Информатика 8-9 сынып
Есепке қойылатын балдың саны қатысушылардың санына байланысты емес, шығарылған есепке қойылатын бал 100. Қазылар алқасы шығарылған есепті пайызбен санайды. Мысалы, жартылай шығарылған есепке 50 пайыз қойылады, яғни алынатын балдың жартысына тең – 50.
Егер есепте алгоритм жасау керек болатын болса, оны әртүрлі жазуға болады. Сөзбен, немесе псевдокод түрінде, блок-схемамен да және программалау тілінде, бірақ бұл қажет емес. Негізі жазылған есепке түсінік беру. Егер алгоритм түсініксіз жазылса, ол есепке алынбайды.
1. Пернетақтадан мерзімі мынадай түрде беріледі ЧЧ.ММ.ГГ. Келер мерзімді анықтау керек. Мысалы, 01.10.19 көрсету үшін 30.09.19 шығару қажет.
2. Жүргізушілерге арналған бағдаршамның жұмысы мына түрде программаланған: әр сағаттың басында 3 минут – жасыл сигнал, одан кейін 1 минут – сары, 2 минут – қызыл, тағы да қайтадан 3 минут жасыл түс жанады және қайталана береді. Өткен сағатты минутпен көрсететін Т саны берілген. Осы кезеңде жүргізушілер үшін қандай сигнал жанғанын анықтаңыз.
3. Қаланың халық саны жыл сайын К%-ға өседі. Неше жылдан кейін қаладағы халықтың саны үш есе өседі?
4. Жыл сайын судағы балық санының өсуі Х% құрайды. Балық қоры А тоннамен бағаланған. Жыл сайынғы балық аулау жоспары - В тонна. Ең аз балық қорының құрамы - С тонна. Берілген жоспарды үстап түруға қанша жыл қажет ететіндігін анықтайтын алгоритм құраңыз?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.