Казах халкынын ертедеги дуниетанымы жане казирги химия ғылымы тусиниктери
Оценка 4.9
Мероприятия
docx
химия
Взрослым
29.03.2017
«Ғасырлар мақсаты- қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру.»
Мектепте химияны тереңдетіп өтудегі негізгі мақсаттың бірі елімізге болашақ мамандар даярлау,химия өнеркәсібі үшін технологтер,инженер-химик,химик-жұмысшы,химик-конструкторларды мектептен баулу керек.
Айгул Ж.docx
Қазақ халқының ертедегі дүниетанымы және қазіргі химия
ғылымы түсініктері.
«Ғасырлар мақсаты қоғамның нарықтық қарымқатынасқа көшу
кезінде саясиэкономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға
алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер өмірге икемделген, жан
жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру.»
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев
Мектепте химияны тереңдетіп өтудегі негізгі мақсаттың бірі елімізге
болашақ мамандар даярлау,химия өнеркәсібі үшін технологтер,инженер
химик,химикжұмысшы,химикконструкторларды мектептен баулу керек.
Егер оқушылардын сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі
түрде дамытып,олардың білім алуға шеберлігін және дағдысын дамытуға
жағдай жасалса,әр оқушының өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне сай
жұмыс жүргізілсе,онда жалпы қабілеттілікті де,арнаулы қабілеттілікті де
жоғары денгейде дамытуға болады.
Химияэксперименттік ғылым.Қазіргі бағдарлама бойынша химиялық
эксперимент әр түрлі формада қолданылады:демонстрациялық және
зертханалық түрде.Химиялық экспериментті өткізу мәселесі көптеген
жағдайларға,оның оқу үрдісіндегі орнына,өткізу ұзақтығы мен қауіпсіздігіне
байланысты.Теориялық білім алу барысында зертханалық жұмыстар түрінде
өткізілетін химиялық экспериментке сүйенеді,яғни теориялық білімнін
берік,терең болуын, алған білімді өмірмен байланыстыруды қамтамасыз етеді.
Ертедегі атабабаларымызда зат туралы түсінік пен олардың сипаттамасы
жайлы мәлімет қалыптасты. Яғни құрамына, қасиетіне, күйіне көңіл аударды.
Атап айтсақ, тұзды қатты күйіндегі дәмін татсаңда ащы және суға ерітсең де
дәмі ащы екенін білді. Атабабаларымыз қазіргі заманғы химия ғылымының
терминдерін қолданбағаны болмаса, табиғаттағы «заттар,құбылыстар,
химиялық үрдістер» туралы түсінігі болған. Мысалы, сүт ашып қышқыл
айранға айналада, ағаш жанып күлге айналса, жарық пен жылу бөлінеді осы
құбылыстардың барлығын атабабаларымыз ерте кезденақ сезген. Мәселен
ертеректе отты ерекше қадірлеген,оның әрі жарық, әрі жылу бөлінетінін
ескеріп отты қорлауға болмайды деп әр түрлі тиымдар салады. Егер отты
үрлесе оның жақсы жанатынын білген, ауадағы оттектің мол келуіне мүмкіндік жасап заттың жақсы жануына жайдай тудырған. Осыдан келіп
ертедегі қазақ ұсталары отты кеңінен пайдаланған.Сонымен қатар ата
бабаларымыз су туралы ертеденақ пайымдаған. Суда тұз еритінін біліп
оларды тамаққа пайдаланды. Салқын суда майлы зат ерімитінін, ал қайнаған
суда ыдыс не кір жуса, тез кететінін білді. Судың қайнағанда буға айналатыны
бұрыннан белгілі. Ертедегі қазақ халқы адамның тамағы не мұрнының ішкі
кілегей қабынғанда шәйнектегі судың буымен емделген. Мұздай жердегі
сақталған тағамдық зат көпке дейін бүлінбейтінін біліп оны орынды
пайдаланды.
Қазақ халқы көне заманнан бері металл өңдеу ісін жетілдірген. Бұл кезде
сақтар мыс,қола, алтын, күмістен жасаған түрлі аңдар бейнесі металлургия
шеберлігінің айғағы. Металл өндіруді басқа халықтарға қарағанда ерте
игеруінің арқасында Қазақстан аймағындағы ертедегі атабабаларымыз өз
жеріне жауды кіргізбеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңарту үрдістеріне байланысты өткен
тарихымызды қайта таразылап, мәдени, рухани және ұмытылған және тиым
салынған нысандарымызды қайта қарауға тура келді. Сондықтан
халқымыздың өткен өміріне, тұрмыстіршілігіне,салтдәстүр, әдетғұрпына
ғылыми тұрғыдан әділ баға беріп, келешек жас ұрпаққа пайдалы, қажетті
дүниелерді насихаттап отыруды дәстүрге айналдыру қажет.
