"Кітап - сарқылмас қазына " атты сынып сағаты
Оценка 4.6

"Кітап - сарқылмас қазына " атты сынып сағаты

Оценка 4.6
doc
02.05.2021
"Кітап - сарқылмас қазына " атты сынып сағаты
Кім көп оқиды.doc

Кітап-сарқылмас рухани қазына

Тақырыбы: Кітап – сарқылмас рухани қазына.
Мақсаты:
а) Кітап – сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
ә) Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.

Құрал - жабдықтары: Слайдтар, кітаптар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе.
3. Әдеби - монтаж.
4. Монолог.
5. «Кітап қалай жасалады?» Көрініс.
6. Кітап – рухани қазынамыз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)
7. «Кітаптар мұңы» көрініс.
8. Кітап ұстау ережесі.
9. «Оқушы мен кітап» көрініс.
10. «Кітап емханасы» көрініс.
11. Қожанасыр қоржыны(Тапсырмалар орындау)
12. Қорытынды.

2. Кіріспе.
Мұғалім сөзі:
Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте
- деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі – осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.

Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап. Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз.

1. Ай
на: Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2.
Әмір: Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын алып неден.

3. С
амал: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4.
Ақылжан: Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көктеп.

 

                                               20 нақыл сөз

 

 Қызықты кітап – қысқа болып көрінеді.

Кітап оқу маңызды емес, оқыған нәрсенді түсіну маңызды!

 Кітап – үнсіз мұғалім.

Алтын – жерде, білім – кітапта.

 Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам.

Бір оқулық – мың адамды оқытады.

Айтылған сөз – бір күн, жазылған сөз – бір ғасыр өмір сүреді.

 Теңіздің түбінен гауһар табылады, кітаптің түбінен білім алынады.

Нан денені, кітап миды тамақтандырады.

 Кітаптың ішінен әріпті емес, ойды ізде.

 Кітап – керемет зат, егер оны дұрыс пайдалансан.

Баланы оқуға үйрете отырып, сіз оның өмірін жарқын және қызықты етесіз.

 Кітаптар болмаған үй, жаны жоқ адам сияқты.

Сауатсыз соқыр сияқты, оның көзін кітаптар ғана ашады.

 Көп оқитын – көп біледі.

Кітап су тәріздес, кез-келген жерден жол табады.

 Қаламмен жазылғанды – балтамен шаба алмайсың

. Кітапты досыңды сияқты таңда.

 Кім жазғанын қарама, не жазылғанын қара.


5.

Анель: Кітаптар - бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап ап,
Көтеріп күйін көңілдің.

6.
Дәулен: Айдың шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.

7.
Али: Кетпейді ешбір жадымнан,
Мектепке бардық күз айы.
Тастамай сені жадымнан,
Қолтықтап жүрдім ұдайы.

8. Дамир: Достарға толы маңайым,
Татулық тәтті бәрінен.
Ерекше сені санаймын,
Құшақтап жүрдім әлі мен.

9. Аль
таир: Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің?
Оқи берсең кітапты.

10.
Зере: Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

Мұғалім:
 Оқы талмай, түй санаңа,
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,
Бар білімді мен егемін санаңа - деп келесі кезекте «Кітап» монолог оқитын Назерке.

Мұғалім: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дейсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Таппасаң нәрін шөлдерсің - деп келесі кезекте
«Кітап қалай жасалады?» көрініс. Орындайтындар: Ислам, Динара, Перизат, Назерке, Ғарифулла.

Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз. Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Алтынай апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)

Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар. Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік.
Көрініс: «Кітаптар мұңы» Орындайтындар: Ғарифулла - автор, Ислам - ана тілі оқулығы, Айдос - қазақ тілі оқулығы, Нұржан - математика кітабы, Оңталап - дүниетану кітабы.

Мұғалім: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі
Кітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі)
Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген кісі кітабың кір демесін - деп
«Кітап емханасы» көрінісін тамашалаңыздар.
Автор - Жайнагүл, Мұғалім - Назерке, Дәрігер - Перизат,
Кітапханашы - Сәнім.

«Қожанасырдың қоржыны»(Қоржындағы сұрақтарға жауап беру)
Қорытынды:
Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жол басшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:   Жұмбақтар сайысын бастаймыз. Әр топ кезекпен кезек бойынша бір-біріне жұмбақ жасырады. Жұмбақтың жауабын қай топ көп табады. Сол топ жеңімпаз атанады.

                                               20 нақыл сөз

 

 Қызықты кітап – қысқа болып көрінеді.

Кітап оқу маңызды емес, оқыған нәрсенді түсіну маңызды!

 Кітап – үнсіз мұғалім.

Алтын – жерде, білім – кітапта.

 Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам.

Бір оқулық – мың адамды оқытады.

Айтылған сөз – бір күн, жазылған сөз – бір ғасыр өмір сүреді.

 Теңіздің түбінен гауһар табылады, кітаптің түбінен білім алынады.

Нан денені, кітап миды тамақтандырады.

 Кітаптың ішінен әріпті емес, ойды ізде.

 Кітап – керемет зат, егер оны дұрыс пайдалансан.

Баланы оқуға үйрете отырып, сіз оның өмірін жарқын және қызықты етесіз.

 Кітаптар болмаған үй, жаны жоқ адам сияқты.

Сауатсыз соқыр сияқты, оның көзін кітаптар ғана ашады.

 Көп оқитын – көп біледі.

Кітап су тәріздес, кез-келген жерден жол табады.

 Қаламмен жазылғанды – балтамен шаба алмайсың

. Кітапты досыңды сияқты таңда.

 Кім жазғанын қарама, не жазылғанын қара.

 

Сырты жасыл қатты,

Іші қызыл тәтті.          ҚАРБЫЗ  (Арбуз)

 

Жасыл ала дөңгелек,                              (Арбуз)

Бақшада жатыр дөңгелеп    ҚАРБЫЗ 

 

Ағайынды бәрі:

шықса – көк, Түссе – сары,        ЖАПЫРАҚТАР- листья

 

Қабат-қабат қаттама

Ақлың болса аттама             КІТАП  книга 

 

Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі.          ҚАРЫНДАШ  - карандаш

 

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған               БОР  -мел

 

Уақытты өлшеп, санап,

Таппады бір тағат.

Бұл не сонда?...                 САҒАТ - часы

 

Тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады.              ЖАҢБЫР- дождь

 

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шадай ашылды,

Қызыл, сары, жасылды

Көкте бір зат асылды           КЕМПІРҚОСАҚ  радуга

 

Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады.           САБЫН  - мыло

 

 

Үшінші сөз жұмбақ    МӘТЕЛ

 

Білім ордасы    -                                    МЕКТЕП

Таңмен отатын құс                              ӘТЕШ

Мектеп мүлкі                                       ПАРТА

Қанда мемлекетте тұрамыз                ЕГЕМЕНДІ

Мектепке апаратын зат                      ОҚУЛЫҚ


Кітап-сарқылмас рухани қазына

Кітап-сарқылмас рухани қазына

Оқысаң кітап сырын алып неден. 3

Оқысаң кітап сырын алып неден. 3

Анель : Кітаптар - бейне жапырақ,

Анель : Кітаптар - бейне жапырақ,

Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік

Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік

Кітап оқу маңызды емес, оқыған нәрсенді түсіну маңызды!

Кітап оқу маңызды емес, оқыған нәрсенді түсіну маңызды!

Ақлың болса аттама

Ақлың болса аттама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.05.2021