Көрнекіліктер
Оценка 4.9

Көрнекіліктер

Оценка 4.9
Научно-исследовательская работа
docx
чтение
8 кл
04.05.2017
Көрнекіліктер
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмайтын жағдайда да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы да бүтіндей көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың өздері жасауға да болады.
көрнекіліктер.docx
Ақтоғай ауданы Агрономия орта мектебі (оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептер үшін) 5­9­сыныптар                                                      қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Құрастырушы:Байманова Жадыра Қасенқызы 2016 Кіріспе Көрнекі   құрал   білім  сапасының  кепілі.   Осыны   ерте   түсінген   шығармашыл ұстаздар  өзінің   әрбір   сабағында   көрнекілікті  орынды  пайдаланып,  сапалы   білім беруге   ат салысады. Шәкірттің  жақсы   болуы   ­   ұстаздың   айтқан  сөзіне   ғана   емес,   көрсеткен үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады. Ұстаз­бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық. Әр   сабақта  сапалы,  тиянақты   білім   беру   үшін,  әсіресе  көрнекілік   принципі басты роль атқарады. К.Д. Ушинский: «Көрнекілік оқыту кезінде затпен таныстыру, заңын   өзі   үшін  екінші   дәрежелі;   көрнекілік  оқытудың   ең   негізгі   мақсаты­ байқағыштыққа,  логикалық   түйінділікке  және   өзінің   көргендерін  сөзбен   дұрыс жеткізуге, бұлардан логикалық қорытынды шығаруға жаттықтыру1»,­деп айтты.[1.25] Көрнекіліктің  ғылыми  негізі И.П.Павловтың жоғары  дәрежелі  нерв  қызметі  туралы ілімі негізінде психология ғылымында түбегейлі   зерттелді. Оқыту   жүйесінде   Я.А.Каменский   көрнекілік   принципін  оқу   материалын меңгерту   құралы   ретінде   қарастырып,  дидактиканың  алтын   ережесі   деп   атаған. Оқушылардың  дүниетанымы  негізінде көрнекілік   арқылы   жүзеге  асырылады,  олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Көрнекілікті   қолдануда   негізгі   мақсат   –   оқушылардың   қазақ   тілінен   алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.  Көрнекілік ­ көрсету мақсатында  емес,   логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар  заттарды көзімен   көрумен  қатар, қолымен ұстап, түр­түсін байқап, өзінің қажетіне   жаратады. Балалар қазақ тілін қуана үйрену үшін көрнекіліктерді түрлендіріп колдану қажет. Біріншіден: балалардың қазақ тіліне деген ықыласын қалыптастыру және осы тілде сөйлеп үйренуге қызықтыру үшін.  да   көрнекіліктер   қолданылады.  Көрнекіліктер   Екіншіден: балалардың білімін жоғары деңгейге арттыру үшін Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге          болмайтын жағдайда    оқушының құбылыстарды   байқауға,   қабылдауға   деген  ынтасын  оятып,  ізденіс   дағдыларын қалыптастырады.   Көрнекілік   бақылауға,   білуге,   салыстыру,   қатар   қоя   білуге, абстракты   ұғымдарды   дамытып,  жетілдіруге  жол   ашады.   Көрнекілікті   оқытудың белгілі  мақсатына  сай   қолдану   барысында   алғаш  оны  бүтіндей,  кейін    бас   және қосалқы бөлшектерін,  соңында   тағы   да  бүтіндей көрсетуге  болады.  Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың  өздері   жасауға да  болады.       Көрнекіліктердің  түрлері. Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет сабағында көрнекіліктерді  пайдаланудың   маңызы. Жазба, сызба көрнекіліктерді пайдалану. Орыс   сыныптарында   қазақ   тілі   мен   әдебиет  сабағында  көрнекіліктерді пайдалану   грамматикалық  ұғымдарды   немесе   ережелерді  түсіндіруге   көмектесіп қана   қоймай,  сондай­ақ,   оқушылардың   пікір   алысуына  да   мүмкіндік   туғызады. Көрнекі   құрал  мұғалімнің   сабақта  өткен   материалдарды  қайталау,   жаңа материалдарды түсіндіру,бекіту мақсаттарында қолданылуы  мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып, пайдалану қажет. Жазба  көрнекіліктер деп бір қағазға  жазылған   түрлі көрнекіліктерді айтамыз. Олар:  сызба (схема, таблица),  кеспе (карточка)  грамматикалық  материалдар  үшін және өзге ұлт өкілдеріне ауызекі сөйлеу тілін дамытуға көбірек қолданылады. Сызба көрнекіліктер қабырғаға ілінеді. Көлемі жағынан  түрліше болып келеді. Кейде үлкен плакат   көлемінде,   кейде   оның  жартысындай   болуы   мүмкін.   Сызба   көрнекіліктер қолдану   мерзіміне   қарай   екі   түрлі   болып   келеді.1)Ұзақ  уақыт   қолданылытын көрнекіліктер.2)Бір сабақта қолданылатын көрнекіліктер. Бұл көрнекіліктерді жаңа сабақ өткенде әр тақырыпқа байланысты пайдаланған өте тиімді. Оқушылар жаңа сабақты  теория жүзінде  емес, практика жүзінде көзбен көріп, өтілген сабақты ауызша оны қайталағаннан гөрі, көздерімен көріп, ұққандары тез есте  қалады. Жаңа  сабақты өткенде көрнекілік арқылы жаңа сабақты тез ұғып, тез меңгереді. Қазақ тілінің заңдылықтары күнде ауысып отырмайды, сондықтан бұл көрнекіліктерді  жылда   керек   кезінде  көрсетуге  болады.   