Киелі Қорасан арасаны
Оценка 4.7

Киелі Қорасан арасаны

Оценка 4.7
doc
27.02.2020
Киелі Қорасан арасаны
Киелі Қорасан арасаны.doc

УДК 911.3:61

 

Е.А. Тоқпанов1, С.М. Дүйсембинова2, Р.А. Мухитдинова 3,

А.Т. Исабаев 4

1г.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) м.а.,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ

Талдықорған қ., Қазақстан

2І.Жансүгіров атындағы ЖМУ магистры, аға оқытушы

Талдықорған қ., Қазақстан

3І.Жансүгіров атындағы ЖМУ магистры, аға оқытушы

Талдықорған қ., Қазақстан

4І.Жансүгіров атындағы ЖМУ магистры, аға оқытушы

Талдықорған қ., Қазақстан

E-mail: [email protected]

 

ЖАМАНТЫ ӨЗЕНІ ШАТҚАЛЫНДАҒЫ «ҚОРАСАН» КИЕЛІ АРАСАНЫНЫҢ САКРАЛДЫ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

Түйіндеме

Мақалада Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағындағы Қазақстанға танымал киелі арасаны суларының физикалық-химиялық құрамы, сакралды емдік-сауықтыру туризмді дамытудағы алатын орнын зерттеу нәтижелері ұсынылған.

Ғылыми әдебиеттерде Жетісу өңіріндегі халық қастерлейтін емделу мақсатында халық жиі баратын арасандардың бальнеологиялық қасиеттері туралы деректердің болмауы 2018 жылы жаз айларынан бастап «Қорасан» арасаны суының физикалық-химиялық құрамын зерттеуімізге септігін тигізді. Біз минералдық сулардың физикалық-химиялық және органолептикалық құрамын зерттедік.

Тірек сөздер: табиғи сакралды орындар, минералды сулар, бальнеология, микроэлемент, сакралды емдік-сауықтыру туризмі.

 

Е.А. Токпанов1, С.М. Дюсембинова2, Р.А. Мухитдинова 3,

А.Т. Исабаев 4

1к.г.н.,и.о. ассоцированного профессора (доцент),

ЖГУ имени И.Жансугурова,

г.Талдыкорган, Казахстан

2магистр, старший преподаватель ЖГУ имени И. Жансугурова,

г.Талдыкорган, Казахстан

3магистр, старший преподаватель ЖГУ имени И. Жансугурова,

г.Талдыкорган, Казахстан

4магистр, старший преподаватель ЖГУ имени И. Жансугурова,

г.Талдыкорган, Казахстан

E-mail: [email protected]

 

ЗНАЧЕНИЕ СВЯЩЕННОГО АРАСАНА «КОРАСАН» В УЩЕЛЬЕ РЕКИ ЖАМАНТЫ В РАЗВИТИИ САКРАЛЬНОГО ЛЕЧЕБНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО ТУРИЗМА

 

Аннотация

Резюме. В статье представлены данные о результатах исследования физико-химического состава сакральных минеральных вод «Корасан-Арасан» в ущелье реки Жаманты у горы Жетыжол и их значение для развития лечебно-оздоровительного туризма, относящиеся к природным сакральным местам.

Отсутствие в литературе единого подхода, единого мнения к решению вопроса формирования питания подземных минеральных вод Талдыкорганской межгорной впадины явилось причиной того, что с летнего периода 2017 года была начата работа по физико-химическому исследованию месторождения минеральных вод «Корасан-Арасан». Нами был определен физико-химический и органолептический состав минеральной воды.

Ключевые слова: природные сакральные места, минеральные воды, бальнеология, микроэлемент, лечебно-оздоровительный туризм.

Candidate of geographical Sciences

 

E. Tokpanov1, S. Dyusembinova2, R. Mukhidinova3, A.Issabayev4

1Candidate of Geographical Sciences, Associate Professor of ZhSU named after I. Zhansugurov, Kazakhstan, Taldykorgan

2Master, senior teacher of ZhSU named after I. Zhansugurov,

Taldykorgan, Kazakhstan

3Master, senior teacher of ZhSU named after I. Zhansugurov,

Taldykorgan, Kazakhstan

4 Master, senior teacher of ZhSU named after I. Zhansugurov,

Taldykorgan, Kazakhstan

E-mail: [email protected]

 

THE VALUE OF SACRED ARASAN «KORASAN» IN THE VALLEY OF THE RIVER ZHAMANTY IN THE DEVELOPMENT OF SACRAL THERAPEUTIC TOURISM

 

Abstract

In the article presents data on the results of the research of the physico-chemical composition of the sacred mineral waters " Korasan-Arasan " in the valley of the Zhamanty river near the Zhetyzhol mountain and its importance for the development of health and tourism related to natural sacred places.

