Күркіріп күндей өтті бұл соғыс
Оценка 4.6

Күркіріп күндей өтті бұл соғыс

Оценка 4.6
Лекции
docx
история
1 кл—11 кл
29.11.2020
Күркіріп күндей өтті бұл соғыс
Ұлы отан соғысына 75 жыл
Күркіреп күндей өтті ғой бұл соғыс.docx

 

«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс»

 

 Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғалар аз емес. Мысалы, Хиуаз Доспанова кейінгі буын өкілдері білген жоқ қой. Қазір еліміздегі ең жоғарғы награда «Халық қаһарманы» атағының иегері. Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан қыздарымыз қаншама?... Оны ашып анықтау белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет – əр кезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы  ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Осыларды көре отырып, бар ғұмырын Отан үшін сарп еткендерге Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алуына аз да болса үлес қосу.       

Ел шетiне жау тиiп, халық өмiрiнiң қаймағы бұзылса, ер азамат жай жата алар ма? Кешегi өткен Ұлы Отан соғысы ердiң ерлiгiн, қыздың өрлiгiн сынаған, өткiрлеп қайрап қаһарлы күшке айналдырған зор майдан болып едi. Ер етiгiмен су кешiп қана қойған жоқ. Ер толарсақтан саз кештi, саз аралас қан кештi, шыбын жанын пида еттi. Өйткенi, бiр ғана Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың өзi қаншама ұрпақты қайғы-қасiретке душар еттi. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзiм болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзiнiң ауқымы мен қилы-қилы оқиғалары жағынан тұтас бiр дәуiрге тең. Өйткенi, бұл соғыс сан миллион адамдардың өмiрiн қиған, жер бетiнде бұрын-соңды болмаған ең зардапты, әрi қантөгiстi зор соғыстың бiрi болған едi.

Қазақстан соғысқа 1 млн.366 мың адамды аттандырып, Отан қорғауға 5183 қазақтың қыз-келiншектерi қатысыпты. Осы орайда республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екi артиллериялық, 4 минометтiк, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальондар құрылып, майданға жiберiлген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601 мың 815 адамын қалдырып, елге оралған. Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды.

Қазақстандық әйелдер соғыстың салмағын өзгелермен бiрдей көтердi, зардабын бiрдей тартты, азабын бiрдей арқалады. "Қырман басып, егiн сап, арба айдаған" тылдағы әйел басқа түскен қиындыққа мойымай, ер-азаматтың орнын жоқтатпады. Соғыс – қыршын боздақтардың қыршын ғұмырымен бiрге түтiнiн өшiрмеген әйелдердiң, жесiрлердiң де арман-жастығы, көз жасы...

Қарулы күштердiң қатарында Кеңес әйелдерi де жаумен шайқасты. Соғыстың соңғы бiр сәтiнде Кеңес Армиясында 330 мыңнан астам әйел жауынгерлер болды. Олар самолетпен аспанда самғады, танк жүргiздi, барлауға барып, ұрыс даласында мергендiк көрсеттi. Атқыш мергендер мектебiн бiтiрген әйелдер 12 мыңнан астам жауды жермен жексен еттi. Майдандағы дәрiгерлердiң 41 пайызы, фельдшерлердiң 43 пайызы, медбикелердiң 100 пайызы әйелдер болатын. Ұлы Отан соғысында 100 мыңнан астам әйелдер ордендермен, медальдармен марапатталған. 92 әйел Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi. Аяғына солдат етiгiн киiп, Мәскеуден Берлинге дейiн шеру тартты. Рейхстагта желбiреген Қызыл туда қазақ әйелдерiнiң де даңқ жолы, ерлiк дастаны бар. Оны бiр мақала түгiл, бiр кiтапқа да сыйғызу мүмкiн емес.

Өздерiнiң нәп-нәзiк қолдарымен жаралы жауынгерлердi от-жалынның арасынан алып шыққан, ең соңғы бiр тамшы суын, бiр шөкiм тұзын жауынгер достарының аузына тосқан, белiне граната байлап жау танкiсiнiң астына түскен, фашист эшелондарын құлатып, балаларды аман алып қалған, кейде тiптi ерлердiң өзiн де ұрысқа бастап алып шыққан от жүрек жандарға бас иесiң..                                       