Яғни,   ұзақ   уақыт қолданылатын   көрнекіліктерге   жатқызуғаболады.  Сызба  көрнекіліктер   әр   сабақ сайын қолданылады.  Бір ғана сабақта қолданылатын сызба көрнекіліктер де өте жиі пайдаланылады. Ол таныс  емес  материалдарды нақты түсіндіруге, меңгертуге өте ыңғайлы.  фонетикалық,   орфографиялық, Мұндай сызба көрнекіліктер қазақ  тілі  бойынша  мазмұнына қарай лексикалық, морфологиялық,  орфоэпиялық,   синтаксистік, пунктуациялық  болып   бөлінеді.   Ал   қолданылуы   жағынан  салыстырмалы,  сөзді көрсету, анықтау болып бөлінсе, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып келеді.  мағынасын   түсіндіруге,   оқушының   сөздік   қорын дамытуға,   лексикадан   ауызша   және   жазбаша   жаттығу   жұмыстарын   жүргізу   үшін қолданылады. Лексикалық     сызба   сөздің             Орыс сыныптарына қазақ тілінен күнделікті қолдануға жазба   көрнекілік ретінде төмендегі сызбаны іліп қоюға болады. Плакат ретінде және тағы басқадай етіп қолдануға болады.Күнделікті қолданса, баланың көз алдына сол плакаттағы сөз келеді. Яғни, қазақ тілі сабағында оқушы не істеу керек деген сұраққа жауап бере алады.   Осы   жерде   біз   оқушының   сұрақ­жауап   әдісі   арқылы   ауызекі   сөйлеу   тілін дамытамыз. Қазақ тілі сабағында Тыңдаймыз- Оқимыз- Жазамыз- Тілдесеміз- Сөйлейміз- Қазақ   тілінен   жоғарыда   берілген   көрнекіліктің   бұл   түрі   оқушыларды сөйлетуге, қойған сұраққа жауап алуға өте ыңғайлы. 5­7­сыныптарға күнделікті қолданса,   оқушының   көзі   үйренісіп   қалады.  Оқушылар   өз­өздеріне   есеп   бере алады және нені үйренгендерін ортаға салады. Қазақ тілі пәні бойынша  жасалған бірнеше көрнекілікті мысалға келтірейік. Бұл көрнекіліктер грамматиканы меңгертуге арналған. Плакат түрінде істеуге болады.   Оқушы   плакатты   көргенде   қызығушылығы   оянатындай   жасау   керек. Мысалы,   5­сыныпта   Зат   есімнің   ережесімен   таныстыру   үшін   мынадай   жазба көрнекілікті қолданамыз. ЗАТ ЕСІМ Заттың атын білдіретін  сөзді зат есім дейміз. Сұрағы: кім? не? кімдер? нелер? Мысалы: ата, суретші, Мансұр Сондай­ақ   грамматиканы   меңгертуге   бірнеше   сызба   және   жазба көрнекіліктердің үлгісін жасадым. СӨЗЖАСАМ Тап (етістік)+ыс=табыс (зат есім) Табыс (зат есім)+кер= табыскер (сын есім) Шық (етістік)+ын= шығын (зат есім) Кір (етістік)+іс= кіріс (зат есім) Синонимдік  қатар Оқушы,  шәкірт Аспан,көк, әуе Синонимдер Мысалдар Сағила – Жақыпбектің оқушыларға үлгі ететін адамдарының бірі еді.(М.И.) Мен  оны не алтыншы, не жетінші класта  оқитын шәкірт бола ма деп жобаладым.  (З.Ш.) Кешке қарай аспанды бүркеп алатын күздің сұр бұлтты ол түні        жоқ еді.(С.М) Көктегі күн жер үстін  қарық қылып түр.(С.С) Әуе кемесі  дегеніміз — аспанға ұшатын аэроплан.  (С.С.) Қай сөз табы, сұраулары Зат есім. Кім? Зат есім. Не? Сөздің тура және ауыспалы мағыналары Сөздің тура мағынасы Сөздің ауыспалы  мағынасы Ауыспалы мағынада қолданылған сөздің мәні 3 Туған жер, Отан  асыл. Берік, мықты. 2 Ел іші – алтын бесік (мақал).  Амантай қазақ еңбекші  бұқарасының ішінен шыққан  құрыш болат еді. Мына топта Гроза жүргізген  саяси үгітті одан терең ұққан кісі жоқ тәрізді. (С.М.) 1 Кішкентай Самат бесікте  ұйықтап жатыр. Машина  бөлшектері, трубалар, әр  түрлі аспаптар болаттан  тжасалады. (Химия  оқулығынан)  Су қазған арықтың терең  арнасы бойларынан келеді. (С.Сарғ.) Қатты жерге қазық қағу да күшпен келеді ғой. (С.С.) Антоним сөздер Антонимдер Қай сөз табы, сұраулары Мысалдар Жаз­қыс, қуаныш­қайғы,  дос­қас Не? Кім? Зат есім. Ботагөздің басында қайғы  мен қуаныш бірдей түйісті.  (С.М.) Жаңа­ескі, ауыр­жеңл,  үлкен­кіші, ақ­қара. Қандай? Сын есім Ескі дүние тозды, жаңа  дүние озды.  Алу­беру, жану­сөну Не істеу? Етістік  Ерте­кеш, жоғары­төмен  Қашан? Қайда? Үстеу  Туылғаныңа сен қуансаң,  бергеніме  мен қуанамын.  (Ғ.М) Игіліктің ерте кеші жоқ.  (мақал) 7­сыныпта   «Тәрбие   отбасынан   басталады»   модулі   боынша   төмендегі кесте бойынша сабақтың тақырыбын ашып алуға қолайлы.Мақал­мәтелдердің аудармасын   тауып,   мағыналарын   түсіндіру   арқылы.Осы   жерде   құрмалас сөйлемдерді теріп жазу. Қазақ тілінде Қыз – қонақ. Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін. Бес саусақ бірдей емес. Ата –бәйтерек. Бала –жапырақ Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Орыс тілінде   так Как   отблагодаришь   отца, отблагодарят дети тебя. Пять   пальцев   на   одной   руке,   и   все разные. Отец   –   дерево   могучее,   дети   –   его листья. Пока   живы   знавшие   отца,   жива   и память о нем. Дочь – гостья в доме Плакатқа «Есте сақтаңыз!» деген сөзді жазып, плакат түрінде іліп қою. Қыстырм а сөздер • дегенмен, менің ойымша, біріншіден, екіншіден Көптік жалғау • -лар,-лер,- дар,дер • -тар,-тер 9­сыныпта грамматикаға байланысты «Рай категориясы» берілген, соған төмендегідей көрнекілікті көрсетуге болады. Рай категориясы Ашық рай (осы, келер, өткен шақ) Қалау рай -ғы,-гі,-қы,-кі +Т.