№3-тақырып: интеллектуалды бұзылулары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Мақсаты: студенттердің зияткерлік бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
Орындаған: Талғатова Айсұлу
ХПқ-311
Тексерген: Махметова Дарина Талғатовна
Тақырыптар / талқылауға арналған сұрақтар:
1. Ақыл-есі кем балаларға әлеуметтік жеңілдіктер алудың нормативтік-құқықтық базасы.
2. Интеллектісі бұзылған балалармен жұмысты ұйымдастыру кезіндегі мамандандырылған ұйымдағы жергілікті актілер.
3. Ақыл-есі кем баланың психологиясының қалыптасуы мен дамуындағы Л.С. Выготскийдің рөлі.
4. Ақыл-ой кемістігінің дәрежесі. Ақыл-ой дамуы тежелген танымдық дамудың ерекшеліктері.
Ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы:
1. Ақыл-есі кем тұлғалар максималды деңгейде басқа да адамдар секілді сондай құқықтарды жүзеге асыруға құқылы; 2. Ақыл-есі кем тұлға тиісті түрде медициналық қызметке және ем алуға құқылы, сондай-ақ өз қабілеттері мен бар мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік беретіндей білім алуға, оқуға, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге және қамқорлыққа құқылы. 3. Ақыл-есі кем тұлға материалдық қамтамасыздандырылуға және қанағаттанарлықтай өмір сүру деңгейіне құқылы. Мүмкіндігі толықтай жеткенше өнімді еңбек етуге немесе қандай да бір басқа да пайдалы іспен шұғылдануға құқылы.
5. Ақыл-есі кем тұлғаның оның жеке басының әл-ауқатын және мүдделерін қорғау үшін қажет болған жағдайларда білікті қамқоршының қызметтерін пайдалануға құқығы бар. 6. Ақыл-есі кем тұлға эксплуатациядан, асыра пайдаланудан және ар-намысына тиетін іс-әрекеттен қорғануға құқылы. Қандай да бір белгілі теріс іс-әрекет ету салдарынан соттық қудалауға ұшыраған жағдайда ақыл-есінің даму деңгейін толықтай ескерілуімен заңдылықты тиісті түрде жүзеге асыруға құқығы бар.
7. Мүгедектілік сипаты ауыр болу салдарынан ақыл-есі кем тұлға өзінің барлық құқықтарын тиісті түрде жүзеге асыра алмаса немесе осындай құқықтардың кейбірін немесе барлығын шектеу немесе жоққа шығару қажеттілігі туындаған жағдайда, онда мұндай шектеулер немесе жоққа шығару рәсімдері мақсатында қолданылатын іс-шаралар кез-келген асыра пайдаланулардан қорғау үшін тиісті түрдегі құқықтық кепілдіктерді де қарастыруы қажет. Мұндай іс-шаралар білікті мамандардың ақыл-есі кем тұлғаның қоғамға пайдалы барлық мүмкіндіктерін бағалауына негізделіп, жоғарғы инстанцияларға белгілі бір мерзім аралығында қайта қарауға өтініш беру және апелляция беру құқығы да қарастырылуы тиіс.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсілдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру процесінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін үйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдері меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Сонымен, Л. С. Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайынша тұжырымдады: «...баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі — әлеуметтік, кейін — психологиялық, алдымен интер-психикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. «Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы етуі қажет».
Бала тілінің дамуында маңызды роль атқаратын, Л. С. Выготскийдің сөзімен айтқанда, мінез-құлықтың барлық жоғары формаларының негізі бөлігі саналатын көрсеткіш ымының тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым — іс-әре-кет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады.Ым — белгіге, қармау-көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кеііін ғана бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарап бастай-ды.
Басқаларға деген ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сейтіп, өзінің ымын ұғынуға бала ең соңынан жете-ді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал соңы-нан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады. Дәл осы заңдылықты Л. С. Выготский бала тілінің қалыптасуы үстінде де байқаған. Сөз затқа деген қарым-қатынасты білдіреді (бірінші саты). Сөз бен заттың арасындағы бұл объективтік байланысты үлкендер баламен қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады (екінші саты). Сөз баланың өзі үшін де ұғынықты болады (үшінші саты). Міне, сонда барып, бастапқыда басқаларға әсер ету құралы болған сөз енді өз мінез-құлқын басқару құралына айналады.
Сонымен, барлық жоғары пснхикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л. С. Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықты генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған дәстүрлі психологияға қарама-қарсы Л, С, Выготский жоғары психикалық функциялар алдымен адам арасындағы қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті.
Мәселен, сырттай қарағанда ой-пікірлер, дәлелдемелер, айғақтар, генетикалық түрде ой-толғаныстарының қақтығысынан туындайтын таластан бұрынырақ болатын сияқты көрінсе, Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның "басқа адамдарға жасаган қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
Мімез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілер баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностикалық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін керсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да бөгеліске түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталды.
Л.С.Выготскийдің аномальды даму психологиясының дамуындағы рөлі
Выготскийдің арнайы психология және арнайы педагогикасаласындағы жұмысының ресми бастамасы 1924 жылы РСФСРНаркомпросы әлеуметтік тәрбие Бас басқармасының кәмелеткетолмағандардың әлеуметтік-құқықтық қорғау бөлімінде денекемістігі бар және ақыл-ой кемістігі бар балаларды тәрбиелеубөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалғандалуы. Бірақ оныңосы салаға деген қызығушылығы ерте қалыптасты. Выготскийпсихологиялық ғылымның ерекше тұтас саласы ретінде арнайыпсихологияны құрушылардың бірі болып табылады. Выготскийосындай мәселелерді шешуге баға жетпес үлес қосты:арнайы психология негіздерін қалыптастыру,әртүрлі ақаулар кезінде психикалық дамудың жалпызаңдылықтарын бөлу,даму кемшіліктерінің диагностикасы.
