ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Оценка 4.6

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Оценка 4.6
Исследовательские работы +9
docx
английский язык +1
Взрослым
26.03.2019
ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ
В статье раскрываются вопросы создания и развития условий для успешной реализации полиязычного образования. При этом важнейшую роль автор отводит вопросу современные технологии и методики в условиях полиязычного образовании и возможности интеграции физики и английского языка в учебном процессе. А так же в статье описывается технология CLIL как инновационный метод обучения иностранным языкам в среднем образовании. Современная социально-политическая и экономическая ситуация требует внедрения интегрированных подходов обучения в среднем образовании с целью подготовки учащихся, обладающих гибким мышлением и умением подходить к решению задач комплексно.
Асенова АО 25 мектеп Физика сабагын уштилди окыту.docx
ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА  CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ А.О. Асенова  Физика мұғалімі  «№25 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі  Павлодар қ., asenova2011@yandex.ru  Аннотация В статье раскрываются вопросы создания и развития условий для успешной реализации полиязычного образования. При этом важнейшую роль автор отводит вопросу   современные   технологии   и   методики   в   условиях   полиязычного образовании и возможности интеграции  физики и английского языка в учебном процессе. Abstract The   article   deals   with   the   creation   and   development   of   conditions   for   the successful implementation of multilingual education. At the same time, the author assigns the most important role to the issue of modern technologies and methods in the conditions of multilingual education and the possibility of integrating physics and English in the educational process. «Ақырын   жүріп,   анық   бас,   Еңбегің   кетпес   далаға.   Ұстаздық   еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деп Абай жырлағандай, қазір ХХІ ғасырда жас ұрпаққа,  жас буынға  жаңаша  білім беру  жолында  түбегейлі  өзгерістер  жүріп жатыр.  Бүгінгі   ғылым   мен   техниканың   қарыштап   даму   заманында   мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт   деңгейінде   толық   меңгеруіне   кепілдік   бермей   отырғандығы оқушылардың   білім   жетістіктерінің   нәтижелерінен   көрінуде.   Сондықтан   оқу­ тәрбие   үрдісін   жандандырудың   қазіргі   педагогикалық   технологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт­бағдар берілуде. Нұрсұлтан   Назарбаев   «Болашақта   еңбек   етіп,   өмір   сүретіндер   –   бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, сондай­ақ тарихи танымдық,   педагогикалық­психологиялық   сауаттылық,   саяси   экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықпен бірге физика, химия, биология және информатика пәндерін үш тілде оқыту талап етілуде.  Себебі   білімдегі   жаңашылдықтар   мен   жаңа   технологиялардың   бәрі   де ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде. Мәселен, әлемде жылына жүз мың кітап шықса, соның сексен мыңы шет тілінде шығарылады. Демек, білімнің базасы   –  тіл   біліміне   байлаулы   тұр.  Ағылшын   тілін   қызығушылық   деп   емес, қажеттілік деп түсінетіндер қатары көбейді. Әрине, бұл басымдықты шет тіліне бұру деген сөз емес. Әйткенмен көштен қалмаудың жолы – тіл білу.  Бірнеше жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақ­түрік лицейлері мен   Дарынды   балаларға   арналған   мектептерде   үштілділік   сатысы   білім процесіне енді. Бірақ қалай? Көптің көкейінде жүрген сауалдардың бірі де осы еді. Әсіресе, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізу басы ашық сұрақ ретінде   санада   сақталып   қалғаны   рас.   Қай   кезде   де   реформаға   тосырқай қарайтын   қоғамның   бұл   алаңдаушылығы   жылдарға   жалғасты.   Себебі   күрделі компоненттерге   құрылған   физика,   химия,   биология,   информатика   пәндерін ағылшын тілінде меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етеді.  