Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы"
Оценка 5

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы"

Оценка 5
Разработки уроков
doc
история
10 кл
04.05.2018
Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын  Ресейге косылуынын басталуы"
Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы" . Сабақ жоспары. Сабақты қайталау барысында оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сынып екі топқа бөлінеді. Тақырып бойынша бейнефильм көреді. Топта талқылайды. Кескін картамен жұмыс жасайды. Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері мен ерекшеліктерін анықтайды. "Араласқан оқиғалар" тапсырмасы бойынша оқиғаларды ретімен қояды. "Тиімді-тиімсіз" тапсырма бойынша пікір талас ұйымдастырады. "Суреттер сыр шертеді" тапсырмасы бойынша экранда көрсетілген тұлғалар туралы не білетінін айтады. Сабақтың соныңда білімдерін жинақтау барысында тест жұмысын орындайды.сабақ жоспары
Қазақстанның Ресейге қосылуы 10 сынып.doc
Қазақстан тарихы 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерін, салдарын  айқындай білу. Сабақтың міндеттері:  Ресейге қосылудағы басты тұлғалардың саясатына сипаттама бере алады.  Сауатты талдауға үйренеді.   Бір ­ бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыланады. Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ­жауап, топта талқылау, пікір­талас. Сабаққа қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, Қазақстан 18 ғасырда (карта), Қазақстан  Республикасының саяси картасы. Құралдар: тақта, плакат, стикер, маркер, кескін карталар  Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Кіші жүз: адай, қарасақал, байбақты, жағалбайлы, тама, керейт, шекті. Орта жүз: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. орта және кіші жүз деп екі топқа бөлу. 1.Өткенді қайталау. Сұрақ­жауап: 1. Қазақ хандығының нығаюы қай ханның есімімен байланысты?  (Тәуке хан) 2. Тәуке хан билік құрған жылдар. (1680­1715/1718) 3. Не себептен Тәуке ханды әз­Тәуке деп айтады? (Тәуке хан өзінің қайраткерлік қабілеті  арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің  рөлін күшейтті, соның нәтижесінде елдің әл­ауқаты, байлығы артты.) 4. Қазақ мемлекетінің бірінші төл заңы. («Жеті Жарғы»­ қазақ қоғамындағы қоғамдық  қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген жеті тараудан тұратын ережелер жинағы. Жер дауы,  жесір дауы, құн дауы, ұрпақ тәрбиесі және отбасылық қатынастар, қылмыс үшін  жауапкершілік, ру­тайпа арасында дау, елді жаудан қорғау) Тәуке хан кезеңі қазақ қоғамында мемлекеттік басқару жүйесінің біржола қалыптасуымен  сипатталады. Тәуке хан қазақ билеушілерінің арасында өз билігін үш жүзге түгел жая білген хан  болды. Сонымен бірге Тәуке ханның өлімінен соң мемлекеттік жүйенің әлсіз жақтары да байқалды.  Қуатты мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығы салдарынан қазақ қоғамы тағы да феодалдық  бытыраңқылық жолына түсті. Бұл жағдай, біріншіден, жоңғарлық басқыншылыққа жол ашса,  екіншіден, қазақ жүздерінің біртіндеп Ресей империясына отарлық тәуелділікке ұшырауына алып  келді. Картамен жұмыс .  1 ­ тапсырма: Алдарында тұрған постерлерге өздерінің территориясын белгілеп шығады. (2минут) 2 – тапсырма: XVIII ғасырдағы қазақ халқына қауіп төндірген мемлекеттерді анықтау. (2 минут) Бейнефильм «Кіші және орта жүздерінің Ресей империясына қосылуы» Топта талқылау: 1. Қазақстанның Ресейге қосылуының қазақ халқы үшін қандай ерекшелігі болды? 2. Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. С Е Б Е Б І І топ   Не себепті Кіші жүз Ресейге қосылды (Кіші жүз билеушілерінің және Әбілхайырдың)                   IІ топ Отаршыл Патшалық Ресейдің түп мақсаты (мақсаты мен шаралары)                 М А Қ С А Т                          Топта талдау: «Араласқан оқиғалар» стратегиясы бойынша оқиғаларды ретімен жазады І топ 1. Састөбе құрылтайы 2. Петербургке қазақ елшілерінің баруы 1731 ж 3. А.Тевкелевтің Майтөбеге келуі  1731 ж 5 қазан 4. А.Тевкелевтің Бөгенбай батырмен кездесуі 1731 ж 10 қазан 5. Кіші жүздің Ресейге қабылдануы туралы ант беруі 6. И.