Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:-Анау тағаны, балам, ала жүр,- деп.
Баласы әкесіне:
-Сынып қалған ескі тағаны неғылайын,-деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен.Соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.Ы. Алтынсариннің "Әке мен бала" әңгімесіне презентация
“Әке мен бала”
Ы. Алтынсарин әңгімесі.
Бір адам он жасар
баласын ертіп,
егіннен жаяу келе
жатса, жолда қалған
аттың бір ескі
тағасын көріп,
баласына айтты:
Анау тағаны, балам,
ала жүр, деп.
Баласы әкесіне:
Сынып қалған ескі
тағаны неғылайын,
деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың
шетінде темірші
ұсталар бар
екен.Соған
жеткен соң, әкесі
қайырылып,
манағы тағаны
соларға үш
тиынға сатты.
Онан біраз жер өткен
соң, шие сатып
отырғандардан ол үш
тиынға бірталай шие
сатып алды. Сонымен
шиені орамалына
түйіп, шетінене өзі
бірбірлеп алып жеп,
баласына қарамай,
аяңдап жүре берді.
Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала
тымақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалмажан жерден алып, аузына
салды. Бірталайдан соң және бір шие , онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр
жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең
соңында, әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: Көрдің
бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, бір еңкеюдің
орнына, он еңкейдің. Мұның былай есіңде болсын: “Аз жұмысты қиынсынсаң, көп
жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың”,деді.
Қарлығаш пен дәуіт
ертегісі
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып , өмір сүріпті.Қанаты қатпаған
балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтеді екен.
Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып
бара жатады.Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап , шыршыр етіп,
балапандарына арашашы іздейді.
Көкектен көмек сұрай барса:
Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барағалы жатырмын, уақытым
жоқ, дейді көкек.
Сосын қарғаға барса :
Үйленгелі жатқанымда мазамды алма,дейді.
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады.
Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыршыр еткен даусын естіп:
Достым, неге зарлайсың?деп сұрайды.
Қарлығаш сонда:
Жауыз жылан балапандарымда жұтпақшы болып , ұяма өрмелеп жетіп алды. Соған не істерімді
білмей жүрмін, деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп жібереді.
Олай болса жеткіз мені тезірек , деді ол.
Қарлығаш қанатын тосады.
Олар көзді ашыпжұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді.Олар бір сәтке кешіксе,
балапандары қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен. Дәуіт аяғымен шаба
тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан жерге құлап түсіп, мерт болады.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Сонан бері талай заман
өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.