Сегізінші сыныптан бастап көптеген оқушылардын химияға әуес
болатыны мәлім.Сондықтан біз олардың белгілі бір салада еңбек ету даярлығы
мен жанжақты дамуына қажетті алғы шарттар жасаймыз.Сегізінші сыныпта
«Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауында зат, заттың қасиеттері туралы
білімдеріне сүйеніп, қоспаларды бөлудін әдістерімен танысады.Жай және
күрделі заттармен таныстырғанда зертханалық жұмысты орындау үшін жай
және күрделі заттардың үлгілері беріледі.Оқушылар оларды ажыратып,
қорытынды шығарады.
«Сутек.Қышқылдар.Тұздар» тарауында сутектің алынуың көрсету үшін
демонстрациялық түрде көрсетуге болады.Қышқылдардың индикаторларға
әсерін зерттеу үшін аз мөлшердегі реактивтер қолданылып,зерханалық жұмыс
жүргізуге болады. Бұл тәжірибе индекатор қағаздарын қолданған өте ыңғайлы
және үнемді. Жалпы 8сыныптағы алғашқы зертханалық және сарамандық
жұмыстарды жүргізуге үйрету керек. Құралжабдықтар мен жұмыс істеуді, қарапайым құралдарды жинастыруды, құралдың герметикалығын тексеруді
және әр түрлі құбылыстар туралы қорытынды шығаруды үйрету керек.
9сыныптағы химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін
жағдайларды зерттеу мақсатында жүргізілетін жұмысқа реактивтер қажет.
Металдармен таныстырып және оларды анықтау үшін полиэтиленнен жасалған
нөмірленген пакеттерге салынған үлгілері беріледі.
Сілтілік металдарға жалпы сипаттама бергенде олардың тұздарының
үлгілерімен танысып, қасиеттері бойынша танып білу қажет.
1011 сыныптарда зертханалық жұмыстар саны қысқартылған.
Зертханалық жұмыстар адам денсаулығына қауіпсіз емес және оқу
материалдық базаның сәйкес келмеуіне байланысты жүргізілмейді.
Зертханалық жұмысқа қойылатын талаптар:
ғылыми дәлелденген болса,яғни оқушыға қорытынды жасауда, мазмұны
бойынша қызықты болса;
оқушы оны түсінетін және орындай алатын болса;
қауіпсіз болса;
зерттеу тұрғысынан оқытуды жүзеге асыруды қамтамасыз етсе ғана
қойған мақсатқа жетуге болады.
Зертханалық жұмыстар білім сапасының жоғарылауына әсер етіп қоймай,
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастырады, оқытудың
политехникалық бағытының күшеюіне әсер етеді.
Химия пәні оқушыларды ауыр индустрияның аса маңызды саласы химия
өнеркәсібінің негіздерімен таныстырады. Тарихи негіз ескеріледі, жаңа зат
алдымен зертханада алынып, қасиеттері және қолданылу мүмкіндігі
зерттеледі. Содан соң зат зертханадан гөрі зауыт жағдайына жақындатылған
үлкен қондырғыларда сынақтан өткізіледі. Сынау кезінде өндіріске
байланысты мәселелер жинақтап анықталғаннан кейін химиялық зауыт
салынады, зат химиялық өнімге айналады. Мысалға, оқушылар күкірт
қышқылының қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттейді, күкірттің табиғатта
кездесетін қосылыстарын, оксидтерінің қасиеттерін, бірбіріне айналу
реакцияларын зерттеу арқылы өндірістік материалдарды игеруге әзірленеді. Химия ғылымының дамуы,ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін артып
отырған маңызы химияға қызығатын және қабілетті мамандарды
практиккалық іске көптеп тартуды талап етеді. Химияға қызығатын, осы
саладағы қабілеттілігі қалыптасқан қызметкерлер ғана химиялық зауыттарда
ғана, зертханаларда, химиялықғылыми зерттеу институттарында ойдағыдай
еңбек ете алады. Оларға ғылымитехникалық терең білім мен жоғары мәдени
деңгей өте қажет.
Казах халкынын ертедеги дуниетанымы жане казирги химия ғылымы тусиниктери
Казах халкынын ертедеги дуниетанымы жане казирги химия ғылымы тусиниктери
Казах халкынын ертедеги дуниетанымы жане казирги химия ғылымы тусиниктери
Казах халкынын ертедеги дуниетанымы жане казирги химия ғылымы тусиниктери
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.