Кел, жана жыл
Оценка 4.9

Кел, жана жыл

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
классное руководство
4 кл—11 кл
19.01.2018
Кел, жана жыл
2018 жылғы жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шара жоспары.Өткізілетін орын жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген. Іс-шараға 1-4 сыныптар оқушылары қатысады.Іс-шарада жағымды кейіпкерлер ғана ойнайды.Олар Күшіктер тобы, сайқымазақтар, сиқыршы қыз және Аяз ата мен Ақшақар.Бұл мерекеде балаларға арналған түрлі қызықты ойындар мен жарысу билер ұйымдастырылған.
Төрлет жаңа жыл.docx
Төрлет, төрлет жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2018 жыл) Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген  балалар залға кіреді. (Музыка ырғағымен ортаға жорамашылар шығады) Музыка қосылады. Музыка ырғағымен ортаға ескі жыл тауық  балапандарымен кіреді. (Балалармен ортақ би биленеді) Тауық : Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2018 жылы қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.! (музыка қосылады) (Сиқыршы музыкасы ойналып ортаға сиқыршы қыз кіреді)  Сиқыршы:   Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол, Жаңа жыл. Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл. Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл. Құт ­ береке жылы бол, Жаңа жыл. Сиқыршы: ­Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым,  сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Мен сендерге өзімнің көмекші  достарыммен келмекші болғанмын, бірақ олар мына үйшіктен шыға алмай отыр.  Өйткені мына кілтімнің сиқырлы күші жойылды. Кілтті қуаттандыру үшін маған  сендердің көмектерін керек. Қазір сендермен ойын ойнайық, сонда кілт  қуаттанады. (Сиқырлы кілт) ойыны ойналады. Долматинец әнімен ортаға Жаңа жыл шығады: (Иттер ортаға шығады) 1 Долмотинец: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,  Жаса, жаса достық бірлік туыстық.  Құттықтайық жаңа жылды өнермен,  Қуаныштың әр минуты тым ыстық. ( Көңілді әнмен ортаға Сайқымазақ келеді) Сайқымазақ: ­Сәлеметсіңдерме, балалар мен қайда келдім? Сиқыршы: ­Сен жаңа жыл кешіне келіп отырсың. Сайқымазақ: ­ Ой, мен ешқандай да көңіл көтергім келмейді (бұртиып) Сиқыршы: ­Неге? Сайқымазақ: ­Себебі менің досым қиындыққа тап болды. Ол абайсызда шұңқырға түсіп кетті. Сиқыршы: Мүмкін саған бізден көмек керек шығар.  Сайқымазақ: ­ Ия (бұртиып) Сиқыршы: Ал, ендеше мен Райдер досымды шақырайын! (Ортаға көңілді музыкамен Райдер келеді) Райдерға болысуға музыка  ырғағымен достары жеке­жеке шығады. (Арқан тартыс ойыны) Ордан  шыққан 2­ сайқымазақ рахметін айтады. 1­ Сайқымазақ: Балалар, менің көңіл­күйім көтерілді!!! Оған себепші  сендерсіңдер! Біз осы көңілді кеште сендермен би билегіміз келеді (Музыка  қосылып би биленеді) Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем  мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп ­ әдемі  жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Жаңа жылдық шыршамызға  барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.  Барлығы: Аяз ата, ақша қар,  кел, кел! ( Ортаға Ақшақар келеді) Ақшақар: Амансыздар ма, балалар! Өздеріңді сағынып келдім. Жаңа жылдарың  құтты болсын! Ақшақар: ­ Жолды қалың қар басып, Аяз ата шанасымен шыға алмай жатыр. Райдер: Ақшақар сен мұңайма. Қазір достарыммен бірге жолды қардан тазалап,  Аяз атаны алып келемін.  ( Қар жинау ойыны) Музыкамен ортаға Аяз ата келеді. Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған. Көңілдерің дүр маржан Айналайын ұлдардан Айналайын қыздардан Аяз ата, Ақшақар Жетті жолдан қиналған Ештеңе емес барлығы, Алдымыздан күлді арман Мықтылығым мәлім ғой. Өтіп кеткен жылдардан. Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4­пен 5­ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген  хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық. Ендеше  барлығымыз шырша шамын жағайық. Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады) Сиқырлы таяқ ойыны және Аяз атаның дайыдаған флешмоб биі биленеді. Аяз ­ Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі  екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза  болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.  Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге! Бәрі. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты. Сиқыршы: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға  арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл  құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Кел, жана жыл

Кел, жана жыл

Кел, жана жыл

Кел, жана жыл

Кел, жана жыл

Кел, жана жыл
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2018