«Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш
Оценка 4.6

«Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш

Оценка 4.6
Культурные мероприятия
docx
история
9 кл—11 кл +1
17.02.2020
«Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш
Халқымызға жеңіс сыйлаған майдангерлердің ерлік шежіресін жас жеткіншектерге жеткізу, олардың ерлігі мен отансүйгіштігін ұдайы үлгі-өнеге етіп отыру.
СЦЕНАРИЙ.docx

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

 

 

 

 

 

http://opelclub.ru/images/stories/news/ogon.jpg

«Халқымыздың қаһарман перзенттері»

әдеби-музыкалық патриоттық кеш

 

 

 

Дайындаған: Жайбергенова Б.А.,кітапхана меңгерушісі

                    

 

 

 

 

 

2015/2016 оқу жыл

 

 «Халқымыздың қаһарман перзенттері»

әдеби-музыкалық патриоттық кеш

 

Мақсаты: халқымызға жеңіс сыйлаған майдангерлердің ерлік шежіресін жас жеткіншектерге жеткізу, олардың ерлігі мен отансүйгіштігін ұдайы үлгі-өнеге етіп отыру.

Көрнекіліктер: кітап көрмесі.

Кештің ашылуы 1. Мемлекеттік Туды ресми түрде шығарылуымен басталады

( Б.Тлеухан «Елім менің» әні)

2. Фанфар «День Победы»

І жүргізуші /Байқұл Әділ /:

-          Армысыздар, көрермен қауым!

ІІ жүргізуші/Нұрғалиев Беркін /:

-          Қайырлы күн, құрметті  ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші:

-          Бүгінгі «Халқымыздың қаһарман перзенттері» патриоттық кешіміз соғыс  ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Ұлы Жеңістің 71 жылдық  мерекесіне арналады.

ІІ жүргізуші:

-          Бүгінгі кеш – қиын-қыстау күндерде жалын жамылып, от кешкен, жүрегі жұртым деп соғып, тар кезеңде өзінің туған еліне пана бола білген жауынгерлерге, ержүрек азаматтарға, адал патриоттарына арналады.

І жүргізуші:

-          Бүгінгі кеш -  осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні! Бәріңізді 1 минутқа үнсіздік минутын жасауды өтінеміз.... Рахмет!

ІІ жүргізуші: (бейнеролик.Начало ВОВ)

-          1941 жыл 22 маусым... Адамзат тарихында ұлы оқиға.

Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын.

Сол жылдың күзінен қалмай дұшпандарымыз Кеңес Одағының астанасы Мәскеудің тас көшелерінде салтанат құрып, сайран салатынына күмән келтірмеді.

І жүргізуші:

-          Фашистік Германияның негізгі мақсаты шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құру болды.

«Барбаросса» жоспары бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұрстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым,Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді.

Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жою жолына осылай түсті. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

«Священная война» әуені жіберіледі, даусы баяндатылады.

І жүргізуші:

-          Аттан! Деді,

Ол ертең аттанады.

Аттанады еңбектің ақ табаны.

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгердің рөлін атқарады.

ІІ жүргізуші:

-  Майдандағы Қызыл армия қатарына 1миллион 196 мың 164 қазақстандық аттанды.     Соғыстың  алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді.

Сырбай Мәуленов «Қош бол, сәулем». Оқитын Байбақты Ясин (Бейнеролик «Гимн защиты Отечества»)

І жүргізуші:

-          Ұлы Отан соғысы қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсете білген ержүрек сарбаздарымыздың ел мен жерге деген орасан зор сүйіспеншілігі мен қажыр-қайратын мінсіз дәлеледеген айбын алаңына айналған еді.

ІІ жүргізуші:

-          Елге қорған болу- нағыз ерлерге тән қасиет. Ал сұрапыл соғыс жылдары кеудесін оққа тосып,ерен ерлік көрсеткен азаматтардың ғұмыры кейінгі ұрпаққа өнеге. Сондай жандар- Алаш қайраткері Базарбай Мәметовтың қызы Мәншүк Мәметова, Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың ұлы,Әлихан Бөкейхановтың немересі 14 жасында полк баласы ретінде аттанған Ескендір Смағұлұлы, Брест қамалын қорғаушылар В.Фурсов, Қ.Тұрдиев сияқты  қазақстандықтар болды.

