.(жоқ) 7. Массаның өлшем бірлігі ­ килограмм.(иә) 8. Заттың қатты күйінен сұйық күйіне ауысуы ­ кристалдану деп аталады. (жоқ) 9. Изобаралық процесте, көлем тұрақты/жоқ/ 10. Жылуөткізгіштігі жоғары металл мыс/ ия/ 11. Жылу берілудің үш тәсіл бар/ия/ 12. Адиабаталық процессте жылу алмасу болады/жоқ/ 13.Механикалық жұмыс жасалмайтын процесс, изохора/ ия/ 14.ІЖҚ­тың 1такттысында , сығу процессі болады/ жоқ/ 15. Дизельді ІЖҚозғалтқыштың  сұйық отыны ретінде бензин қолданады/жоқ/ 16.Изотермиялық процессте,жүйенің температурасы тұрақты/ия/ Ұпай аз бір ойыншы ойыннан шығады. ІІ тур «Белес» Адам ­ Алып таңғажайып ісімен, «Белес» ­ ойын ой тастаған түсімен. Зерделілер заманды алға жылжытсақ, Физикалық заңдылықтар күшімен. Бұл адамдар ардақтаған халықтар, Физикада даңқы шыққан алыптар. Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер, Алыптарды әрқашанда танып қал. Келесі кезеңіз ­ «Белес». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 1 сұрақтан беріледі.  Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 балл. Осы турдан кейін ұпай аз 1 ­ оқушы  сайысымыздан шығады. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал, мұқият болыңыздар:  1. Алдар көсе, Шығайбайдың киіз үйінің есігінен сығалады?Ондағы адамдар  барлығы бірдемемен айналасып, терлеп­тепшіп отыр екен?Себебін түсіндір Жауабы:Адамдар жұмыс істегенде, ішкі энергиясы артып, терлейді? 2. От басында отырған Шығайбай мен Көсеге шым тезектің қызуы қандай  тәсілмен беріліп отыр? Жауабы: Сәуле шығару 3. Ет қазанның қақпағын ашып қойса тез пісе ме, әлде жауып қойса тез пісе  ме? Жауабы: Жабық күйінде, себебі ашық болса кебу,конвекция жүреді 4.) Алдар байдың тоңын алдап киюі. Тон неге жылы болды? Жауабы:Түлкі ішік, тымақ жүн арасында ауа болды, ал ол жылуды нашар  өткізеді. 5. Қойнына ыстық күлше тығып алған байды,Алдар көсе құшақтап жібермей  қойды. Бай азарда­безер болып, оның құшағынан шығуға тырысты. Неге? Жауабы: Жылуөткізгіштік тәсілі бойынша нанның ыстығы,оның денесіне  берілді. 6. Қазақ үйдің сүйектері неге киізбен жабылған? Жаздың ыстық айларында  неліктен керегенің киізін ортан беліне дейін керіп қойған? Жауабы: Конвеция әсері Ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз. ІІІ тур «Ойлан тап!» Келесі кезеңіміз“Ойлан тап!” кезеңі. Бұл кезеңде әр ойыншыға 3 жұмбақтан  беріледі. Жұмбақты шешу арқылы өз қоржындарын толтырады. Әр жұмбақты  дұрыс жауабы 5 ұпай. Дайын болсаңыздар бастаймыз. Ал, мұқият болыңыздар: 1. Көкке қараған, жұлдыз санаған /Телескоп/ 2. Дауысы да ілеспес Өзі ұшқан қарқынға Соған шүйке іспестес Жол қалады артында / зымыран/ 3.Жұрттың бәрі соны сүйеді. Бірақ оған қарағысы келмейді?/ от/ 4.Барма, жоқ па анық білмеймін, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің /ауа/ 5.Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды?/масса/ 6.Аса қажет өмірге, халық үшін, Пайдаланады күн сайын жарық үшін/Шамдар/ 7.От ойнатқан бұлтты аспан жүзінен,   Разряд­әр текті, зарядтардан түзелген. Күркіреген көкте тынбай гүрілдеп, Ашылады күн шыққан соң күлімдеп /Найзағай/ 8.Кездеспейді екеуі , көк аспанда мекені /күн мен ай/ 9.Біз,біз едік, Біргей жарқын қыз едік Тамашада көп болдық Таң атқанда жоқ болдық / жұлдыздар/ 9.Жылдам барып қайтады Не айтсам соны айтады Жатырқамайды ешкімді Бекер деп кім айтады         /жаңғырық/ 10.Олар ұшқыш ғарышкер Батыл жандар намыскер Көк күмбезін құшады Ғарышқа немен ұшады / зымыран/ 11.Байқоңырдан Гагарин Ашты космос заманын Құдіретін көрсетті Біздің байтақ даланың Гагрины кім/ Т.Аубакиров/ 12.Жамау­ жамау төбе Құламайды неге?/атмосфера/. 13Елеуішпен су әкелуге бола ма?/ /болады, мұз және қар күйінде/ 14.көзіңмен көресің бірақ ұстай алмайсық/ көлеңке/ 15.қандай ыдысқа су құйылмайды?/ суы толы ыдысқа/ 16. Алтын теңге кетеді,күміс теңге келеді?/ Күн мен ай/ 17.Жерден көтеруге оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын?/ мамық/ Ұпайлар есептелініп 1­ойыншы ойыннан шығады. ІҮ.бөлім: «Мақал­мәтелдер» жалғасын тап Әр мақал үшін 2­ұпай 1.Қазан отпен,............................./адам әрекетпен қызады/ 2.Көсеу ұзын болса,................................/қол күймейді/ 3.Тонның жылуы терісінен емес,................................/жүнінен/ 4.Нан піскенше,........................../күлше күйеді/ 5. Қол жұмылмай,........................................../жылынбайды 6. Аузы күйген,......................../үрлеп ішеді/ Ұпай саны аз бір ойыншы мен қоштасамыз Ү.бөлім: «Физика шамаларын білеміз бе?» Әр тапсырма үшін 2­ұпай Мына шашылған әріптерді орнына қойып, физикалық шаманы табыңдар 1. овцкеяни /конвекция/ 2. баиразо/изобара/ 3.рттепамреуа /температура/ 4.димореткимнаа/термодинамика/ 5.иямретози/изотермия/ 6. уылж лағтшықызоқ/жылу қозғалтқышы/ Ұпай саны аз ойыншы шығады. ҮІ тур «Кім жылдам» жауаптар 1­ұпай.  «Термодинамика» сөзіне қысқа сөздер құрастыру Жүргізуші:Осыменен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? Үйрендік білмегенді, осы жолы, Тағыда үйренеміз аман болсақ Шыңымыз биік болар, білім қусақ Өмір деген өнермен үйлеспей ме? Жадыратар жанымызды ән тындасақ Қорытынды: Ал казір әділ­қазы сөз алады Кешіміздің жеңімпазын анықтап, Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады. Жеңімпаз «Физика озаты ­2014 »  мадақтамасымен марапатталады.

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар

Физика пәнінен кластан тыс іс-шара: Тапқыр достар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.02.2017