"Итмұрынның пайдасы"
Оценка 4.6

"Итмұрынның пайдасы"

Оценка 4.6
Научно-исследовательская работа
doc
естествознание +1
4 кл
06.11.2019
"Итмұрынның пайдасы"
Итмұрынның пайдасы және емдік қасиеті туралы оқушының ғылыми жобасы. Итмұрынның қайда өсетіні, бұта текті өсімдік екені туралы итмұрынның емдік қасиеті жайлы және қалай қолдану керектігі жайлы жазылған деректер мен оқушының ізденісі барысында дәрігерлер ен кездесіп алған ақпараттар мен мәліметтер ата анасымен бірге жасаған жобасы.
итмұрын 3.doc
МАЗМҰНЫ І. Кіріспе ............................................................................................................3 ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Итмұрын тұқымдасына сипаттама .......................................................5   2. 2. Итмұрынның пайдасы, емдік қасиеттері ............................................8 ІІІ. Қорытынды ................................................................................................19 Пайдаланылған әдебиеттер ...........................................................................22 Кіріспе ­­­­­­­­­­­­­  Қортынды Жабайы раушан дейді екен, Итмұрынды ел кейде. Піседі екен жемісі, Қараша айы келгенде. Онда аскорбин қышқылы Сенесің бе Көп десе. Елу есе – Лимоннан, Қарақаттан он есе. Ақын атамыз жырлағандай, өсімдік те табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет  дәрі ­ дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік,  ол ­ өмір, ол ­ жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Итмұрын –  раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық  өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі.  Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп,шай,ұнтақ,т.б. түрінде  қолданылады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын  дәрілік өсімдіктердің бөлек іріктелуі туралы  зерттеу.Дәріні көбінесе жабайы  өсімдіктерден алымыз.Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар екенің  зерттеу туралы және оны пайдалану жолдары туралы зерттеу.Оларды дәрілік  өсімдіктер  деп айту.Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы  өсімдіктерден алады.Оның ішінде итмұрын өсімдігінің дәрілік қасиетінің  кездесуі  туралы. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және  Оңтүстік­шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде,  ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды  жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2  метрге дейін сүр­қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ  тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың  жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2­3­тен  жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да  жұмсақ түк басқан. Зерттеу мақсаты: Итмұрын өсімдігіне терең зерттеу жасай отырып, оның  адам ағзасына пайдасы мен емдік қасиеттерін анықтау. Міндеттері: ­ Итмұрын тұқымдасына сипаттама жасау;  ­ Итмұрынның пайдасы мен емдік қасиеттерін айқындау. ІІ. Негізгі бөлім 1.Итмұрын тұқымдастар сипаттамасы  Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі  болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың  көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар  бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени  раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.Итмұрын жер шарының  қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500­ ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы­тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су  жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде  өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп  атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен  қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4­6 см, хош  иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында  гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген  жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт­сары болады. Қазақстанда кездесетін 25  түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар  Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік­шығыс бөлігінде тауда, жазықта,  қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде  бұталар арасында өседі.  Итмұрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан  дайындалған дәрі­дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр  ауруларын емдеуге қолданылады.Ол адамға шипалы. Оны жинап, кептіреді.  Қайнатып, тұнбасын пайдаланады. Одан емдік майлар да жасалады. Итмұрынның көбею. Итмұрынның гүл тұғыры «бокал» тәрiздi ойыс болады.  «Бокалдың» шетiнде тостағанша, күлте жапырақшалары және аталықтары  орналасады. Ал «бокалдың» iшiнде аналықтары орналасады. Тек аналықтың  мойны мен ауызы жоғары көтерiлiп көрiнiп тұрады. Гүлдерiнiң ашық түсi және аталықтарының тозаңдықтарында пiсiп жетiлген тозаңдары өздерiне  бунақденелiлердi елiктiредi. Бунақденелiлер гүлдiң тозаңдарымен қоректенiп, аналықты тозаңдандырады. Күзде итмұрындардың гүлдерiнен сарғыш немесе қызғылт түстi етжендi  «жемiстерi» пiсiп жетiледi. Жемiстерi ұлғайған гүлтабанынан дамиды.  Итмұрынның нағыз жемiстерi ұлғайған гүлтабанның iшiндегi ұсақ жаңғақшалар. Олар «бокал» тәрiздi гүл тұғырының iшiндегi аналықтың  жатынынан түзiледi. Гүл тұғырының iшкi жағында жабысқақ түктер болады.  Шырынды гүлтұғырының құрамында көптеген витаминдер болады. Итмұрынның жапырақтары таққауырсынды күрделi. Бiрсабақта 5­7  жапырақшаорналасады. Итмұрындарды сәндiк үшiн бақтарда өсiредi. Көптеген сәндi сорттары  шығарылды. Оларға шайлы, полиатты, майлы раушандар тағы басқалар  жатады. Майлы раушан сортының күлтелерiнен жұпар иiстi раушан майы  алынады. Раушангүлдердiң табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.  Раушангүлдiлердiң көбiсi өте маңызды жемiс ағаштары. Халық  шаруашылығында ең маңыздысы алма, алмұрт, шабдалы, миндаль, шие тағы  басқалар. Итмұрынды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қолданады. Раушангүл  (итмұрын) сәндік гүлдер өсірушаруа­шылығыңда бұрыннан белгілі және  танымал обьект болып саналады. Итмұрын өсімдігі және оның пайдасы жайлы мағлұмат беру. Дәрілік өсімдіктер, шипалы өсімдіктер медицинада емдеу және аурудың  алдын алу мақсатында қолданатын өсімдіктер. Дәріні көбінесе жабайы  өсімдіктерден алады. Оның біріне итмұрын өсімдігін жатқызуға болады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.  Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік  өсімдіктердің бөлек іріктелуі туралы зерттеу. Дәріні көбінесе жабайы  өсімдіктерден алымыз. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар екенің  зерттеу туралы және оны пайдалану жолдары туралы зерттеу. Оларды дәрілік  өсімдіктер деп айту. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы  өсімдіктерден алады. Оның ішінде итмұрын өсімдігінің дәрілік қасиетінің  кездесуі туралы. 2. 3 Итмұрынның пайдасы, емдік қасиеттері Халқымыздың ежелден дәрі ретінде қолданып келе жатқан өсімдіктердің бірі  – итмұрын. Ол республикамыздың барлық өңірінде, әсіресе таулы аймақтарда  көп кездеседі. Итмұрынның 60­тан астам түрі болса, соның 13 түрі дәрі жасау  кәсіпорындарында қолданылады. Бізде кең тараған төрт түрі бар. Қоңыр  қаралтқым, сопақша қызғылт, тікенді, қара домалақ болып келеді. Осылардың барлығын дәріге қолдануға болады. Бұлар сапасы, дәрілік қуаты жағынан  өзара ерекшеліктерге ие. Мәселен, қоңырлары мен қарасы басқа екеуіне  қарағанда дәрумендер жағынан 4­5 есеге дейін артық болады. Қызылы мен  тікенділерінде 300 бірліктен сәл жоғары болса, қалған екеуінде 1200­1500  бірлік дәрумендер бар.Сондықтан да дәріханалар итмұрын тұнбаларын жасап,  түрлі тері сырқаттарына майлар әзірлейді. Итмұрынды күзде піскен кезде  жинап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіреді. Таза ыдыста ұзақ мерзім  сақтауға болады. Ал қысқа қалып, аяз ұрса, С дәруменінен айрылып қалады.  