Есептер шығарайық
1. Күкірттің табиғатта кездесетін қосылыстарының:
а) қорғасын жылтыры РbS;
ә) мыс жылтыры Cu2S;
б) темір колчеданы FeS2 қайсысының құрамында күкірттің массалық үлесі үлкен?
2. Темір (ІІ) сульфиді мен массасы 146 г тұз қышқылы әрекеттескенде күкіртсутектің қандай көлемін (қ.ж.) алуға болады?
3. 2 моль күкіртсутек және 128 г күкірт (ІV) оксиді әрекеттескенде түзілетін күкірттің массасы қанша?
Тест жұмысы
Физикалық қасиеттері
Күкірт екі түрлі оксид түзеді: күкірт (ІV) оксиді – SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл – өткір тұншықтырғыш иісі бар, түссіз газ.
Күкірт (VІ) оксиді – күкірт ангидриді – SO3, ұшқыш, түссіз сұйықтық; олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі, олай болса бұлар қышқылдық оксидтер.
Алынуы
Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы
2S+O2→ SO2
Өндірісте: сульфидтерді өртеу арқылы
2ZnS + 3O2 → 2ZnO + 2SO2
2SO2 + O2 → 2SO3
Химиялық қасиеттері
Сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді
SO2+H2O=H2SO3
SO3+H2O=H2SO4
Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O→Na2SO3
SO3+Na2O→Na2SO4
Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі
SO2+2NaOH →Na2SO3+H2O
SO3+2NaOH →Na2SO4+H2O
Физикалық қасиеттері
Күкірт қышқылы-түссіз, ұшқыштығы төмен, тығыздығы 1,84г\мл майлы сұйықтық
Кейде оны “купорос майы” деп атайды.
Ылғал тартқыш
Күкірт қышқылы суда жақсы ериді. Еру кезінде көп мөлшерде жылу бөлінеді
Ауадан және басқа газдардан су буын жақсы тартады
Химиялық қасиеттері
Күкірт қышқылы күшті және белгілі минералды қышқылдар ішіндегі тұрақтысы. Ол кез келген қышқылды оның тұздарынан ығыстырып шығара алады.
Сұйылтылған күкірт қышқылына күшті қышқылдың барлық қасиеттері тән. Ол негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.
Кернеу қатарында сутектің сол жағында орналасқан металдардың барлығы ериді, ал сутектің оң жағындағы металдар сұйылтылған күкірт қышқылында ерімейді.
Сульфат иондарына сапалық реакция
Күкірт қышқылына және оның тұздарына барий тұздарының ерітіндісі реактив болып табылады. Ва2+ катионы SО42- анионымен іс жүзінде ерімейтін ақ тұнба түзеді:
Ba2+ + SO42-= BaSO4↓
Қолданылуы
Күкірт қышқылымен тікелей немесе жанама байланыспаған химиялық өндіріс салаларын айту қиын. Күкірт қышқылы жан-жақты қолданылуы бойынша бірінші орында тұр. Оны химия өнеркәсібінің “наны” деп санайды, себебі басқа қышқылдарды алуда, мұнай өнімдерін тазалауда, қант өндірісінде, өсімдік майын тазалауда, газдарды құрғатуда, сода, бояу, жасанды талшық өндірісінде, органикалық синтез және т.б. қолданылады
Негізгі химиялық өнеркәсіпте күкірт қышқылы тыңайтқыштар алуда қолданылады
Сульфаттар
Күкірт қышқылының тұздарын сульфаттар деп атайды. Күкірт қышқылы екінегізді болғандықтан, ол тұздардың екі қатарын түзеді: орта-сульфаттар және қышқыл-гидросульфаттар
Күкірт қышқылының тұздары да өте көп қолданылады. Күкірт қышқылы тұздарының ішіндегі маңыздыларына мыналар жатады:
Кальций сульфаты CASO4 кристаллогидрат түрінде кездеседі: гипс, алебастр. Гипсті кыздырганда ол алебастрга айналады. Алебастрды медицинада сынықтың сыртынан орап таңуда және тіс протезін дайындауда қолданады
Бекіту тапсырмалары
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.