Кездейсоқ оқиға

  • ppt
  • 13.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Кездейсоқ оқиға.ppt

Оқиға. Кездейсоқ оқиға.

Сабақ мақсаты: «оқиға», «кездейсоқ оқиға» ұғымдарымен танысу, оқиғалардың түрлерін зерттеу , оқиғалардың түрлерін ажырата білу

О, сколько нам открытий чудных Готовят просвещенья дух И опыт, сын ошибок трудных, И гений, парадоксов друг, И случай, бог-изобретатель... А.С.Пушкин

Оқу мақсаты:

9.3.2.1
Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға,қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру

бейнебаян

Пәндік лексика және терминология:

Кездейсоқ оқиға – Случайное событие – Random event

Ақиқат оқиға – Достоверное событие – Credible event

Жалған оқиға – Невозможное событие – Impossible event

Қарама-қарсы оқиғалар – Противоположные события – Opposite events

Бос орынды толықтыр:

• Егер оқиғалардың пайда болуға мүмкіндіктері бірдей болса, олар ... делінеді.
• A оқиғасына қарама-қарсы оқиға деп ... айтылады және былай ... белгіленеді.
• Сынау нәтижесінде А оқиғасы...қолайлы нәтижелер деп атайды

Жауаптары:

Оқиға деп, кейбір байқау, тәжірибе немесе эксперимент жасауда белгілі бір шарттардың жиынтығы орындалғанда пайда болатын немесе пайда болмайтын нәтижені айтады
Ақиқат оқиға деп, белгілі бір шарттар жиынтығы орындалғанда міндетті түрде пайда болатын оқиғаны айтады.
Мүмкін емес оқиға деп, белгілі бір шарттар тобы орындалғанда пайда болмайтын оқиғаны айтады.
Кездейсоқ оқиға деп, белгілі бір шарттар тобы орындалғанда пайда болуы да, болмауы да мүмкін оқиғаны айтады.
Егер оқиғалардың пайда болу мүмкіндіктері бірдей деп есептелінсе, ондай оқиғаларды ТЕҢ МҮМКІНДІ оқиғалар дейді.

Графикалық диктант

Шартты белгілер арқылы (+ ақиқат оқиға,- мүмкін емес оқиға,/ кездейсоқ оқиға) оқиғаларды ажыратыңыз
-тамыздан кейін наурыз айы келеді.
-наурыздан кейін сәуір айы келеді.
-нан май жағылған жағымен құлап қалады.
-оқу жылы аяқталады.
- бала өз туған күні 30 ақпанда қарсы алады.

Өзбетімен жұмыс

1-мысал. Екі кубикті тастағанда. Екі оқиғаның қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат:
А - {кубиктерде бірдей сандар ұпайы түсуі};
В - {ұпай сандарының қосындысы 12 ден аспайды};
С - {ұпай сандарының қосындысы 11 ге тең};
D - { ұпай сандарының көбейтіндісі 11 ге тең }?

Жауап: 1-тапсырма

Кубиктерді тастағандағы түскен ұпай сандарыныңнәтижесін екі санмен сипаттауға болады. Мысалы, (3, 1), бірінші кубикте 3 санының түскендігін, ал екіншісінде -1 санының түскендігін көрсетеді.
А оқиғасы (1,1) түскенде орындалады, (1, 2) - орындалмайды. Яғни, А оқиғасы кездейсоқ оқиға.
В оқиғасы кез келген жағдайда орындалады. Өйткені әр кубиктің сандары 6 дан аспайды. Яғни, қосындысы 12 ден аспайды. Бұдан шығатын қортынды:В оқиғасы ақиқат.
С оқиғасы (5,6) түскенде орындалады, (2, 2) - орындалмайды. Яғни, C оқиғасы да кездейсоқ.
D оқиғасы мүмкін емес, өйткені 1 ден 6 ға дейінгі 2 бүтін санның көбейтіндісі 11 болуы мүмкін емес.

Өзбетімен жұмыс

2 мысал. Қораптың ішінде 3 қызыл, 3 сары, 3 жасыл шар бар. Қораптан кез келген 4 шарды аламыз. Төмендегі оқиғалардың қайсысы мүмкін емес, қайсысы кездейсоқ, қайсысы ақиқат:
А={алынған барлық шарлар бір түсті};
В={алынған шарлар әр түрлі түсті};
С={алынған шардың ішінде әр түсті шарлар бар};
D={алынған шарлардың ішінде барлық үш түрлі түс бар}?

Жауап: 2-тапсырма

А оқиғасы - мүмкін емес: Қораптан төрт бірдей түсті шар алуға болмайды, себебі әр түстен үш шардан бар.
В оқиғасы - мүмкін емес: Қорапта үш түсті шар бар, алынғаны төрт шар.
С оқиғасы- ақиқат: қораптан алынған төрт шардан екі шардың түсі бірдей болуы ақиқат.
D-кездейсоқ оқиға. Мысалы: ҚҚЖС, яғни екі қызыл, бір жасыл, бір сары шар алынған. Мұндай оқиға мүмкін емес. ҚЖЖЖ, мұнда D оқиғасының ақиқат болғаның көреміз.

Сабақты қорытындылау

Бүгін қандай жаңа білім игердіңіздер?
Қандай ұғымдармен таныстыңыздар?
Қандай ережелерді қолдандыңыздар?

РЕФЛЕКСИЯ
Менің сабақтағы жетістігім.....________________
Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________
Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?_______