Оның құрамында қант 18, С дәрумені 6 пайызға дейін бол¬са, бұл 40­50 есе  қарақаттан, 100 есе лимоннан артық деген сөз. Адам осының 5­8 данасын ғана  күнделікті аспен бойына сіңірсе қажетті дәруменді толық алды деп  есептеледі. В2, Р, К, Е, каротин 12­18 мг, пайыз, органикалық қышқылдар, алма және  лимон заттары, эфир майлары, минералды тұз, темір, марганец, фосфор,  кальций, молибден, кобальт, хром, мыс, тағы басқа заттар көптеп кездеседі. Итмұрынның дәні ғана емес, жапырақтары мен гүлін де жинайды. Гүлінде  эфир майлары көп болса, жапырақтарында С дәрумені баршылық. Күзде  тамырын да жинайды. Тамырын турап, бір ас қасығын жарты литр суға 10  минут ақырын қайнатып ішсе, бойдағы зат алмасуды реттейді. Жұмыс  қабілетін арттырады, қан құрамын жақсартады, түрлі жаралардың жылдам  жазылуына ықпал жасайды. Сонымен қатар, өтті айдайтын, зәрді жүргізетін,  сұйық болып өтетін ішті тоқтататын, туберкулездің алдын алатын, тәбетті  ашатын дәрі десе де болады. Адам күн сайын 2 г ұнтақталған итмұрынды жеп отырса, сергектік сыйлап,  жыныс қабілетін көтереді. Ұнтақталған дәнді 5 минут ақырын қайнатып,  термоста 30­40 минут ұстап, шектеусіз іше берген жағдайда еске сақтау қабілетін жақсартып, ағзалардың жасаруына септігін тигізеді. Осы орайда  ескеретін бір жайт, аталған тұнбаны тістің арасынан өткізіп ішуге болмайды.  Өйткені тістің эмалын кетіретін қышқылдар бар. Адамның жұмыс қабілеті төмендеп, жылдам шаршайтын болса, қан құрамы  өзгеріп, өкпеде туберкулез белгілері байқалса, бауыр, өт, қуық жұмыс ырғағы  бұзылып, көңіл­күйді бұзатын болса, төмендегідей әдістерді қолданған жөн.  Бір ас қасық ұнтақталған итмұрын дәнін 400 г қайнап тұрған суға салып, су  моншасында 15 минут қайнатады, бір тәулік бұқтырады. Осыдан әр жолы  жарты стақаннан күніне 2­3 рет ішеді. Балаларға осыған бал қосып береді. Итмұрын тамырынан ұнтақталған бір ас қасықты 500 г суға 15­20 минут  ақырын қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде астан бұрын 150 грамнан ішеді.  Күніне үш рет. Жатырда өспе (миома) болған жағдайда ұнтақталған дәнінен 1  шай қасық, 1 ас қасық аюбадам, бір шай қасық бал, талшын ағашының  жемісінен бір шай қасық, жұмыртқа қабығынан жарты шай қасық қосып, бәрін  араластырып, күнделікті астан соң жеміс шырынымен ішеді. Қан аздыққа 2 ас қасық ұнтақталған дәннен 500 г суға 10 минут ақырын  қайнатып, бұқтырып, астан бұрын 150 грамнан қабылдайды. Күніне үш рет. Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4 ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30  минут ақырын қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан  салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең­кеш астан бұрын  стақанмен ішеді. 15­20 күн бір емделу барысы. Көз былшықтанып, басқа да жеңіл­желпі ауруы болғанда итмұрын гүлінен бір  шай қасықты 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, тұндырып қойып,  салқындай көзді жуады. Бетті осы сумен жуса терінің өңін келтіреді. Итмұрын құрамындағы Р және С дәрумендері қыл тамырлардың сыну және  жарылу мүмкіндіктерін азайтады, керілу және созылу мүмкіндіктерін  арттырады.  Түрлерінің жалпы саны 800­дей, олар негізінен солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты белдеулеріңде кең таралған. Негізгі өмірлік формалары: мөңгі жасыл жөне жазда ғана жасыл болатын  ағаштар, лианалар, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан  тостағанша тәріздіге дейін болады, құрғақ немесе етженді, тостағанша  жапырақшаларының тұп жағымен бірігіп кетеді. Кейбір туыстарының  тостағаншасының астында тостағанша асты жапырақшалары болады. Гинецейі  апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Көптеген өкілдерінің гүлдерінің  формуласы мынадай болады: Жемістері негізінен құрама: дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың  жиынтығынан, құрама таптамалардың жиынтығынан және сүйекті  жидектердің жиынтығынан түрады. Раушангүл, немесе итмұрын туысы. Полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі.  