информатика

  • docx
  • 05.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 149.docx

BORLAND DELPHI БАҒДААРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ

Delphi ортасымен танысу

 

Бағдарламалауға деген  қызығушылық күн сайын өсуде.  Бұл күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың  енуімен және дамуымен байланысты. Егер де адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе ынта, кейбір кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows  операциялық жүйелері жанұясы танымал,және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау  құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау жүйесінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді  Borland Delphi  және  Microsoft  Visual Basic көрсетуге болады.  Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады, оның мәнін жасау ортасы  бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық  терезелермен  және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.

Delphi – бұл  Windows операция  жүйесіндегі жұмыстарға бағытталған бағдарламаларды жасау ортасы.  Delphi-де бағдарламалар, қазіргі көрнекі жобалау технологиялары негізінде құрылады, өз кезегінде бағдарламалаудың объекті-бағдарлану ойына базаланады. Delphi- де  бағдарламалар  Object Pascal  тілінде жазылады және ол Turbo Pascal  тілінің ізбасары және дамытушысы болып табылады.  Delphi  және Object Pascal ұзақ эволюцияның қорытындысы және қазіргі кезде ол, ең жаңа компьютерлік технологиялары бар өнім болып табылады.  Бөліп айтқанда,  Delphi көмегімен, консольдық   тіркемелерден бастап және мәліметтер қорымен Internet  үшін тіркемелерін аяқтайтын, әртүрлі түрдегі бағдарламаларды құруға болады. [2]

DELPHI тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment)- дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және оның жүктелгеннен кейінгі көрінісі төмендегі түрде болуы мүмкін (1.1-сурет).

Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді

1.Негізгі терезе (Projegt1.dpr);

2.Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);

3.Форманың құрастырушының терезесі (Form1.dfm);

4.Программа кодының терезесі (Unit1.pas).

DELPHI бірқұжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қолданбалы программамен жұмыс атқаруға болады. Программа жобасының атауы негізгі терезесінің жоғарғы қатарында көрсетіледі.

         Форманың терезесінен Unit кодына жөне одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.[3]

Delphi ортасы – программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.

Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады.

Негізгі терезе(Delphi7);

1.Объектілер тармағының терезесі(Form 1);

2.Объектілер инспекторының терезесі немесе объектілер қасиеттері редакторының терезесі (Object Inspector);

3.Броузер (көру) терезесі(Object TreeView);

4.Программа кодының терезесі(Unit 1.pas);

5.Программа кодының терезесін көру үшін Ғ12 пернесін басу жеткілікті. Delphi – ді алаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпороциясының WEB – беттеріне кіругемүмкіндік туады.

Негізгі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырмалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.

Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.

Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның сол жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize – ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады.. енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.[4]

Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналасырған ыңғайлы:Project\Syntax Chek – программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches – отклаткалық режимді бақылау терезесіне кіру жжәне т.б.;

Delphi – дегі кез келген программа жоба файлынан (файлдың заты .dpr) және бір немесе бірнеше модульдерден (заты .pas) тұрады. Әрбір осындай файлдар Object Pascal – дың программалық бірлігін сипаттайды.

 

 

635241

 

  Сурет 1.  Delphi бағдарламасының құрылымы [Ескертпе: автормен ұсынылған]

 

Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері

 

Кластар – бұл күрделі программаларды жеңілдету және оның сапасын арттыру үшін ойластырылған программистердің ерекше өнер табысы. Кластардың негізінде үш іргелі принцип жатыр, олар инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм.

Класс – өрістер, әдістер мен қасиеттер деп аталатынүш маңызды ұғымның бірлігін береді. Осы үш маңызды ұғымды бір бүтінге біріктіру инкапсуляция деп аталады. Көпшілік жағдайда, инкапсуляция класты программаның қалған бөліктерінен оқшаулауға мүмкіндік береді, нақты бір есепті шешудің «өзіндік жеткіліктілігін» арттырады. Нәтижесінде класс қандай да бір басқарушылықты арттырады. Мысалы, Tform класы  Windows – терезесін құруға қажеттілерден, Tmemo класы – толық басқарылатын мәтіндік редактор жұмысын, Ttimer класы программа жұмысын таймермен қамтамасыз ететін құралдарды қамтиды (немесе инкапсуляциялайды).

