Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану
Оценка 4.9

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Оценка 4.9
Исследовательские работы
doc
информатика +1
Взрослым
13.03.2017
Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану
Қазіргі уақытта даму барлық салада үздіксіз болу тиіс. Дамудың негізі білім мен ғылымда екені баршамызға аян. Дамыған қай елде болсын білім, ғылым бірінші орынға қойған. Білім берудің ең негізгі кіндік мәселесі – адамды жан – жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Ұлтымыздың өз уақытынан озып туған ғұлама перзенті Шоқан Уәлиханов айтқандай: « ...Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек ...» деген арманының орындалатындай сәті туған тәрізді. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген кең тараған тәсіл – Кембридж тәсілі.
Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану.doc
Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану Қазіргі уақытта даму барлық салада үздіксіз болу тиіс. Дамудың негізі білім мен ғылымда екені баршамызға аян. Дамыған қай елде болсын білім, ғылым   бірінші   орынға   қойған.   Білім   берудің   ең   негізгі   кіндік   мәселесі   – адамды   жан   –   жақты   етіп   тұлғаландыру   мен   жетілдіре   өсіріп   өркендету. Ұлтымыздың өз уақытынан озып туған ғұлама   перзенті Шоқан Уәлиханов айтқандай: « ...Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек ...» деген арманының орындалатындай сәті туған тәрізді. Орта білім   беру   жүйесінде   әлемдік   жоғары   деңгейге   қол   жеткізген   анағұрлым танымал   білім   беру   әдістемелері   арасында   сындарлы   (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген кең тараған тәсіл – Кембридж тәсілі.  Сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әр түрлі формаларын   қолдана   отырып,   оқушылардың   бір­бірін   тыңдай   білуге,   өз ойларын   анық   жеткізуге,   өз   бетімен   жұмыс   істеу   дағдыларын   жетілдіруді, естіп,   көріп,   білгенін   түйіндеп,   пайдалана   білуге   үйретуді   көздейді.   Әр уақытта   оқушылардың   сыни   ойлауын   дамыту   мен   сындарлы   көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын.                   Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен   өз   ісіне   үлкен   жауапкершілікпен   қарауды   талап   етеді. Педагогикалық  кәсіптің  құпиясы  тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай   оқыту.  Қазақстандағы   оқу   жүйесіндегі   басты   жаңалық   ­   мұ­ ғалімдердің   жаңаша   форматта   білімін   жетілдіруі   болып   отыр.   Бұл Кембридж   Университетінің   білім   беру   Факультетімен    «Назарбаев Зияткерлік   мектептері»  дербес   білім   беру   ұйымының   Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы.   Бұл   бағдарламада   «...мұғалімдердің   сабақ   беру   мен оқытудағы жаңа әдістерді  және үзіліссіз өзін­өзі жетілдіру мен кәсіби дамуды қамтамасыз ететін өз тәжірибесі мен ойлауындағы өзгертулерді түсінуін дамытуға бағытталған» деп атап  айтылған( www.45 min.).            «Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль   оқушылардың   да,   мұғалімдердің   де   сыни   тұрғыдан   ойлауды дамытуды   саналы   және   оймен   қабылдауын   көздейді»  (Мұғалімге арналған нұсқаулық,2012,49­б .     «Өзін­өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың   саналы   оқушы   болып   шығуларының   кілті...»