Курсовой материал для студентов

  • Домашняя работа
  • Интерактивная доска
  • Исследовательские работы
  • Презентации учебные
  • pptx
  • 13.06.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Слайд
Иконка файла материала Надира .pptx












Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі



Ислямова Н.К.
«Мағжан Бекенұлы Жұмабаев»


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 010500 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105015 «бастауыш білім беру мұғалімі»



Өскемен, 2020ж

Кіріспе
 
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын, жазушылармен достасады, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғыстырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс һәм Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды.

Курстық жұмыстың өзектілігі:  М.Жұмабаев туралы айтқанда ең алдымен біз оның ақындығына тоқталамыз. Әлі күнге толық зерттелмей, өз бағасын алып, қоғамымыздан ойып орнын ала алмай отырған ақын таланытының бір қыры-педагогика саласындағы еңбектері. «Педагогика» еңбегі 1922 жылы Қызылжар қаласынан басылып шығады. Ол Педагогика және психология деген екі бөлімнен тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасының негізін қалаушы тұлға ретінде оның педагогикаға қосқан ұшан теңіз үлесіне тоқталу болып табылады.
Зерттеу тақырыбының обьектісі - Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.

1.1 М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы).
Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.

Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.


Сызба 2. Мағжан шығармашылығының тақырыбы

Сызба 3. М. Жұмабаевтың шығармалары

Сызба 4. Мағжанның атқарған қызметтері

1.2 М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы

- М.Жұмабаевтың педагогика саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі туралы түсінік беру;
- М.Жұмабаевтың педагогикалық ой-пікірлері қазақ тілі мен әдебиетін оқыту құралы ретінде қолдану-
- М.Жұмабаевтың педагогикалық идеяларын пәнді оқыту құралы ретінде пайдаланудың маңызын түсіндіру;
- М.Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының пәнді оқытуда пайдалану жолдарын жасап, тәжірибеге енгізу.

Бүгінгі тандағы білім беру парадигмасындағы өзгерістер оқыту үрдісінің басты субъектілерінің бірі - оқытушының тұлғалық қасиеттері мен кәсіби дайындығына баса назар аудару. Бұл орайда оқыту ісіндегі мұғалімнің кәсіби дайындығы туралы ағартушы ғалымдардың ой-пікірлері ден қоярлық. Қазақ халқының тәрбие ісі ғылыми тұрғыдан дами бастаған XX ғасырдың басыңда педагогиканы тұңғыш зерттеушілердің бірі М.Жұмабаев "Педагогика" еңбегіңде оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі - мұғалімге кеңінен тоқталған. Бұл пікірлердің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Мұны "...тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хүкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді.
...баланы, заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырга көшуді естен шығармауға керек.
... Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде " деген пікірлері осы ойды дәлелдей түседі.

Мұғалімнің кәсіби даярлығы мен біліктілік дәрежесінің оқушыны тұлғалық тұрғыдан қалыптастырудағы рөлі маңызды. Кәсіби қызметі тұлғаға бағдарланған мұғалімнің жұмысы төменгідей бағытта жүрүі керек:
-сабақта игерілуге тиісті материалдарды бергенде әр оқушының жеке субъективті тәжірибесіне сүйенеді, ол тәжірибені, білімді багалау, бекіту кезінде есепке алады;
- сабақтағы жұмыс түрін таңдауға оқушыга ерік береді, сол күнгі сабақ үстіндегі жағдайды ескеріп жедел қайта құра біледі;
- дидактикалық, үлестірмелі материалдарды оқушылардың жеке ерекшелігіне сай сұрыптап береді;
- сабаққа барлық оқушыларды қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде құрады.

Бұл тұрғыда М.Жұмабаевтың мына пікірі еріксіз еске түседі: "Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сеніспеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Сонда ол ешбір ойын жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту сықылды ұнамсыз қулықтарға орын да болмайды". Кез келген мұғалімде мұндай біліктілік кәсіби шеберліктің жылдар бойы шыңдалуымен бірге қалыптасады.

1.3 М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасының қазіргі кезеңде қолданылуы
 
Қазіргі кезеңде Қазақстан мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын экономикалық, экологикалық, этнопедагогикалық  ерекшелектерін ескере отырып  қайта құру, сөйтіп жастарға білім мен тәрбие беруге өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Тәлім-тәрбиелік жүйесі адамгершілікке, ұйымшылдыққа, отансүйіспеншілдікке, ұлтаралық мәдени қарым-қатынастыққа негізделген. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі  көптеген ғасырларға  созылған өзіндік тарихи тағлымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ол жазу, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағлымынан, халықтың дәстүрі мен салт-санасынан, әдет-ғұрпынан, мәдени мұраларынан байқалады. Өткеннің тәжірибесін тал бойына дарытқан  озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес.

Өз кітабында Мағжан қиялдың жасалу жолдарын көрсетеді:
«1.Заттардың өздерін яки олардың бір мүшелерін зорайту яки күшейту.
 2.Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосу.
3.Реті келгенде өздері де жиыла алатын көріністерді бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен жасалатынын көрсетеді.
Баланың қиял табиғатына көңіл қоя отырып, оны өркендетудегі ертегі, бала ойындары мен ойыншықтардың ролін де қарастырады.

ІІ-Тарау. М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
 
2.1 М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы, оның қазақ педагогикасының негізін қалауға қосқан тың еңбегі
 
Мағжан Жұмабаев әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiн жазумен   бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926),  “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме   ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.

Сызба 5. М. Жұмабаевтың «Педагогика» кітабыныңбөлімдері
 

2.2 М.Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие
 
 Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əлуетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдар да сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.


Сызба 7. Төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің бағыттары

2.3 М.Жұмабаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлері және оның шығармашылығындағы педогогика мәселелері
 
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби

Қорытынды
 
Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан. Мағжан төрт жасында мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді. Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.

Қорытындылай келгенде мына рухани азғындаған заманда Алашордашылардың, оның ішінде Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін қалыптастыруда бірден бір көмекші құрал болары сөзсіз.
Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады.
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi” деген.
Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.
 

Назарларыңызға Рақмет!