Сонымен инкапсуляция дайын программалық жабдықтаумен жұмыс істеуге арналған қуатты құрал болып табылады. Delphi жүйесінің кластар кітапханасы – бұл программа құруға арналған Borland фирмасының программистері құрған кірпіштер жиынтығы екен.

Кез келген класс басқа кластан туындайды. Ол үшін оны хабарлағанда ата- ана кластың аты көрсетіледі:

                 TchildClass = class (TParentClass)

Туындаған кластан автоматты түрде өзінің ата- анасының өрісі, әдісі және қасиеті шығады және олардың жаңамен толықтырылуы мүмкін. Сөйтіп, мұрагерлік принципі күрделі кластарды кезеңмен құруды және өзінің жеке кластар кітапханасын жасауға мүмкіндік береді.

Object Pascal – дың барлық кластары жалғыз ата – ана ТObject  класынан туындаған. Бұл кластың өрісі және қасиеттері жоқ, бірақ өзіне кез – келген объектілердің барлық өмірлік қасиеттерін қамтитын жалпы тағайындалудың әдістерін қамтиды. Программист ТObject  класы ата – ана болмаитын класс құра алмайды. Оған төмендегідей бейнелеулер тән:

TaClass = Class  (ТObject )

TaClass = Class

Мұрагерлік принципі ТObject  класынан оның ұрпақтарына қарай дами отырып, біртіндеп кеңейетін тармақтар кластар құруға әкеледі. әрбір ұрпақ өзінің ата – анасының мүмкіндіктерін толықтырып, оны өзінің ұрпақтарына беріп отырады.

Delphi –дегі кластар тармағы қарайтырайық. TPersistent класы өзінің Тobject ата- анасының мүмкіндіктерін кеңейтеді: ол мәліметтерді файлға сақтап , оны одан қайтадан ала алады, нәтижесінде оның барлық ұрпақтары осы мүмкіндіктерді орындай алады. TComponent класы өз кезегінде, класты құрушының ортасымен әрекеттесіп, оны өзінің ұрпақтарына бере алады.

TControl класы файлдармен және класты құрушының ортасымен жұмыс істеп қоймай, сонамен бірге экранда көрінетін бейнелерді құруға және оның қызметін орындауға қабілетті, ал оның ұрпағы TWinControl Windows терезелерін де құра алады және т.б. «2-сурет». [5]

Полиморфизм – бұл мағынасы ұқсас мәселелердің әр түрлі тәсілмен шешетін кластар қасиеті. Object Pascal – дың шеңберінде кластардың қасиеті оған кіретін әдістердің жиынтығымен анықталады. Класс ұрпақтарындағы қандай да бір әдістің алгоритмін өзгерте отырып, программист бұл ұрпаққа ата- анасында жоқ ерекше қасиетті бере алады. Әдісті өзгерту үшін оны сол ұрпақта жабу қажет, яғни ұрпақта бір атаулы әдісті хабарлап, оған қажетті әрекетті жүзеге асыру қажет. Нәтижесінде объект – ата – ана мен объект – ұрпақта әр түрлі алгоритмдік негізі бар, объектілерге әр түрлі қасиет беретін екі бір атаулы әдіс жұмыс істейтін болады.

Object Pascal  тілінде полиморфизм тек жоғарыда сипатталған мұрагерлік механизмі мен ата-ананың әдісін жабумен шектелмейді, сондай-ақ оларды виртуалдандыруда жүзеге асады.

 

Жобаның құрылымы. Жоба файлы Object Pascal тілінде жазылған, компилятормен өңдеуге арналған программа болып табылады. Бұл программа Delphi – де автоматты түрде құрылады, бірнеше жолдардан тұрады. Оны көру үшін Delphi – ді шақырып, бас менюден Project/View Source опциясын таңдаңыз. Delphi Project1 мәтінінен тұратын код терезесін шығарады:

Program Project1;

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’ {fmExample};

{SR*. RES}

Begin

       Application. Unitialize;

       Application. Greate Form  (TfmExample, fmExample );

       Application. Run;

End.