Л.С.Выготский психиканың аномальды дамуының жалпызаңдылықтарын айқындайды. Г.Я.Трошиннің дене және ақыл-ойкемістігі бар балалардың дамуында кемістігі жоқ балалардың дамуына бағынатын негізгі заңдылықтар қадағаланатыны туралы айтылған ережені дамыта отырып, Выготский кез келген кемшіліктің адамдармен қарымқатынасқа әсер ететінін көрсетеді. Қоршаған ортамен және адамдармен өзара іс-қимылдың бұзылуы аномальды дамудың аса маңызды жалпы заңдылықтары ретінде бөлінеді. Выготский 1960ж. психикалық дамудың бастапқы(первичные) және екінші кемшіліктері(вторичные) туралы ұғымдарды тұжырымдады. Органикалық зақымдану, мысалы, ұлудың зақымдануы есту перцепциясының (кереңде) құлдырауын немесе оның жеткіліксіздігін (құлақ мүкістігі кезінде) тудырады, бұл бастапқы ақау (кемшілік) ретінде әрекет етеді. Психикалық іс-әрекет дамуының екінші ақауы сөйлеудің қалыптасуының бұзылуы болып табылады.
Ауызша сөйлеудің болмауы баланың ойлау қабілетін дамытуға әсер етеді, бұл үшінші тәртіптегі кемшіліктер ретінде әрекет етеді; олардың салдары психикалық дамудың басқа да кемшіліктері болып табылады. Көру мүшелерінің зақымдануы кезінде немесе ОЖЖ органикалық зақымдануы кезінде (ақыл-ой кемістігі немесе балалардың церебральды сал ауруы сияқты) психикалық дамуының алғашқы, екінші және т.б. кемшіліктері көрсетілуі мүмкін.
Ресейлік ғылымда интеллектуалдық жетіспеушіліктің түрлі көріністерін зерттеу кейінгі кезде ХХ ғ бас кезінде басталып ХХ ғ жиырмасыншы жж Л.С. Выготскийдің күшімен негізделген дефектологияның зерттеу пәніне арналды. Жалпыға ортақ мектептерде білімді игеруде артта қалатын балалар бар екендігіне түңғыш рет ғұламалардың назарын аударған К.Д. Ушинский болды. Педагогтар мен психологтар осы артта қалушылықтың талдауына көп көңіл бөлген. Жиі жағдайда білімді игерудегі артта қалушылықты ақыл ой жетіспеушілігімен түсіндіретін және осы жағдайға байланысты Ресейде көмекші мектептер ашыла басталды. ХІХ ғ ортасында дәрігерлер ақыл ойы тежеу балаларды психиатриялық емхананың басқа пациенттерінен бөле бастады. Оларды тәрбиелеу және оқыту барысында олардың психикалық іс әрекетінің ерекшеліктері жөнінде білімдер мен мағлұматтар жинақталды.
1915-1916 жж Ресейде Г.Я. Трошиннің «Тәрбиелеудің антропологиялық негіздері. Дамуы қалыпты және психикалық дамуы тежеу балалардың салыстырмалы психологиясы» атты тұңғыш фундаменталды еңбегі шықты. Автор бұл еңбекте шетелдердің және ресейлік зерттеушілерден алынған материалдарды қорытындылады. Олардың негізінде ақыл ойының дамуы тежеу балалардың танымдық процесстері мен жеке тұлғалық ерекшелігі жөнінде бірқатар қызық тұжырымдамалар білдіртті. Соның ішінде психикалық дамуы тежелген балалардың дамуы, дамуы дұрыс және дамуы бұрыс балаларды дамытудың заңдылықтарының ортақтығы жөнінде сияқты тұжырымдамалар.
1929 ж Мәскеуде балалар үйлердің және арнайы мектептердің ғылыми тәжірибелік институты ашылды, мұнда көптеген жас ғалымдар күштері жұмылдырылды. Олардың арасында Л.С. Выготский Ресейде жалпы және арнайы психологиясының дамуына зор үлесін қосты. Ол маңызды теориялық ережелерді құрастырды, сол сияқты:
Адамзат психикасының құрылысы жүйе түрде, оның бір буынының бұзылуы барлық жүйенің қызмет етуін өзгертеді;
Баланың дамуының актуалды және жақын арадағы зоналары жөнінде;
Дамуы дұрыс және аномалиялық балалардың дамуын шарттайтын факторлардың ұқсастығы жөнінде;
Аномалиялық баланың дамуындағы алғашқы және екінші қатарлы ауытқуы жөнінде,
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалармен коррекциялық педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары жөнінде;
Баланың жоғары психикалық қызметтерінің дамуының факторы ретінде ұжым жөнінде;
Ақыл ой жетіспеушілігі кезінде интеллект және аффекттің ара қатынасының өзгеруі жөнінде;
Психикалық дамуы кешеуілдеген балаға ертеден коррекциялық педагогикалық ықпал етудің маңызы жөнінде.
Тежелудің бірінші түрінің пайда болу себебі жүктілік кезеңінде орталық жүйке жүйесіне зиянды әсерлердің болуында жатыр. Ал психикалық даму тежелуінің екінші түрі бала өмірінің бастапқы сатыларында әсер ететін түрлі патогенді факторларға байланысты. К.С.Лебединская келесідей классификацияны ұсынды. Бұл классификацияның негізінде этиопатогенді принцип жатыр. Осыған орай мына типтерді бөліп көрсетуге болады: - Психикалық дамудың самотогендік тежелуі; - Психикалық дамудың конституцуялық тежелуі; - Психикалық дамудың церебралды-органикалық тежелуі; - Психикалық дамудың психогенді тежелуі;
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.