The absence  a unified approach in the literature and unanimous opinion on the issue of forming the nutrition of underground mineral waters of the Taldykorgan intermountain depression was the reason that work began on the physical and chemical study of the Korasan-Arasan mineral water deposit in the summer of 2017.

We determined the physicochemical and organoleptic composition of mineral water..

Key words: natural sacral sites, mineral waters, balneology, microelement, health tourism.

 

Кіріспе. Іле Алатауының батыс сілемі Жетіжал тауының Жаманты шатқалында  халық қастерлеп суын емдік мақсатта пайдаланатын әлсіз минералданған  Қорасан киелі арасаны бар. Оған баратын адамдар алдын-ала бірнеше айлар бойы дайындаларды.

2017-2018 жылдар аралығында ұйымдастырылған «Рухы бекем-киелі мекен Жетісу» экспедициясының барысында жергілікті ғана емес, Қазақстан мен жақын шет елдерден халық көп келетін аса танымал жоғарыда аталған киелі су нысаның құрамына енетін «Асқазан», «Бүйрек», «Жүрек» тұмаларының  суларының сынамаларын алы Алматы қаласындағы «Жер туралы ғылымдар, металлургия және байыту орталығы» акционерлік қоғамының ұлттық ғылыми зертханасында спектрлік талдау жасалды.

Экспедиция барысында киелі арасаннан алынған сынамаларға жасалған талдау нәтижелері суының құрамында әр түрлі химиялық элементтердің кездесуі еліміздің түкпір-түкпірінен келетін емделушілер  ағзасына  тигізетін жағымды әсерін, бальнеологиялық қасиеттері мен емдік мақсатта пайдалануға жарамдылығын анықтау мәселелерінен зерттеуге мүмкіндік береді.

Материалдар мен зерттеу әдістері. 2017-2018 жылдар аралығында Іле Алатауының батыс бөлігі Жетіжол  тауының (3273м) аумағындағы жергілікті халыққа танымал «Қорасан» киелі арасаны суының құрамынан әр түрлі маусымдарында 12 сынама алынды. Талдау жұмыстары «Жер туралы ғылымдар, металлургия және байыту орталығы» акционерлік қоғамының ұлттық ғылыми зертханасында жүргізілді. Сынамалардың талдамаларын алу үшін 180-50 үлгілі «Хитачи» атомдық-абсорбциялық спектрометр (Жпония) қолданылды.

Нәтижелер мен талқылаулар. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баса назар аударған табиғи киелі орындардың қатарына Жамбыл ауданындағы Жетіжал (Бұғылы)  тауынан басталатын Жаманты өзеннің шатқалындағы метоморфты жыныстардағы жарықтардан шығатын төрт бастаудан тұратын «Қорасан» жарықшақты минералды сулары жатады(1-урет). Оның географиялық координаты 43º 25'' с.е., 75º43'ш.б., теңіз деңгейінен 1620м биіктікте орналасқан [2].

2018 жылы 23-24 мамырда Жетісу өңірінің сакралды орындарын зерттеуді көздейтін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университет мен Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бірлесіп өткізген «Рухы бекем- киелі мекен Жетісу» экспедициясының барысында жиналған мәліметтерге сәйкес аталған киелі арасан  ерте заманнан бастап табиғи емдік ресурс ретінде кеңінен қолданылған. Оны сакралды орынның  батысында 200-300м қашықтықтағы жартастағы үңгірдегі мешіт, т.б. рәсімдік орындар айғақтайды.

Өңірлік маңызы бар киелі орындар қатарына жататын «Қорасан» арасанының «Асқазан», «Бүйрек», «Жүрек» тұмалары суларының құрамындағы еріген минералды заттардың адам ағзасына емдік  әсеріне байланысты  оны жергілікті халық «қасиетті» санап, суын асқазан, жүрек- қантамырлар жүйесі, бүйрек, буын, басқада ауруларға ем ретінде қолданған.