Ж.+кел барғым келеді Шартты рай -са,-се + Ж.Ж.1/2ж Бұйрық рай Тапсырма немесе сұраққа жауап алу тұрғысынан да, жоғарыда көрсетілген сызбалар сияқты дүниелерді жасау қолайлы. 5­сыныпта   «Отбасы   мүшелері»   деген   тақырыпқа   байланысты:   «әкенің қандай қасиеттері болуы керек деп ойлайсыздар?» деген сұраққа оқушы жауап іздейді.  Қыстырма сөздерКөптік жалғауРай категориясыАшық рай(осы, келер, өткен шақ)Қалау рай-ғы,-гі,-қы,-кі +Т.Ж.+келбарғым келедіШартты рай-са,-се + Ж.Ж.1/2жБұйрық рай Тірек   сызбалар   бойынша   сөйлемдер   құрату   және   сол   сөздерді   сөз құрамына   талдатып,   сөз   таптарын   еске   түсіруге   және   тағы   басқа   құнды дүниелерді жасау ұстаз шеберлігіне байланысты. Ақылды Жақсы Әке Қамқоршы Сыйлы                                                 Зат есім + жатыс септік + зат есім (не?) + етістік Зат есім + барыс септік + етістік Қазақ әдебиет сабақтарында да жазба, сызба көрнекіліктерін  молынан қолдану   тиімді.   Ақын­жазушылардың   өмірі,   шығармашылығы   жайында деректер   беруге   немесе   сызбаларды   толтыру   арқылы   оқушыларды   өз беттерінше іздендіруге талпындырады. 5­сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерін таныстыру мақсатында төмендегідей сызбаны ұсынуға болады: Ауыз әдеби еті түрлер і       Шоқан Уәлиханов өмірі туралы мәлімет жинап, сызбаны толтыр. Ауыз әдебиеті түрлері Шоқан 7­сыныпта «Жыраулар поэзиясы» берілген. Сол тақырыпқа байланысты төмендегі сызбаны пайдаланамыз. туған елі, оған деген сүйіспеншілігі Жыраулар шығармаларының өзекті тақырыптары елдің бірлігі, бүтіндігі 7­сыныпта   Дулат   Бабатайұлының  «О,  Ақтан   жаса,  Ақтан   жас»  өлеңі бойынша «Пікірлер ағашын толтыр»: ШоқанЖыраулар шығармаларының өзекті тақырыптарытуған елі, оған деген сүйіспеншілігіелдің бірлігі, бүтіндігі Дәл осы сыныпта Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңіне сүйене отырып сызбаны толтырту. ЖАҚСЫ АДАМ ЖАМАН  АДАМ Абай Құнанбаев барлық сыныптарда берілген. Бұл кісі жайында білмеу ол   өте   ұят   нәрсе.   Сондықтан   әр   сыныпта   күн   шұғыласын   толтыру   артық болмас. Аба й С.Торайғыров   жайында   7­8­сыныптарда   берілген.   8­сыныпта   өтпес бұрын, 7­сыныпта алған білімдерін сызбаны толтыру арқылы тексеріп алуға өте жақсы. Оқушының ойында не барын біліп аламыз. Сұлтанмахмұ т 1893-1920 жж Ақмола облысының Қызылту ауданында туған Поэмалары: "Кедей", "Адасқан өмір", "Айтыс" Өлеңдері: "Дін", "Шығамын тірі болсам адам болып" Мағжан өмірі туралы мәліметтерді теріп, сызбаны толтыр. Бұлай алуымыздың себебі,   8,9­сыныпта   өтетін   болсақ,   төменгі   сыныптарда   Мағжан   Жұмабаев таныс болдық. Сол себептен осындай тапсырма берсек өте жақсы.  1893- 1938 Алғашқы кітабы "Өзек" Өлеңдері 14 жасынан бастап жарық көре бастады 1912 ж "Шолпан" жинағы шықты, 1922 ж "Батыр Баян" поэмасы "Сана" журналында жарияланды Мағжан Жұмабайұлы 4.   Абай   мен   Жамбыл   туралы   9­сынып   оқушыларыңа   ақпарат толтырыңдар. СұлтанмахмұтӨлеңдері: "Дін","Шығамын тірі болсам адам болып"1893-1938Алғашқы кітабы "Өзек"Өлеңдері 14 жасынан бастап жарық көре бастады1912 ж "Шолпан" жинағы шықты, 1922 ж "Батыр Баян" поэмасы "Сана" журналында жарияландыМағжан Жұмабайұлы Қ а з а қ т і л і с а б а Сызба,   жазба  көрнекіліктері   қазақ   тілі   мен   әдебиет   сабағының   қай кезеңінде   болмасын   қолдану   өте   тиімді.   Оқушылар   көрнекіліктер   арқылы білімдерін толықтырады, көзбен көріп, есте сақтау қабілеттері дамиды. Көрнекіліктерді жасау кезіңде эстетикалық тұрғысынан көп көңіл бөлу керек, өйткені біз оқушылардың бойына көрнекіліктер арқылы адамгершілік, сұлулық қасиеттерді дарытамыз.  Кеспе және перфокарта көрнекіліктер түрін қазақ тілі мен әдебиет сабағында пайдалану. Жазба көрнекіліктердің түрі ­ кеспе  көрнекіліктері.  Бұл көрнекіліктер сабақта   жиі   қолданылады, оны   пайдалану   өте ұтымды. Қазақ   мектебіне   арналған   тұңғыш  әліппеде   А.Байтұрсынов  кеспе көрнекіліктің   талай  үлгісін  берген.  Заманның  ағымына   қарай   кейінгі   кезде кеспе  көрнекіліктер   сабақта   күнделікті  қолданылып   отырады.Үлестірмелі кеспе   әр  оқушының  ерекшелігіне   қарай   жеке   жұмыс   жүргізуіне   өте ыңғайлы.Үлестірмелі   кеспедегі   тапсырмалар   қарапайым,   орта,   жоғары деңгейге сай жасалуы керек. Өйткені сыныптағы оқушылардың білім деңгейі әр   түрлі   болып   келеді.