Дамыған   өркениетті   30   елдің   қатарына   қосылу   мақсатында   жүргізіліп отырған «Үш тілде білім алу» саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе.   Бұның   мақсаты   –   көп   ұлтты   елімізде   ұлтаралық   татулықты   сақтау, ұлттық мемлекеттік бір тұтастықты қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді негіз ете отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Қай заманда   болсын,   бірнеше   тілді   меңгерген   мемлекеттер   мен   халықтар   өзінің коммуникациялық   және   интеграциялық   қабілетін   кеңейтіп   отырған.   Бүгінгі таңда   Қазақстан   үшін   үш   тілде   білім   алу   ­   елдің   бәсекеге   қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы.  Біздің елімізде «Үш тілде білім алу» саясатынан  бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Бірақ, үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлеуі қазақстандық демократияның айқын көрінісі. [1] Біз осындай демократияның арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз. Билік үш тілді үйрену, қолдану аясын бір сызықтың бойына емес, үш сызыққа, әрқайсысының өз орнын көрсететін саясат жүргізіп,   мемлекеттік   тілдің   бірінші   болып   дамуын   қадағалайды.   Бұған ешқандай күмән болмауы керек. [1] Үш тілді меңгеру арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесін көре   алады.   Мемлекеттік   тіл   ­   мемлекеттік   қызметте   жұмыс   бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді.[2] Нұрсұлтан   Назарбаев   «Қазақстан­2050:   қалыптасқан   мемлекеттің   жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі ­ біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз   –   оны   барлық   салада   белсенді   пайдалана   отырып   дамыту.   Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл   –  өзін   қадірлейтін   әрбір   адам   дербес   шешуге   тиіс   міндет.  Мемлекет   өз тарапынан   мемлекеттік   тілдің   позициясын   нығайту   үшін   көп  жұмыс   атқарып келеді.   Қазақ   тілін   кеңінен   қолдану   жөніндегі   кешенді   шараларды   жүзеге асыруды жалғастыру керек» деп атап көрсетті.[3] «Үш   тілде   білім   беруді   дамытудың   2015­2020   жылдарға   арналған   жол картасы» бағдарламасы аясында ағылшын тілін жаратылыстану­ғылыми пәндері мұғалімдерінің   жалпы   санынан   жоғары   сыныптарда   жаратылыстану­ математикалық бағыттағы пәндерді (физика, биология, химия, АКТ) ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі 2015 жылы ­ 2,5% болса, 2020 жылы ­ 25%  құрайды деп болжануда. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін үш тілде білім беруді кезең­ кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту.  Міндеттері:  ­ үш тілде білім беру шеңберінде тілдерді оқытудың бірыңғай стандартын әзірлеу   есебінен   бірыңғай   білім   ортасы   контекстінде   үш   тілде   білім   беру сабақтастығын қамтамасыз ету;  ­ тілдерді үйрету талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын, білім беру ресурстары мен бағалау жүйесін жаңарту;  ­  Қазақстанда  үш тілде  білім  беру  саласында  тиімді ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;  ­   тілдерді   үйретудің,   оқытудың   және   бағалау   жүйесінің   халықаралық стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытудың эталондық рамасын әзірлеу;  ­ үш тілде білім беруді тиімді енгізу үшін педагог кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру;  ­ мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, ҮЕҰ, бизнес   құрылымдар,   ата­аналар   қауымы,   БАҚ   және   т.б.   )   өзара   тиімді   іс­ қимылын дамытуға ықпал ету;  ­ үш тілде білім беруді іске асыру процесін ақпараттық қолдауды (үш тілде білім   беру   саясаты   мәселелері   бойынша   бұқаралық   ақпарат   құралдарында, теледидарларда, баспасөз құралдарында жариялау және т.б.) қамтамасыз ету. Іске асырылу мерзімі: 1­кезең – 2015 жыл, 2­кезең – 2016­2020 жылдар.  Осы   бағдарлама   өзінің   мақсат,   міндеттерін   орындау   кезеңінің   соңына жақындап қалды. Қаншама ағылшын тілін оқыған ұстаздар өз тәжірибелерінде пәнді оқытуда ағылшын тілін қолданып жатыр.  Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі жаратылыстану пәндерін   кіріктіріп   оқыту   бойынша   оқу­әдістемелік   құрал   әзірлеу   болып саналады.[4]. Осы орайда физика пәні мұғалімдерінен құралған шығармашылық топ 8­ші сыныптарға арналған жұмыс дәптерін ағылшын тілінде құрастырдық.  Үш   тілде   оқыту   дегенде   ең   алдымен   сабақта   пәнаралық   байланыстарды дамытуды   қарастыру   маңызды   екені   ескеріледі.   Тіл   мен   пәнді   пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту танымдық міндеттерді, ұсыныстар жасауды, оқушының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп жағдай жасалады [1]. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде ең маңызды тіл – ағылшын   тілі   болып   саналады,   сондықтан   да   кіріктіріп   оқытудың   негізін ағылшын тілі сабақтары алады. Ағылшын  тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу –   ең   алдымен,   оқушының   сабақ   үстінде   дамуы   мен   оның   психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған. Жалпы   білім   беретін   жаратылыстану­математика   бағытындағы   мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді.  СLIL ­ Content and language integrated learning. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді   меңгерген,   әлеуметтік   және   кәсіптік   бағдарға   қабілетті,   мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Ағылшын   тілін   жаратылыстану   бағытындағы   пәндермен   кіріктіріп   оқыту арқылы   оқушыларды   білім   алуға   қызығушылықтарын   арттыруға,   оларды ғылыми   тіл   дағдыларын   дамытуға,   физикалық   шамаларды,   терминдерді   ана тілінде   ғана   емес,   ағылшын   тіліндегі   баламасын   қолдануға   және   олардың ағылшын   тілінде   сауатты   түрде   «Үштілділік»   ұлттық   жоба   аясында   білімін дамытуға болады. Ағылшын   тілі   арқылы   жаратылыстану­математика   бағытындағы   атап айтқанда, физика, информатика, биология, химия пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары   мен   тәсілдерін   қазіргі   білім   жүйесінде   кеңінен   ауқымды   түрде қарастырып жатқаны мәлім. Сонымен   бұл   әдіс   оқушылардың   тілдік   қарым­қатынас   қажеттілігі   мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды және бір мезгілде екі пәнді   бірдей   оқытуды   жүзеге   асыруға   мүмкіндік   береді,  алайда   негізгі   назар тілге   де,   тілдік   емес   пәнге   де   аударылуы   мүмкін.   Сондай­ақ   ағылшын   тілін жаратылыстану бағыты пәндерімен   кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын әдіс­тәсілдерін атап көрсетер болсақ. Олар: 1.Оқушылар арысында диктанттар жүргізу; 2.Диалогтік немесе монологтік түрде оқушыларды бір­бірімен   тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау; 3.Жаңа мәтіндер арқылы оқушылармен жұмыстар жасау: 4.Сөздер мен сөйлемдерді жаздыру арқылы бір­бірімен өзара  тексерулер жүргізу; 5.Қолданылған мәліметтің көлемін арттырып отыру; 6.Оушыларды әр түрлі терминдерді жатқа айтуға дағдыландыру. [5] Осыған   орай   жаратылыстану   пәндерінің   ішінде   физика   пәнін   ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсақ, ең алдымен оқушылардың физикалық терминдерге байланысты  сөздік қорын кеңейте отырып, өз бетімен ізденуге,   шығармашылық   қабілеттерін   шыңдауға,   өмірде   болып   жатқан   әрбір физикалық құбылыстарды ағылшын тілінде жеткізе білуге дағдылануға үлкен мүмкіндік туғызады. Сонымен   қатар,  еліміздің   басқа  мемлекеттермен   қарым­қатынасы   артып, нығайған   шақта   ағылшын   тілін   еркін   меңгере   отырып,   кез   келген   салада ағылшын тілін қолдана отырып қарым­қатынасты жүргізе алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір педагог ұстаздардың айқын мақсатының бірі. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұзтаздар қауымы қаншама. [6] Кіріктірілген   сабақтарды   ағылшын   тілін   толық   меңгерген,   дайындығы жоғары дәрежеде болса, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерінің өзіде өткізе алады.   Ағылшын   тілін   жетік   меңгерген   «Физика   (химия,   биология, информатика) мұғалімі – оқушылар» тілдесуінен туындаған қызығушылықтың әсерінен оқу материалын қабылдау, бақылау белсенділігі артады, сезімдік және логикалық ойлау жанданады, қиялдың жұмыс істеуі қарқыны ұлғаяды. [5] Жаратылыстану  пәндерінің ішіндегі физика пәні мен ағылшын тілі пәнін байланыстыра   оқыту   барысында   8­сыныптарда   өтілетін   «Қайнау.   