Код терезесінде қарайтылған шрифтпен қызметші сөздер жазылған, ал курсивпен фигуралық жақша ({}) ішіне түсіндірме жазылған. Программа мәтіні Program сөзінен басталып,  End сөзімен аяқталып тұр. End сөзінен кейінгі нүктеден соң жазылған жазуды программалық бірліктің терминаторы деп атайды. Егер программа мәтінінде осындай терминетор кездесетін болса, компилятор программаны жолдауды тоқтатып, мәтіннің қалған бөлігін ескермейді (жойы жібереді).

Object Pascal тілінде қызметші сөздер маңызды роль атқарады. Әрбір қызметші сөз компиляторға шартты нұсқау береді, тек ағылшын тілінде жазылады.

Ал түсіндірменің компилятор үшін ешқандай мәні жоқ, түсіндірме кездессе, компилятор оны қалдырып кетеді. Программадағы түсіндірме программист үшін аса маңызды, ол программаны түсінуді жеңілдетеді. Object Pascal тілінде фигуралық жақшаға ({}) алынған кез келегн символдар тізбегі түсіндірме болып есептеледі.

Жоғарыдағы келтірілген мәтінде екі түсіндірме бар, бірақ {SR*. RES} жолы шын мәнінде түсіндірме емес. Бұл арнайы түрде жазылған фрагменті – компилятор директивасы деп аталады. Директивалар S символынан басталады. Түсіндірме үшін сондай – ақ, (*,*) және // белгілері де пайдаланылады. (*.*) – фигуралық жақша тәрізді, ал // символдары компиляторға түсіндірменің ағымдағы жолдың соңына дейін жазылатынын ескертеді.[6]

Program сөзінен кейінгі жазылған атау мен соңынан қойылған «;» программа тақырыбын құрайды. Тақырыптан кейін бейнелеу бөлімі жазылады, Мұндағы программист программада пайдаланылатын идентификаторларды сипаттайды. Идентификаторлар типер, айнымалылар, процедуралар, функциялар тәрізді программа элементтерін белгілейді. Uses қызметші сөзінен кейін басталатын сөйлемнің көмегімен программист программаның ажырамайтын құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын, басқа файлдарда орналасатын программа фрагменті (модульдер) туралы компиляторға хабарлайды.

Программадағы:

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’ {fmExample};

Жолдар программада файл жобамен қатар, Forms және Unit1 модульдері пайдаланатындығын көрсетеді. Forms модулі Delphi – де стандартты модуль, ал Unit1  - әлі белгісіз, жаңа модуль, Delphi Мұндағый жағдайда модульдің мәтіні бар файлдың атын да көрсетеді (in ‘Unit1.pas’) және файл модуліне байланысты форманың сипаттамасы {fmExample} – де.

Программа денесі Begin сөзінен басталып,  End. Терминеторымен шектеледі. Программа денесі Object Pascal – дың біренеше операторларынан тұрады. Әрбір операторда қандай да бір әрекет жүзеге асырылады – айнымалы мәнін өзгерту, есептеу нәтижесін талдау, қосалқы программаға оралу және т.б. Біздің мысалда программа денесінде үш орындалатын оператор бар:

Application. Unitialize;

Application. Greate Form  (TfmExample, fmExample );

Application. Run

Бұлардың әрқайсысы Application объектілер әдісінің біріне оралады.  Объект дегеніміз – өңдеуге арналған мәліметтер мен қосалқы программаны қамтитын, арнайы дайындалған программа фрагменті. Мәліметтер деп объектінің өрістерін, ал қосалқы программа деп оның әдістерін айтамыз.  Объект тұтасымен алғанда, қандай да бір нақты есепті шығаруға арналған, программада бөлінбейтін бүтін ретінде қарастырылады. Объект қазіргі программалау тілдерінде маңызды роль атқарады. Объектінің басты екі қасиеті бар: оның функционалдығы мен бөлінбейтіндігі.

Delphi – ді құрушылар жүздеген объектіні қарастырған, ол көп қабатты программалар үйін тұрғызатын кірпіштер тәрізді. Программаны құрудың Мұндағый принципі объектілі бағдарланған программалау деп аталады.