Кириллов экспедициясының келуі 1734 ж   ІІ топ 1. Ор бекінісінің салынуы 1735 ж 2. Жоңғар қонтайшысы аманатқа Төле бидің баласы Жоланды алу 3. Әбілхайыр мен Барақ сұлтан арасындағы шайқас 4. Әбілхайыр ханның қайтыс болуы 1748 ж 5. Барақ сұлтанның Төле биді паналуы 6. Барақ сұлтанның қаза болуы «Суреттер сыр шертеді»   Экранға назар аударып, көрсетілген тарихи тұлғалар туралы не білетінімізді ортаға салсақ. Дискуссия жүргізу Тиімді: Тиімсіз: 1.Қазақ елі жоңғар тепкісінен құтылды 2.Патриархалдық­феодалдық қатынастар ыдырап, капиталистік бағыт қалыптаса бастады. 3.Қазақ халқы отырықшылық өмір салтына көшіп, егіншілікпен айналысып, ағаш үйлер сала бастады. 4.Орта Азия хандықтарының озбырлығынан құтылды. 5.Батыс мәдениеті мен ғылымын игерді. 1.Қазақ халқы ұлан­байтақ жерінен айрылды 2.Орыстандыру, қоныстандыру саясатынан жапа шекті. 3. Табиғи байлығын сарп етті. 4. Дәстүрлі шаруашылығы күйреді. 5. Ұлттық тұтастығын жоғалтты. 6. Ата­баба аңсаған тәуелсіздігінен айрылды, тәуелділікке түсті. Білімді жинақтау. Тест. 1. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: А) 1726жылы В) 1729жылы С) 1731жылы   2. Қазақ хандығын отарлауды   бастаған патша: А) I Петр В) Анна Иоанновна С) Елизавета Петровна   3. XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: А) Батыр сұлтан В) Әбілқайыр хан С) Абылай хан 4. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген  елшілер: А) Құндағұлұлы,Қоштайұлы В) Ғабитұлы,Жанжігітұлы С) Бөгенбай батыр,Баян батыр 5. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының  саны: А) 29 старшын В) 28 старшын С) 25 старшын 6. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А) Т.Чебуков В) В.Степанов С)  А.Тевкелев 7. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс А) Жәміш В) Ор С) Өскемен 8. 1734 жылы қазақ жеріне келген экспедицияны басқарған кім А) И.Кириллов В) В.Татищев С) А.Тевкелев 9. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: А) Әбілпайыз В) Қайып С) Барақ сұлтан   10.  1714­1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: А) Жоңғар шабуылына тосқауыл қою В) Қазақ жерін Қытайдан қорғау С) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу Н.Назарбаев: «Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі еді.Отарлық кеңістіктің тұрғындары  тарихи қалыптасқан мемлекеттігін қайтадан қалпына келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен суға  байырғы иелік құқынан біржолата айыруды көздеп, алдын ала ойластырылған зұлым саясат болды» Әбілқайыр мен Абылайдың сол кезеңдегі әрекетін заңды құбылыс деп санаймыз. Себебі халық  қаһармандары заман талабымен, халық қалауымен дүниеге келетіні ойымызды анықтай түспек.  Қандай да болмасын халықтың, қоғамның басына қиын күн туғанда сол заманда ғұмыр кешкен ұрпақ  өмірі де күрделі болмақ. ХҮІІІғ.30жж басталған Қазақстанның Ресейге қосылуы ХІХ ғ.60жж аяқталып, 1,5 ғасырға  созылған болатын. Қалай болғанда да, шаруашылық пен әскери отарлау салдарынан Қазақстан саяси тәуелсіздігі мен  мемлекеттік егемендігінен екі жүз алпыс жылдай қол үзіп қалғаны тарихи шындық болып  табылады.Тарихты жаңарту, саралау – бүгінгі ұрпақ сіздердің пешенеңізге жазылмақ. Кітаптар көрмесіне шолу.  Қорытындылау Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті. «Қазақ елінің озып, үдеген кезі де, тозып, жүдеген кезі де аз емес. Өткеннің өкінішін айтқанда елдің еңсесін езе түсетіндей етіп емес, тарихтан тағылым алып,  кемшіліктерден безе түсетіндей етіп айту керек» Н.Ә.Назарбаев «Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары  баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың өскелең ұрпағы ертеңге көз жүгіртіп, бүгінмен өмір сүрсе дейміз. Бүгінгі қоғамның жарқын кепілі көк байрақ астындағы 27жылымыз баянды болғай демекпін. Б.Тілеуханның «Елім менің» әні тыңдалады. Бағалау Үйге тапсырма беру:§30 оқу, Қазақстанның Ресейге қосылуы аясында тарихшы ғалымдар пікірлерін саралау

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын  Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын  Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын  Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын  Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын Ресейге косылуынын басталуы"

Казакстан тарихы 10 сынып "Казакстаннын  Ресейге косылуынын басталуы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2018