Конспект по аппликацию на тему "Ойыншыктар" дошкольное образование

  • Занимательные материалы
  • docx
  • 04.04.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіріп, өздерінің білетін ойыншықтарын қайталату. Бүгінгі,оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысамыз,топта, үйлеріңде қандай ойыншықтар бар? Мәди сенің қандай ойыншығың бар? -Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе? Жақсы көретін ойыншығың қандай? (үлкен бе, кішкентай ма) Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? -Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе? Балалар ойыншықтарды лақтырмай,сындырмай, ұқыпты ойнау керек.
Иконка файла материала ойыншықтар .docx
Оқу қызметінің   кезеңдері Мотивациялық­ қозғаушы лық Ұйымдастырушылық­ ізденістік Рефлексия­лық түзетушілік Шағын топтағы ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық картасы Білім беру саласы:  Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі : аппликация  Тақырыбы: Ойыншықтар  Мақсаты: Ойыншықтар туралы білімдерін жетілдіру; Пирамида ойыншығына дәл ұқсатып, түрлі­ түсті, көлемі бойынша үлкеннен кішіге қарай орналастыртып желімдеуді үйрету. Қайшымен,  желіммен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Қол ұшын беруге ұмтылдырып, қонақжайлылыққа,  достастыққа тәрбиелеу.                         Тәрбиешінің іс­әрекеті Балалардың іс­әрекеті Қонаққа сынып қалған «пирамида» ойыншығын  алып келген қонжық келеді.  Дәл қолындағы  ойыншығын(игрушка) жасап беруді өтініп, көмек  сұрап келеді. ­Балалар, қонжықтың қолындағы не? ­Қалай аталады?  ­Бұл ойыншық неше бөліктен құралыпты? ­Олардың көлемдері қандай екен?  ­Пирамиданың бөлшектерінің түстері қандай? ­Өте жақсы балалар, пирамиданың бөлшектерін  жақсылап есімізге сақтап алайық. Сергіту сәті: Қолыңдағы қайшыны Қайшылама албаты, Ұстау керек жағымен Досыма беремін мен.    ­Алдымыздағы құралдарды қарап шығайықшы.  Олармен жұмыс істеу ережелерін есімізге түсіріп  алайық. Жұмыс кезеңдерін түсіндіру. Жұмыстың орындалу тәртібін тақтада жасап  көрсету. ­ алдымыздағы тіктөртбұрыштарды қағазымызға  бастырып алып, қиямыз. ­дайын бөлшектерді дәл пирамида ойыншығына  ұқсатып желімдейміз. Балалардың жұмыс істеу әрекеттерін бағылау.  Үлгерімі нашар балаларға көмектесу. Таза,  ұқыпты, тиянақты жұмыстарды үлгі етіп көрсету.  ­Жұмысымызды аяқтаған соң, жұмыс орнымызды  жинақтаймыз.  ­Балалар, жұмыстарың тамаша, қонағымыз сондай қуанышты. Сендердің жасап берген  ойыншықтарыңды өзінің достарына да алып  кетпекші.  Қонжық барлық жұмысты жинап алып, рахметін  айтып, қоштасады. ­Балалар, ойыншық жасау біздің де қолымыздан  келеді екен. Жарайсыңдар! Үйден осы ойыншықты жасап көрулеріңе болады.    Күтілетін нәтиже:  Қонақпен амандасады. Қонжыққа көмектесуге  келіседі. ­ойыншық   ­пирамида ­ойыншық 4 тіктөртбұрышты бөліктерден құралыпты. ­Қызыл­красный, сары­ желтый, жасыл­зеленный,  көк­синий түстері бар.   ­Қайшының ұстайтын  жағынан ғана ұстау қажет.  Желімді түбінен бұрау  арқылы шығарып, жұмыс  соңында ішіне кіргізу  керек.     Мұқият тыңдап, естеріне  сақтайды. Жұмысты рет­ретімен  орындайды. Желімнің қақпағын жауып,  қағаз қалдықтарын  жинақтайды. Қайшыны  үстелдің оң жақ бұрышына  жинап қояды. Тақтаға жұмыстарын  орналастырады. Ойынщықты қонжыққа  сыйлайды. Қонақпен  қоштасады. Үйде пирамида ойыншығын  жасап көруге сөз береді.Біледі: Түрлі­түсті қағаздардан, көлемі бойынша үлкеннен кішіге қарай орналастырып пирамида  ойыншығын жасауды. Игереді: Тиянақты желімдеуді, қайшымен жұмыс істеуді Меңгереді: Қол ұшын беруді, қонақжайлылықты, достастықты