1. Сабақ мақсаты: Оқушыларға елін - жерін қорғаған ер жүрек батырлар туралы, олардың ерлігі туралы, ел билеген хан, билер туралы білімдерін кеңейту.
2. Ой - өрісін, есте сақтауын білімдік қорын, сөздік қорын дамыту.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: Ішінара ізденіс сабағы.
Сабақ әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмысБастауыш сынып мұғалімдеріне арналған материал.
кенж.docx
Сабақ тақырыбы: Қазақтың хас батыры Қарасай
1. Сабақ мақсаты: Оқушыларға елін жерін қорғаған ер жүрек батырлар
туралы, олардың ерлігі туралы, ел билеген хан, билер туралы білімдерін
кеңейту.
2. Ой өрісін, есте сақтауын білімдік қорын, сөздік қорын дамыту.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: Ішінара ізденіс сабағы.
Сабақ әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмыс
Сабақ көрнекілігі: интерактив тақта, батырлар суреттері, карта.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу.
Шаттық шеңберін құрамыз.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
Дұрыс айтасындар, балалар. Батырлардың арқасында ,білектің күшімен,
найзаның ұшымен егеменді ел болдық.Олай болса ,мен қазір сіздердің
қолдарыңызға батырлардың суретін үлестіріп беремін.Сол сурет бойынша
топқа бөлінесіңдер.
(Батырлардың суреттерін үлестіру арқылы оқушыларды топқа бөлу.)
1топ «Қабанбай батыр» ауылы
2топ «Наурызбай батыр» ауылы
3топ « Бөгенбай батыр» ауылына қоныстанамыз.
ІІ.Үй жұмысын тексеру
Әр топқа сұрақтар беремін
1топ
1. 18 ғасырдың алғашқы жартысындағы қиыншылық туралы не білесің?
2.Ішкі сыртқы саясаттың шиеленісуінен ел қандай зардап шекті? 2топ
1. Қырғын соғыста қолданған қаруларды ата.
2. Ерекше көзге түскен, ел аузындағы батырларды ата.
3топ
1. Желтоқсан көтерілісіндегі батырларды ата. Олар не үшін көтерілді?.
2. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.
ІІІ. Үй жұмысын бекіту
«Тарихи сынақ хат»
1.Қазақ тарихында алғашқы жартысы өте қиын және күрделі
кезең болды.
2. Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары, түптеп келгенде
көршілес жатқан екі ұлы ел мен бұларды бір біріне
саясатынан туындады.
3. Негізгі қарулары
,,,,,.
(18 ғасырдың, Ресей мен Қытайдың, айдап салу, қылыш, найза, қалқан,
айбалта, шоқпар, семсер)
Дұрыс, сонымен біз бүгін Қарасай батыр туралы мәлімет аламыз.
• Қарасай Алтынайұлы 1589жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында
Суықтөбе тауының етегінде дүниеге келген. Қарасай батырдың өмір сүрген
кезі қазақ жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсатқан соғыстың
енді шиеленісіп жатқан кезі еді. Сол кезде ел билеген Есім хан мен Жәңгір
сияқты ақылды хандардың арман аңсары Қарасай сияқты батырлары арқылы
жүзеге асып отырды. Ол көптеген соғыстарға қатысып қол бастаған. Қарасай
1664 жылы ақырғы рет 66 жасында қатысты. Осы соғыста Қарасай батыр ауыр
жараланып саптан шығады. ның досы Ағынтай батыр да аяғынан жараланып,
ақсақ болып қалады. Содан кейін қатты қимылға жарамай Қарасай батыр ел
басқару ісіне кіріседі. Сол жылдары қазақ даласы тынышталып, Қарасай өзінің
қандыкөйлек дос Ағытайдың аулына көшіп барады. Сонда 1 жыл тұрып 1671 жылы 73 жасында дүниеден өтеді. Сүйегі Арқадағы Айыртау деген жерге
қойылды Қарасай батырдың 6 баласы болады. Осылайша Ұрпақтан ұрпаққа
ұран болып қалады. Осы сәтті пайдаланып айта кететін жайт
• ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев осы Қарасайдың тікелей ұрпағы екен.
ҚАРАСАЙ — КӨШЕК — АЙДЫР — МЫРЗАТАЙ — ЕДІЛ — САПАҚОЙ
— НАЗАРБАЙ ӘБІШ — НҰРСҰЛТАН.
• Оқулықпен жұмыс
Олай болса Қарасайдың ерлігі туралы оқулықтан қараймыз.
(Өздеріне оқытам)
• Мәтінде кімдер туралы айтылып тұр?
ІV.Сергіту сәті.
«Шыңға қадам» ойыны
1топ
1. Есім хан басшылық еткен ұрыс қайда, қай жылы болды?
2. Қарасай кімдерді қолына түсірді?
3. Батырлар туралы қандай мақалмәтел білесіңдер?
2топ
1. Қалмақтар қандай айлаға көшті?
2. Қарасайды кернеген ыза мен кек туралы айт.
3. «Ер есіміел есінде» эссе жаз.
3топ
1. Қарасай Есім ханға не деді?
2.
3.
Олыхтың жеңілісі туралы айт.
«Батыр» сөзіне ассоциация құрау.
V.Қорытындылау
Сендер де осы батыр ағаларымыздай елін қорғар үлкен азамат болып өсіңдер
деп жалауды беремін.
Бағалау
Үйге тапсырма оқу, мазмұндау, іздену
Казактын хас батыры - Карасай
Казактын хас батыры - Карасай
Казактын хас батыры - Карасай
Казактын хас батыры - Карасай
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.