«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»
Оценка 4.6

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

Оценка 4.6
Образовательные программы
docx
родителям
5 кл—7 кл
14.09.2017
«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді. Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» (2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді__жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру; 2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру; 3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру; 4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру; 5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру; 6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру; 7. Объективті, үздіксіз және нақты: - білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; - мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; - ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы; ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады: Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе əрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама. Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент. Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі. Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау . Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білімалушылар мен ата- аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды. Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады. Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады. Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет. Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Тоқсандық жиынтық бағалаудың балы Тоқсандық баға Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады. Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды. Жылдық баға Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады. Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды. Мұғалімнің бағалауы Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты. Өзін-өзі бағалау Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Өзара бағалау Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы. Кері байланыс беру Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі; • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы; • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі; • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету,келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары Мұғалім • Білім алушы оқытудың қай сатысында?• Олар білім алуда неге талпынады? • Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? Білім алушы • Мен оқытудың қай сатысында тұрмын? • Нәтижеге қалай қол жеткіземін? • Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет? Жиынтық бағалау үдерісі Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі, орта, жалпы орта) жүргізіледі. БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеужурналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері «2-ден» «5-ке»дейінгі бірыңғай баға шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді. Қортындылай келе сабаққа күнделікті критерий кұрып ,онымен оқушылар таныстырып отырсақ ,олар өздерін бағалауды үйренеді.Және заман талабына лайықты тұлға болып қалыптасады.
критериалды бағалау.docx
№30 орта жалпы  білім  беретін  мектеп «Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі» Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді. Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» (2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай­ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей  міндеттерді__жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру; 2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру; 3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру; 4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру; 5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру; 6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру; 7. Объективті, үздіксіз және нақты: ­ білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; ­ мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; ­ ата­аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;   ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады: Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе  рекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін­өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама. Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент. Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар. ə Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі. Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.                             КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау . Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білімалушылар мен ата­ аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу  жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды. Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия  оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады. Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс­әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады. Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым­қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет. Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек                         Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін­өзі бағалау және өзара бағалау.                                        Тоқсандық жиынтық бағалаудың балы Тоқсандық баға Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады.  Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды. Жылдық баға Балдарды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады. Білім алушылар 50% тоқсандық бағаны бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды. Мұғалімнің бағалауы Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты. Өзін­өзі бағалау Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін­өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін­өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін­өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.                                               Өзара бағалау Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір­біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.                          Кері байланыс беру Кері байланыс сабақтың  р кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара  рекет етуін жүзеге асыруға, н тижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты  рі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: • білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі; ə ə ə ə • тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы; • білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі; • кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету,келемеждеуге қатысты,  мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.                  Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары Мұғалім                                                                                                            • Білім алушы оқытудың қай сатысында?• Олар білім алуда неге талпынады? • Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?                                                       Білім алушы • Мен оқытудың қай сатысында  тұрмын? • Нәтижеге қалай қол жеткіземін? • Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?  Жиынтық бағалау үдерісі Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын  меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу  бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын  көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан   барысында  (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан  соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда  (негізгі,  орта,  жалпы орта) жүргізіледі.                                                                   БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық  жиынтық  бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеужурналында  тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық  журналда  автоматты түрде жүзеге асырылады. Білім алушылардың бөлім/ортақ  тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою  электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін  қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді. Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата­аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі. Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері «2­ден» «5­ке»дейінгі  бірыңғай баға шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын,  салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін  қамтамасыз етеді. Қортындылай келе сабаққа күнделікті критерий кұрып ,онымен оқушылар  таныстырып отырсақ ,олар өздерін бағалауды үйренеді.Және заман талабына  лайықты тұлға болып қалыптасады.

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»

«Критериалды бағалау –сапалы оқу кепілі»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.09.2017