«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»
Оценка 4.9

«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»

Оценка 4.9
Мероприятия
DOC
информатика +1
Взрослым
24.01.2018
«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»
КІРІСПЕ. Мен оқушыларға информатика пәнінен «БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКТЕР» үйірмесінде«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ» тақырыбында үйірме сабағын өттім. Үйірмеге 7,8,9 сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысты.. Тақырыпты «КОМПЬЮ – БУМ ШОУ» сайысы деп таңдағандағы мақсатым, оқушылардың информатика пәнінен және басқа да пән сабақтарынан білімдерін тексеру, алған білімдерін одан әрі дамыту, оқушыларды жылдамдыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу болатын.Сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөліп алып, үш топқа байланысты алдын-ала дайындалған слайд арқылы сабақты жүргіздім. Сабақтың соңында үш топтан «Интернет» тобының жинаған ұпайы жоғары ұпайға ие болып, алға шықты.сайыс
компью-бум шоу.DOC
КІРІСПЕ.     Мен оқушыларға информатика пәнінен «БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКТЕР» үйірмесінде«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»   тақырыбында үйірме сабағын өттім. Үйірмеге  7,8,9 сынып оқушыларынан 15  оқушы қатысты.. Тақырыпты «КОМПЬЮ –  БУМ ШОУ» сайысы деп таңдағандағы мақсатым,  оқушылардың информатика пәнінен және басқа да пән сабақтарынан  білімдерін тексеру, алған білімдерін одан әрі дамыту, оқушыларды жылдамдыққа, мәдени сөйлеуге  тәрбиелеу  болатын.Сабақ  барысында оқушыларды үш топқа бөліп алып,  үш топқа байланысты алдын­ала дайындалған слайд  арқылы сабақты жүргіздім. Сабақтың соңында үш топтан «Интернет» тобының жинаған ұпайы жоғары ұпайға ие болып, алға шықты.  Сабақтың тақырыбы: «КОМПЬЮ – БУМ ШОУ» сайысы! Сабақтың мақсаты:      1. Оқушылардың білімдерін дамыту.  2. Оқушылардың білімдерін қалыптастыру.  3. Жылдамдыққа, ұшқырлыққа, топпен жұмыс жасауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі:             дәстүрлі емес.  Сабақтың типі:            ойын сабақ.  Сабақтың әдістері:      түсіндіірмелі, сөздік, көрнекі.  Сабақтың көрнекіліктері: 1.Компьютер­1 2.Бейнепроектор – 1 3.Экран­ 1  4. POWERPOINT  бағдарламасы.  5. Слайд­ 1 Пәнаралық байланыс:  1. Сурет 2. Қазақ тілі 3. Тарих 4. Биология  5. География. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. 1.Информатика негіздері­2008 (І)                                                                                                     2. 7­информатика (Н.Ермеков,Н.Стифутина) 3. Мақал­мәтелдер жинағы 4. Дидактикалық материалдар жинағы 5. Информатикадан 30 сабақ оқулығы Күтілетін нәтиже: • • • Оқушылар қабілетіне қарай сапалы білім алады.  Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жүмыс істеп, алған білімдерін өмірде  кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.  Оқушылардың білімі, икемі, дағдысы ағымды және қорытынды бақылауға алынып, үнемі тексеріліп отырады.  Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды «Алгоритм», «Интернет», «Компьютер» деп үш топқа бөліп алу қажет.  1. Үш топ өздерінің қалағанындай етіп берілген тақырыптар бойынша өз топтарын қорғайды.  2. І. ТАРТЫС     ІІ. ЖЕТІ ЖҰМБАҚ     ІІІ. ШЕШЕНДІК ӨНЕР І. ТАРТЫС: пән бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. БИОЛОГИЯ: Метоздың фазаларын ата? ГЕОГРАФИЯ: Жапонияда Шығыс Астана деп қай қаланы айтады? ТАРИХ: Сақ тайпасының әйел патшасы кім? ІІ. ЖЕТІ ЖҰМБАҚ: төртбұрыштардың ішіне жеті сан жазылады, сол сандардың қайсысын таңдаса соның ішіндегі жұмбақтың  жауабын табу қажет. 1.Қаласы бар үйі жоқ.  Көлі бар суы жоқ,  Орманы бар талы жоқ. (Карта) 2. Өзі ащы, бірақ дәмді етеді асты. (Тұз) 3. Қазақша жыл басы. (Наурыз) 4. Есігі біреу, бөлмесі бесеу.  (Қолғап) 5. Мойны бар, басы жоқ,   Жеңі бар, қолы жоқ. (Көйлек) 6. Тығулы сағат,  Таппайды тағат. (Жүрек) 7. Еш тесікке тұрмайды,  Онсыз жер құрғайды. (Су) ІІІ. ШЕШЕНДІК ӨНЕР. Оқушыларға тосын сұрақтар қойылады, оқушылар сол сұрақтарға тез әрі көрнекі сөздермен, тіл  байлығын жеткізе түсіндіріп беру қажет.  1. Сен жалғыз өзің жолдан өтіп бара жатып  алдыңда есін білмейтін адамның жатқанын көрдің, сенің бірінші іс­әрекетің және ойың қандай болар еді? 2. Сен поездан түсетін уақытың жақындап қалғанын білмей ұйықтап қалыпсың. Поезд тоқтағанда ұйқыңнан ояндың, ал поезд жүріп кетті. Сенің іс­әрекетің және ойың қандай болар еді? 3. Бүгін биология сабағынан мектеп директорының орынбасары  сабаққа кіріп, оқушылардың сабаққа қалай дайындалып  келгенін тексеріп отыр, ал сен сабаққа дайын емессің, мұғалім сенен сабақ сұраған жағдайдағы сенің іс әрекетің қандай  болатын еді? Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы  №3 мектеп – интернатының  информатика пәні мұғалімі  Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы

«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»

«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»

«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»

«КОМПЬЮ – БУМ ШОУ»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.01.2018