­деп көрсетілгендей  Мектептегі   тәжірибе   кезеңінде   негізгі   әрекеттің   бірі   ынтымақтастық  атмосферасында  оқуды қамтамасыз ету  болып табылады     Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету сабақта   сұрақ   қоюдың   үлгісі:"бастама­жауап­кейінгі   әрекет"   нысаны бойынша қойылған сұрақтар дайындалып, сабақта  оқушыларға беріледі.  Оқушыларға «түрткі  болу» сұрақтарын қойған кезде, сынақтан өткізу әдісін   пайдаланып,   «Мысал   келтіре   аласыз   ба?»   деп   оқушының   ой­ пікірін сұрау.    Сабақта жаңа тақырыпты өзбетімен түсінгендерін   бір­біріне баяндап диалог құру арқылы, жұппен   үй жұмысын тексеру, «2дұрыс,1 қате», тест   тапсырмаларында   бірін­бірі,   сандарға   байланысты   мақалдар айтып,жалғастыру   ,   «Он   сұрақ»,   «Кубизм»   әдісі   тапсырмаларында жұптық жұмысты орындау арқылы оқушылардың бір­бірін үйретуі өзіне деген   жауапкершілікті,     сенімділікті   қалыптастыра   алады,   бір­бірін бағалау нәтижесінде сын айтуға, пікір білдіруге үйреді .   «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады  (Мұғалімге арналған нұсқаулық,2012,48­б.).   «Басқаша айтқанда, оқушылар өзін­өзі ынталандыра алады және осыған орай,   оларда   ұмтылыс   пен   қызығушылық   пайда   болады»(Мұғалімге арналған нұсқаулық,2012,36­б.) Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер балалардың сыни тұрғыдан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен үдерістерге сүйенуі мүмкін. Бірақ, ең алдымен, біз рефлексивті   оқыту   ұғымын   саралап,   сыни   тұрғыдан   ойлаудың   білім   беру бағдарламасында туындаған қажеттілігін ескеруіміз керек. Сыни   тұрғыдан   ойлау   әдісі   негізделген   дәлелдер   мен   мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін   реттей   алатын   ой   үдерісі   ретінде   бейнеленіп   отыр.   Балалардың   сыни тұрғыдан ойлау қабелеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:  білім   беру   бағдарламасы   мен   оқыту   үдерісін   түсіну   үшін   қажетті теориялық базаны;  қорытынды мен тұжырымдарды  қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,2012,52­б.) Баланың не үйренгені туралы сыни тұрғыдан ойлау Рефлексивті оқытуға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын   зерттеуді,   жазып   алуды   және   бағалауды   талап   етеді.   Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды   қажет   ететін   тапсырмаларды   орындау   барысында   көрініс береді. Бұл арқылы олар, мәселен, саяхатшылар мен көлік туралы біледі, өйткені   бұл   адамдардың   өмір   жолын   тілге   тиек   ете   отырып, қажеттіліктерді танып – білуге құрылған немесе тарихтағы өзгерістер мен үздіксіз   ізденістер   туралы   біліп,   адамның   әлеуметтік   –   экономикалық өміріне әсер ететін қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым – қатынастармен танысу мүмкіндіктеріне ие болады.  Сонымен   қатар   гуманитарлық   ғылым   мен   социологияның   кез   келген аспектісін, мысалы, балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт пен спорт, музыка мен ойын – сауық сияқтыларды талқылауға болады. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:  Ұтқырлық:  ең   жақсы   түсініктемені   табуға   ұмтылу;   үзілді   –   кесілді жауаптарды   іздеудің   орнына   сұрақтар   қою;   дәлелдерді   талап   етіп,   кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін­өзі тануға қатысты эмоция да болуы ықтимал). Сыңаржақтылықтың   болмауы:  барлық   қорытындыларды   бағалау; болжамды   көзқарастар   мен   мүмкіндіктердің   барлығын   қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу.  Пайым:  дәлелдердің   деңгейі   мен   маңызын   мойындау;   балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау. Тәртіп:  тиянақты, нақты және жан – жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, көзқарастарға көңіл бөлу). Өзіндік   сан   –   сезім:  өзіміздің   эмоциямыз   бен   көзқарасымыздың, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып,   дәлелдерді   талдайды,   мағынаны   анықтау   үшін   саналы   түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.  Төменде берілген  құрылымды өзіңіздің оқытуыңыз  бен баланың оқуы жайында сыни тұрғыдан ойланып – толғануда да қолдануға болады: 1. балаларды   оқыту   үдерісін   бақылау   нәтижесінде   алынған дәлелдемелермен танысыңыз.  2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз. 3. Оқу   мақсаттары   мен   ол   мақсаттарға   жету   үшін   оқушылар атқаратын   жұмыстардың   әдістері   мен   олардың   жетістіктері арасындағы қарым – қатынастарға талдау жасаңыз.  4. Жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстырыңыз. 5. Барлық   сынып   көлемінде   көрсетілген   іс   –   әрекеттің   нәтижесі туралы ойлану үшін өз зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз. 6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі туралы қорытынды жасап, бағалаңыз. 7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді  келесі  тапсырмалар мен жобаларды жоспарлауда пайдаланыңыз. 8. Дәлелдерді   дамытып,   тұжырымдамалар   мен   қорытындыларды құрастыру   үшін,   қоғамдық   ғылымдарда   оқу   және   оқыту нәтижелерін   анықтау   үшін   сыни   тұрғыдан   ойлаудың пайдаланылуын негіздеңіз. «Сыныпта   оқыту   үдерісіндегі   білім   беру   тұжырымдамасымен» танысу   үшін   рефлексивтік   оқытудың   Web   –   сайтына   кіріңіз. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,2012,53­б.)   Осы   модульдегі   құралдарды   өз   тәжірибемде   пайдаланып,   өткен сабағымды сіздерге ұсынып отырмын Сілтеме: Нұсқаулық Александер (2004, 50­б)               Джон Дьюа мен Дональд Шон (1910, 52­б) ­ Оқушыларды топпен жұмысқа ұйымдастыру. ­ Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. ­ Әр   түрлі   тапсырмалар   беру   арқылы   ойлау,   сөйлеу,   қабілеттерін арттыру. Мысалыға, 9 а сыныбында І тарау бойынша Сыни тұрғыда ойлау модуліндегі құралдар бойынша өткізілген сабағым ­ Сыни тұрғыдан ойлау құралы «Алты ойлау қалпағы»: Көк – Алгоритм ұғымы Жасыл – Алгоритмнің орындалуы Қызыл – Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті Қара – Алгоритмнің формальды орындалуы Ақ – Алгоритмнің жазылуы Сары – Алгоритм түрлері  «Алтын балықтарға арналған аквариум» «Қар үйіндісі» «Радиоға қоңырау шалу» «Диалогтік оқыту» Білім ала білу. Табысты  оқу үшін қажетті ептілікті  жетілдіру.  Сыни тұрғыдан ойлаудың мақсаты да, негізгі идеясы да осы. Сыни тұрғыдан ойлау модулі   –   тәжірибеме   енгізе   отырып   оқушыларды   өздігінен   білім   алуға қызығушылығын   оята   алдым.   