ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское свидетельство о публикации в СМИ
нужно еще 1
Свидетельство
о создании эл. портфолио
нужно еще 5
Секретный
подарок
нужно еще 10
Грамота за
информатизацию образования
нужно еще 12
Рецензия
на любой материал бесплатно
нужно еще 15
Индира Жакупова Свидетельство о публикации Рецензия
Свидетельство Скачивание доступно только автору
Ф.Оңғарсынова "Оюлар"

Ф.Оңғарсынова "Оюлар"

Күні: 11.04.2017. пән:әдебиеттік оқу. Сынып: 4 «А».Мұғалім:Жакупова И.С Сабақтың тақырыбы: Оюлар. Фариза Оңғарсынова Сабақтың мақсаты: а) Ф. Оңғарсынова шығармашылығы туралы түсінік беру. Қазақ халқының және басқа ұлттардың ұлттық ою-өрнек түрлерінің мән-мағынасын ашуға, тануға үйрету. ә) Оқушылардың ұлттық салт-дәстүрді жалғастыруына, құрметтеуіне қызығушылықтарын ояту. Ұлттық құндылықтарды бағалауға, құрметтеуге үйрету. б) Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре түсу, болжау жасау, талдау, салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту. Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, слайд, ою- түрлері берілген суреттер Күтілетін нәтиже: ақын шығармаларын тани білу, өлеңдерін мәнерлеп оқи білу және ою-өрнектердің түрлерін ажыратып, оларды қолдана білу. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, еңбекке баулу. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, назарларын сабаққа аудару Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! Оқушыларға оюдың қиынды түрлерін беремін, оқушылар қиындылардан оюдың бір түрін құрап, топтың атын шығарады. 1 топ «Қошқармүйіз», 2 топ «Төртқұлақ» тобы деп екі топқа бөлінеді. ІІ Үй тапсырмасын тексеру «Аралым қайта туса» оқушылардан жаттауын сұрау. Арал теңізі туралы қосымша мәлімет. Арал теңізі туралы слайд. ІІІ Жаңа сабақ І Қызығушылықтарын ояту -Балалар, біздін ұлтымыз кім немесе біз кімбіз? -Қазақпыз -Ал, қазақ халқы қандай халық? -«Қазақ» дегенде көз алдымызға не елестейді? -Ал, айтыңдаршы, қазақ халқы өнерлі, батыр дейміз ақындардан кімдерді білесіңдер? -Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Ақұштап Бақтыгереева, Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырза Әли т.б -Осы аттары аталған ақындардың ішінде әйел адамдар көп пе екен? -Ф. Оңғарсынова туралы не білесіңдер? -Қазақтың дәстүрлері 1.Ақын өмірімен таныстыру Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 25-желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы педагогикалық институтты бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарып, газеттерде тілші, бас редакторы болған. Ол халық жазушысы, парламент депутаты болды. Міне, осындай ақын апамызды, халық қамқоршысын сұм ажал жылы 2014 арамыздан алып кетті. Еңбектері: «Сөз сыры», «Дауа» т.б Кім? Туған жылы Туған жері Қызметі Еңбектері ІІ Мағынаны тану -Бүгінгі сабақта Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» атты өлеңімен танысамыз. -Ою-өрнек дегеніміз не? -Ою – өрнекті қайдан кездестіруге болады? -Киіз үйден, ұлттық киімдерде, туымызда бейнеленген, жиһаздардан т.