Қысқамерзімді жоспар |
|
|||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция |
Мектеп: |
|||||||||||||
Күні: Сынып: 8 Сабақ 8 |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||||
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Квадраттық функция |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар берілген аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады және берілген функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады. |
|||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар айнымалыны табу үшін қандай амалдар қолдану керектігін түсіндіреді, мысалы, басқа айнымалының мәні арқылы берілген айнымалының мәнін табу үшін берілген мәнді осы функцияның формуласындағы айнымалының орнына қою керек Пәндік лексика және терминология: − квадраттық функция − функция − функция мәні − аргумент − аргумент мәні − дискриминант Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: х / у айнымалысын берілген мәнмен алмастырамыз Шыққан өрнектің мәнін табамыз Шыққан квадрат теңдеуді шешеміз
|
|||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Сыни ойлауын дамыту. Құндылықты дарыту оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Функциямен жұмыс жасай алу дағдысы физика, биология, экономика және т.б. пәндерді оқу барысында қажет болады |
|||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация |
|||||||||||||
Бастапқы білім |
Оқушылар квадраттық функция қасиеттерін біледі. |
|||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин
10 мин |
Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлайды. Өткен сабақта орындаған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының қорытындысына тоқталады. Білімді жаңғырту Оқушылар жұпта жұмыстанады. Кестені толтырып, келесі жұппен жауаптарын салыстырады. Келіспеушілік туған жағдайда мұғалімнің көмегіне жүгіне алады. Тапсырма: Суретте у = ах2 + bх + с, а ¹ 0 түріндегі функциялардың графиктері бейнеленген
Суреттегі берілгендермен кестені толтырыңдар.
|
1-2 слайдтар
Қосымша 1 |
||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин
15 мин
6 мин |
Жаңа материалды меңгеру Оқушылар 7-сыныпта сызықтық функция үшін аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін, функция мәні бойынша аргументтің мәнін табуды үйренді. Сондықтан төмендегі тапсырмаларды алдымен жұпта өздіктерінен шығару ұсынылады. Кейін тақтада дұрыс шығару жолын бір оқушы көрсетеді. Тапсырма: функциясының графигін салмай-ақ: a) у = -10; 6; 0 болғандағы аргументтің мәндерін табыңыз; b) х = -2; 0; 3 болғандағы функцияның мәндерін табыңыз. Кейін график арқылы қалай табуға болатыны талқыланады. Алғашқы бекіту Оқушылар өздіктерінен шығарады, егер есепті шешуге қиналса, қабырғадағы ілініп тұрған есептің шығару жолына, жауабына қарай алады. 1. Егер х=3 болса, онда функциясының мәнін табыңыз. 2. Егер функцияның мәні -7 тең болса, онда функциясының аргументінің мәнін табыңыз. 3. Егер х=болса, онда функциясының мәнін табыңыз. 4. Егер , , , болса, онда a, b, c табыңыз. 5. функциясының графигін салыңыз. Графикті пайдаланып: а) мәндерін табыңыз. ә) болғандағы x-тің мәнін табыңыз. б) функцияның ең үлкен, ең кіші мәнін табыңыз. в) функцияның мәндер облысын табыңыз. 6. үшін мәнін табыңыз.
Жұптық жұмыс Оқушылар жұпта талдай отырып шығарады, кейін тақтада дұрыс жауабы шығарылып көрсетіледі. Тапсырма: Кітап дүкені күніне x кітап сатады, егер осы дүкеннің пайдасы күніне P = -11x2 + 450x - 800 теңгемен анықталатын болса, бір күнде 3000 теңге пайда табу үшін қанша кітап сату керек?
|
3-4 слайдтар
Қосымша 2
5 слайд
|
||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин |
Рефлексия Төменде ұсынылған бір нұсқаны таңдау арқылы бүгінгі сабақтағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз. 1) Сабақтың қиындық деңгейің бағалаңыз. Сізге сабақта: § оңай болды; § әдіттегідей болды; § қиын болды. 2) Материалды меңгеру дәрежеңізді бағалаңыз: § толық меңгердім, қолдана аламын; § толық меңгердім, бірақ қолдануға қиналамын; § толықтай меңгермедім. Үй тапсырмасы 1. Абсциссасы 1-ге тең функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңыз. 2. функция графигінің ординатасы 3-ке тең нүктенің абсциссаларын табыңыз. 3. Координаталары (-3;6) нүктесі арқылы өтетін у=ах2–3 функциядағы а коэффициентін табыңыз. 5. Егер парабола төбесінің координаталары (2; -6) болса, онда у = -х2 + 4х + с функциясы үшін с коэффициентінің мәнін табыңыз. 6. квадраттық функциясының мәні x=0 болғанда 2-ге, ал x=1 болғанда 3-ке тең болса, p мен q-ді табыңыз.
|
6 слайд
Қосымша 3 |
||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||
Саралау сабаққа тапсырманы дайындау барысында жүргізілді. Қабілеті жоғары оқушылар тақырыпты меңгеру барысында басқа оқушыларға көмектесе алады. |
Сабақта өзін-өзі бағалаумен қатар өзара бағалау жүрізіледі. |
Сынып бөлмесі желдетіледі. Оқушылар іс-әрекет түрлерін өзертіп отырады. |
||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||
|
||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.