Олар   топппен   жұмыстың   тиімділігін   білді. Мұндай әдісті мен өз тәжірибемде қолданып отырғаныма қуанамын. Себебі осы кезге дейін оқушылар сабаққа мұндай қызығушылық танытпаған болатын. Кейбір қиындықтар болды, бірақ тығырықтан шығудың жолдарын іздестірдім. Болашақта   қойған   мақсатым   жас   ұрпаққа   сындарлы   білім   беру,   оның   жан дүниесін түсіну. Сыни тұрғыдан ойлау модульін тиымды қолданып, нәтижесін талдау. Идея, ақпараттарды жинақтау. Оқушылардың білімін жүйелі бағалау. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» ­ деп тұжырымдама   жасаған   Махатма   Ганди   айтқандай,   заманға   сай   өзгерейік, әріптестер! Сыни   тұрғыдан   ойлау   модульін   ескере   отырып,   болашақта Қазақстанның ертеңі жас ұрпақ екенін ескере отырып, білімді, өмірге бейімді, бәсекеге   қабілетті,   дарынды,   белсенді   ұрпақ   оқытып,   тәрбиелеп   шығуға өзімнің кішкене болса да үлесімді қосамын деген ойдамын.  Қазақ   Мемлекеттік   Қыздар   Педагогикалық   Университетінің магистранты Самидинова Айнур Абдиманиевна «Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәнінің мұғалімі Самидинова Айнур Абдиманиевна Оқыту нәтижелерін бақылауды ақпараттандыру әдістерінде бақылау мен бағалаудың компьютерлік құралдары  Қазіргі уақытта даму барлық салада үздіксіз болу тиіс. Дамудың негізі білім мен ғылымда екені баршамызға аян. Дамыған қай елде болсын білім, ғылым   бірінші   орынға   қойған.   Білім   берудің   ең   негізгі   кіндік   мәселесі   – адамды жан – жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету.     Ұлтымыздың ғұлама  перзенті Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден  хабарлар оқыта білетін мұғалім.   Екінші   –  оқыту   ісіне   керек   құралдар   қолайлы   һәм   сайлы   болуы. Құралсыз   іс   істелмейді   һәм   құралдар   қандай   болса,   істеген   іс   те   сондай болмақшы.   Үшінші   –   мектепке   керегі   белгіленген   бағдарлама.   Әр   іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі я мерзімі өлшеуі боларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істеген іс – солпы не артық, я кем шықпақшы». Қазіргі   таңда   ақпараттық   және   қатынастық   технологиялардың құралдарын   көбіне   оқыту   нәтижесін   бақылау   және   бағалауды автоматтандыруға   қолданылады.   Мұғалімдер   арнайы   жасалған   құралдарды компьютерлік техниканың көмегімен педагогикалық өлшеу мақсатында және мектепте   қолданылатын   білім   электрондық   басылымдары   мен   ресурстарын бақылау бағалау жүйелерін қолданады. Педагогикалық   өлшеулерді   автоматтандыру   құралдарын   жасау   мен пайдалану   барысында   бұл   құралдардың   және   оларды   қолдану   әдістерінің барлығы бақылау мен бағалау мақсатынан тәуелді болады. Қазіргі   өлшеу   материалы   және   өлшеу   құралы   көбіне   тесттер   деп аталады. Бұл термин ақпараттық және қатынастық  технологияларды өлшеуді автоматтандыру барысында барлық жағдайда дерлік қолданылады. Тесттердің қазіргі   түсінігі   жеткілікті   кең   және   өзіне   барлық   дерлік   мектепте қолданылатын өлшеу материалдарын олардың түрі және мазмұнына қатыссыз қосып алады. Білімді   осылай   анықтау   тәсіліне   жалпы   қызығушылық   оның   жақсы жақтарын анықтап берді:   Тестілеу   және процедурасын   формализациялау Бірнеше компьютерде бір уақытта тестілеу жүргізудің мүмкіндігі;  унификациялаудың жоғарғы дәрежесі;   Жергілікті компьютерлі желі немесе ауқымды ақпараттық желі Интернеттің   көмегімен   қашықтықтан   тестілеу   мүмкіндігін ұйымдастыру Тесттер  бақылау  мақсатында   қолданылады.   Бұл   жағдайда   олардың көмегімен   бір   немесе   бірнеше   оқу   курсының   тақырыбын   оқып   бітірген оқушылардың білім сапасын анықтайды. Сондай­ақ,   тесттерді   қолдану  оқу   процесі   барысында  мүмкін   және міндетті.   Бұл   жағдайда   тесттік   материалмен   жұмыс   жасау   оқушылардың өзіндік практикалық жұмыс жасауы негізінде жүзеге асады және «аналогты оқыту» және «өз қатесімен жұмыс» принципімен оқытуды жүзеге асырады. Қорытындысында, тесттік материалдар  диагностика  мақсатына жету үшін қолданылатын құрал ретінде қолданыла алады. Бұл жағдайда, тестілеу қорытындысы   нәтижесінде  оқу сапасына  оң  әсер  ететін  кейбір мазмұндық, әдістемелік және ұйымдастырушылық іс­әрекеттер қабылданады. Сонымен   қатар,   тесттерді   топтау   үшін   және   автоматтандырудың компьютерлік   құралдарын   адекватты   қолдану   үшін   тесттік   материалды дегейлік классификациясы қолданылады. І   деңгейлік   тесттер  оқушылардың   біліктілігін   көмекпен   тексеруге негізделеді. Бұл тесттер анықтау (тапсырма «иә» немесе «жоқ» деген жауапты сұрайды); айырмашылық тесті (берілген жауаптардың әрқайсысының дұрысын таңдау);   классификацияға   тесттер   (екі   жауаптың   сәйкестігін   табу тапсырмасы).  ІІ деңгейлік тесттер оқушылардың біліктілігін өз бетімен еске сақтау арқылы еске түсіру және оның алдында алынған білімді алгоритмдік түрде қолдануға негізделеді. Оларға: құрастыру тесттері (тапсырмаларда бос қалған құрастырушыны   толтыру);   құрастыру   тесті   (бұл   тесттің   тапсырмалары жадыны өз бетімен еске түсіруге арналған); тесттер – типтік тапсырмалар (тапсырмаларды алынған білімнің алгоримтін қолданбай­ақ шешуге болады). ІІІ деңгейлі тесттер  оқушылардың эвристикалық типтің іс­әрекетіне дайындығын анықтайды, бұл типтік емес тапсырмалар (бұл тапсырмаларда мақсат айқын, бірақ жағдай белгілі емес, бұл жағдайда мақсатқа жете аламыз, типтік іс­әрекеттің игерілген ережелерін алдын ала трансформациялау және оларды берілгенді шешуге қолдану қажет етіледі. Жағдай алдын ала белгісіз.) IV  деңгей тесттері оқушылардың шығармашылық скерлігін анықтау үшін қолданылады  – олардың жаңа ақпаратты алу үшін іздене алу қабілеті ескеріледі. Бұл тест­мәселелер  (шешімдері белгісіз және алдын ала белгілі әдістерді қолданып шешу мүмкін емес тапсырмалар, алгоритмдер, ) Сондай­ақ, ақпараттандыру үдерісінде ереже бойынша құрастырылған тест тапсырмаларының топтары қолданыла алады. Бұл топтарға жататындар:  таным   процесінің   деңгейін   және   оқушылардың   ойлау   функциясын анықтауға арналған интеллект тесттері;  оқушылардың   іскерліктің   әртүрлі   түрлерін   игеруін   анықтауға арналған қабілеттілік тесттері;  оқушылардың   білімін,   біліктілігінің   дамуын   тексеруге   арналған меңгеру тесті;  оқушылардың   эмоционалды­ерікті   қасиеттерін   анықтауға   арналған тұлғалық тесттер. Дегенмен,   жалпы   орта   білім   беретін   мектептерде   қолданылатын әртүрлі тесттердің ішінен ең көп және көп қолданылатыны – қабілтеттілік тесттер болып табылады. Педагогикалық   өлшемдерді   автоматтандыруға   бағытталған   АҚТ құралдарын   қолдану   барысында     оқушылардың   білім   нәтижесінің өлшемдерінің және олардың шығармашылығының және жалпы білім беретін мектептердің   мемлекеттік   стандартына   сай   келуінің   екі   басты   негізгі қадамын   көрсету   керек.    