Үлестірмелі   кеспе  өтіліп   жатқан   материалдың мазмұнына қарай, әр сабақта пайдаланылады.   Бұл үлестірмелі кеспе оқушылардың сабаққа  деген ынтасын  арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Жаңа сабақты өткенде ғана қолданып қоймайды, әр кезеңінде де қолайлы. Қазақ   тілінен   5­9­сыныптарына   төмендегідей   үлестірмелі   кеспелерді жасап оқушыларға таратып беруге өте ыңғайлы. 1­кеспе 1. Жүрегі алып ұшты қобалжыды. 2. Төбесі көкке жетті ­... 3.  Бармағын тістеді.­... 4.  Жермен жексен етті.­... 5.  Қол ұшын берді. ­... Бұл  кеспе  арқылы оқушы тұрақты  тіркестің беретін мағынасын  өздері тауып дәптерлеріне жауабын жазады. Синоним сөздерді топтап жаз: Нөсер,   уәде,   көрікті,   ұстаз,   әдемі,   жәрдем,   сөз   беру,   қатты 2­ кеспе жаңбыр, көмек, мұғалім. 3 ­кеспе Сөздерден дұрыс сөйлем құрастыр: Сынып, біздің, мынау Оқушы, 25, бар, сыныпта Үстінде, жатыр, дәптер, оқулық, үстелдің, қалам, күнделік Алдында, үстел, тұр, терезенің Отырамын, бесінші, қатарда, екінші, партада, мен Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып жаз: 4 ­ кеспе Наша школа. Школа наша. Моя школа маленькая. Маленькая школа моя. Мой дом. Дом мой. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы  мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар. Терең сай, терең білім, терең адам, терең құдық, терең су, терең  сезім. 5­кеспе 6­кеспе Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөз тіркестерін  Асыл ... . Қара ... . Кең ... . Қысқа ... . Сұрғылт ... . Сары ... . Қалың ... толықтырып жазыңдар. Терең ... . Тіл туралы мақал­мәтелдерді жатқа жазу. 7­кеспе 8­кеспе Сөйлемнің баяндауышын тауып жазыңыз. Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос­қостан ... . Сыртта тұрып,  сыбызғының үніндей сыңғырлаған аққулар дыбысын ... . Тобымен орман  ішіне ... . Таңертең ерте оянып, тысқа ... . Шығыс жақ қызыл шапақ шашып  тұр. Сүрлеумен өзенге қарай ... . Кеше кешкісін қармақ құрып кеткенбіз.  Келсем, жағада бір аққу қанатымен су сабалап, ұша ... . Қармақ аяғына  кіріп кетіпті. Қажетті сөздер: Шықтым, қонды, тыңдадым, алмай жүр,  жүгірдім, ұшып келеді. Бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына тиісті  9­кеспе тыныс белгісін қойыңдар. Ғаламның шырағы күн, адамның шырағы білім. Білімі бар, білігі  жоқ. Көркем сөз көрікті ойдың жемісі. Сөз тасқыны толастар емес.  Жақсының соңынан сөз ереді. Төмендегі сөздермен жақсыз, толымсыз сөйлемдер құрастырыңдар. Кәсіпкер, дұрыс, қаржы 10­кеспе Одағайларды тауып, орыс тіліне аударыңдар. Әй, анау кім? ПаҺ, Неткен дауыс! Уһ! Неткен ыстық! Алақай! Біз  11­кеспе киноға баратын болдық. Қап, трамвай кетіп қалды­ау! Ойпырмай, күннің  суығын­ай! Төменде берілген етістіктерден тұйық етістік формасын жасаңдар. Кеңесті,   бастады,   сыйлайсың,   көреді,   таптайсың,   дайындады, 12­кеспе құттықтаймын, жапсырды, әдеміледі, қойылды, сүйді. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз. Рауза   сәнді   куртка...   ұнатады.   Саят   әдемі   галстук...   ұнатады. 13­кеспе Санат қысқа тон... ұнатады. 14­кеспе Сөйлем құраңыз. А) мамандығым, хирург, менің Ә) жұмыс, бос орны, бізде. Бар Б) хабарландыру, бойынша, келдім, мен В) несие, қажет, маған 15­кеспе Көп нүктенің орнына «ү» немесе «і» әріптерін қойыңыз. Т...ск..., д...йсенбі, сәрсенб..., кезект..., ...з...л...с..., ...ссапар Қазіргі заманда орыс сыныптарында әдебиетті оқыту өзекті мәселе. Оны түрлендіріп   оқыту   керек   деп   ойлаймын.   Түрлендіріп   оқыту   ұстаздың шеберлігіне байланысты болып келеді. Сондықтан қазақ әдебиеті сабағынан төмендегідей кеспелерді ұсынуға болады. Төрт түлік малға жататындарды атап беріңіз. 1­кеспе Ауыз әдебиеті түрлерін толықтырып айтып беріңіз. 2­кеспе Қазақ батырлары туралы әңгімелеңіз.Білетін батырларың туралы мәлімет жазыңыз. 3­кеспе Сөйлемді толықтырып жазу. ... – қазақ елінің өткен тарихындағы ең ардақты ұлдары. 4­кеспе «Қобыланды   батыр»   жырынан   сан   есімдерді   теріп,   жыр мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз. 5­кеспе 6­кеспе Мақалды толықтыр. А) ... туса – ел ырысы, жаңбыр жауса ­ ... ырысы. Ә) ... елі үшін туады, елі үшін өледі. Б) Батыл болмай, ... болмайсың 7­кеспе Қазақ билері кімдер? Оларға мінездеме бер. Құрамында  «айран»   және   «киіз»  сөздері   бар   мақал­мәтелдерді 8­кеспе тауып жазу. Әл­Фарабидің   туған   жері   және   өмір   сүрген   жылдары   туралы 9­кеспе әңгімелеңіз. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген және қандай мағынаны білдіреді. 10­кеспе 16 жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Кім туралы айтылған? 11­кеспе Абай   Құнанбайұлының  «Масғұт»,   «Ескендір»  поэмалары   бар   Тағы қандай поэмасын білесіз? Абай Құнанбайұлы туралы әңгімелеңіз. 12­кеспе. 