Жабайы өсетін түрлерінің 5­мүшелі түксіз қосарланған, сиректеу жартылай  түкті гүл серігі болады. Солтүстік ендікте кең таралған. Жартылай ормандыдалалық шөлейтте және шөлейт жерлерде, әдетте жарық  ормандарда, орманның шетіңдегі ашық жерлерде, өзендердің  жайылмаларында, жыралы сайларда өседі. Таулы аудандарда (Орта Азия)  көптеген жерлерді алып жатады. Түрлерінің саны аралық формаларының  орасан көп болуына байланысты, өлі күнге дейін толық анықталмаған. Бір  деректер бойынша туыста 120—150 түр, ал екінші деректер бойынша 300— 350 түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда 150­дей түрі  бар, оның 60­ы эндемдер, яғни тек бүрынғы одақтас республикалардың  территориясында ғана кездеседі. Ал Қазақстанда 24 түрі бар. Олардың ішіңде  мәңгі жасыл және жапырағы жылма­жыл түсіп отыратын формалары да  бар. Кейбір түрлерінің гипантиінде көп мөлшерде витамин С витамин В2,Р,К  және провитамин А мен комплексте болады. Бұл жағынан ең құндысы ақгүлді  (беггера итмүрыны) және қызылгүлді түрлері (қоңыр итмұрын —  К.сіппатотеа, қатпарлы итмұрын). Қызғыл гүлді түрлерінің  гипантиясында витамин С біршама аз, ал сары гүлді түрлерінің гипантиі де  (тікенекті итмұрын, сасық итмұрын олар өте аз, бірақта таниндер мен  танидтер көп. Итмұрынды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қодданады. Раушангүл  (итмұрын) сәндік гүлдер өсіру шаруа­шылығыңца бұрыннан белгілі жөне  танымал обьект болып саналады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша бұлардың  12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстаңца да сорты Итмұрыннан витаминді сусын жасау әдісі. Кептірілген жемісті жақсылап  жуып, аздап ұсатады. Сонда С витамині суда жақсы ериді. Сонан кейін  жемістерді эмальды кастрюльге салып, үстіне қайнаған ыссы су (1 қасық  ұсатылған жеміске 1 стакан су) құяды да, қақпағын жауып, 8­10 минут  қайнатады. Сонан кейін басқа ыдысқа құйып алып, қараңғы жерге қояды.  Суыған соң 2 қабат дәке арқылы сүзіп жемісті қысып барлық сұйықтықты  шығарады. Алынған сұйықтықтың дәмін жақсарту үшін аздап қант қосады.  Бұл ішуге сүйкімді сусынды жасалған күні ішу керек. Егер сусын ұзақ  сақталса С витамині ыдырап кетеді. Бұл сусынды дені сау ересек адам бір  тәулікте 1­2 стакан, бала 1 стакан ішкені жөн. Итмұрын жемісінен компот жасау. Піскен жемістердің түгін, тұқымын алып тастайды. Суық суға жуады да үстіне қайнап тұрған сиропты құйып 5­6 минут қайнатады. Сонан кейін оны бір тәулік қозғамай қояды. Жемісті кепсермен  сироптан сүзіп алады да, банкаға салады. Сиропты 2­3 минут қайнатып,  банкадағы жеміс үстіне құяды. Банканың аузын кақпақпен бастырып, 0,5 л  банканы 20 минут, литрлікті 25 минут пастеризациялайды. Итмұрын жемісін кептіру. Жемістерді жинап алысымен 70­80°  температурада кептіреді. Тез кептіргенде С витамині жақсы сақталады.  Кепкен итмұрын жемісінің үстіне қайнап жатқан су құйып, шай етіп ішеді.  Кепкен жеміс ұзақ сақталған сайын С витамині азая береді. Итмұрын – бағалы дәрумендерге өте бай жеміс. Одан дайындалған дәрі­ дәрмек медицинада асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданады. Ал  гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады. С дәруменіне бай жемісті емдік дәрі ретінде әрі дәрумен түрінде көптеген жүзжылдықтардан бері кәдеге  жаратып келеді. Пікір Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта  түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген  ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт­бағдар  береді. Зайсан қаласы М Әуезов орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы Аралбекова  Нұрай осы жұмысты 1 ші сыныпта қорғаған еді. Алайда себептіжағдаймен  екінші үшінші сыныптарда бұл жобаға дайындалып жүрді.  Итмұрынның жалпы сипаттамасы, емдік қасиеттері, қандай жерлерде өсетіні,  биологиялық және химиялық құрамына өте көп көңіл бөліп ,ізденіп жұмыс  жасады. Мектептегі химия пәнәнің мұғалімімен, биология пәнәнің  мұғалімдерімен ,дәріхана қызметкерлерімен кездесіп итмұрынды өз  деңгейінде зерттеп жұмыс жазды. Ғылыми жобаға жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған. Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі альбом  суреттері, жасалынған тұсаукесері (презентация), заттай итмұрыннан  жасалған дәрі –дәрмектері, қайнатпасы, итмұрыннан дайындалған тұнбасы  ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды. Пікір жазған ғылыми жетекшісі: Халидуллина С И.

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"

"Итмұрынның пайдасы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.11.2019