Инновации в детском саду
Оценка 5

Инновации в детском саду

Оценка 5
doc
20.01.2022
Инновации в детском саду
3 Статья Инновации в детском саду.doc

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР

 

Кошанова Ардак Дамировна

 

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі     жаңа технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами  келбетінің  қалыптасуы, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.     

Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы», сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының  ең басты факторы болып отыр.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Қазіргі заман инновациялық қызметі-  балабақша балалармен жұмыс істеуде   инновациялық технологиялар ,әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі  педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.

Бүгінгі балабақшаға қандай педагог қажет?!- бала жанын түсінетін, баланы ерекше сүйе білетін, өз баласындай жақсы көре алатын маман болуы;

- жаңа бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдарды жаңа инновациялық  технологияларға негіздей отырып жүргізе білетін маман болуы;

- ол педагогикалық үдерісті шығармашылықпен ұйымдастыра алатын және еркін ойлай алатын болуы;

- тәрбиенің іргетасы болатын балабақшаға жаңа көзқараспен келу,  балабақша меңгерушісінен бастап, тәрбиеші, күтушілеріне дейін дипломы

болса да – кездейсоқ мамандарды, балажан еместерді, обал мен сауапты айыра

алмайтындарды, күнделікті ізденіп, жаңармайтындардың бала жанында

болмауы;

- тәрбиешінің өзі ұлттық педагогиканы, ұлттық психология мен этиканы терең меңгерген, баланың ішкі жан дүниесін түсінетін болуы тиіс;

- соңғы үлгідегі жаңа техникалық құралдарды компьютер, интерактивті тақталарды еркін пайладана білуі (, айпад, айфон т.б);

- тәрбиеші педагогтардың мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің сапасын арттыруды қамтамасыз ете алуы  және мектепке дейінгі ұйымдардағы әр баланың дамуы мен эмоционалдық көңіл күйінің жақсы болуына педагогкалық ұжымның жауапкершілігін арттыруға өз үлесін қоса білуі;

- мектепке дейінгі білім берудегі стратегиялық бағыттардың бірі инновациялық технологияларды пайдалана алуы міндетті.

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылатын технологияларды келесідей бөліп көрсетуге болады:

Дамыта оқыту технологиялары;

Мәселелелік оқыту технологиялары;

Ойын технологиялары;

Альтернативтік технологиялар.

Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатын жеке-дара субъект ретіндегі рөл беріледі. Бұл қарым-қатынасқа әрекет етудің барлық кезеңдері енеді: мақсат қою, жоспарлау және ұйымдастыру, мақсаттарды іске асыру, әрекет нәтижелерін анализдеу. Дамыта оқыту тұлғаның қасиеттері жиынтығының тұтастығын дамытуға бағытталған. Бұл технология тәрбиешіге өзбетінділікті дамытуға, психикалық жаңа құрылымдардың ішкі үрдістерін қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді.

Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету, шығармашылық қиялдың әдіс-айлаларымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға үйрету. Концептуалды жағдайлары: білім – шығармашылық көкейкөзділіктің негізі, құралы; шығармашылық қасиеттер баршаға тән; кез-келген әрекетке үйренуге болатындай, шығармашылыққа да баршаға үйренуге болады.

Мәселелік оқыту мотивацияның ерекше түрі – мәселе қоюды қалыптастырумен негізделген. Сондықтан дидактикалық материалдың мазмұнын дұрыс құрастыруды талап етеді. Ол өз кезегінде мәселелік ситуациялардың тізбегі ретінде берілуі керек.

Қазіргі кезде мәселелік ситуациялардың екі түрін ажыратады: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі балалар әрекетіне тиесілі, екіншісі — оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады.

Ойын технологиялары. Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің (кругозор) кеңеюі, танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы. Тәрбиелеушілік: өзбетінділікке, еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын, ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді, аналогияны таьуды, қиялды, шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту. Қоғамдандыратын: қоғам құндылықтары мен нормаларына үйрету, қоршаған орта жағдайларына бейімдеу, қарым-қатынасқа үйрету. Концептуалдық жағдайлары: ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, бала ойындарының мазмұны ойындардан дамиды, мектепке дейінгі жастың негізгі әрекеті – ойын.

Денсаулықты сақтау технологиясы – бұл бала мен педагог, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу-шынықтырудың, коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі. Денсаулықты сақтау технологиясының мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Инновациялық технологиялардың бірі – «Тәй-тәй» технологиясы. Ол дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына            бағытталған. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға бағытталады. Мемлекетті демократияландыру бағытында берілген технология тиімді технологиялардың бірі болып табылады.

Белсенділік орталықтарындағы тәрбиешінің рөлі.  Материалдар мен құралдар арнайы ұйымдастырылған жерлерде қойылады. Олар балалардың оқу мен ойнауға қызығушылығын оятады. Группада келесі орталықтар орналастырылады: сюжетті-рөлдік, құрылыс, әдебиет, өнер, манипуляциялық (әрекет ету), құм мен су, ғылым. Орталықтарда балалар қолдана алатын көптеген материалдар орналасады. Баланың танымдылық әрекетін оятатындай материалдар тәрбиешімен өте ұқыпты таңдалуы керек. Бірнеше бала қолдана алатындай материал болуы шарт және де олар үнемі ауыстырылып отырырылуы қажет. Орталық жұмысын ұйымдастыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады.

Сюжетті-рөлдік орталықтағы тәрбиешінің әрекеті. Бұл орталықта тәрбиеші негізгі рөл ойнайды. Ол балалардың қиялын оятады. Орталыққа келесідей орталықтар енгізілуі мүмкін: үй жануарларын бағу, моделдеу. Ойын кезінде тәрбиеші балаларды бағыттауы керек, бірақ ойынға өзі араласпауы шарт.

Әр орталықта тәрбиеші балаларға өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, әрекетіне араласпайды, тек бағыт беріп, бақылау күнделіктерінде жазба жасайды, бала дамуының деңгейін айқыпдап, оның алға қарай жылжуын қадағалайды.

Педагогикалық технологияларды зерттей келе келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Баланың жеке-даралығын түсіну, қабылдау, қызығушылықтарын ескеру, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылардың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің басты міндеттері.

Осылайша, жаңа технологиялларды қодану — тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды  тұлғаны өсіруге жетелейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

·                     Байшүкірова  А.  Баланың  дүниеге  ретінің  интеллектіге  әсері.

·                     Қазақстан  мектебі,  2004,  №10.

·                     Бабенко А. Помочь ребёнку [адаптироваться в детском саду] Дошкольное

воспитание.  - 1990. - №11. - с. 32-34

 


Скачано с www.znanio.ru

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

Дамыта оқыту технологиялары;

Дамыта оқыту технологиялары;

Концептуалдық жағдайлары: ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, бала ойындарының мазмұны ойындардан дамиды, мектепке дейінгі жастың негізгі әрекеті – ойын

Концептуалдық жағдайлары: ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, бала ойындарының мазмұны ойындардан дамиды, мектепке дейінгі жастың негізгі әрекеті – ойын

Осылайша, жаңа технологиялларды қодану — тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең,…

Осылайша, жаңа технологиялларды қодану — тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең,…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022