қалыптасқан   қадам, оқушылардың   тапсырманы   орындау   ережесіне   сай   анықталған   мазмұнды меңгеруіне   байланысты   бір­бірімен   салыстыру.   Екіншіден,  қалыптасқан қадам,  оқушылардың курс мазмұнының білім деңгейін немесе крийтеримен салыстыруды оқыту нәтижесіне талап түрінде анықтайды.    Олардың   ең   біріншісі, Бақылау­бағалау материалдарын құруға қойылатын талаптар АҚТ   құралдарының   мазмұнының   құрамына   кіретін   тесттік тапсырмалар спецификалық талаптар жүйесіне жауап беруі керек, алдыңғы орында   мазмұнның   пәндік   тазалығы   кіреді,   анықтамалығы,   бірізділігі, қарапайымдылығы,   сенімділігі,   форма   дұрыстығы,   желілік   еркіндігі, технологиялығы және нәтижелілігі.  Мазмұндық және функционалдық валидтілікті көрсетеді. Мазмұндық валидтілік – бұл мәтіннің бақыланатын оқу материалының мазмұнына сәйкес келуі. Функционалдық валидтілік – бағаланатын біліктілік деңгейіне тесттің сәйкес келуі. Орындалуын талап ету барлығына қол жетімді тест, әрбір оқушының түсініп қана қоймауына қажет емес, сонымен қатар ол дұрыс жауаптардың қалған эталоннан ерекшеленуі орындалады. Тесттің қарапайымдануын талап ету білдіреді, тест бір тапсырма бір деңгейде болуы, ол бірнеше тапсырма бірнеше деңгейдегі тесттер емес. Бір мағыналы тесттер анықталады бір іздік баға сапасы орындалады, ол әртүрлі тәжірибелер арқылы анықталады.  Сенімділік   түсінігі   тест   жүргізгенде   игеру   деңгейі   өлшемінің дұрыстығымен анықталады. Сенімділікті талап етуді шектеу оқушының көп рет тапсырған тестінің қорытындысының тұрақтылығын қамтамасыз етумен анықталады. Компьютерлік   құрылымдық   тесттілеуді   автоматтандыру.   АКТ   мына   этаптар   жүргізілгенде базасының   құрылымымен, орындалады.   дұрысында,  Тесттік тапсырманы бөлек мектеп дисциплинасына және бөлек тақырыптар бойынша;  Тесттік тапсырмалардың құрылымын өңдеу;  Мектеп оқушыларын оқытуда диагностика қорытындысын әртүрлі деңгейде қолдану;  Анықтау   және   қолдану   критерилерін   таңдауда   тесттік   тапсырмалардың мазмұнына көңіл аударылады;  Тесттік   тапсырмаларды   бақылау   білім   оқытуда   ерекшелік   белгілерінің көрінуіне және болжам жасауда, бақылау жасауда қолданылады;  Тесттік   тапсырмаларды   орындауда   алынған   қорытынды   бағалардың шкалалардың көрінісін анықтауда;  Тесттік   тапсырмалардың   қорытындысын   оқыту   өлшемін   ақпараттық   және автоматтық зерттеулердің мүмкіндік жолдарын;  Бақылау – өлшеу АКТ құрылымы, олардың апробациясы және жөнделуі  Орташа   білім   беретін   мектептерде   бақылау   –   өлшеу     АКТ­ны   практикада қолдануы. Негізгі тапсырма күші, тесттік түрде берілуі, дәстүрлі тапсырмалар мен сұрақтар   мен   салыстырғанда,   нақты,   логикасын,   тесттік   тапсырмаға қарапайымда біржақты қарау, баға және қорытындысы Нақ  осы белгілер  тестті  керек  және  баға  мен қорытындысын   мектеп оқушыларын   оқытуда   мемлекеттік   білім   беру   стандартына   сай   келеді. Педагогикалық бақылау және өлшеуде   АКТ автоматтандырылған формасы орнатылған. Ақпараттандырылған бақылау әдісі және оқыту қорытындысын өлшеу.  