Сабақтың тақырыбы: Cимволдық айнымалылар.
Сабақтың мақсаты: Символдық айнымалыларды түрлендірудің функция-лары мен процедураларын қолданып, мәтіндерді түрлендіру программасын құра білу дағдысын қалыптастыру. Символдың ASCII кодын және керісінше кодқа сәйкес символ табудың стандарт функцияларын қолдана білуге үйрету.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен амандасу, тексеру).
1. Паскальда қандай құрылымдық типтер бар?
2. Жиым деген не? Жиымның қандай түрлері бар?
3. Паскальда жиым қалай сипатталады?
4. Бірөлшемді жиымды енгізу және шығару қалай жүзеге асады?
5. Екі өлшемді жиымды енгізу және шығару қалай жүзеге асады?
6. Квадрат матрица деген не?
7. Квадрат матрицаның негізгі және қосалқы диагональ элементтерінің шарты қандай?
8. Матрицаны транспонирлеу деген не және ол қалай жүзеге асырылады?
Паскалда символдар тізбегін жол /литер/ /строка/ дейді. Сөздермен, символдармен жұмыс істейтін шамаларды жолдық немесе литерлік шамалар д.а. Паскалда жеке таңбаның типі CHAR деп аталды. Ал, жолдың типі STRING д.а.
chr(x) – x коды бойынша таңбаны анықтайды.
Char – айнымалының мәні жеке символ болатынын білдіретін тип,
String - айнымалының мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип, мәндегі символдар саны 256-дан аспауы керек.
Text - мәтіндік тип, файл аттарын белгілеуде қолданылады.
Мәні символ (әріп, цифр, таңба) болатын айнымалы символдық айнымалы деп аталалды.
Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары.
1. Length (a) – функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады. Функция нәтижесінде бүтін сан шығады.
Мысал: а='информатика'; k=length (a); writeln ('a жолының ұзындығы=', k);
2. Concat (a1,a2) – функциясы а1 және а2 жолдық айнымалыларды біріктіреді.
(сoncat – конкатенация - біріктіру). Функция нәтижесінде жолдық айнымалы шығады.
Мысал: а1:='бағдар'; а2:='шам'; b:=concat (a1, a2); writeln (b);
Программаның орындалу нәтижесінде «бағдаршам» сөзі шығады. Екі жолды біріктіру үшін "+" таңбасын да қолдануға болады.
Мысал: а:='информатика';
b:='ғылымы'; writeln (a+b);
3. Copy (a, n, k) – функциясы а жолының п-ші символынан бастап к символ көшіріп (немесе қиып) алады.
Мысал: сору ('қалам',3,2) – 'ла'; сору ('кітап', 1,1) – 'к'
4. Pos (a1,a2) – функциясы а2 жолындағы а1 ішкі жолының басталу позициясын көрсетеді, егер а2 жолында а1 жолы болса, онда функция мәні 0-ге тең болады.
Мысал: pos('ка', 'физика') – 5; pos ('та', 'физика') – 0; pos('cd', 'abcdcdrf') – 3.
5. Ord функциясы символдың сәйкес ASСII кодын табады. (Ordinal value - реттік мәні).
Мысал: ord ('A') – 65; ord('a') – 97.
6. Chr функциясы кодқа сәйкес символды береді. (charаcter - символ)
Мысал:chr (65) – 'A'; ord (49) – 1
Бұл функцияны # (диез белгісі) символымен алмастыруға болады. Мысал: # 65 – 'А'
Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт процедуралары.
1. Deletе (a, m, n) процедурасы а жолдың т-ші символынан бастап п символ жоюды жүзеге асырады. Мысал: а:='информаитка'; deletе (a, 7, 5); writeln (a);
нәтижеде экранға "информ" сөзі шығады.
2. Insert (a1, a2, n) процедурасы а1 ішкі жолын а2 жолының п нөмірлі символынан бастап а2 жолының арасына апарып қояды, а2 жолының қалған символдары соңына қарай ығысады.
Мысал. а1:='-'; а2:='Ол оқушы'; insert(a1, a2, 3); writeln (a2);
нәтижеде а2 жолындағы екі сөздің арасына сызықша белгісі қойылады.
3. Str (x, a) – х бүтін немесе нақты санды а символдық тұрақтыға түрлендіретін процедура.
Егер х=512 болса, Str (x, a) процедурасының орындалу нәтижесі а='512'. Мұндағы 512 мәні сан емес, символдық тұрақты.
4. Val (a, x, c) процедурасы Str-ға кері процедура. Ол а символдық тұрақтыны х санға айналдыруды жүзеге асырады. Мұндағы с - бүтін айнымалы. Егер а-ны х-ке түрлендіру мүмкін болса, яғни а-ның барлық символы сан болса, с айнымалысының мәні 0-ге тең. Керісінше жағдайа, с-ның мәні сан емес 1-символдың нөміріне тең.
Мысал: 1) а='416'; val (a, x, c); нәтижеде х=416; с=0
2) a='41ав6'; val (a, x, c); нәтижеде с=3
Символдармен жұмыста жиі қолданылатын стандартты функциялар.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мәтінмен /сөз-сөйлем/ жұмыста жиі қолданылатын функциялармен процедуралар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мысал 1: Берілген мәтінде "ас" жолы неше рет кездесетінін анықтаңдар.
Var a:string; i,n:interger;
Begin
writeln('мәтін енгіз');
readln (a);
for i:=1 to length (a) do
if copy (a, i, 2)='ac' then n:=n+1;
writeln ('n=', n) end.
|
А) Берілген сөзде қанша «а» әрібі бар екенін анықтайтын программа жазыңыз.
|
program a_sanau; uses crt; var i,n,k: integer; s: string; begin write('tanbalar tizbegin engiz, '); read(s); n:=length(s); k:=0; for i:=1 to n do if (s[i]='а') or (s[i]='a') then k:=k+1; writeln('sozdegi kichi "a"-lar sany - ',k); end. |
|
Б) Ұзындығы 25 символдан аспайтын сөз тіркесін алып, одан мүмкнідгінше бірнеше жаңа сөз құрастырыңдар
|
program esep_1_121bet; uses crt; var soz, jsoz: string; i, j: integer; begin TextColor(12); soz:='akparattandaru'; jsoz:=copy(soz,1,5); writeln(jsoz); jsoz:=copy(soz,3,3)+copy(soz,8,2); writeln(jsoz); end. |
Деңгейлік тапсырмалар:
1. Сөйлемде неше сөз бар екенін анықтау.
2. Жолдағы ашылған және жабылған жақшалар саны тең бе?
1. Екі сөйлемнен тұратын құрмалас сөйлемнің соңғы сөйлемін шығаратын программа құрыңдар.
2. Берілген бүтін санның цифрларының қосындысын табатын программа құрыыңыз.
1. Сөйлемдегі 1-ші және соңғы сөздердің орнын ауыстырыңыз.
2. Сөздер массивіндегі сөздерді ұзындығының өсуі бойынша реттеңдер.
3. Берілген сөз төңкерілген (полиндром) сөз бола ма?
Бекіту сұрақтары:
1. Символдық айнымалы деген не?
2. Символдық айнымалынның ұзындығы деген не?
3. Символдық айнымалыларға қандай стандарт функциялар қолданылады?
4. Символдық айнымалыларға қандай стандарт процедуралар қолданылады?
5. ASСII коды деген не?
6. Символдық айнымалыдан символ қиып алу қалай жүзеге асады?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.