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан әйелдерiн майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрiнен кездестiруге болатын-ды. Олардан ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты. Айталық, штурман, гвардия лейтенанты Хиуаз Доспанова, ұшақтың механигi Дәмелi Жәкеева, зениттi артиллерия расчетiнiң командирi Ақлима Ақжолова, танкистер Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмила Талқанбаева, пулеметшi Жәмилә Бейсенбаева, "Қызыл әскер ақиқаты" атты майдан газетiнiң қызметкерi Рахима Жанбекова, зенитшi Ажар Оразғалиева, десантшылар Рәзия Сыздықова мен Қалзия Асанова, барлаушы Жәмилә Сәлiмова, гвардиялық атқыштар дивизиясының сержанты Шағила Құсанова, әуе бақылаушылары Раушан Мазитова, Нұрғайын Хамитова, Бибiнұр Тынысбекова, майдан дәрiгерлерi Мәрия Сырлыбаева, Роза Момынова, Рәпия Мақашева, Мархаба Түкiбаева, Гүләндә Түсiпжанова, майдандық медбикелер Сағындық Шынәлиева, Сара Сартбаева, Әмина Орынбасарова, Қызыл Крест Комитетiнiң "Флоренс Найтингейл" медалiмен мараптталған лейтенант Рәзия Ысқақова, байланысшы Раиса Абдуллина, авиамоторшы Әқима Ақжолова, I және II дәрежелi Даңқ орденiнiң иегерi зеңбiрекшi Қалзия Асанова, аспазшы, сержант Шәмшiбану Әмiрова, радист Шекер Ботаханова, зенитшi Қантай Елубаева, барлаушы Рахила Ералина, байланысшы Алтынай Есболатова, әуе механигi, ұлы Абайдың шөбересi Ишағы Жағыпарова, зенитшi Ажар Оразғалиева, жау ұшақтарының "тамыршысы" аға сержант Роза Шамжанова, Мәскеу қаласындағы Бас поштаның әскери цензурасының Кеңес Армиясындағы түркi тiлдес халықтар жауынгерлерiнiң хаттарын тексерушi (цензор) болған Халима Өзбақанова (соғыстан кейiн майдангер, Қазақстанның халық жазушысы Әзiлхан Нұршайықовқа тұрмысқа шыққан), Сталинградтағы талқандалған трактор зауытын қысқа мерзiмде танк жөндеуге қайта жабдықтап, майданға танктер жөнелтуге атсалысқан он бiр қазақ қыздарының бiрi Жұмакүл Оңғарова, тағы-тағы сол сияқты көптеген қаһарман қазақ қыздары Отан үшiн жанқиярлықпен шайқасты.

Халқымыздың осылардай қаһарман қыздарының ерлiк iстерiн толық баяндау түгiл, есiмдерiн түгел атап шығудың өзi, әлбетте, мүмкiн емес. Олар жүздеп, мыңдап саналады. Отан үшiн ұлы шайқасқа қатысқан кеңес әйелдерiнiң, соның iшiнде қазақ қыздарының да, рухани ғажайып күштiлiгiн, мызғымас табандылығы мен ер жүрек батылдығын айқын көрсетедi. Олардың сәулеттi болашақ үшiн күресте көрсеткен ерлiгi мен жанқиярлығы соңғы ұрпақтарға тамаша үлгi болып қала бермек.

Адамзат ауызбен айтып жеткiзу қиын алапат қырғынға ұшыратқан екiншi дүниежүзiлiк соғыс салған жарақат пен қайғы-қасiрет, Отан үшiн құрбан болған асыл ер азамат, ұл мен қыз ерлiгi мәңгiлiкке ұмытылмақ емес. Олардың ерлiк шежiресi ұрпақтан-ұрпаққа асылдардың асылындай сақталады.


Мен туған жерімізде осындай батыр рухты қазақ қыздарының бар болғанын мақтан етемін.   Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген жас қыздар ел басына күн туғанда ерліетің небір ерен үлгілерін көрсетті.

Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған әйел қауымының ар-намысы, биік мұнарасы.

СОҒЫС және АНА. Бұл екі сөздің мағынасы мүлдем қарама-қайшы. Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр-қайратының мән-маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауыртпалығын мойымай арқалағандарының әрқайсысы теңдесі жоқ ерлік. Отты жылдардағы жауынгер әйелдер, бүгінде қартаң тартқан әжелер. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді.

        Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі  сақталып дастандай жалғаса береді.


 

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс»

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс»

Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды

Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды

Ақжолова, I және II дәрежелi Даңқ орденiнiң иегерi зеңбiрекшi Қалзия

Ақжолова, I және II дәрежелi Даңқ орденiнiң иегерi зеңбiрекшi Қалзия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020