Меншікті булану жылуы. Кипение. Удельная теплота парообразования. Boiling. Specific heat of vaporization» атты тақырыпта өтетін сабақта төмендегідей тапсырмалар жүйесін қолдануға болады.[6] 1­Тапсырма.  Берілен   сөздер   мен   сөйлемдерді   аудармасы   бойынша сәйкестендіріңіз.[7] Қазақша нұсқасы Қайнау Бу көпіршіктері Атмосфералық қысым Қайнау температурасы Ағылшын нұсқасы own evaporation heat atmospheric pressure Орысша нұсқасы Температура кипения Атмосферное давление Boiling point Steam bubbles Паровые пузыри Собственное испарение тепла Меншікті булану жылуы Thermal motion Тепловое движение 2­Тапсырма. Берілген анықтаманы толықтырыңыз. 1) _________ is the transition of a substance from a liquid state to a vapor state 2) _________ is the evaporation of the surface of a liquid. 3) _________is the process of evaporation at a constant temperature throughout the volume of the liquid. 4) _________ is the phenomenon of the transformation of vapor into liquid. 5) _________ is a vapor in dynamic equilibrium with a liquid. 3­Тапсырма. анықтаңыз.   Берілген   сөйлемдердің   ақиқат   немесе   жалған   екенің True False 1.Saturated vapor ­ dissolved air bubbles inside the water. 2.There are two methods of evaporation 3.Boiling ­ evaporating all over the liquid (not only on the surface,   but   also   inside   the   liquid)   and   at   constant temperature 4.In the boiling process heat is distributed. 5.At   boiling   point   changes   the   atmospheric   pressure changes 4­Тапсырма.  Ағылшын   тілінде   берілген   физикалық   шамалардың атауларына қарай формуласын жазыңыз. Symbo l Q r m Quantity Formula Energy  Specific heat of vaporization Mass  Қорытындылай келе көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы «Тілдердің үш   тұғырлылығы»   –   «Три   единство   языков»   ­   «Trinity   of   languages» тұжырымдамасынан бастау алды. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан­2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет   ретінде   тануы   керек»,   ­   деген   болатын.   Елбасымыздың   осындай қанатты сөздерінің астарында үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау   үшін   жасөспірімдер   мен   жас   ұрпаққа   үлкен   жол   көрсетуіміз   керек, сондықтан біз жаратылысану пәндерін соның ішінде атап айтар болсақ физика сабақтарын   ағылшын   тілінде   байланыстыра   оқыту   арқылы   сабақ   барысында қосымша  берілетін терминдер сөздігімен оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік   қорын   қалыптастыруға   және   бәсекеге   қабілетті   болардай   білімін толықтыруға өз көмегімізді тигізе аламыз деп ойлаймын.   Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. 2.   Қазақстан   Республикасы   Президентінің   2010   жылғы   7   желтоқсандағы №1118   Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім   беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 3. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт­бағдары» жолдауы – 2012 жылы, 14 желтоқсан. 4.  Дорожная карта развития трехъязычного образования на 2015­2020 годы. Утвержден совместным приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 ноября 2015 года №622, Министра культуры испорта Республики Казахстан от 9 ноября 2015 года №344 и Министра поинвестициям и развитию Республики Казахстан от 13 ноября 2015 года №1066. 5. Анализ и планирование урока иностранного языка в общеобразовательной школе. http://bibliofond.ru/view.aspx?id=464865   6. Типовая учебная программа по предмету «Физика» для 7­9 классов уровня основного среднего образования. http://nao.kz/   7. Бабич И.М., «Дидактические материалы на английском языке» №3, 2015 г. 8. Сілтемелер: www.cpm.kz, www.nis.edu.kz, www.ustaz.kz, www.moodle.nci.kz, http://www.physic.kz

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ФИЗИКА САБАҒЫН ҮШ ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ  ЖОЛДАРЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.03.2019