І жүргізуші:

-          Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородина селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т.Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

 М.Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М.Ғабдуллинге  Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

 Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.

ІІ жүргізуші:

-          Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты.

Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» кресерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30% -дан астамы Лениград түбегіндегі шайқасқа қатысты.

Сырбай Мәуленов «Соғыс жайын сұра сен». Оқитын Базарбаев Ерлан (Фон – минус «Землянка»)

І жүргізуші:

-          Қазақстандық генерал-майор Иван Васильевич Панфилов пен комиссар А.С.Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Генерал Панфилов 1941 жылы 15 июльде Қазақ ССР-інің Алматы облысы Талғар казак станицасында Қазақстан ұлдарынан 316 атқыштар дивизиясы полктарының бірін – 1073 атқыштар полкын жасақтай бастады. 1941 жылғы 31 июльде полктың барлық адам құрамы әскери ант қабылдап Қызыл Армияға қосылды. 316 атқыштар дивизия құрамында бухгалтерлер мен мұғалімдер,сауаты жоқ адамдар,ғылым кандидаты, қатардағы жұмысшыдан бастап халық комиссарына дейін болды.Бұлар 36 ұлттың өкілдерінен құралды.

ІІ жүргізуші:

-          Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В.Панфилов ерлікпен қаза тапты. Бұл дивизияның политругі В.Г.Клочковтың: «Россия-кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Москва», - деген сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды.

Бауыржан Момышұлы «Қолбасшы».Оқитын Қощанов Құралбек (Бейнеролик Герои войны – Панфилов)

І жүргізуші:

-          Бек сендім,

Өлмей тірі қайтамын деп,

Бәрін де кейін жыр ғып айтамын деп

Жалдадым қан өзенін көппен бірге:

Елдікті,ездікті де байқадым көп.

ІІ жүргізуші:

-          Бек сендім:

Өлмеймін деп,қасарыстым:

Жүректі оқ өтіне тоса түстім.

Аяулы туған жердің кесек тасын

Арудай бауырыма баса қыстым.

І жүргізуші:

-          1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батырлардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.

ІІ жүргізуші:

-          Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болумен қоса, сұңғыла психолог та еді. Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің  қалың қарына малтыға жүріп, 5 рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады.

(Бейнеролик «Ұлы Отан соғысы». Бауыржан Момышұлының өз даусы.)

І жүргізуші:

-          Бауыржан Момышұлы  туралы Мекемтас Мырзахметов «Бауыржан батыр», Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»,  Александр  Бек «Арпалыс»/Волоколамск тас жолы/ кітаптарын  жазды.

ІІ жүргізуші:

-          Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі туралы майдандас серігі Дмитрий Снегиннің естелігін тыңдалық.

Дмитрий Снегин «Ойнаған бұлт ішінде найзағайдай». Оқитын Алибаев Заманбек.

І жүргізуші:

-          Соғыс селдей жайылған қанды тасқын,

Апат болды басына кәрі-жастың.

Соғыс қиып өмірін жігіттердің,

Махаббатын ұрлады қарындастың.

 

Өлді олар еш қызық көре алмады,

             Жер бетіне жас дәнді себе алмады.

             Олар қайта еліне оралмады,

             Күзде піскен егінді ора алмады.

 

Олар өлді тек аспан сау болсын деп,

             Олар өлді туған жер бар болсын деп.

             Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,

             Олар өлді өзгелер өлмесін деп.

ІІ жүргізуші:

-          Соғыс жылдары майданның әр түрлі шебінде 800 мыңнан аса әйел азаматы болған екен.Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгерді. Шайқастарда ерлік көрсетті. Халқының абыройын асырды,елінің даңқын шығарды. Көптеген қазақ қыздары майдандағы ерліктеріне лайық орден, медальдармен, бас қолбасшының алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұлы Отан соғысы тарихында аттары аңызға айналған қазақтың үш батыр қыздары – Әлия, Мәншүк, Хиуаздың орны бөлек.

