Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция |
Мектеп: |
||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Квадраттық функция және оның графигі |
||||||||||||
Сабақтың түрі |
|
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу
|
||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау. |
||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар бөлімнің негізгі терминологиясына сүйене отырып квадрат функцияның графиктерін салу алгоритмін ауызша сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадраттық функция; - парабола; - парабола төбесі, парабола тармақтары; - симметрия осі; - функцияның нөлдері; - графикті симметриялы бейнелеу; - х осімен сығу; - х осімен созу; - оңға жылжыту, солға жылжыту. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - парабола тармақтары ... бағытталған; - график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; - квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); - берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту; - у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады; - у = kf(х) функциясының графигі0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне есе сығу арқылы алынады. |
||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Жеке-дара оқушыға бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беруді жоспарланады. Сонымен қатар бір-бірінің пікірін тыңдауға, ақылдаса отырып шешім қабылдауға үйрету үшін жұптық жұмыс ұйымдастырылады. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Геометрия және физика пәндері. |
||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Квадраттық функцияның графигін салуды іс тәжірибеде көрсету үшін Geogebra бағдарламасы, Desmos графикалық калькуляторы (www.desmos.com/calculator), интербелсенді тақта қолданылады. |
||||||||||||
Бастапқы білім |
Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін соның ішінде у = ах2 функциясының салу дағдылары бар. |
||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы 2 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.
|
1-2 слайдтар |
|||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин
|
Жаңа материалды меңгеру Диалогтық әдіс арқылы у = х2 функциясының қасиеттерін еске түсіру: 1. Анықталу облысы ... (D(y) = R). 2. Функцияның мәндер облысы...(Е(у) = [0; +∞). 3. х = 0 болғанда... (у = 0), х > 0 және х < 0 болғанда... (у > 0) болады. 4. Функция... ((-∞; 0]) аралығында кемиді және... ([0; +∞)) аралығында өседі. 5. у = х2 функция графигі...(парабола) деп аталады. 6. у = х2 параболасының төбесі- ... ((0; 0) нүктесі). 7. у = х2 параболасының симметрия осі —...(у осі), яғни... (х = 0) түзуі. 8. Парабола тармағы...(жоғары) бағытталған. - Біз бұл функцияның графигін сала аламыз, ал бүгін осы функцияның графигін түрлендіру арқылы y = ax2, y = a(x – m)2, y = ax2 + n түріндегі функция графиктерін салып үйренеміз.
Топпен жұмыс Сынып 3 оқушыдан топтарға бөлінеді. Алдымен барлығына 1-тапсырма беріледі. Әрбір тапсырманы орындап болған соң жалпы сыныппен қорытынды жасалынады, тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі. Оқушылар алгортимді өздерінің дәптерлеріне жазып алады, келесі тапсырмаға көшеді. 1-тапсырма: 1) y = x2, y = 2x2 , y = 0,5x2 функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, y = 2x2 , y = 0,5x2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз. 2-тапсырма: 1) у=х2 ,y = (x + 2)2 және y = (x - 2)2 функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, y = (x + 2)2 және y = (x - 2)2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз. 3-тапсырма: 1) у = х2, у = х2+2 у = х2-2 функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, у = х2+2 у = х2-2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз.
|
3-5 слайдтар
6-11 слайдтар
|
|||||||||||
8 мин
|
Алғашқы бекіту Оқушылар тапсырманы өздіктерінен орындайды кейін көршісімен дәптерлерін алмасып, өзара тексеру жүргізеді. Тапсырма: а) суретте белгіленген график у = х2 функциясының графигі болатындай координата осьтерін жүргізіңіз (бірлік кесінді - 1 торкөз); ә) f, g, p, h функцияларының формулаларын жазыңыз.
|
Қосымша №1 |
|||||||||||
12 мин |
Жеке тапсырма Оқушылар өздіктерінен орындайды кейін Desmos графикалық калькуляторы арқылы www.desmos.com/calculator өзін-өзі тексереді. Тапсырма: Берілген функциялардың графиктерін салыңыз. 1. 2. 3. |
Қосымша №2
|
|||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин |
Рефлексия Стикер таратылады, оқушылар өз ойларын жазады.
Үй тапсырмасы Берілген функциялардың графиктерін салыңыз, салу қадамдарын жазыңыз, нәтижені Desmos графикалық калькуляторы арқылы тексеріңіз: 1. ; 2. ; 3. .
|
12 слайд
13 слайд |
|||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар жаңа материалды меңгеру кезінде қорытынды жасай алады. Жеке тапсырманы бірінші орындап болған жағдайда қосымша тапсырма беріледі. |
Сабақта өзара және өзіндік бағалау жүргізіледі. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, комментарийлер береді. |
Сынып бөлмесі желдетіледі. Сабақ барысында іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады. |
|||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.