Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Оценка 5

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Оценка 5
Интерактивная доска
ppt
информатика
11 кл
13.03.2018
Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Модель – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс немесе процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі – ақпараттық-логикалық модель , ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты. Қолданылу аймағына қарай модель не үшін жене қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі. Оқу моделі — көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін. Тәжірибелік модель—жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер — объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады. Мысалы, үлкен теңіз кемесінің моделін алдын ала бассейнге жіберіліп, оньң тез қозғалған кездегі ауытқуын, шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б. Ғылыми-техникалық модельдер—процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш — синхротрон, найзағайдың разрядын бакқылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады. Ойын модельдеріне — әскери, экономикалык, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Сондай-ак қарсыласы немесе одақтасы тарапынан болатын іс-әрекетке қарай алдын алу шараларын анықтауға көмектеседі. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялык көмек көрсетеді. Имитациялың модель — шын мөніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім тандаудың мұндай төсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. Мысалы, жаңа дәрілердің өсері мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен тышкандарға беріп, төжірибе жасайды. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистпикалық деп екі топқа жіктеуге болады. Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі узіндісін айтуга болады. Мысалы, тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардьң сүт тісі, орта және жоғары буын оқушыларының емделген, емделуге тиісті тістерінін саны т.б. Динамикалық модель — уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мумкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені, осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар. Үй салу кезінде оның ірге тасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп түратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл — үйдің статистикалық моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторына байланысты болатьш өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан байкағанымыздай бір объектіні статистикалық және динамикалық модельдерді пайдалана отырып, зерттеу мүмкіндігі бар. Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнүсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарғаы балалар ойьшшықтарын алуға болады. Ойыншықтар көмегімен кішкене кезінен бала қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Мысалы, кішкене жұмсақ жолбарыс ойыншығымен ойнаған бала, зоопаркте оны бірден таниды. Сондай-ақ материалдық модельге биология кабинетіндегі құстар сүлбасы, тарих және география пәндеріндегі пайдаланылатын карталар, күн жүйесіндегі планеталардың схемалары, жер серігінің макеттері т.б. мысал бола алады. Мектептегі оқу құралдарымен бірге физикалық және химиялық тәжірибелер де материалдың модель болады. Бұл тәжірибелер процестерді модельдейді. Сутегі мен оттегінің арасындағы реакцияны көрсету тәжірибесі арқылы процесті бақылай аламыз. Материалдың модель объектіні, процесті, құбылысты материалдың жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз—объектінің, процестің, қубылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.Физика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық теория негіздерін қолдану
модульдер.ppt

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы  Госплемстанция ЖОББМ                              физика­информатика пәнінің мұғалімі  Актаева Р.Т

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Информатиканы педагогикалық  технологияларды қолдану негізінде оқыту Жобалау технологиясы Саралап оқыту Дамыта оқыту Модульдік оқыту Ақпараттық қ зырлығы қалыптасқан тұлға ұ

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Модульдер Танымдық Операциялық Аралас

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
“Технология – бір істегі, шеберлікпен, өнердегі әдіс жиынтығы” Педагогикалық технология – оқыту түрін, тәсілдерін, әдістерін, жолдарын арнайы анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқау жиынтығы (В.М.Шепель) Педагогикалық технология – жүйелі әдіс. Оқыту мен білімді меңгерту, пайдалану және анықтау, Адам жәнетехника ресурстарын ескере отырып өзара іс-әрекетініңформасын өзгертуді, оңтайлы етуді өзінің міндеті деп есептейді “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Дамыта оқыту – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе.

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Рейтинг – бұл оқушының белгілі бір уақыт аралығында жинаған, осы уақыт аралығында өзгермеген, белгілі бір формуламен жүрген процеске мөлшерленген балдар жиынтығы № 1 2 3 4 Модуль функциялары Мақсат қою Ақпарат көзі Дамыту Басқару Модуль блоктары Диактикалық мақсаттар Берілген оқу материалдарын меңгерудің мүмкін жолдары мен тәсілдері туралы ақпарат Оқу материалдары Тексеру және өзін -өзі тексеру

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Модульдің құрамы Ақпарат банкі Әрекеттің максатты жоспары Дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану

Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде қолдану
Танымдық, ғылым негіздерін оқытуға қолданылады Модульдер Операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін қолданылады Аралас, алғашқы екеуін қамтиды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.03.2018