Гендерлік тәрбие бойынша Н.Серғалиевтің «Мейірімді қыз»
Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
Детсад
04.11.2019
Бірде кеңсеге келе жатып, көшеден ойыншық тауып алдым. Қуыршақтың басына көк тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп, күнтитіп қойыпты.
«Бір балақай ойнап жүріп ұмытып кетті-ау», - деп жан-жағыма жаутаңдай қарадым. Көшенің оң қапталында қызыл қақпадантөрт-бестер шамасындағы қыз бала жүгіріп шыға келді.
«Е, қуыршақ осы баланыкі болды...». Мен солайқарай жүгірдім.
Дөңгелете қиған қара шашы желбіреп, топ-томпақ қара қыз алдымнан шықты.
-Жөндеп көтермейсіз бе? – деді қарсы келген бетте бұртия тіл қатып.
-Не дедің?
-Бөпенің қолы сынады, - деп ол менің қолымдағы қуыршаққа жармасты. Сонда барып байқадым... қуыршақты қолынан салбырата ұстап келеді екенмін.
Генд.№9.doc
Сабақ № 9
Гендерлік тәрбие бойынша
Н.Серғалиевтің «Мейірімді қыз» әңгімесін оқу.
Өткізген: Закетаева А.А.
Өткізі мерзімі: 24.04.2019 ж.
Тақырыбы: Н.Серғалиевтің «Мейірімді қыз» әңгімесін оқу.
Мақсаты: Балалардың «мейрімділік» құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндетттері:
БМ: Балалардың «мейрімділік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Мейірімді істер атқаруға ынталандыру.
ДМ: Бойларындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
ТМ: Кішіпейілдікке, аяушылыққа тәрбиелеу.
Құралжабдықтар: қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: Мейірімді, мейірімділік.
Көптілділік компонент: Мейірімді адам – добрый человек good man.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері «Мейірімділік»
Әкел, досым, қолынды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кане, соныңды
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Мейірімділік белгісі –
Кел, қосылып күлейік
Сабақтын негізгі бөлігі:
Қыздар, сендер немен ойнағанды ұнатасындар? (Қыздардың жауаптары)
Сендердің қуыршақтарында есімдері бар ма? Тамирис, сенің қуыршағынның
есімі қалай? (Осы сұркқты барлық қыздарға қоюға болады).
Жақсы. Айтындаршы, сендер қуыршақтармен қалай ойнайсындар?
(Киіндіреміз,ұйықтатамыз, тамақ береміз, т.б.)
Және де сендер, өз қуыршақтарынды бала қылып ойнайсыңдар, солай ма? Қазір мен сендерге «Мейірімді қыз» деген әңгімені оқып беремін. Мұқият
тыңдандар.
Мейірімді қыз
Бірде кеңсеге келе жатып, көшеден ойыншық тауып алдым. Қуыршақтың
басына көк тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп, күнтитіп қойыпты.
«Бір балақай ойнап жүріп ұмытып кеттіау», деп жанжағыма жаутаңдай
қарадым. Көшенің оң қапталында қызыл қақпадантөртбестер шамасындағы
қыз бала жүгіріп шыға келді.
«Е, қуыршақ осы баланыкі болды...». Мен солайқарай жүгірдім.
Дөңгелете қиған қара шашы желбіреп, топтомпақ қара қыз алдымнан шықты.
Жөндеп көтермейсіз бе? – деді қарсы келген бетте бұртия тіл қатып.
Не дедің?
Бөпенің қолы сынады, деп ол менің қолымдағы қуыршаққа жармасты. Сонда
барып байқадым... қуыршақты қолынан салбырата ұстап келеді екенмін.
Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар:
Әңгіме қалай аталады?
Қуыршақты кім жоғалтып алды?
Қуыршақтың үстінде не киілген?
Неге қыз бала қуыршақ тапқан адамға «жөндеп көтермейсіз бе» деп ренжіді?
Қыз өз қуыршағын кім деп санады?
Иә, қыз бала өз қуыршағын бөпем деп санады. Оған қуыршақ бала сияқты
болды.
Сергіту сәті:
Күнге қарайық, (шеңберге тұру)
Шашымызды тарайық. (бастарын жоғары көтеру)
Керіліп, дем алайық, (күнге созылу)
Бойымызды жазайық. (қолды белге қою)
Балалар, мейірімді адам ол қандай?
Мейірімді адам жылы сезімдерін білдіреді, айналасындағыларға тек
жақсылық ойлайды. Мейірімді адам сыпайы, әдепті, қамқоршы, кешірімді
болады.Әрдайым көмекке келеді, қолдағысымен бөліседі, ешкімді
ренжітпейді. Ешкіммен ұрыспайды. Ойын «Қуыршақты сипаттап бер және мақтап бер»
Шарты: тәрбиеші қыздарға бірнеше қуыршақты кезекпен көрсетіп, оны
сипаттап беруге және оның қуыршағы қандай екенін айтуға ұсынады.
Мысалы, «Менің қуыршағым ең әдемі, сүйкімді, тілалғыш, мейірімді» т.б.
Рефлексия:
Балалар, бүгін біз не туралы әңгімеледік?
Мейірімді адам қандай?
Әңгімедегі қызды неге «мейірімді қыз» деп санайды?
Қалай ойлайсындар, ол өз қуыршағын жақсы көре ме?
Енді менімен бірге мына сөздерді қайталап айтындар:
Күлімдеген күн мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімды!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Тату тәтті достарым мейірімді!
Гендерлік тәрбие бойынша Н.Серғалиевтің «Мейірімді қыз»
Гендерлік тәрбие бойынша Н.Серғалиевтің «Мейірімді қыз»
Гендерлік тәрбие бойынша Н.Серғалиевтің «Мейірімді қыз»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.