«ИНФОБІЛГІРЛЕР» атты сайыс сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың логикалық сауаттылығын және компьютерлік іскерлігін дамыту,
теориялықбілімдерін тереңдету.
Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерді
пайдалана отырып шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, қиялын ұштап, білімін
шыңдауға жетелеу.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды алғырлыққа,
тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ойын ашық жеткізуге, берілген тапсырманы жауапкершілікпен
орындай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ конкурсы
Сабақтың көрнекілігі:
мультимедиялық проектор, қабырға газеттері, сөзжұмбақ , слайд, компьютер.
Сабақтың тақырыбы, лозунгілер, интербелсенді тақта,
Сәлем бердік, құрметті қонақтар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып
«Инфобілгір» атты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Түстер арқылы оқушылар 3 топқа бөлінді: «Пернетақта», «Монитор», «Жүйелік
блок».
Командаларымызға сәттілік тілейік.
I. Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық
Тартысайық сайыста, күш жігермен
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен деп «Дешефратор»ойынын бастайық.
Дұрыс жауабына фишка таратылады.
І команда
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді.
(ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1945 жылы АҚШ та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
ІІ команда
1. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
2. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
4. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)
5. Процессор ол компьютердің миы. (ия)
6. «Информатика» пәні ЭЕМ нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
7. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
8. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
9. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия) 10. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
ІІІ команда
1. ЭЕМ нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
2. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
3. Пернетақта, сканер ДК дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
4. Принтер ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
5. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
6. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
7. Процессор ол компьютердің миы. (ия)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
II:Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Қиын жұмбақ бәрі бар
Тапқырларға қол соғып, қошеметке лайық – деп«Жұмбақтар шешейік»
1) Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)
2)Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)
3)Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)
2)Егер білсең, айта қойшы
Құрылғы бұл сиқырлы.
Қағаздағы ақпарды
Компьютерге апарды....(сканер)
3)Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз екі...(пернетақта)
2:Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны киесі...(кактус)
III.Айқара ашып айнасын
Көрсетер қане барша шын
Зейін салып қарайық, Ойға тоқып алайық – деп"Компьютер кеше, бұгін, ертен" видео бейнесін
тамашалайық...
Осы көрген бейне әсерімен әр топ өз топтарында постерлерін безендіреді, берілетін
уақыт10 минут. Постерді мына критерилер бойынша дайындайсыздар:
1) Дәлел немесе факты;
2) қызықты мәліметтер;
3) суреттер.
Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есеңдепортаға шығып әр топ постерлерін қорғайды
IV.КӨКПАР ойыны.
Қызыл түсті таңдаған топ – мақтайды, ал көк түсті таңдаған – даттайды
V. Ойың ұшқыр болса – шын,
Тапшы қане жауабын –деп
Шарты: Әр топқа 2 логикалық сұрақтар қойылады.
«Логикалық сұрақтарға»
кезек берейік.
1команда Жүйелік блок
• Егер флешканың сымжылығы 2 Гбайт болса, 2000 Мбайттық файлдың қаншасын
шамамен сыйдыруға болады ? (1 файл)
• Бір үйдің 4 баласы бар Асан, Үсен, Арман Жексен олардың үйінде 1 компьютер бар, әр
бала 25минуттан кезектесіп ойнайды екен. Улкені Асан 10 сағат 20 минутта компьютерге
отырады. Ал кенже баласы Жексен сағат қаншада компьютерге отырады? (11.35)
2 команда Монитор
• Термометр аяз болғасын үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус
көрсетеді? (30)
• Компьютердің бағасы 70 000 тенге, планшеттің бағасы 50 000 тенге, ал Ноудбуктің
бағасы компьютер мен планшеттің бағаларының қосындысынан 3 есе арзан? (40 000 тенге)
3команда Клавиатура
•Егер флешканың сыймдылығы 16 Гбайт болса, 2000 Мбайттық файлдың қаншасын
шамамен сыйдыруға болады ? (8 файл)
•Айдос Расторлық графиканы редактірлеу үшін 15 мин, ал Жандос Векторлық графиканы
редактірлеу үшін 10 мин уақытын жұмсайды. Екеуі қосылып 1 сабақта, яғни 45 минутта
қанша графикалық файлды редактірлеп үлгереді ? (Айдос 3 файл, Жандос 4 файл).
Қорытындылау: Әр топ өз фишкаларын санайды, жеңімпаз болған топ белгілі
болады.
Жеңімпаз болған топты қошеметтепқояйық.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!
«ИНФОБІЛГІРЛЕР» атты сайыс сабағы
«ИНФОБІЛГІРЛЕР» атты сайыс сабағы
«ИНФОБІЛГІРЛЕР» атты сайыс сабағы
«ИНФОБІЛГІРЛЕР» атты сайыс сабағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.