13­кеспе Қазақ   балалар   әдебиетінің   атасы.   Қостанай   облысында   дүниеге келген. Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Кім туралы айтылған? Толықтай әңгімелеңіз. Бұл  кеспелерді  оқушыларға   таратып,   оқушылардың  тақырыпты  қалай меңгергендіктерін  берген   жауаптарына  қарай   байқап   отыруға   болады. Әдебиет   сабағында   үлестірмелі   кеспені   бір   балаға   немесе   бірнеше   балаға беруге   болады.   Кеспедегі   тапсырманы   оқушы   сыныптастарына   әңгімелеп береді. Білмеген балалар тыңдап, түсініп алады. Осы кезде оқушылардың есте сақтау, тыңдау қабілеттері дамиды.Орыс сыныбында оқушыларға тақырыпты меңгертумен   қатар,   ауызекі   сөйлеу   тілін   дамыту.   Кеспе  оқушылардың   өз бетінше жұмыс істеп, жеке жұмыс жасауына септігін тигізеді. Сонымен қатар сапалы білім алуға көмектеседі. Перфокарталармен   жұмыс жасау. Сабақты  тартымды   өткізудің,  уақытты   тиімді  пайдалана  білім   берудің және оқушылардың білімін тексерудің тиімді  тәсілдерінің  бірі­ үлестірмелі перфокарталармен жұмыс жүргізу. Әр сабақта өтілетін сабақтың тақырыбына байланысты   перфокарталар   Қазақ   тілінен   дауыссыз   дыбыстарды, перфокарталарды   жаңа   сөздерді, сөйлемдерді дұрыс құрау сияқты тағы басқа тапсырмалар жасауға болады. Яғни, олардың айтылуы, жазылу ережелерін толық меңгерту үшін.  жасалып   отырады.   дауысты, Бұл   перфокарталар   сабақ   тақырыбына   сәйкес  жасалынып   отырады. Перфокарталарды өтілген тақырыптың мазмұнына қарай   ауыстырып  отыру қажет. Перфокарталар септік, көптік жалғауларын өткенде, оларды меңгерту, бекіту  мақсатында  да  қолдануға   жайлы.   Перфокартаның  бірнеше   үлгісін көрсетіп өтейін. 1­перфокарта Дыбыстар Қатаң В Қ Һ Н Л Д Бүктемелі   + + Ұяң + + + Үнді + + қағаздарды   салып, талдайды да, ішіндегі дыбыстарды қатыстырып сөйлем құрайды.  перфокарталардың   ішіне   оқушылардың  өздеріндегі  ақ  фамилияларын  жазып,   жоғарыда   көрсетілгендерді 2­перфокарта қыз гүл Бала үй кітап есік 3­перфокарта вместе Только в нем Лебединная песня ошибочное Сөздер жалғаула р ­лар,­лер, ­дар,­дер, ­тар,  ­тер, Сөз тіркестері Аққу әні Қанаттаса жасайтын Ағаттық болар еді Бір басында 4­перфокарта Сұраулық шылауларды қатыстырып сөйлем құру ма, ме ба, бе па, пе 5­перфокарта Аялдама, орын Жекеше Көпше І жақ ІІ жақ ІІ жақ ІІІ жақ Сөйлем Біз жазда  өзенге ... . 6­перфокарта түсеміз көреміз шомыламыз шығамыз 7­перфокарта Сөйлем мүшелері Жақты сөйлем Жақсыз сөйлем Анықтауыш Баяндауыш Пысықтауыш Бастауыш Толықтауыш 8­перфокарта Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңдар Мен Сен Сіз Ол Біз Сендер Сіздер іштім сәндедің жасадыңыз дайындады бардық күттіңдер сатып алдыңыздар салат жеміс­жидек үстелді қонақ асқа тамақ ас Олар тапсырыс берді асханаға 9­перфокарта Сөйлемді аяқтаңдар Асхананы жабдықтау үшін Үстелдің үсті әрқашан Асхана ыдыстары бірдей Асхананың қабырғасына түрлі Асхананың ауасы Асханада тазалық әрқашан ... ... ... ... ... ... Таза болуы керек Болғаны абзал Сақталуы керек Тұрмыстық құралдар  қажет Суреттер ілінгені  әдемі Тазартылып тұруы  қажет 10­перфокарта ­мын ­ді ­сың ­мін ­йық ­йік ­сің ­іңіздер Жіктік жалғауы Етістік әкел – е сал – а көр – е аш – а Әдебиет   сабағынан   да   осындай   перфокарталарды   қолдануға   болады. Өзім әдебиет сабағынан көбінесе тақырыпты өткеннен кейін, бекіту кезеңінде оқушыларға таратып беремін. Оқушы тақырыпты қалай меңгергендігін, мәтін арқылы көру, есте сақтау қабілеттерін перфокарта арқылы аңғаруға болады. Ақын­жазушылардың   шығармаларын,   шығармадан   үзінді   немесе   орысша баламаларын табу сияқты әр түрлі тапсырмалар беріледі. 1­перфокарта Тапсырма Жауап Ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық,  тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушыны  кім деп атаймыз? Малдың иесінің аттары Ешкі иесі Қой иесі Түйе иесі Сиыр иесі Жылқы иесі 2­перфокарта «Қамбар ата» «Зеңгі баба» «Ойсылқара» «Шопан ата» «Шекшек ата» + + + + + 3­перфокарта Сөйлем Жалқаулыққа Еріншектікке Жақсылыққа Өтірік айтуға Мақал­ мәтелдер  адамды ...  тәрбиелейді Ол кім? Жасы нешеде? Қайғысы не? Сөздер Елеулі Дүниеге келу Зерек Ескі Қасиетті + 4­перфокарта «Қобыланды батыр» жыры Тоқтарбай Аналық бәйбәше 5­перфокарта Синоним Антонимдер Мысалдар 6­перфокарта Сөздер Злость Покусать Пленник М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі Оставить в живых + Щенок + + +   .   .   .   . 