Бақылау  –   өлшеу   АКТ­сын   жасауда   талапқа   сай   болуы,  заманға   сай дидактикада болуы қарастырылады. Бұны ойластыруда міндетті түрде қарау керек:  Мазмұны   мектеп   оқушыларының   көңілі   және   қызығушылығын   арнайы мотивавациялау  Қиындық деңгейі және оқу материалының қиындығына, тапсырма және есеп, бақылау және баға  Керекті процесті өткізу үшін тапсырма қиындығын төмендету  Мектеп оқушыларының білім деңгейін қорытынды бақылау арқылы анықтау  Әртүрлі   оқу   материалын   дұрыс   айыры   алу   үшін   белгілерді   немесе   арнайы символдарды қолдану, бақылау және тапсырма орындауда.  Практикадан   алынған   нақты   бақылаудан   алып   бақылау   –   өлшеу материалдарын қолдану  Оқу   материалынан   және   бақылау   –   өлшеу   материалынан   қосымша дидактикалық   әрекеттер   мектеп   оқушысының   өзіндік   танымен   (жаңа материалды түсіндірумен, мұғалімнен кеңес алумен, видеоконференциямен, рассылка тізімімен, формуламен т.б.)  Қол   жетімді   және   тілдік   стиль   жағынан   түсінікті,   оқушылардың   мақсатты жетістігі  Навигация оқытылатын материал қарапайымдылығы, сұрақтар және тапсырма компоненты бақылау және өлшем білім деңгейі  Терминология және барлығы қолдаған белгілерді сақтау  Анықтамалық   күнтізбе,   қолданылған   объект   және   қатынастардың   мазмұны анықталады  Мектеп оқушыларының қателіктерін алдын­алу мүмкіндігі, олардың өзіндік жұмыс   жасаған   кезде   оқытылған   материалдың   мазмұнын   түсіну   кезінде, бақылау – өлшеу процедураларын орындаған кезде. Педагогикалық   өлшеуде   ақпараттық   және   коммуникациялық технологияларды қолданғанда аспектілерін белгілеп, өлшем эффектісін және бақылауын жақсы жағынан көрсету. Аспектіге дайындалған мұғалімдер мен жұмыскерлер педагогикалық өлшемін қолдану. Аспектілерін санын төменде көрсету:  Мұғалімді   қиында   көз   майын   алатын   жұмыстарды   мектеп   оқушысына өткізуден босатады;  Мұғалімнің өзіндік шығармашылығына және кәсіби өсу шеберлігіне уақыты көбейеді;  Оқытудың қорытынды беруі барлық жағынан қамтамасыз етілуі;  Педагогикалық   өлшем   және   қамтамасыз   ету   стандартизациясын   жоғары объективтілігі;  Педагогикалық   өлшемнің   формализациясы   және   унификациясын   жоғары деңгейде көрсету;  Бірнеше мектеп оқушысына өлшем жүргізу бір уақытта іске асыруға болады;  Телекомуникация   технологиясында   педагогикалық   өлшем   дистанциондық организацияға мүмкіндік береді;  Бақылау – өлшеу материалдарын кіріспе база ретінде қолдану және көптеген сандағы педагогтарды өңдеуге мүмкіндік туады;  Педагогикалық   өлшемдерді   оперативті   түрде   және   көп   факторлы статистикалық өңдеуге мүмкіндік береді; Ақпараттық педагогикалық өлшем теріс эффект шақырылуы мүмкін, мұнда:  Мектеп   оқушыларының   компьютерлік   техникасында   жылдам   жұмыс   істеу, педагогикалық өлшемде қорытынды алу тікелей осыған байланысты;  Мектеп оқушысының компьютермен жұмыс істеуі бағалануы программалық қамтамасыз етілуі, бағасы келесі динамикаға дейін сақтау мүмкін емес, тек қана статистикалық қорытынды қағаз бетіне шығарып сақтауға болады;  АКТ   жағдайында   педагогикалық   өлшем   объективтілігіне   теріс   әсер   етуі мүмкін. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» ­ деп тұжырымдама   жасаған   Махатма   Ганди   айтқандай,   заманға   сай   өзгерейік, әріптестер!

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану

Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.03.2017