-А-
Араласушы (контактты) жылу алмастырғыш – жылу және масса алмасу жылу тасымалдағыштың араласуында және байланысында жүзеге асатын аппарат.
-Б-
Батырылған жылу алмастырғыш – сұйық жылу тасымалдағыш ыдысына орналастырылған иірімдерден тұратын аппарат.
Буландыру - қайнау кезінде булану арқылы еріткішті шығаруға арналған ерітіндінің концентрациялану процесі.
Барботаж – сұйықтықта газ ағыны көпіршік және ағынша түрінде таралатын газ қозғалысы.
-Ж-
Жылу алмастыру аппараттары (жылу алмастырғыш) – қыздырылатын және қыздырылушы жұмыс орталары арасында жылумен алмасуға арналған құрылғы.
Жылулық жүктеме – ыстық жылу тасымалдағыштан суыққа берілетін жылу мөлшері.
-Қ-
Қапты түтікті жылу алмастырғыш – құбырлы торлардың көмегімен бекітілген және патрубоктары бар қақпақтармен және қаптармен шектелген құбырлар шоғырынан тұратын аппарат түрі.
Қабырғалы жылу алмастырғыш – жылу тасымалдағыштың жылу беру коэффициенті екіншісіне қарағанда төмен болатын аппарат түрі.
Қопсыту жылу алмастырғышы – сыртынан сұйық жылу тасымалдағышпен (әдетте сумен) қопсытылып, шайылатын иірімдерден тұратын аппарат түрі.
Қайнатқыш (кипятильник) - (қыздырушы камера), ерітінді буланатын жылу алмасу беті.
-П-
Пластиналық жылу алмастырғыш – жылу алмасудың тегіс беті болатын аппарат.
Психрометр – құрғақ және сулы термометрдің көрсеткішіне қарап, ауауның қатысты ылғалдылығын анықтайтын, адиабаталық булануға негізделіп жасалған аспап.
-Р-
Рекуперативті жылу алмастырғыштар – екіге бөлінген қабырға арқылы жылу тасымалдағыштар арасында жылу алмасу болатын аппарат.
Регенеративті жылу алмастырғыштар – екі немесе бірнеше жылу тасымалдағыштар бір қыздыру бетімен кезектесіп, жанасатын аппарат.
-С-
Секциялық жылу алмастырғыштар – бірнеше тізбектей қосылған секциялардан тұратын, әрбір секциясы аз құбырлардан және аздаған диаметрлі қаптан тұратын қапты түтікті жылу алмастырғыштың бір бөлігі.
Спиралды жылу алмастырғыштар – тура бұрышты қималы екі спираль арнадан тұратын аппарат.
Сепаратор – екіншілік бу ерітіндіден бөлінетін бу кеңістігі.
-Т-
Температуралық депрессия – ерітінді мен таза еріткіштің қайнау температурасы арасындағы айырмашылық.
-Ұ-
Ұшпайтын заттар – будың қысымы кіші болатын, жоғары қайнайтын сұйықтық (глицерин, күкірт қышқылы және т.б.) және көптеген қатты заттар.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.