 

Кәкімбек Салықов «Шығыстың қос шынары». Оқитын Реджепов Мереке (Бейнеролик Алия Молдагулова  и Маншук Маметова)

Ән «Мен қазақ қыздарына қайран қалам». Орындайтын квартет (Бейнеролик М.Маметова)

І жүргізуші: (Бейнеролик Қазақстандықтар Ұлы Отан Соғысында)

-          Көптеген ананы жесір,баланы жетім еткен сұрапыл соғыс жылдары ерліктің небір үлгісін көрсеткен қазақстандықтар аз емес. Шешуші «Берлин» операциясына көптеген қазақстандықтар: Т.Бигельдинов, Х.Қайдауов, З.Тұрарбеков, Х.Көбеков, А.Еремеев т.б. қатысты.

Кеңестер Одағының батыры С.Нұрмағанбетов Берлин үшін шайқаста әскери бөлімінің бірін басқарды. Р.Қошқарбаев және Г.Булатов рейхстаг  төбесіне жеңіс туын тікті. Рейхстагқа ту тіккендер қатарында қазақстандық Р.Қаражанов пен Х.Мәденов те болды.

ІІ жүргізуші:

-          Қолына қару алып,басқыншы жауға қарсы тұрған, Отан қорғау жолында от кешіп, мұз жастанған майдангер аталарымыз бен аналарымыздың жанқиярлық ерлік істері ешқашан ұмытылмайды.

І жүргізуші:

-          500-дей қазақстандық Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Оның 98-і қазақ.

Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганский екі мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды. Барлығы ұшқыш болған бұлар 200-ден астам әуе шабуылына қатысқан. Ұшқыш И.Н.Кожедуб үш мәрте Кеңестер Одағының  батыры атанды.

Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамынан айырылды. 600000-ға  жуық қазақстандық майданда шейіт болды.

ІІ жүргізуші:

-          Соғыстан қайтқан солдаттар. Олар қан майданға аттанған мұңлы эшалонға отырғанда, өмірдің қызығын көріп үлгермеген бозбалалар еді. Тіпті, кейбірі бойжеткендерге сыр ақтарып, хат жазып та үлгерген жоқ.

Миллиондаған құрбандар майдан даласында қалды. Мыңдаған шаңырақ күйреп,мыңдаған аналар жесір,балалар жетім қалды.

Сырбай Мәуленов «Соғыстан қайтқан солдаттар». Оқитын Кулчикова Гүлдана (Фон «Песня о далекой родине»)

І жүргізуші: (Фон минус «Прощание славянки»)

-          Сен құрметте оны!

             Түсіндің бе,қарағым?

             Ол ақшаға сатқан жоқ,

             Тізеден кесіп аяғын.

             Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

             Қолтықтағы ұзын таяғын.

             Сен құрметте оны!

             Түсіндің бе,қарағым?

             Сенің келешегің үшін берді ол

             азаттық жолында аяғын!

ІІ жүргізуші:

-          Маңғыстаудан Ұлы Отан соғысына 6000 адам аттанды. Олардың 4000-нан астамы майдан даласында қалды.Содан бері қаншама жылдар өтсе де адамзат тарихындағы ең қатыгез қанды майданнан өткен біздің ата,әжелеріміздің ерлігі мәңгі есте қалары ақиқат.

Біздің бақытымыз үшін, туған жеріміз бен еліміз үшін қыршын кеткен боздақтардың әруақтарына ,ардагерлерімізге бас иіп,тағзым етеміз.

 

Нұржігіт Айтжанов «Борыштымыз». Оқитын Жарылғасов Ерлеш (Бейнеролик «От героев былых времен»)

І жүргізуші:

-          Жеңіс күні – аса қасиетті мейрам. Адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Бүкіл халықтың зор қуанышы. Әрбір отбасының, әрбір адамның ең жарқын да қадірлі мерекесі.