Киелі арасанның «Қорасан» аталуын көне көз қариялар Жаманты өзені шатқалында болған ескі қыстаумен байланыстырады.Оған келетін адамдар міндетті түрде биіктігі 10-15 метрлік тік жартасқтғы жартастағы үңгірде орналасқан мешітке барып намаз оқиды. Ел аузында сақталған аңыздарға сәйкес жоңғар шапқыншылығы кезеңінде көптеген қазақ отбасылары осы үңгірдің ішінде тығылып аман қалған деседі.

Киелі арасанды ел ерте кезден емдік қасиетін біліп, көптеген ауруларға ем ретінде қолданған. Ол туралы Қазбек бек Тауасар ұлының «Түп тұқияннан өзіме дейін» атты еңбегінде, Есболат Айдабосынның «Сүлікқара» атты хикаятында сонау жоңғар шапқыншылығында жараланған қазақ сарбаздары осы бұлаққа келіп емделгенін жазған. Жоғарыда аталған арасанындағы сулардың адам ағзасына жағымды әсерінінің ең маңызды көрсеткіштердің бірі минералдануы, иондық, газ және қышқылдық құрамы болып табылады [3].

Жүргізілген өлшеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес төрт тұманың әрқайсысы тәуліктік орташа шығыны минутына 0,9-1,2л, суының минералдануы 400мг/дм3. t< 20°C төмен салқын ішетін асханалық суларға жатады. Құрамында едәуір мөлшерде сульфат, гидрокарбонат, кальций, натрий және денсаулыққа пайдалы басқда микроэлементтер бар.

Жетіжол тауының Жаманты шатқалындағы жоғарыда аталған жарықшақты минералды су көздерінің бальнеологиялық қасиеттерін анықтау үшін 2017 және 2018 жылдар аралығында алынған «Асқазан тұмасы», «Бүйрек тұмасы» және «Жүрек тұмасынан» алынған сынамаларды химиялық сараптау жұмыстарын жүргіздік (1-кесте).

Арнайы химиялық зертханаларда жүргізілген талдау қорытындыларына сәйкес Жаманты өзені шатқалындағы «Қорасан ата» киелі арасанының суы катиондық құрамына қарай калилі-натрилі-калцилі магнилі ал, аниондық құрамына қарай сульфатты- гидрокорбонатты-хлоридті сулардың қатарына жатады. Құрамында радонның болмауына, фтордың үлесінің ұлықсат етілген санитарлық-гигиеналық шектен аспауына байланысты аталған арасан суы ішуге жарайды.

1-кестеде көрсетілген мамандандырылған зертханада жүргізілген спектрлік талдау нәтижесіне сай Жетіжал тауының Жаманты шатқалындағы «Қорасан» киелі арасаны суының құрамында Менделеев кестесіндегі 11 элемент бар. Олардың ішінде әсіресе Na мен К (82,32 мг/дм3), Са (19,9 мг/дм3), Mg (5,28 мг/дм3), мөлшері көп кездеседі.

2017-2018 жылдар аралығында киелі арасаннан алынған сынамаларға

жасалған химиялық талдау нәтижелері «Асқазан», «Жүрек» «Бүйрек» тұмаларының суы мөлдір, рН 6,7; 6,55 және 6,31 тең 1-2 тұмалар суларына қарағанда сульфаттың мөлшері «Жүрек» тұмасында 25-32 мг/дм3, хлоридтер 1 тұмамен салыстырғанда екіншісінде 14,6 мг/дм3, магнийдің үлесі екеуіне қарағанда үшінші тұмада 2,08 мг/дм3 артық. Қаттылығы 1,23-1,39 ммол/дм3 аралығында ауытқиды. Магнийден кальций басым (магнийй 5,28 мг/дм3; 3,20 мг/ дм3 суы жұмсақ (1-кесте).

Катиондардан К мен Na (82,32; 81,74; 80,67; 82,32 мг/дм3), Ca (19,9; 19,3; 18,9 мг/дм3) басым. Жалпы минералдануы 411 мг/дм3 (ақазан тұмасы), 401,7 мг/дм3 (бүйрек тұмасы) және 378,38 мг/дм3 ( жүрек тұмасы). Құрамында нитридтер жоқ. 1-кестедегі деректерге жасалған салыстырмалы талдаулар «Асқазан тұмасына» қарағанда «Жүрек тұмасының» суында рН (6,7 және 6,31) біршама төмен, Mg (4,74 және 5,28 мг/дм3), (0,21 және 0,81 мг/дм3),  фосфаттардың (0,003 және 0,005 мг/дм3), фторидтердің (0,003 және 0,005 мг/дм3) мөлшері біршама жоғары ал Ca (19,9 және 18,9 мг/дм3), Na мен K (82,32 және 80,67 мг/дм3), сульфаттардың (169,2 және 144,0 мг/дм3),  гидрокорбанаттардың (61,0 және 53,7 мг/дм3) амонилі азоттың (0,003 және 0,001 мг/дм3) үлесі керісінше біршама төмен екені байқалды.

