№ 11 сабақ
Тақырыбы: |
• «Натурал сандарды көбейту және бөлу» тақырыбына есептер шығару |
Мақсат:
Қолданым әрекеті: • Арифметикалық амалдар ережелерін қолданып есептер шығарады . Шығармашылық әрекет: • Натурал сандарды көбейтудің қасиеттеріне байланысты берілген амалдарды орындап, түйіндейді. |
Тақырып жоспары:
1. Тақырып бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру.
2. Тақырып бойынша денгейлік тапсырмаларды орындау.
3. Тақырып бойынша топпен тапсырма орындау.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Тиімді тәсілдермен есепте:
1) 25 · 32 · 125 =________________________________________________________
2) 549 · 733 + 733 · 451= _______________________________________________
2. Хайуанаттар дүкенінде 5 жасыл тотықұс бар, ал одан сары тотықұстар 2 есе артық. Хайуанаттар дүкенінде неше жасыл және сары тотықұс бар?
5 + 2*5 = 15
=
3. Гүлнұр 27 түп қызғалдақ жинады. Одан 7 түп қызғалдақты әжесіне беріп, қалғанын 4 вазаға тең бөліп салды. Гүлнұр бір вазаға неше түп қызғалдақ салды?
(27 -7) /4 = 5 түп қызғалдақ
4. Тракторшылардың бірінші бригадасы күніне 24 га жер жыртса, екінші бригадасы күніне одан 5 га жерді кем жыртты. Тракторшылардың екі бригадасы қатар жұмыс істесе, 3 күнде неше гектар жер жыртады?
1 Б 2Б
24 24-5=19
(1Б + 2Б ) *3 =
5. Бір жәшік алмұрт 12 кг, ал бір жәшік алма одан 2 кг ауыр. 4 жәшік алмұрт және 3 жәшік алма неше килограмм?
12 кг алмұрт
12 кг +2 кг алма
Енді 4 жәшік алмұрт қанша ?
3 жәшік алма қанша ?
Жалпы қанша ?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.