ІІ жүргізуші:

-          Ұлы Жеңіс! Қаншама боздақтың өмірін қиған,талай шаңырақты ортасына түсірген соғыс өртінің өшкеніне 71 жыл өтті. Бұл – сол кездегі кеңес халықтарының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш еткен,тарихта мәңгілік қалатын күн.

Ән «Жеңіс күні». Орындайтын хор.

І жүргізуші:

-          Бүгін,біздің ел Ұлы Отан соғысы жылдары отан үшін от кешкен ұрпақтың ерлік істеріне зор құрметпен қарайды, оны биік азаматтықтың қайталанбас үлгісі ретінде бағалайды. Осы ретте Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен,сол тілекпен Отаныңды қорғайсың» деген аталы сөзі ойға оралады.

ІІ жүргізуші:

-          Ұлы Жеңіс Отанымызды, халқымызды ықтимал құлдықтан азат етті, тәуелсіздігімізді, теңдігімізді баянды етті.

І жүргізуші:

-          Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Халқымыздың қаһарман перзенттері» атты патриоттық кешіміз аяқталды. Зейін салып тыңдағандарыңызға рақмет!

ІІ жүргізуші:

-          Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Халқымыздың қаһарман перзенттері»

патриоттық кеш

 

1. Кештің ашылуы Мемлекеттік Туды ресми түрде шығарылуымен басталады ( Б.Тлеухан         

                                                                                                                                      «Елім менің» әні)

2. Фанфар «День Победы». ӘДІЛ, БЕРКІН

3. «Священная война».

4. На безымянной высоте. ЯСИН. Бейнеролик Гимн защиты Отечества

5. Землянка. ЕРЛАН.

6. ҚҰРАЛБЕК. Бейнеролик Герои войны Панфилов.

7. Бейнеролик ҰОС.Б.Момышұлының өз даусы)

8. ЗАМАНБЕК

9. Мереке. Бейнеролик Алия и Маншук

10. Ән.Мен қазақ қыздарына қайран қалам. КВАРТЕТ (Бейнеролик М.Маметова)

11. Бейнеролик Қазақстан Ұлы Отан Соғысында

 12. Песня о далекой родине. ГҮЛДАНА

13. Прощание славянки. І жүргізуші. Сен құрметте оны.

14. Журавли.ЕРЛЕШ. Бейнеролик От героев былых времен

15. Ән «Жеңіс күні». ХОР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б.Момышұлы «Қолбасшы»

 

Қолбасшыдан не пайда,

Қолдың құлқын білмесе,

Шенге мас боп семіріп,

Өзгені көзге ілмесе.

Қиын жерде өзі жоқ,

Қатерсіз жерде ерсініп,

Қылышын босқа сермесе

Қан сорғалар кезеңде,

Тастай түйіп қанатын,

Қолдауға өзі келмесе,

Жақындатып алысты,

Жалындатып намысты,

Ерлерге қуат бермесе,

Бақырауық топас ми,

Қолбасшыдан не пайда?

 

Ту көтеріп майданда,

Ел намысын қорғаған,

Көргенде сені солдаттар,

Медет етсе піріндей,

Аузыңнан шыққан жарлықты,

Орындай білсе ниетпен,

Ерлігіңнен үлгі алып,

Сеніп саған тағдырын,

Қызымет етсе солдаттар,

Қолбасшы болсаң сондай бол,

Жосылып жатқан жолдай бол,

Қайрат етер мезгілде,

Жүк көтерген нардай бол.

Ақыл айтар мезгілде,

Мың жасаған шалдай бол.

Қатар болар мезгілде,

Жарқыраған жайдай бол,

Жауды бөгер кезіңде,

Көлденең жатқан ордай бол.

Жауға төнер мезгілде,

Басатын ауыр сордай бол.

Отқа түссең бір түссін,

Өлемін деп қарамай.

Суға түссең бір түссін,

Шыбын жанын аямай.

Майданға бірін кіргізбе,

Біреуін мыңға баламай.

Қолым бар деп ойлама,

Миллионға мыңын санамай,

Кешегі өткен Панфилов,

Қолбасшы еді осындай,

Заманға туған данадай.