«Асқазан», «Бүйрек», «Жүрек» тұмаларының химмиялық құрамына жасалған спектрлік талдау катиондары мен аниондарының үлес салмағын бір – бірімен салыстырсақ бір шама айырмашылықтың бар екені айқын байқалады. Оны 1- кестегің деректерінен айқын байқауға болады.

 

1-кесте. Қорасан ата киелі арасаны суларының химиялық құрамына жүргізілген спектрлік талдаудың нәтижелері

 

Көрсеткіштер

 

№1

2

3

Көрсеткіштер

№1

2

3

Асқазан

тұмасы

Бүйрек тұмасы

Жүрек тұмасы

1. Иісі балл

0

0

0

13Хлоридтер мг/дм3

33,1

33,1

33,1

2. Мөлдірлігі

30

30

30

14.Сульфаттар мг/дм3

169,2

176,6

144,0

3. рН

6,7

6,55

6,31

15.Гидрокарбонаттар мг/дм3

61,0

46,4

53,7

4. Құрғақ қалдықтар мг/дм3

339

374

389

16.Фторидтер  мг/л

2,45

2,88

2,71

5. Қаттылығы ммол/дм3

1,39

1,23

1,39

17. Фосфор жалпы мг/дм3

0,001

0,002

0,002

6. Қатты заттар мг/дм3

82,0

87,0

119

18. Фосфаттар мг/дм3

0,003

0,005

0,005

7. Сілтілігі моль /дм3

1,0

0,76

0,88

19. Амониилі азот мг/дм3

0,003

0,001

0,001

8. Кальций мг/дм3

19,9

19,3

18,9

20. Ортокремный қышқылы мг /дм3

36,0

38,3

37,2

9. Магний мг/дм3

4,74

3,20

5,28

21. Оттегіне

 биологиялық қажеттілік О2 мг /дм3

1

1

1

10. Темір мг/дм3

0,21

0,17

0,81

22. Нитраттар, мг/ дм3

-

-

-

11. Натрий+ калий

мг/дм3

82,32

81,74

80,67

23. Жалпы минералдануы мг/дм3

411,38

401,7

378,38

 

«Асқазан» тұмасының химиялық құрамына жасалған талдау қорытындысына сүйенсек (1-кесте) калий мен  Na үлес салмағы 20,01 %; Ca  4,83%; хлоридтер 8,04%;. Ал Mg мөлшері 1,15%; сульфаттар 41,12%; фторидтер 0,59%; Fe ионың мөлшері 0,051% тең  екенін көрсетті (1-сурет).

 

1-сурет. «Қорасан ата» киелі арасанындағы «Асқазан» және «Бүйрек» тұмаларындағыдағы негізгі химиялық элементтердің үлес салмағындағы айырмашылықтар

 

«Бүйрек» тұмасының химиялық құрамына жасалған талдау қорытындысына сүйенсек (1-кесте) K мен Na үлес салмағы 20,34 %; Са  4,8%; хлоридтер 8,04%; гидрокорбанаттардыкі 11,55%, ортокремний қышқылы 9,53%. Ал Mg мөлшері 0,79%; сульфаттар 43,96%; фторидтер 0,71%; Fe ионың мөлшері 0,04% тең  екенін көрсетті (2-сурет).

 

2-сурет. «Қорасан ата» киелі арасанындағы және «Бүйрек» және  «Жүрек» тұмаларындағыдағы негізгі химиялық элементтердің үлес салмағындағы айырмашылықтар

 

1 және 2 -суреттерге жасалған талдаулар «Жүрек» тұмасында магнийдің үлесі «Бүйрек» тұмасымен салыстырғанда 1,11%, «Асқазандыкінен» 0,75% натрий мен калий 0,7%, кальций 0,19% артық, сульфаттар «Бүйректұмамен»  салыстырғанда 5,46%, «Асқазандыкінен» 3,07% кем екенін көрсетті.