Application объектісінде Windows программаны толығымен басқаруға қажетті мілңметтер мен қосалқы программалар жинақталған. Delphi автоматты түрде әрбір жаңа проект үшін Application объект программасын құрады.[7]

Application. Initialize жолы Application объектісінің Initialize әдісіне оралатынын көрсетеді. Осы жолды оқығаннан кейін компилятор қандай да бір программа фрагментін орындауды талап ететін кодты құрады. Осы фрагментті орындағаннан кейін (яғни программистердің тілімен айтқанда, қосалқы программадан шыққаннан кейін) процессор басқарудыпрограмманың келесі жолына  береді, ол Сreate Form әдісі арқылы шақрылады.

Application объектісінің Сreate Form әдісі экранда бас форма терезесін құрып көрсетеді, ал Run – Windows – ден түскен пайдаланушының әрекеті жөніндегі хабарларды үздіксіз алып, оны өңдеуді жүзеге асырады. Пайдаланушы  Close батырмасын тышқанмен белгілегенде Windows программаға программа жұмысын тоқтатып, оған бөлінген жүйелік ресурстарды босату жөнінде арнайы хабарлама береді.

Сонымен қорыта келгенде, файл жобаны толығымен Delphi өзіқұрады. Осы себепті файл – жобаның затының алатын орны ерекше, ол әдетте, код терезесінде көрінбейді. Күрделі жобаларды құрғанда бұл файлды оған кіретін басқа формалардың қызметін түсіндіру үшін, сондай – ақ, программа жұмысын бастар алдындағы кейбір арнайы әрекеттерді орындау үшін пайдалануға боладыDelphi ортасының меню жолы

 

Менюдің “Файл” (File) пункті командаларын қарастырайық. Бұл пунктте «Құру»(Создать), «Ашу»(Открыть), «Жобаны ашу»(Открыть проекта), «Таңдау»(Выбрать), «Сақтау»(Сохранить) және т.б. командалар қарастырылған. Толығырақ сипаттама алу үшін  «Кесте 1» -де берілген.

 

Кесте 1. Менюдің “Файл” (File) пункті командалары

[Ескертпе: автормен ұсынған]

 

Меню командалары

Сипаттамасы

Создать (New)

Құралатын объекттің типін (қосымша, форма, модуль) таңдауға арналған ішкі меню

Открыть… (Open)

Құрылған проект, форма, модуль, редактордағы тексттік файлды жүктеу үшін ашуға арналған диалогты терезені бейнелейді. Егер модуль форманы сипаттаса, онда бұл форма экранда пайда болады

Открыть проект…  (Open Project)

Құрылған проекттi жүктеу үшiн диалогты терезенi көрсетедi (.bpr или .bpk)

Кесте 1 жалғасы

Выбрать (Reopen)

Соңғы жабылған проекттер мен модульдердiң тiзiмiнен тұратын iшкi менюдi көрсетедi

Сохранить  (Save)

Редактрленген файлды оның ағымды атымен сақтайды

Сохранить как…  (Save As)

Проект файлындағы өзгертулердi енгiзiп ағымды файлды жаңа атпен сақтайды

Сохранить проект как… (Save Project As)

Ағымды проекттi жаңа атпен сақтайды

 

Сохранить все   (Save All)

Барлық ашылған файл, проект пен модульдердi сақтау

Закрыть

(Close)

Ағымды проекттi және онымен байланысты модульдер мен формаларды жабады

Закрыть все (Close All)

Барлық ашылған файлдарды жабады

Использовать модуль (Use Unit)

Таңдалған модульдi белсендi модульдiң сипаттамасына қосады

Печать (Print)

Белсендi файлды баспаға бередi

Выход (Exit)

Проекттi жабады және ортадан шығады

 

         Менюдiң басқа пунктерiн қарастырайық. “Правка” (Edit) пунктi “Отменить” (Undo) және “Вернуть” (Redo) командаларынан тұрады, олар редактормен жұмыс iстеу кезiнде жасалған қате әрекеттердiң салдарын жоюға өте пайдалы. Мысалы, егер қажет текст фрагментi кездейсоқ өшiрiлген жағдайда.

