Үлес туралы түсінік

  • Разработки курсов
  • Разработки уроков
  • docx
  • 09.01.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Ынталандыру. – Адамдарға бүтінді жиі үлестерге бөлуге тура келеді. Ал«Апельсин» атты атақты мультфильм естеріңізде ме? Мультфильм кейіпкерлері апельсинді қалай бөлгендерін көрейік. Мұқият көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ қоямын. - Өлеңде жануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер). – Кім мұқият болды? Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік). – Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен). - Қалай ойлайсыздар, апельсин бірдей бөліктерге
Иконка файла материала 41 сабак1.docx
41­сабақ. Үлес туралы түсінік Тақырып:  Уақытты қалай өлшейді? Мектеп: Күні: Сынып:  Оқу мақсаттары Сабақтың мақсаттары Мұғалімнің аты­жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: 3.1.1.5  үлесті   құру   жолын   көрсетіп   беру,   оларды   оқу, жазу және салыстыру Барлық оқушылар үшін: Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсету. Бірқатар оқушылар үшін: Көрнекілік негізінде үлестерді жасау, үлестерді жазу,  оқу және салыстыру. Кейбір оқушылар үшін: Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді  ерекшелеу.  Оқушылар: Үлестердің жасалуын түсіндіру. Пәндік лексика және терминология: үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір,  үштен бір).  Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Фигура неше бөлікке бөлінеді? Әр бөлікті қалай атауға болады? Қай бөлік үлкен: 1/2 немесе 1/4? Өз жауабыңызды  түсіндіріңіз.   Жазу:  1/2 бөлік, 1/4 бөлікті жазыңыздар.  Үлестердің тұрмыстық атауы.  Тілдік мақсаттар Тірек білім, білік,  дағдылар Ресурстар Мультфильм  Жоспарлан ған уақыт 0–3  Жоспар Жоспарланған іс­әрекет Ынталандыру. – Адамдарға бүтінді жиі үлестерге бөлуге тура  келеді. Ал«Апельсин» атты атақты мультфильм  естеріңізде ме? Мультфильм кейіпкерлері  апельсинді қалай бөлгендерін көрейік. Мұқият  көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ қоямын.   ­ Өлеңде жануарлар тең бөліктерді қалай атайды?  (Бөліктер).  – Кім мұқият болды? Апельсинде неше бөлік бар?  (Бес бөлік).  – Әрқайсысы қанша бөліктен алды?  (Апельсиннің  бір бөлігінен).­ Қалай ойлайсыздар, апельсин бірдей бөліктерге  бөлінді ме?   (Иә).  ­ Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға  болады? (Үлестер).  Өзектендіру. 4–6 8 алманы екі ағайынды балаға бөліп беру керек.  Әр бала қанша алмадан алады? Алмаларды сіздер  қалай бөлесіздер?  8, 2, 4 сандары қалай аталады? –  Ағайындылар 1 алманы 2­ге бөле ала ма? Не шығады? Алма түріндегі  санау материалы. Сабаққа арналған  тұсаукесер. Электронды  жинақ полотносы. 7–11 12–29 Жарты – бұл бүтін санның бөлігі.  Адамдарға жиі бүтінді бөліктерге немесе  үлестерге бөлуге тура келеді. Ең белгілі үлес – ол, әрине, жарты. – «Жарты» деген сөзді қайдан естуге болады? – «Жарты» деген сөзді күнде естиміз: жарты  сағат, жарты киллограмм, жарты нан. – Бауырлардың әрқайсысы екі бірдей бөліктің  біреуін алады.  Мақсат қою (мәселелі жағдаят) – Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады?  (Білмейміз)  – Нені үйрену керек? Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды  үйрену керек. Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс  орындайды. Ол қалай аталады? (Дөңгелек) – Дөңгелекті екіге бүктеңіз. – Ашыңыз. – Қанша бірдей бөлік болды? (2) – Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге бөлдік, яғни  тең екі бөлікке. Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуге  тура келеді. Сосын оны ашу керек.  – Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады:  (ширек). Тағы бүктеуге бола ма? – Неше бөлік болды?  Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік.  Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де  пайдаланады. Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сағаттың макетін  қараңыздар. Циферблат неше бөлікке бөлінген? Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де  Дәптер, оқулық,  дөңгелектер.атайтын кездері болады.  №2 тапсырмадағы сағаттың уақытын қараңыздар. Математикада үлестерді жазуға болады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Мұғалім №3 тапсырманы қарауды ұсынады,  бөлшектердің жазылуына баса назар аударады.  Балалар фигураның қай бөлігі боялғанын айтып,  жұппен жұмыс жасайды. Өзіндік жұмыс. Оқушылар №3 (ә) тапсырманы орындайды.  Жаңаны қолдану. №4 топпен орындалатын тәжірибелік жұмыс.  Балалар дөңгелектерді бөліктерге бөледі. Шыққан бөліктерді салыстырады: өсу (кему) ретімен  жазады, теңсіздіктерді жазады. Әрі қарай мұғалім  дәптердегі қалыптастырушы бағалауы бар  тапсырманы орындауды ұсынады. Балалармен бағалау критерийлерін талқылайды. Мен:  – суреттен үлестердің жасалуын көрсетемін;   – үлестерді оқимын;  – үлестерді жазамын;  – үлестерді салыстырамын. Өткенмен жұмыс. Мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай тапсырма береді.  №9 тапсырма – логикалық жаттығуды орындау  барысында мұғалім 15 минут сағаттың қандай  бөлігін алатынын анықтайды.  Рефлексия.  Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде  қолынан не келетінін кім түсінді:  үлестердің жасалуын көрсету  үлестерді оқу және жазу  үлестерді салыстыру Қиылған  дөңгелектер,  қарындаштар,  оқулық. Жетістік  сызғышы. 30–40 41–45