Гимнастикалық бөренеде, орындықта орындалатын жаттығулар. Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары.
Сабақтың мақсаты:
Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: гимнастикалық
орындық, төсеніштер және доптар.
Сабақ өтетін жер: Мектеп спорт залы.
Сабақтың барысы.
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды.
1. Кіріспе бөлім (10 минут)
Оқушыларды сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау,
сәлемдесу. Оқушылардың спорттық киімдеріне
көңіл аудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптық жаттығулар орындату. Орында бұрылу (оңға,
солға, кері айналу). Орындағы және
қозғалыстағы жүріс. Қолды белге қойып,
аяқтың ұшымен жүру. Қолды желкеге қойып,
өкшемен жүру. Орында бұрылу жаттығуларын және
дұрыс жүру, жүгірулерін қадағалау. Ара
қашықтықты сақтап жүгірулерін ескеру.
Жүгіру жаттығулары:
- бір қалыпты баяу жүгіру
- әр адымға секіре жүгіру
- оң, сол қапталмен жүгіру
- қолды алдыға созып, тізені алақанға тигізіп
жүгіру
- алақанды артқа ұстап, өкшені артқа
лақтыра жүгіру.
Жалпы дайындық жаттығулары (ЖДЖ).
1. Бастапқы қалып аяқты иық деңгейінде
ұстау. Қолды белде ұстап басты асықпай
оңға, солға айналдыру. 4-5 рет
2. Бастапқы қалып, қол иықта. Денені тік ұстап
қолды алға, артқа 4 реттен айналдыру.
3. Бастапқы қалып. Сол қол белде, оң қол
жоғары 1-2 сол жаққа иілу, 3-4 оң жаққа
иілу. Иілу кезінде тізені бүкпеу, денені тік ұстау.
4. Бастапқы қалып. Қол шынтақтан бүгіле, кеуде
тұста 1-2 қолды артқа қарай керу, 3-4 солға
бұрыла қолды түзете артқа керу. 1-2 қолды
артқа керу, 3-4 оңға бұрыла, қолды түзете
артқа керу. Қолды параллель ұстап, барынша керу.
5. Бастапқы қалып қолдды екі жаққа соза
ұстап, алдыға иілу. 1-оң қолды сол аяқтың
ұшына жеткізе тигізу. 2-сол аяқтың ұшына жеткізе
тигізу. Тізені бүкпей, қолды аяқ ұшына жеткізу.
6. Бастапқы қалып аяқ дене жалпағында, қол жанда
1-қолды жоғары, артқа иілу. 2-алдыға иіліп, қолды
аяқ ұшына жеткізу. 3-қолды алдыға соза
отыру.4-бастапқы қалып. Алдыға иілгенде, тізені
бүкпеулерін ескеру.
2. Негізгі бөлім. (30 минут)
Тепе – теңдікті сақтауға арналған жаттығулар.
- Гимнастикалық орындықтың орындықтың
үстінде жай жүріп өту.
- Қолдың алақанына қойылған гимнастикалық
таяқты тепе-теңдікті сақтап, құлатпай алып
жүру.
- Орындықтың үстінде тізені, бүге басып
жүру.
- Тіркеме адыммен жүру
- Теріс қарап жүру
- Волейбол добын жоғары лақтырып, қағып алып
жүру.
- Бір аяқпен жүру, жіптен аттау.
- Бір аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен отырып,
тұру; орындықтың үстінде жүреден отыру.
- Шеңберден өтіп, кішкене допты жоғары лақтырып,
қағып ала отырып жүру. Бөрененің үстінен
жүріп бара жатып шеңбердің ортасынан өту.
3. Қорытынды.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабаққа
жақсы, белсене қатысқан оқушыларды атап өтем.
Сабақта өтілген жаттығуларды қайталау.
Қарлығаш бейнесін қайталау. Оқушыларды
бағалау.
4. Үйге тапсырма.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.