 

 

Жеңіс күні

 


Жеңіс күні – алыс арман оттары,
Күл астында жатқан жайнап шоқ тағы.
Өртенді жол, шаңға батты маңай да, —
Осы күнді жақындаттық қалайда.

 

Мынау Жеңіc күні оққа шыдатқан,
Бұл мереке шаш ағарған сынақтан,
Бұл қуаныш шаттандырып, жылатқан.
Жеңіс күні!
Жеңіс күні!
Жеңіс күні!

 

Күні-түні мартен қарап тұрмады,
Отанымыз көзін бір сәт жұмбады.
Күні-түні, өлем деген жоқ ойда, —
Осы күнді жақындаттық қалайда.

 

Мынау Жеңіс күні оққа шыдатқан,
Бұл мереке шаш ағарған сынақтан,
Бұл қуаныш шаттандырып, жылатқан.
Жеңіс күні!
Жеңіс күні!
Жеңіс күні!

 

Арма, анажан, оралмадық бәріміз,
Шықты кешіп, жүгірерміз әлі біз!
Европаны шарлап шығып көп айда, —
Осы күнді жақындаттық қалайда.

 

Мынау Жеңіс күні оққа шыдатқан,
Бұл мереке шаш ағарған сынақтан,
Бұл қуаныш шаттандырып, жылатқан.
Жеңіс күні!
Жеңіс күні!
Жеңіс күні!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дмитрий Снегин

Ойнаған бұлт ішінде найзағайдай

 

Мәскеу түбіндегі шайқастарда тұңғыш рет көргенде-ақ, мен оны бұрыннан білетіндей сезінгем.Одан бері қанша уақыт өтсе де,біздің қатынасымыз әлсіреп,өмір жайлы түсініктеріміз кереғар келіп көрген емес.

Бәлкім,ол бізді соғыс табыстырып,достығымыз қанмен  бекігендіктен бе екен? Бәлкім, көп нәрсіні бірдей байқап,бірдей ұғатындығымыздан шығар.

Мен Бауыржанмен Панфилов дивизиясы қатарында жүріп соғысқа араласқан кезімде жақсы танысқан болатынмын.

Бауыржан Момышұлы бір жағынан алып қарағанда,ол шыншыл,тік мінезді, ашық-жарқын жан.Оның бар ісі халықтың аузында жүр, бар өмірі халықтың көз алдында өтіп жатыр.

Ал екінші жағынан бұл тұлға кейде шектен шығып, кісі төзгісіз болып көрінетін шақтары бар. Бірақ шын мәнісінде олай емес. Қайта Бауыржан шашаусыз жинақты, ірі тұтас тұлға. Әрбір үлкен адам сияқты оның алдына қойған мақсаттары да ірі.

Мәскеу түбіндегі шайқаста мен басқарған дивизион Бауыржан басқаратын атқыштар полкі шабуылын сүйемелдеуіне тура келіп қалды.

Біздің 8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясының командирі, генерал Чистяков болатын. Жігерлі, қатал, әрі батыл адам-ды. Ол Бауыржанға жауынгерлерді шабуылға қайта көтеріп,жаудың екінші бекініс шебін де кідірмей басып алуды бұйырды. «Жау есін жиып,оқ ошақтарып реттеп алмай тұрғанда, өз батырларыңның қызуы,екпіні басылып қалмай тұрғанда солай ет» деді.

Бауыржанның орнында Бауыржандай тәртіпті, бірақ істі бір жақты ғана түсінетін басқа бір командир болған болса,не істер еді? Әрине, ол генерал бұйрығын екі етпей шабуылға шығар еді...

Бауыржан басқаша істеді. Барлаушылар күшімен жау жайын зерттей отырып,жауынгерлерді тамақтандырып алуға бұйрық берді де, бірінші батальонын бастап менің дивизионымның алдынан бір-ақ шықты. Ол біздің көз алдымызда жауынгерлерге бір-біріңе жақындай түсіңдер деп бұйрық етті. Жауынгерлердің иықтарына иықтары тиді. Лезде жанды,тұтас тікбұрыш пайда болды. Олар ілгері жылжығанда арттарында әдемі тапталған  жол қалды. Жауынгерлер қатарларын ыдыратпай,тұтас қозғалып,қарды үтіктеп барады. Алдыңғылар шаршағанда,олардың орнын соңғылар басып отырды...