7­перфокарта Ы с н ы т л А Б б қ а п қ о С Ғ п Ж ы у а м й А е р і с ү М +   . М н и у а ғ а М +   . М в о з е у Ә + + Күшік Тірі қалдыру Тұтқын Талап тастау Долылық +   і т е Р Авторы «Бір атаның балалары» «Көксерек» «Әнші» 1 2 3 4 5 6 «Менің атым ­ Қожа» «Өлімді жеңген ана » «Әке мен бала» + + + 8­перфокарта Кімге қатысты? мәліметттер Ақын­жазушылар туралы Қазақ балалар әдебиетінің атасы Қазақ халқының ұлы ақыны «Оян, қазақ!» деген жинағы бар. Рет і 1 2 3 4 Павлодар   облысының   Баянауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. «Құлагер» поэмасының авторы 5 9­перфокарта Әдебиет теориясы Столкновение Конфлик т Кульминанация Разрешение Развитие Сөз Шиелені с 10­перфокарта 1964 1974 1954 Операның атауы «Қыз Жібек» 1934 + Жоғарыда айтылғандай, үлестірмелі кеспе мен перфокарталарды орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолдану өте тиімді. 3­5 минут арасында   үлестірмелі   кеспелерді   немесе   перфокарталарды   орындауы   тиіс. Жоғарыда берілген үлестірмелі кеспе және перфокартоларды өз сабағымда жиі   қолданып   жүрмін.   Әр   ұстаз   өзгеше   жасауға   да   болады.   Өзім жасағандарымды үлгі ретінде беріп отырмын. Сюжетті   суреттерді қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолдану Қазақ тілі мен әдебиет сабағында сурет көрнекілігі де сабақты маңызды өтуде  үлкен   орын   алады.   Сурет   көрнекілігі   көбінесе   оқушылардың  тілін дамыту   мақсатында  қолданылады.  Суретке   тақырып   қою,   сурет   бойынша сөйлемдер  құрау,   суреттің   тақырыбына  сай   мәтіндер   құрастыру   сияқты жұмыстардың   түрін   жүргізуге  болады.Сонымен   қатар  сурет   тақырыбына байланысты мазмұндама,шағын шығарма жаздыру тиімді тәсіл болып келеді. Суреттер   арқылы   қазақ   халқының   салт­дәстүрін,   ырым­тыйымдары жайында мәлімет беруге де қолайлы. Суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген құлшыныстарын арттыру тиімді. 5­9­сыныптарында   «Менің   отбасы   мүшелерім»,   «Менің   отбасым», «Отбасы»,   «Отбасындағы   асыл   адамдар»   атты   тақырыптар   берілген.   Сол тақырыптарға   байланысты   төмендегі   суреттерді   аламыз.   Тапсырмалары   әр түрлі болып келеді. Бұл суреттерді 5,6­сыныптарға қолдануға ыңғайлы, ал жоғары сыныптарға бұндай суреттерді қолдана алмаймыз. 5,6­сыныптарға мынадай тапсырмалар береміз.  1. Суретке байланысты сұрақтар дайындаймыз: А) суретте кімдер бейнеленген? Ә) отбасында неше бала? Б) сенің отбасын қандай? В) үшінші суретте кімді көріп тұрсыңдар?        2. «Менің әжем» тақырыбына әңгіме құрастыру. Суретке қарап. (3­сурет)        3. «Отбасымен бірге суретке түсу» диалог. (2­сурет) 1­сурет 2­сурет 3­сурет 8­9­сыныптарға   басқадай   тапсырмалар   және   суреттер   беру   керек. Тапсырмалары да күрделі түрде жасалуы керек. Осы жерде сыныптың білім дәрежесін ескеруіміз қажет. Тапсырмалар үлгісі төмендегідей. 1. Суретке ат қой. 2. Суреттегі отбасы мүшелерін ата. 3. Сурет бойынша диалог құрастыр. 4. Сурет бойынша тұйық етістіктерді қатыстырып 3 сөйлем құрастыр. 5. Суретке   байланысты   шағын   шығарма   жазу,   құрмалас   сөйлемді қатыстырып. 5­сыныпта   «Қазақстанның   елордасы   –   Астана   қаласы»   тақырыбы берілген. Сол тақырыпқа мынадай суреттерді қолданамыз: 4­сурет 5­сурет 6­сурет Осы суретке байланысты мынадай тапсырмалар дайындау: 1. Есімдіктерді қатыстырып 2­3 сөйлем құрастыру; 2. Астана   қаласы   жайында   диалог   құрастыру,   ілік,   барыс   септігін қатыстырып; 3. «Астананың сұлу жерлері» деген тақырып төңірегінде әңгімелеле. 8­сыныпта     «Табиғат   және   біз»,   «Табиғатты   қорғау»   деген   тақырыптарға байланысты,   оқытушы  тақтаға   жылдың   төрт  мезгілінің  суретін   іледі, оқушылар суретке қарап отырып, жаз, қыс, көктем, қыс деген мағыналарға сай келетін тұрақты тіркестерді тауып жазады.  Мысалы: 1.  Жаз.­ жаны жаз, көңілі жаз. т. б. 2. күз­ жылауық күздей, балапанды күзде сана т. б. 7­сурет 8­сурет 9­сурет Сурет бойынша оқушылардың қазақ тілінен білімін жан­жақты пысықтап, толықтырып отыруға  болады. Сурет  бойынша оқушыларға  жазба   жұмысын жаздырып,   тіл   ұстарту   жұмыстарын,   тіл   дамыту   жұмыстарын   жүргізуге болады.  Сурет бойынша белгілі тақырыпта оқушыларға шығарма жаздыруға да  болады.   Сурет   бойынша   шығарма  жаздыру  оқушылардың   ойын,   тілін дамытумен   бірге,   суретте  бейнеленген  зат   пен   құбылыстарды  бейнелі   сөз өнерімен  өрнектеуге   үйретеді.   Баланың   эстетикалық   талғамын  күшейтіп, шығармашылық қиялын дамытады. Соған үлгі ретінде бірнеше суреттерді беріп, шығарманың тақырыбын «Табиғатқа жақын бол» деп алуға болады. Төмендегі суреттерді бір­бірімен байланыстыра   отырып,   шығарманы   жазады.   Яғни,   көз   алдына   табиғатта берілген сұлулықты сезіне алады. 10­сурет 11­сурет 12­сурет 13­сурет Сурет бойынша мазмұндама жаздыруға да қолайлы. Ол төменгі сынып оқушыларына   тиімді.   Мазмұндаманың   мәтіні   алдын­ала   дайындалады.   Сол мәтінге байланысты мазмұндама жазылады. Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманың мынандай түрлері бар: 1.   Белгілі  бір   әңгіме   мазмұнына   арналған  бірнеше   сюжет   арқылы жаздыратын   мазмұндама. 2. Белгілі бір оқиғаға  арналған бір сурет бойынша мазмұндама жаздыру. 3. Сурет ілініп тақырыбына сәйкес мазмұндама жаздыру. Суреттер  бойынша   жаздыратын   мазмұндамаларды   бір   сарынды  емес, түрлендіріп  отыруға   мүмкіншілік   бар.  Атап  айтқанда,  сюжетті   суреттер бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі сөйлемдердің орнын ауыстырып, оны сурет тәртібіне орай  түзеттіріп  немесе орны ауыстырылған  суреттерді мәтін  бойынша бір жүйеге  келтіріп те мазмұндама жазуға  болады.  Мұндай жұмыстар   оқушының   ойлау  қабілетін   дамытып,   шығармашылық  икемін арттырады. 5­сыныпта сурет бойынша мазмұндаманы былай жүргізуге болады: 1. Тақтаға жазғы демалысқа байланыстыжайлау, суреті ілінеді. 2. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балаларға жазғы демалысты қалай өткізу жайында қысқаша әңгімелеп өтеді. 14­сурет 15­сурет 16­сурет Балаларға   мұндағы   оқиға   желісіне   зерделі,   мұқият   қараулары тапсырылады.   Балалар   біраз   уақыт  ойланғаннан   кейін,   мұғалім  жалпы сыныпқа мынандай сұрақтар қойып, оған берілген жауаптарды   іріктейді. ­  Суретте демалыстың қай кезі бейнеленген? ­   Жазғы демалыс екенін қалай дәлелдейсіңдер ? ­   Ауа райы қалай болып тұр? ­    Оқушылар қай жерде демалуда? ­    Қойдың төлдеу кезеңі туралы не білесіңдер? ­    Оқушылардың көңіл­күйлері қалай бейнеленген? Осы сұрақтарға толық, дұрыс жауап алғаннан соң,  мұғалім : ­ Енді  осы суретке қандай тақырып қойсақ екен?, ­  деп сұрайды. Балалар  түрлі  «Жазғы   демалыс»,  «Демалыс кезінде», «Демалыстағы көңіл­күй». Мұғалім осы суреттер бойынша даярлап келген мәтінді мәнерлеп оқиды.  тақырыптар   ұсынады. «Жазғы демалыстағы көрініс» деген тақырып қояды. Мұғалім тақырыпты белгілеп болған соң былай деп сұрақ қояды. 1. Балалар демалыстағы көріністері қалай суреттелген кім тауып оқиды. Екі   оқушы   мәтіннен   жазғы   демалыс  туралы   айтылған   сөйлемдерді   тауып, мәнерлеп оқиды. Бұл сөйлемдер суреттеп салыстырылады. Мұғалімнің:   «Жазғы   демалыста   оқушылар   қайда   шомылады?»,­   деген сұрағына бір оқушы мәтіннен жауап тауып, дауыстап оқиды. Мәтіннің   қалған  бөліктері   де   осылай   сұрақ     жауап   тауып,   дауыстап оқылады. Мәтінге мұғалімнің көмегімен  жоспар түзіледі. Жоспар үлгісі: 1. Жазғы демалыстағы көріністер. 2. Көлде шомылуы.  3. Көбелекті тамашалауы. Сюжетті   суреттерді  пайдаланып,   әр   сабақта  сөйлем  құратуға,  мәтін жаздыруға,   сол   мәтіндегі   сөйлемдер   арқылы  фонетика,   морфология, синтаксис саласы бойышна талдау жасатуға болады.  Қазақ әдебиеті сабақтарында да сюжетті суреттерді және сол суреттер арқылы тапсырма орындатуға болады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті тарауы кезінде, тақтаға төрт түлік малдың суреті ілінеді. Сол суреттер бойынша тұрақты сөз тіркестерін тауып айту. 1 ­ қатар. Түйе  суреті  бойынша, түйе сөзі қатысқан тұрақты сөз тіркестерін тауып 17­сурет жазу керек. Мысалы: 1. Түйені түгімен жұту. 2. Түйе үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман. 3. Түйе үстінен сирақ үйіту . 4. Түймедейді түйедей ету. 2 ­ қатар. Қойдың суреті бойынша. 1.  Қой аузынан шөп алмас. 2.  Қой мінезді . т.б. 18­сурет 3 – қатар. 19­сурет Сиыр суреті бойынша. 1.  Сиырдың бүйрегіндей. 2.  Өгіздей өкіру. Т. Б. Жылқы суреті бойынша. 20­сурет 1. Жылқы мінезді. 2. Тайға таңба басқандай. 3.  Тайлы тұяғымен. 4.  Ат шаптырым жерде. Оқушылар  түлік   малдың  суретіне  байланысты  басқа   да  тұрақты тіркестерді  тауып,   олардың   мағыналарын   ажыратып,  дәптерлеріне  жазады. Кім көп тұрақты тіркес тапса, оқытушы оны марапаттап, қалған оқушыларға үлгі етіп көрсетеді. Сонымен   қатар,   осындай   жұмыстардың   бірі   тұрмыс­салт   жырларына байланысты – наурыз жыры. Наурыз жырына да бірнеше түрде суреттер алуға болады.   Наурыз   жыры   туралы   қарапайым   сөзбен   айтып   қойғаннан   гөрі, суреттер көрсеткенде, оқушының есінде жақсы қалады. 21­сурет 22­сурет 23­сурет Жоғарыдағы суреттер арқылы сұрақтар дайындап, сол сұрақтарға жауап алу.   Яғни,   оқушының   білімін   тексереміз,   ауызекі   сөйлеу   тілін   дамытамыз. Сұрақтар үлгісі: 1. Наурыз қандай мейрам? 2. Наурыз мейрамын халық қалай атаған? 3. Наурыз күні қандай тағам дайындалады? 4. Үлкен адамдар не берген? 5. Мектепте наурыз күні қандай салт­дәстүрлерді көрсетесіңдер Осындай   сұрақтарды   5­6­сынып   оқушыларына   ұсынамыз.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянады. Бір суретті таңдап алып шағын өлең шығаруларына да болады. Мақал­мәтелдер мен жұмбақтар тақырыбына келіп тоқталатын болсақ, алдын­ала   оқушыларға   мақал­мәтелдер   мен   жұмбақтар   кітапшасын   алып келулерің   өтінеміз.   Сабаққа   келген   соң   тақырыпқа   байланысты   тапсырма беріледі. Бірнеше суреттер  береміз, соған байланысты мақал­мәтелдер  мен жұмбақтарды теріп жазады. Әр балаға әртүрлі суреттер береміз, кім көбірек жазады. Төмендегі суреттерден де басқа беруге болады. Үлгі ретінде бірнеше суреттер алып отырмын. Мысалы:                       24­сурет 25­сурет 26­сурет 7,8,9­сынып   оқушыларына   ақын­жазушылар   жайында   беретін   болсақ. Олардың   портреттерін,   кітаптар   көрмесін,   киген   киімдері,   олар   жайында жазылған пікірлерін суреттер арқылы көрсету.  Сәкен Сейфуллин жайында мынадай деректерді көрсетеміз. 27­сурет 28­сурет Ш.   Құдайбердіұлы   жайында   оқушыларға   толықтай   түсіндіру   үшін, суреттерді қолданамыз. Кітапта өмірбаяны берілгенмен, оқушылар суреттер арқылы көріп тамашалайды. Көз алдарыңда қалып қояды. Сабақты қосымша мәліметтермен толықтырып отыруымыз қажет.  29­сурет 30­сурет 31­сурет Осындай   суреттерді   молынан   қолдансақ   нұр   үстіне,   нұр   болар   еді. Сабаққа   дайындаған   материалдарымыз   құнды   дүниелер   болуы   тиіс.   Сонда ғана көздеген мақсатымыз жүзеге асады. Техникалық  құралдардың   еш  уақытта  да   мұғалімнің   ролін  атқара алмайтыны   түсінікті.  Ол   мұғалімге  көмекші  құрал   ғана   болады.   Өйткені «мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу    процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін  үлгісі де. Оқушылардың   ой­өрісін,   талғамын,   қабілетін   арпыруда техникалық құралдардың тиімділігі ерекше. Мысалы, деректі фильмдерді   көру   арқылы шет       елдердің,      Отанымыздың       ауыл  шаруашылығындағы,   ғылымдағы техникадағы,   спорттағы   жаңалықтарды  күнбе­күн   көріп   естумен,   қатар, көптеген  материалдармен  танысады.   Жоғарыда   берілген   суреттерді   де түрліше слайдтар жасап көрсете аламыз.  Әрқашанда   техникалық   құралдардың   көмегіне   жүгіне   беруіміз   қажет емес. Керек кезінде қолданып, шамадан тыс қолданбау қажет. Әрі кеткенде 10­15   минут   аралығында   ғана   POWER   POINT­та   жасалған   дүниелерімізді көрсете алуымыз тиіс. Сондықтан   әрбір   ұстаз   жазба,   сызба,   үлестірмелі   кеспелерді,   сюжетті суреттерді эстетикалық талғаммен жасап алғаны жөн. Қолмен жасалған дүние әрқашан құнды. Қорытынды. Ұстаз  шәкірттерге  білім   бергенде,   тіл  факторын  үйреткенде,   олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді. Бұл мақсатта ғылымда балаларға   білім   мен  тәрбие  беру  міндеттерін   сабақ   үстінде  бірлікте   іске асырудың тиімді жолдары, қолайлы әдістерін   іздестіреді.   Жоғарыда атап өткен көрнекі құралдардың түрлері  оқушыларға жан­ жақты білім беруде, олардың  сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту,   логикалык   ой­өрісін   дамыту,  өз   бетімен  жұмыс  жасай   білу дағдыларын тәрбиелеуде белсенді қызмет  етеді. Орыс   сыныптарында   қазақ   тілі   мен   әдебиет   сабағында  көрнекіліктің қандай   түрі   іске   асырылатындығын  атап  көрсетуге   тырыстым.   Әр   сабақта көрнекіліктің түрлерін пайдаланып отырса, сабақ сапалы да,  нақты  болады деген ой туындайды. Көрнекіліктердің  оқу процесінде атқаратын қызметінің мол екенін дәлелдей келе, сызба көрнекіліктермен жазба көрнекіліктер оларға жататындар: кесте, үлестірмелі  кеспелер, схема, карточкалы  дәптер, плакат, суреттер,   оқулықтар,   перфокарталар,   және   техникалық   құралдар   екенін олардың   сабақта   қолданудың   маңыздылығы   айтылды.   Сабақ   процесінде техникалық  құралдарда   үлкен   рөл   атқаратындығы  ескерілді.   Қай  кезде болмасын   тәжірибелі   педагогтар   өз   сабақтарында  көрнекті  құралдарды пайдаланып, сабақ сапасын арттыруда аянбай еңбек етіп сабақ технологиясын жаңартып  отыруы тиіс. Көрнекіліктің қай түрі болмасын әр сабақта алатын орны ерекше болып табылады. Нағыз мүғалім – маман­кәсіби шеберлік иесі, ізгілікті тұлға, зерттеуші, ізденуші. Мұғалімнің психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімділігі, өз   пәнін   терең   игеруі,   кәсіптік   көрегендігі   жеке   тұлғасы   оқушыға   барлық жағынан үлгі болуға тиіс. Пайдаланған   әдебиеттер. 1. И.Ұйықбаев. Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері. А, 1957 жыл. 2. Әлжанов Д,  Маманов Ы. Қазақ тілін оқытудың методикасы. А,  1965 жыл. 3. А.Жаппаров. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Шымкент, 2000жыл. 4. А.Ысқақов. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды  жақсартайық. А.  1957 жыл. 5. Орыс сыныптарына арналған қазақ тілі мен әдебиет оқулықтары.     5­9­сыныптар

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер

Көрнекіліктер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017