Шипажайтанушы ғалымдармен дәрігерлердің пікірлеріне сәйкес магний, натрий, калий жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметін жақсартатындықтан аталған тұманың суын ішкен адамдар науқасынан жылдам айығады деген қорытынды шығаруға болады. Оған бірнеше ай бойы киелі орынға келуге дайындалған науқаста ағзада ауруға қарсы күресті арттыратын имунитеттің қалыптасуы әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады.

Киелі арасандағы «Жүрек», «Бүйрек», «Асқазан» тұмалары суларының химиялық құрамына жасалған салыстырмалы талдаулар бір-біріне жақын орналассада әр түрлі жарықтар жолымен шығуына, тау жыныстарының құрамына байланысты негізгі химиялық элементтердің үлестерінің әр түрлі [6].

Қорытынды. Емделушілердің пікірлері мен ғылыми деректерге сәйкес «Қорасан» арасаны суының құрамындағы пайдалы элементтер адамағзасының жалпы жағдайын нығайтып, асқорту, зәр шығару, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді.

Зертханалық талдау нәтижелері киелі арасан  суының құрамында адам ағзасының жұмысын реттеуде ерекше орын алатын сакралды  емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік беретін микроэлементтер мен химиялық құрамының арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетті.

Жүргізілген ғылыми-ізденіс жұмыстарының барысында жинақталған ақпараттарға жасалған талдаулардың нәтижесінде Қорасан ата  арасанының сакралды емдік-сауқтыру туризмін дамытудағы алатын орыны, килі орын ретіндегі Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаларын жүзеге асырудағы маңызы анықталды.

 

Әдебиеттер тізімі

1.                  Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»// «Егемен Қазақстан» Республикалық газетіазеті 2017. 12 сәуір.

2.                  Физическая карта Илиского Алатау. М 1:200 000.-М.: ГУГК, 1985.

3.                  Есболат Айдабосын. Сүлікқара.-Алматы: Жазушы, 2016.-180б.

4.                  Мухитдинова Р.А., Тоқпанов Е.А., Омаров Қ.М. Алтын-Емел тауының етегіндегі «Найзатапқан» киелі арасанының емдік-сауықтыру және сакральды туризмді дамытудағы алатын орны //  Абай атындағы Қазақ ҰПУ хабаршысы   жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(58)-194-198б.

5.                  Холенок В.Ф. Природные и лечебные богатства Казахстана.- Алма-Ата: Ғылым, 1982.-С. 33-67.

6.                  Гольдфейль Л.Г. Описания курортов и некоторых лечебных местностей Казахской ССР.- М.: Мысль 1971.-С. 38-76.


Скачано с www.znanio.ru

УДК 911.3 : 61 Е.А. Тоқпанов 1 ,

УДК 911.3 : 61 Е.А. Тоқпанов 1 ,

Талдыкорган, Казахстан E-mail: tokpanov1960@mail

Талдыкорган, Казахстан E-mail: tokpanov1960@mail

Zhamanty river near the Zhetyzhol mountain and its importance for the development of health and tourism related to natural sacred places

Zhamanty river near the Zhetyzhol mountain and its importance for the development of health and tourism related to natural sacred places

Жетісу өңірінің сакралды орындарын зерттеуді көздейтін І

Жетісу өңірінің сакралды орындарын зерттеуді көздейтін І

Жетіжал тауының Жаманты шатқалындағы «Қорасан» киелі арасаны суының құрамында

Жетіжал тауының Жаманты шатқалындағы «Қорасан» киелі арасаны суының құрамында

Фторид тер мг/л 2,45 2,88 2,71 5

Фторид тер мг/л 2,45 2,88 2,71 5

Бүйрек» және «Жүрек» тұмаларындағыдағы негізгі химиялық элементтердің үлес салмағындағы айырмашылықтар 1 және 2 -суреттерге жасалған талдаулар «Жүрек» тұмасында магнийдің үлесі «Бүйрек» тұмасымен салыстырғанда 1,11%, «Асқазандыкінен»…

Бүйрек» және «Жүрек» тұмаларындағыдағы негізгі химиялық элементтердің үлес салмағындағы айырмашылықтар 1 және 2 -суреттерге жасалған талдаулар «Жүрек» тұмасында магнийдің үлесі «Бүйрек» тұмасымен салыстырғанда 1,11%, «Асқазандыкінен»…

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаларын жүзеге асырудағы маңызы анықталды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаларын жүзеге асырудағы маңызы анықталды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.02.2020