№1 мектепгимназиясы
Баяндама
Тақырыбы: Күйзеліс және оның алдын алу жолдары
II санатты мектеп психологі
Құспанова Аңсағаным Миялы селосы – 2016 жыл
Күйзеліс және оны алдын алу жолдары
Ол ежелгі гректің атақты дәрігері, «медицинаның атасы»
Гиппократ (б.э.д. 460370 жж.). Шынын айтқанда, ұлы дәрігер күйзелісті
емес, адамның төрт темпераментінің бірін білдіретін мелонхолияны
сырқат есебінде зерттеп, емдемек болған. Яғни ол адам ағзасында қара
өттің көбейіп кетуінен мелонхолия туындайтынын анықтаған.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне қарағанда, жан
күйзелісі сырқаттардың таралуы жағынан бірінші орында тұр екен. Атағы
ХХI ғасырдың обасы саналатын қылтамақ ауруынан асып түспесе кем
емес.
Сонымен жан күйзелісі дегеніміз не десек, ол – адамның мінезінің
тұйықталып, өмірге деген қызығушылығының жоғалуы, болашағына
сенбеушілік, ұйқысыздық, тамаққа деген тәбеттің жоғалуы, өзінөзі
өлімге дайындаушылық. Осындай жаман көңіл күй екі апта бойы
байқалса, ол сол адамның жан күйзелісіне ұшырағанын білдіреді дейді
мамандар.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуындағы аса
маңызды кезең екені белгілі. Психологияда бұл кезең «өтпелі»,
«бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деп сипатталынады. Өмірдің бір
дәуірінен екінші дәуіріне өтумен байланысты жастардың даму процесінде
күрделілік туындайды. Осы кезеңде жеткіншектердің «Мен» деген
қасиетін үлкендердің түсінуі оңайға түспейді. Жеткіншек айналасынан
өзімен санасуды талап ете бастайды. Ересектердің өз құқығын үнемі
шектеуіне қарсы туындайтын қарсылық біртебірте жеткіншекті жан
күйзелісіне ұшыратуы мүмкін. Мектептегі оқушылар арасында жиі
болатын дағдарыстың себебі осында жатыр.
Күйзеліс көбінесе ең алдымен үлкен қала тұрғындарына тән.
Көптеген психолог мамандар депрессияның қалалы жерлерде басым
екендігін айтады. Үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығы қатар
жүреді, оған қала тұрғындары төзіп, қымбатшылықта күнелтуге мәжбүр.
Нарықтың басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін
жанталаса өмір сүруге, сөйтіп әкешеше, туғантуыстардан, құрбы, дос
жарандардан алыстау арқылы өзөзінен тұйықталу адамның жүйкесін
шаршатып, күйзеліске ұшыратады. Оның ойында сан түрлі сұрақтар туып,
пәтерақының уақыты жақындауы, жұмыстың жүрмеуі, үйдің тірлігі, ақшаның жоқтығы, банктегі несие секілді сан сұрақтар туындап, сары
уайымға әкеліп күйзелтеді. Қала тұрғындарының отбасын асырау үшін
бірнеше жерде жұмыс істеп, кешкі тоғыз, онға дейін жұмыста болып,
дұрыс демалмауы да бұған әсер етіп, күйзеліске ұшыратады.
Зерттеулерге қарағанда, таралуы жағынан бірінші орында күйзеліс
сырқаты тұрғандығын айттық. Айта кетерлік жайт, наркологиялық
диспансерлер мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың
басым бөлігі белгілі дәрежеде жүйке жүйесінің қызметі ауытқығандар.
Демек, депрессияның қауіптілігі біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Оның
үстіне, суицид деген қасірет адамзатты қынадай қыруда. Бұл қасіреттен
Қазақстан дүниежүзі бойынша алдыңғы орындардың қатарында тұр.
Өзөзіне қалай көмек көрсетуге болады?
Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты
өмір салтын ұстана білу маңызды. Күйзеліспен күрестегі басты қару –
кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды
бақылау.
Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте
сақтап, қолдану қажет.
Бірінші қағида: Барынша өзөзін сергіту. Дем алысыңызды
қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте
күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз
барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут
мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту,
себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қолаяқ ұштарындағы қан
айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал
етеді.
Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы
кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді ісқимыл сізді ашуланудан
арылтады.
Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада
керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы
сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңілкүйді
жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін
медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар.
Сондайақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды
тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен
қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне
қажетті екі минерал магний мен калий бар.
Төртінші қағида:сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен
ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы
тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді.Су процедураларын жағымды
музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж
жасату қажет.
Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал
мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл
көтеріп, осы көңілкүйде ұзаққа қалуға тырысыңыз. Бастысы — есте
сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек — өзөзін ұстау қажет. Мәселен
күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес, бұл қандай да бір жағдайға
қалай қарағанымыз.
Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны
пайдаланыңыз:
1. Өзөзіне гипноз жасау (бұл күйзелістен арылудың бірденбір тәсілі)
2. Аутогенді жаттығу
3. Жеке күнделік бастау
4. Медитация (бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)
5.
Йога – бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді
гармонияға келтіреді.
6. Дем алу жаттығулары
7. Ойындар (тек үстелдегі немесе компьютерді жай ойындар, азарттық
ойындар тек күйзелістен арылтып қана қоймай, кейде кедергі келтіруі
мүмкін)
8. Күлкі
9. Биологиялық кері байланыc
10. Музыкалық терапия
11. Жаяу серуендеу
12. Баубақшадағы жұмыс
13. Жақсы көретін музыканы тыңдау
14. Дұрыс тамақтану
15. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену
Алдынала ескерту! Күйзеліс жағдайлары жиі болған кезде
гипертонияны болдырмау үшін күні бойы күре тамырдағы қан қысымын
өлшеу қажет және егер ұзақ уақыт бойы күйзелісте болсаңыз маманға
жолығу керек.
Күйзеліс кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу
Күйзеліс кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу
Күйзеліс кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу
Күйзеліс кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.