         “Отменить” (Undo) командасын орнату үшiн редактор менюiндегi Сервис | Опции редактора (Options | Environment) пунктiн қалай қолдануға болатындығын түсiндiредi. “Отменить” (Undo) командасының мүмкiн санын шектеуге  болады. “Вырезать”(Cut), “Копировать”(Copy), “Вставить”  (Paste) және “Удалить”(Delete) командаларының қызметi Windows-тың басқа қосымшаларындағы осы командалардың қызметiмен бiрдей, бiрақ Delphi-де оларды тек текстке емес, визуалды компоненттерге де пайдалануға болады. [8]

 “Сделать верхним” (Bring To Front), “Сделать нижним” (Send To Back), “Выровнять” (Align) және “Размер” (Size) командалары 1 сабақта талқыланған. Қалған 4 пункт формаладың сыртқы түрiн жылдам “безендiруге” көмектеседi.

         “Поиск” менюiнде программаны орындау кезiнде қатенi табуға көмектесетiн “Find Error” (қатенi iздеу) командасы бар. Қате туралы хабарда оның адресi (орны) көрсетiлген жағдайда Сiз менюдiң Search | Find Error пунктiн таңдап, сол адрестi енгiзуіңізге болады. Егер мүмкiндiк болса, Delphi ортасы программада қате жiберiлген орынға сiздi апарады.

Менюдiң “Вид” (View) пунктi командаларын қарастырып, сипаттама берейік «Кесте 2».

 

Кесте 2. Менюдiң  “Вид” (View) пуктiнiң құрамы

[Ескертпе: автормен ұсынған]

 

Меню командалары

Сипаттамасы

Менеджер Проектов (Project Manager)

Проектiлердiң менеджерiн көрсету

Инспектор объектов (Object Inspector)

Объектiлер инспекторын көрсету. Онда өзгертуге болатын белсендi компоненттердiң қасиеттерiн бейнелейдi

Дерево объектов (Object TreeView)

Сiздiң формаңызға, модульге және т.б. орналастырған визуалды не визуалды емес компоненттердiң сатылы ағаш тәрiздес тiзiмiн көрсету

Список дел

(To do List)

Жасалған iс-әрекеттер тiзiмi

Панель выравнивания (Alignment Palette)

Формадағы объектiлердi әртүрлi параметрлер бойынша түзету

Обозреватель (Browser)

Программадағы объектiлер сатысын, бастапқы текстегi идентификаторды iздеу және т.б. көру құралдарын шақыру

Обзор кода

(Code Explorer)

Сiздiң модулiңiзде сипатталған барлық типтердi, қасиеттердi, әдiстердi, глобалды айнымалыларды көрсететiн ағаш тәрiздес диаграмманы ұсынады

Список компонентов (Component List)

Компоненттер палитрасының альтернативасы. Тышқан болмаған жағдайда компоненттер аты бойынша iздеуде пайдаланады

Список окон

(Window List)

Delphi ортасында ашылған терезелер тiзiмi

Форма/Модуль

(Toggle Form/Unit)

Формадан оған сәйкес модульге өту, тiзiмнен модульдi немесе форманы таңдау

Список модулей (Units)

Проектiдегi модульдер тiзiмi

Список форм (Forms)

Проектiдегi формалар тiзiмi

 

         Менюдiң “Project” (Проект) пунктiнде проектiні компиляциялауға (compile) немесе  құруға (build) болады. Егер Compile немесе Run таңдаса, онда Delphi соңғы компиляциядан кейiн тек өзгертiлген модульге ғана қайта компиляция жасайды. Бiр жағынан Build all бастапқы текстке қол жету мүмкiндiгi бар модульдердiң барлығын қайта компиляциялайды.  «Проверить» синтаксис (Syntax Check) командасы DCU файлын жаңартпай, тек программа кодының дұрыстығын тексередi. [9]

Ең төмендегi Информация (Information) пунктi программа туралы мына ақпаратты бередi: берiлгендер, ағын және код сегменттерiнiң өлшемi, локальды динамикалық жадының өлшемi және компиляцияланған жолдардың саны.

         “Выполнить” (Run) пунктiн программаны компиляциялауға және жүктеуге және де командалық жолдың параметрлерiн программаға беру үшiн қолданады.


 

Скачано с www.znanio.ru