б. «Ою-өрнек» сөзі латынның «Орнамент» деген сөзінің баламасы. «Орнамент» сөзі – «сәндеу» немесе «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. Ою-өрнек – бір нәрсені ойып, кесіп алып жапсыру немесе екі затты ойып алып, қиюластыру, не бірдеңенің бетіне оюлап бедер түсіру дегенді білдіреді. Білетін ою түрлерін атай отырып, олардың басқа түрлерімен таныстыру, олардың шығу тегі мен қандай заттарда пайдаланылатына тоқталу. ІІІ Оқулықпен жұмыс Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру Оқушыларға тізбектей оқыту. Сұрақтар қою арқылы бекіту. -Өлеңнен қандай әсер алдың? -Көз алдыңа не елестейді? -Өлеңдегі кейіпкер кім? ІV Дәптермен жұмыс Жаңылтпашты дәптерге көшіріп алып, бірнеше оқи отырып жатқа айту. Жаңылтпаш Жарнамашылар жаңаны жарнамалады, Бұйымның жаңа болмағаны жарнамаланбады. VСергіту сәті «Қаражорға» биі. VІ.Сөздік жұмысы Желбеу, басқұр – киіз үйдің ішкі оюлы жабдықтары. Ою – орнамент- Сөздермен таныстыру, олардың мағынасын аша отырып, дәптерге сөйлем құрап жазу. Желбау – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланатын өрнектелген төгілме шашақты бау. Ол шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. VІІ.Қорытындылау. Сабақты бекіту Ф.Оңғарсынова кім? а) суретші ә) жазушы Өлеңдегі басты кейіпкер кім? а) атам ә) әжем Ою-өрнек дегеніміз – а) ойып, көркемдеу ә) жазып, әңгімелеу -Өлеңдегі басты кейіпкер әжесінің қандай ою-өрнек түрін аңсап, іздеп жүр деп ойлайсыңдар? -Қазақ халқының ою-өрнек түрлері өзге ұлттардан несімен ерекшеленеді? -Балалар, біздің сыныптағы Ақмаржанның әжесі Бақыткүл әже жастайынан текемет, киіз басып, ою – өрнектерден көрпе, жастық, қоржын т.б заттарды өз қолымен осы күнге дейін жасап келеді. Іс тігу өнерін анасынан үйренген екен. Ісмер әже қошқармүйіз, қияқ, гүл, сегізжапрырақ, қосмүйіз, құсқанаты,төртқұлақ сияқты ою түрлерін көре, жастық, қоржын тігуде кеңінен пайдаланады. Қазіргі кезде жиен немересінің жасауын өз қолымен дайындап жүр. Сонымен қатар Ақмаржанға ою түрлерін жаттатып, өзіне қолғанат қылып, осы іске үйретіп жүр. Бақыткүл әженің қолынана шыққан дүниелер көздің жауын алатын бірінен – бірі өткен әдемі дүниелер. Әр оюының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы төсек – орын жинауға арналған жүксалғышын алып қарастыратын болсақ, әлемнің картасына ұқсатып бейнелеген. Ал орасында тұрған гүл еліміз Қазақстан. Яғыни еліміз осы гүл сияқты жайнай түсін деген ниетпен жасалған екен. Оқушыларды бағалау Оқушының аты Үй жұмысы Жаңа сабақ Кестемен жұмыс Дәптермен жұмыс Сұрақтарға жауап Топпен жұмыс Қорытнды Бүгінгі сабағымды Т. Молдағалиевтың мына өлең жолдарымен аяқтаймын. Түс киізге жайнатып түсіріпті - ау, Туған жердің жайнатып жасыл кезін. Балам туған даласын ұмытпасын, Деп тұсыма анашым кетті ме іліп? Үйге тапсырма. Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу, «Оюлар» өлеңін жатқа айту. « Әжеме» атты эссе жазып келу. Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар». Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты. Ақын өмірінен кең түрде мәлімет беру.«Оюлар» өлеңі арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған асыл мұраларын үлгі - өнеге ете отырып оқушылардың санасына ұлттық - құндылықтарға құрмет рухын сіңдіру. Ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік мақсаты: Бойында рухани байлық пен моральдық тазалықты ұштастырған, жан - жақты жарасымды дамыған, еркін пікірлі адам тәрбиелеу. Қазақ халқының ең құнды, мәдени мұраларын оқушы бойына сіңіре отырып ата - бабаларымыздың жоғары ғұрыпты ғана емес, сонымен бірге эстетикалық тұрғыдан да жете дамыған халық екендігін аңғарту. Көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені жақсарту. Дамытушылық мақсаты: Өнерге деген құштарлығын арттырып, әсемдік сезімін дамыту. Кінәратсыз көркемдік талғамын, өнер шығармаларын, туған табиғаттың сұлулығын, байлығын дұрыс түсініп бағалай білуге үйрету. Қазақ елінің ежелгі салт – санасы, әдет - ғұрып, тұрмыс - тіршілігімен тығыз байланыста туғандығын, өнердің өмірдегі орнын таныта отырып ойын жүйелі, өз беттерінше айта білуге үйрету, ой таласын туғызу. Сабақтың түрі: Ịздендіру, танымдық сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түрлі ойындар. Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, еңбек, сурет, тарих. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тақта, бор. Ф. Оңғарсынова портреті, тұс киіз, оюлар, түсіндірме сөздік, текемет. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңін алып бару. Сынып оқушыларын ұйымдастырып сабаққа бейімдеу, сабақтың мақсатымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлемін. Бірінші топты «Білімпаздар», екінші топты «Өнерпаздар» деп атаймын. Үй тапсырмасы: Өткен сабақты «Кубизим» ойыны арқылы тексеремін. Оқушы кубикті айналдырып тастайды (кубиктің жан жағына сандар жазылған) қай сан түссе, сол санды карточканы алып сұраққа жауап береді. Оқушылардың жауабын алдын ала дайындалған «Бағалау айнасына» қойып беремін. Үлестірме қағаздарға жазылған сұрақтар. 1. Т. Молдағалиев қай жылы туылған? Өлең кімдерге арналған? 2. Ақынның «Бауырлар» өлеңі қашан және неге байланысты жазылған? 3. Өлеңдегі патриоттық сезіммен, ақынның тамаша ойын танытатын өлең жолдарынан үзінді оқып бер. 4. Ақын қандас бауырларға қандай өтініш, тілек білдіреді? т. б. Тақтаға жаңа тақырыпты жазамын. Оқушылар бүгін сендермен бірге өтпекші болып отырған тақырыбымыз Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі. Сендерге ақын өмірінен кең түрде мәлімет берейін. Фариза Оңғарсынова қазақ халқының аса талантты ақын қыздарының бірі. Ол 1939 жылы қазіргі Атырау өңіріндегі Манаш аулында дүниеге келген. Қазақ поэзиясына 1960 жылдардың бас кезінде кіріп келген. Фаризаның өлең - жырларында жайықтың суындай жағаны соққан адуынды көңіл күй ерекше сезіледі. Фаризаның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды, Каспийдің аққуларындай пәк, мөп - мөлдір, таза, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ боп сыр шертеді. Фаризаның әдебиет әлеміне келер жолдағы алғашқы «тәрбиешілері» анасының аузынан естіген ертегі, жыр, аңыздар мен мақал - мәтелдер, жұмбақтар; және өзі оқыған қазақ халық әдебиетінің туындылары. Міне осылар ақынды әдебиет әлемінің есігін ашуға себепші болды. Фаризаның 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көріп жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Фаризаның жас оқырмандарға арналған өлең - жырлары да аса мол, тым тартымды. Ақынның бүгін «Оюлар» өлеңін өтеміз. Өлеңді нақышына келтіріп оқып беремін. Иә балалар әр халықтың өзіне тән дәстүрі ұлттық мәдени мұрасында көрініс табады. Қазақтың қол өнері, оның дәстүрі ғасырдан - ғасырға өтіп біздің заманымызға жетіп отыр. Осындай халқымыздың асыл мұраларының бірі - ою. Ақын Фариза Оңғарсынова өзінің өлеңіне қазақ халқының ең құнды мұраларының бірі ою - өрнекті арқау етеді. Біз «Оюлар» өлеңін оқи отырып ата - бабаларымыздың жоғары ғұрыпты ғана емес, сонымен бірге эстетикалық тұрғыдан да жете дамыған халық екендігін аңғарамыз. Ақын өз өлеңінде өмір мен өнердің ең әсемін жіті көріп асқан шеберлікпен жырлай білген. Түрін - ай текеметтің! Асыл қандай. Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай «Келе ғой қошақаным өзіме»! деп Әжем кеп сипағандай шашымнан жай»,- дейді. Туған жердің жасыл кезін жайнатып түсірген оюларды көргенде «келе ғой»,- деп шақырып тұрған әжесін көргендей болады. Текеметтің әрбір өрнегі көзіне ыстық көрініп анасына, әжесіне деген сағыныш сезімін тербейді. Әжесінің көзіндей бұл оюларды көргенде көз алдына әжесінің тарамысты саусақтарын көрінгендей болады. Менің де жыр өрнегім әжемнің оюындай ғасырлардан сүрінбей өте алар ма екен дейді. Сағынышына басқұр, өрнекті медет тұтады. Сүйеніп тұскиізге тұрып қаппын, Көз жазып оюлардан қалам ба деп. Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп дейді. Иә балалар, қазақтың қолөнерлік, зергерлік өнер туындылары - көрнекті оюланған бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де белгілі болды. Тіпті шет елдерге де әйгілі еді. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақтың зергерлік өнерінің заттары, ұлттық киімдер болған. «Бұл оюлар қазағымның қасиетті мұрасы, Әр өрнегін сөйлете алсаң ғасыр сырын ұғасың. Иә оқушылар бұл оюлар тек жай ғана өрнек емес. Әрбір оюдың астында неше мың жылдық ата - бабаларымыз тарихы, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, тұрмыс - тіршілігінен дерек берер сырлар жатыр. Енді сендермен бірге «Кім асты саудасы» ойынын жүргіземіз. Қазақтың ою - өрнектерінен мол мағлұмат алғысы келген оқушы менің сұрағыма жауап беріп оюға ие болады. Кім дұрыс, толық жауап берсе ою сол оқушыға тиісті болады. Білімдерін бағалап, бағалау айнасына қойып барамын. 1. «Киіз басу» ойыны. Екі топтан бір оқушыдан келіп конверт сайлап алады. Ịшінде нөмірленген текемет өрнектері және және сұрақтар жазылған карточкілер бар. Карточкідегі сұраққа толық жауап берген оқушы сол номердегі оюды плакаттағы тиісті орнына желімдейді. Осылай текемет киізді басып шығарамыз. Бірінші топ жұмыс істеп жатқанда екінші топ «Әже» тақырыбына мәтін дүзеді. Екінші топ жұмыс істеп жатқанда бірінші топ мәтінді оқып береді. 3. «Фидбег» ойыны. Үш түрлі шарты бар. 1) Оюларды құрастырып атын тауып жазады. 2) Оюдың келіп шығуын, мағынасын айтады.(Оюлардың аттарымен, келіп шығуын «Кім асты саудасы» ойыны арқылы танысты). 3) Мақалды жалғастырып мағынасын айту. 4. «Ребус» шешу ойыны. Ребустың жауабын тауып астына жазады. Сөздік жұмыс: Желбау, басқұр, текемет, түскиіз, сабау, қару, сабақтау сөздеріне түсінік беріп дәптерлеріне жаздыру. Өлеңді құрылысына қарай талдау: Өлең буын саны мен айтылу ырғағына қарай бір - біріне ұқсас төрт өлең жолынан, яғни тармақтан құралған. Өлең жолының әрқайсысы 11 буыннан, айтылу ырғағы жағынан әр тармақ 3 бунақтан тұрады. Өлеңнің 1, 2, 4 - тармақтарының соңғы сөздері бір - бірімен дыбыстық жағынан үндесе ұйқасқан қара өлең ұйқасы түрінде жазылған. Сабақты пысықтау: Ақын Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінен қазақ халқының ұлттық өнерін, ою - өрнектің мәнін түсінумен бірге, ақынның әжесіне болған сағыныш сезімін көрдік. Бүгінгі сабағымды Т. Молдағалиевтың мына өлең жолдарымен аяқтаймын. Түс киізге жайнатып түсіріпті - ау, Туған жердің жайнатып жасыл кезін. Балам туған даласын ұмытпасын, Деп тұсыма анашым кетті ме іліп? Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу. «Ұлттық қолөнеріміз» тақырыбына мәтін жазып келу

  • Разработки уроков
  • Русская литература
  • 4 кл.

Медианары для учителей с выдачей свидетельства

Все файлы материала: