Маневрлер кезіндегі сигналдар олардың орындауға қабылданғанын растайтын локомотивтің (моторвагонды құрамның), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырықтарымен қайталануы тиіс. Сигналшыға немесе бағыттауыш қосынының кезекшісіне бағыттауышты қайсы бір жолға қою туралы тапсырма станцияның техникалық-басқару актісімен белгіленген тәртіпке сәйкес ұзақтығы әртүрлі дыбыстармен (локомотивтердің ысқырықтарымен және маневрлер жетекшілерінің ысқырықтарымен) немесе станцияның техникалық жарақтануына байланысты басқа құралдармен берілуі мүмкін.Көрсеткіштер. Жол белгілерінің түрлері, орнатылу орны, арнаулы атқаратын қызметі
2.6тарау Сигнал көрсеткіштері
және белгілері. Маневр жұмысы
кезіндегі қолданылатын сигналдар
9тақырып: Көрсеткіштер. Жол
белгілерінің түрлері, орнатылу орны,
арнаулы атқаратын қызметі
Мазмұны
Сары және жасыл түсті дискілер
Жалпы белгілер (тұрақты)
Ескертпелік сигналдық белгілер
Уақытша сигналдық белгілер
Нұсқағыштар
Сары және жасыл түсті
дискілер
Жол бастығының бұйрығы бойынша,
пойыздар жүрісіне кедергілері бар,
жылдамдықты азайтуды талап ететін
жерлерді екі жағынан 50 м қашықтықта
«Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті
жердің аяқталуы» сигналдық белгілерімен
қоршалады. Бұл сигналдық белгілерден
8001500 м қашықтықта жылдамдықты
азайтудың тасымалды сигналдары
орналастырылады:
Сары түсті диск
Жасыл түсті
диск
«Поезд қауіпті жерден өтті»
«Азайтылған жылдамдықпен және
«Қауіпті жердің басталуы» және
«Қауіпті жердің аяқталуы»
сигналдық белгілерімен қоршалған
қауіпті жерді «ҚТЖ» ¥К» АҚ
басшылығының бұйрығында
көрсетілген жылдамдықпен жүріп
өтуге әзірлікпен қозғалысты рұқсат
етеді
9.1сурет
Жалпы белгілер (тұрақты)
Шектік бағаншалар, одан ары қарай жолдың
үстіне бағытттамалы бұрманың немесе тұйық
қиылыстың бағытында жылжымалы қүрамды
қоюға болмайтын орынды көрсетеді. Басты
және қабылдаужөнелту жолдарының
жанындағы шектік бағаншалардың
ажыратқыш бояуы болуы тиіс.
9.2сурет
"Станцияның шегі" белгісі қосжолды
және көпжолды телімдердегі станцияның
шегін көрсетеді. Белгідегі жазу екі
жағында да болуы тиіс
9.3сурет
"Қауіпті орынның басы" (асур.) және "Қауіпті
орынның аяғы" (бсур.) тұрақты сигналдық
белгілері бетіндегі шағылыстырғыштарымен қоса
поездардың азайтылған жылдамдықпен жүріп
өтуін талап ететін телімнің шектерін көрсетеді.
«Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгісі
«Қауіпті жердің басталуы» белгісінің екінші
жағына орналастырылады.
9.4сурет
Ескертпелік сигналды белгілер
"С" белгісі ысқырық
беру тоннельдердің,
көпірлердің,
өтпелердің және т.б.
алдында орнатылады
''/Іокомотивтің
аялдамасы" белгісіне
«ҚТЖ" ҮК"АҚ
тағайындайтын
комғіссия белгілейтін
жерлерде орнатылады
9.5сурет
9.6сурет
Шағылыстырғыштары бар ескертпелік сигналды белгілер
("Токты ажырат" (9.7сур.), "Электровоздағы токты
қос" (9.7, бсур.); "Электропоездағы токты қос" (9.7, в
сур.)) электрлендірілген телімдерде орнатылады.
"Түйіспелік аспаның аяғы" (9.8сур.) түйіспелі гораптағы
түйіспелік сымның жұмыстық аумағы аяқталатын
тұстарында орнатылады.
"Бірінші вагонның аялдамасы" ескертпелік сигналды
белгісі (9.9сур.) моторвагонды поездар айналатын жолаушы
платформаларында орнатылады.
9.7сурет
9.8сурет
9.9сурет
Уақытша сигналдық белгілер
Электрлі жылжымалы құрамның көтерілген
токқабылдағыштарымен жүріп өтуіне тыйым
салынатын жерлерде шағылыстырғыштары бар
уақытша сигналдық белгілер орнатылады, олардың
корсетулері мынадай болады: "Токқабылдағышты
түсіруге дайындал" (9.10, асур.);
"Токқабылдағышты түсір" (9.10, бсур.),
"Токқабылдағышты көтер" (9.10, всур)
9.10сурет
Нұсқағыштар
Гидравликалық бағананың нұсқағышы — шам — егер
бағананың бұрылмалы бөлігі жолға қатысты көлденең
орна ласса, түнде қызыл шам жарығын екі жаққа
көрсетеді; күндіз бағананың өзінің қызыл түске боялған
бұрылмалы бөлігі көрінеді, — сигналы "Тоқта!" (9.11
сур.). Егер бағананың бұрылмалы бөлігі жол бойымен
бағытталып орналасса, оның екі жағына да ашық ақ түсті
шамы көрінеді
9.11сурет
"Токқабылдағышты түсір" сигналдық жарық
нұсқағыштары (9.12сурет) жүргізушіге ауалық
аралықты түсірілген тоққабылдағыштармен өту
керектігін білдіреді. Ол түйіспелік торап тіректеріне
немесе жеке діңгектерге орналастырылады. Сигналдық
нүсқағышта ашық ақ түсті жыпылықтаған жолақ
пайда болғанда машинист қоршалатын ауалық аралықты
дереу түсірілген токқабылдағышпен жүріп өту
шараларын қолдануы тиіс. Нұсқағыштардың сигналдық
жолақтары қалыпты жағдайда жанбайды және бұл
күйінде нұсқағыштар сигналдық мәнге ие емес.
9.12сурет
Поездың немесе маневрлі құрамның қабылдану жолын
немес жүру бағытын көрсету қажет болған
жағдайларда, бағдаршамдардың діңгектеріне немесе
жеке діңгекте орналастырылатын ақ түсті жарықты
бағыт нұсқағыштары (сандық, әріптік немес
қалыптық) (9.13, асур.) қолданылады. Поездың
қозғалысына рұқсат етілген жолдың нөмірін көрсету
үшін топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарда
жасыл түсті жарықты бағыт нүсқағыштары
орнатылады (9.13, бсур.).
9.13сурет
Стрелкалық нұсқағыштар стрелканың қалпын
көрсетеді: түзу жол бойымен немесе бүйір жолға
ауытқумен. Жарықтандырылған және
жарықтандырылмаған стрелкалық көрсеткіштер
қолданылады.
Түзу жол бойында орнатылған стрелкада күндіз —
нүсқағыштың жіцішке жағының ақ тікбүрышы;
түнде — сүттей әппақ шамның жарығы (9.14, асур.);
бүйірлік жол бойында орнатылған стрелкада — күндіз
— нүсқағыштың кең жағы; түнде — сары шам (9.14,
бсур.).
9.14сурет
Жарықтандырылмайтын стрелкалық
нұсқағыштар төмендегідей көрсетеді:
стрелка түзу жол бойымен орнатылғанда —
жебе тәрізді нұсқағыш қырымен жол бойының
бағытында орналасады (9.15, асур);
стрелка бүйірлік жолға қарай орнатылғанда —
жебе тәрізді нұсқағыш бүйірлік жол жағына
қаратылып орналасады (9.15, бсур)
9.15сурет
Жол бөгегіш нұсқағыштар:
"Жол бөгелген" — күндіз горизонтальді қара
жолағы бар ақ шеңбер; түнде — дәл сол қара
жолағы бар сүттей әппақ шамның жарығы
көрінеді (9.16сур.).
"Жолдан бөгеу алынды" — күндіз вертикальді қара
жолағы бар ақ шеңбер немесе тікбұрыш; түнде —
дәл сол қара жолағы бар сүттей әппақ шамның
жарығы көрінеді (9.17сур.).
9.16сурет
9.17сурет