Ол жау шебіне шабуылды генерал белгілеп берген мезгілден бір жарым сағат кешіктіріп бастады. Мен бұл уақыттың ішінде оның солдаттары салған жолмен бар зеңбіректерімді алғы шепке жеткізіп үлгерген едім. Бауыржан шабуылды кеш бастағанмен,жауды тиісті уақытынан бұрын қуып шықты. Адам шығыны да аз болды.

«Тек тірі адамдар ғана жеңе алады» деген генерал Панфилов сөзін ұмытпады. Ол өз солдаттарын қатал,бірақ әкелік мейіріммен сүюші еді...

Түннің бір мезгілінде біздің пунктімізге генерал Чистяков келді. Ол аз сөйлеп,ойлы отырды. Қоштасарда Бауыржанға  қарап тұрып,былай деді:

-       Мен кәрі солдатпын. Әрі өз ісімді бір кісідей білетін сияқты едім. Қайран қалдырдың сен мені. Бір сөзбен айтқанда, рақмет бұл сабағың үшін!...

Генерал Чистяков Бауыржан Момышұлының  қарсылығын өзін тыңдамағандық немесе елемегендік деп ойламай, берілген бұйрықты орындау жолында ізденіс, жақсы шешім деп түсінді. Тар жерден жол табу кез келген мықтының қолынан келе бермейді. Құр мақтанның құрбаны болмай, алған мақсатқа жету үшін ерекше бір қасиеттерге ие болу да керек сияқты...

            Бауыржанның «Еңбек етпей, шаршамай, дем алған да азап қой» деуі қандай мықты. Мұны ол алдымен өзіне арнаған еді. Өз отандас-замандастарының бақыты үшін,ертеңгі келер күннің қуанышы үшін бар күш-қуатын, жігер-қайратын жұмсау – ол үшін барып тұрған рақаттың өзі болды...

Ұлы Отан Соғысының даңқты генералы, әрі атақты жазушы Петр Вершигора былай деген еді «Бізге Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Жазушы болып,ол екінші ерлік жасады»...

Бауыржанның бар кітаптары отты жүректің ыстық қанымен жазылған. «Жауынгер тұлғасы», «Бір түннің уақиғасы» «Біздің семья», «Москва үшін шайқас» кітаптарын оқып шықсаңыз, бұған көзіңіз әбден жетеді.

 

 

C.Мәуленов

Соғыс жайын сұра сен

Бүгін тарих – жыр әсем

Қара шашатар қар шалған,

Соғыс жайын сұра сен,

Мың өлімді қарсы алған

Солдаттар мен маршалдан!

 

Соғыс жайын сұра сен,

Махаббаттан ерте өлген,

Жанған бір кез аспаннан,

Ормандардан өртенген,

Жараланған тастардан!

 

Соғыс жайын сұра сен,

Азынаған желдерден,

Қан боп жүзген көлдереден,

Көп адамды құшақтап,

Жатқан сонау дөңдерден!

 

Соғыс жайын сұра сен,

Бітпей қалған жырлардан,

жағылмаған шамдардан,

Шашылмаған нұрлардан,

Атпай қалған таңдардан!

 

Соғыс жайын сұра сен,

Отамалы оттардан,

Жайпап н жер үстін,

Соңғы атылған оқтардан

Шашуы боп жеңыстың!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

C.Мәуленов

Қош бол, сәулем

 

Қош бол,сәулем,қан майданға жөнелдім,

Жаным барда жаудың жолын бөгермін,

Я болмаса омырауымнан оқ тиіп,

Жүрегімнің қанын жерге төгермін.

 

Кейде аспанның аясынан жалт беріп,

Сорғалаған жұлдыздай боп сөнермін.

Жазғы гүлдей жас өмірдің үмітін,

Қойны суық қара жерге көмермін.

 

Қара түнге көп қадалып тесіле,

Алып мені,қалқатайым есіңе

Батар күндей бір өртеніп ,басарсың

Торқа болған топырағымды төсіңе.

 

Жылағанмен өлген адам оралмас,

Бұлбұл қайтып бақшасына қона алмас.

Сүйіп-ақ қой басқа жанды,сонда да,

Нақ өзімдей бір сен үшін бола алмас.

 

Қош бол,сәулем,қан майданға жөнелдім,

жаным барда жаудың жолын бөгермін.

Бұлт астынан шыққан күндей жарқырап,

Күте бер сен,мен оралып келермін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұржігіт Айтжанов

Борыштымыз

 

Жылда майдың тоғызында Ұлы Жеңіс күнінде,

Ақ самайлы әкелереді,аталарды көрем де,

Медаль,орден жарқыраған,күн нұрына өңірі,

Бас иемін соларға мен борышымды сезем де.

 

Борыштымыз,өңі тозып,ерте солған сәніне,

Борыштымыз,қуаты арып,ерте сынған әліне,

Тірілерге,өлілерге – елді жаудан арылтқан,

Біз солардың борыштымыз,борыштымыз бәріне.

 

Жастық шағы соғыста өтіп, тура ажалға үңілген,

Жеңіс күні майдандасын,еске алып түңілген.

Ақтық сында, арын сақтап,талай асыл ерлерім,

Демі бітпей, бірі – аман, бірі- ерте үзілген.

 

Борыштымыз елді қорғап, дақ түсірген тініне

Борыштымыз окоптарда айтып кеткен әніне.

Отан үшін,біздер үшін қан майданда от кешкен,

Біз солардың борыштымыз, борыштымыз бәріне.

 

Төбіііңдегі күүн үшін, алаулаған жалында,

Тыныш атқан таңдар үшінн,мәңгі сақта жадыңда.

-       Уа,Тірілер! Есте сақтаң,сертке тіккен антыңдай,

Біз солардың борыштымыз,баршасының алдында.


 

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі «Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі «Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш

Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш

Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш

Сырбай Мәуленов «Қош бол, сәулем»

Сырбай Мәуленов «Қош бол, сәулем»

Жүректі оқ өтіне тоса түстім.

Жүректі оқ өтіне тоса түстім.

Т.Бигельдинов, Х.Қайдауов, З.Тұрарбеков,

Т.Бигельдинов, Х.Қайдауов, З.Тұрарбеков,

Бүгін,біздің ел Ұлы Отан соғысы жылдары отан үшін от кешкен ұрпақтың ерлік істеріне зор құрметпен қарайды, оны биік азаматтықтың қайталанбас үлгісі ретінде бағалайды

Бүгін,біздің ел Ұлы Отан соғысы жылдары отан үшін от кешкен ұрпақтың ерлік істеріне зор құрметпен қарайды, оны биік азаматтықтың қайталанбас үлгісі ретінде бағалайды

Халқымыздың қаһарман перзенттері» патриоттық кеш 1

Халқымыздың қаһарман перзенттері» патриоттық кеш 1

«Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш

«Халқымыздың қаһарман перзенттері» әдеби-музыкалық патриоттық кеш

Б.Момышұлы «Қолбасшы» Қолбасшыдан не пайда, Қолдың құлқын білмесе,

Б.Момышұлы «Қолбасшы» Қолбасшыдан не пайда, Қолдың құлқын білмесе,

Жеңіс күні Жеңіс күні – алыс арман оттары,

Жеңіс күні Жеңіс күні – алыс арман оттары,

Дмитрий Снегин Ойнаған бұлт ішінде найзағайдай

Дмитрий Снегин Ойнаған бұлт ішінде найзағайдай

C .Мәуленов Соғыс жайын сұра сен

C .Мәуленов Соғыс жайын сұра сен

C.Мәуленов Қош бол, сәулем Қош бол,сәулем,қан майданға жөнелдім,

C.Мәуленов Қош бол, сәулем Қош бол,сәулем,қан майданға жөнелдім,

Нұржігіт Айтжанов Борыштымыз

Нұржігіт Айтжанов Борыштымыз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2020