«Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған»
(Абайдың 175жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара)
«Өлді деуге болама айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»
Мақсаты: Данышпан ақын Абайдың өнер- білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін паш ету. Білім алушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
· Шәкірттерді Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен жастық шағы және өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен сазгерлігімен таныту.
· Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
· Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Барысы:
Сахна жабық. Проектордан Абайдың дүниеге келуі туралы шағын фильм беріледі.
Сахна ашылады: Көрініс.
Көрініс аяқталған сәтте жүргізушілер шығады:
1 Жүргізуші: Иә, Абай әке үмітін ақтаған, әке үмітін ғана емес, ел алдындағы өзінің перзенттік парызын толықтай орындаған ұлы да, дара тұлға.
2 Жүргізуші: Кең дала нұрын шашып маңайына,
Қараймын мақтанышпен Абайыма,
Алдында Ұлжан ана басымды ием,
Теңесер ақылды ару, саналы ермен
Жұлдызы ондай жанның, жанады өрден
Ұлжанды ұлы демей мен кім деймін
Қазаққа
Қайталанбас дана берген! - деп мақтан еткен екен әкесі Құнанбай.
1Жүргізуші: Ендеше, қазақтың мақтанышы болған, әке алдында перзенттік парызын толықтай орындай білген Абайдай данамыздың 175жылдық мерейтойына орай өткізілгелі отырған ««Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.
2Жүргізуші Абай туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек.
1Жүргізуші: Абай
ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша
шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан,
әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп
еседі.
2Жүргізуші Ол өткен заманның, кешегі түркі
дүниесінің соққан тынысы болса да бізге
түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні,
Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын
бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 1Жүргізуші: Қазақ
жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу -
ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем.
2Жүргізуші Ақын тұлғасы дараланған сайын
қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау -
біздің парызымыз да қарызымыз.
1-оқушы:
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің
Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс
болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында
өтті. Абай әке жағынан алғанда Тобықтының
белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы
Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі
Құнанбай Қарқаралы округінің аға
сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
2-оқушы:
Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі
керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ,
тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от
пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір
кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала
қиялы мен санасының, мінез-құлқының
қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі,
аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан
өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына
біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының
рухани ой қазынасына қанығып өсті.
3-оқушы:
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе
жүргенде 14 жасында 3 ай орыстың «приходская школында» орысша
сабақ оқыды. Осы 4 жылдық медреседегі және 3
айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында
үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне
қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді.
4-оқушы:
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында
кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың
өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік
туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі,
нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның
ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін
үйренді.
5-оқушы:
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов,
Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың
шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс
мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың
даналығы. Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем
әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық
жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің
алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
6-оқушы:
Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?
Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.
Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ
жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.
7 - оқушы
Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқымаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан
әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.
Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!
1Жүргізуші Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.
Ән:
Көзімнің қарасы
2Жүргізуші: Иә, халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен Абайдың әрбір шығармасы инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылықпен ізгілікке тәрбиелейтін дүние:
«Қалың елім –қазағым»-деп жұртты білім алуға үндеп,
1Жүргізуші «Біріңді бірің сыйлап ғибрат етіс» деп адамгершілікке,
2Жүргізуші Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекке,
1Жүргізуші «Өнерпаз болсаң арқалан, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп өнер –білімге тәрбиелейді. Енді бір сәт данышпан атаның ақындық өнеріне көз жүгіртейік.
Абай шығармалары бойынша шағын монтаж.
6 сынып
2Жүргізуші «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа» дейді С. Торайғыров.
1Жүргізуші Құрметті Гүлнар апай Сіз бүгінде осы бір а әдеби әлемге шәкірттерді тәрбиелеуде, оларды шыңдауда еңбек етіп келесіз.
2Жүргізуші Абайдың ақындық әлемі, оның бүгінгі жас ақындарға берер пайдасы жайлы айтып өтсеңіз.
1Жүргізуші «Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» - дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
2Жүргізуші Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз.
1Жүргізуші: Бүгін ғұлама 175жасқа толып отыр, ал оның дүниеден озғанына 116 жыл. Десе де, Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – дегенді айтқан да өзі еді. Айтқанда да, тауып айтты! Абай – артына өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгер.
2Жүргізуші Бүгін барлық Қазақстан Абайдың мерейтойына дайындық үстінде, «Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы» деп білеміз.
«Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!»- деп ақын Жарасқан Әбдірашев жырлағандай қазақ халқының мақтанышы, қазақ жырының тәңірі, қара сөздің зергері Абай Құнанбаев.
1Жүргізуші Енді мектебіміздің шәкірттері Абайды қаншалықты білетіндігін байқап көрсек.
2Жүргізуші Көрсек көрейік.
Сұрақ: «Орысша оқу керек,- дейді ол, хикметт те, мал да, өнер де, ғылым да, - бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмелі керек... Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті,»- деп, «Мен айтқан жол - мал аяр жол емес» деген тақырыбын берген. Бұл Абайдың қай қара сөзінен алынған үзінді?
(«Жиырма бесінші сөзі»)
Сұрақ: Абай әндерінің біразы өкінішке, күрсініске, өкпеге толы. Жақсысына қуанады, қайғысына ортақтасады, жаманына ренжиді, ұқпағанына өкінеді. Абай жүрегінен «айналасы жұп жұмыр келген» Ән боп төгіледі де
«Қайнайды қаным,
Ашиды жаным
Мінездерін көргенде,» - деп
халықтан бірлік кеткенін, ел іргесі тозып бара жатқанын ащы
өкінішпен айта келіп, осының себебін іздейді де,
Ол: «Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным
Қаңғыртты қыста
басымды,» - деп іштегі запыранын әнмен төгіп – төгіп алды.
Осы өлең жолдары Абайдың қай әнінен
алынған? («Сегіз аяқ»)
Сұрақ: Поэманың тақырыбы әділдік пен
жауыздықтан құрылған. Ғұлама ғалым
арқылы жауыздығын өзіне мойындатып, қан төгуден
бас тартқызған Абай поэмасын ата? (Ескендір)
Сұрақ: Абай аудармасынан бір сұрақ беремін.
Абайдың «Қараңғы
түнде тау қалғып» әні кімнен аударылған?
(Лермонтов)
Сұрақ: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі
мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады,
бұлар – тәннің құмары, екіншісі – білсем,
көрсем, үйренсем екен дейді, бұл – жан құмары...»
Осы үзінді Абайдың нешінші қара сөзінен алынған?
(«Жетінші»)
Сұрақ: «Қазақтың классик
әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн
шуақты асқар биігі,» - деп аса көрнекті жазушы баға
берген. Ол кім? (Әуезов)
Рахмет, Абайды оқып, Абайды танып білудің еш зияны жоқ.
Біздің колледжімізде Абайтану үйірмесі жұмыс жасап, осы
үйірме төңірегінде Абай шығармаларын танып білуге, оны
талдауға мүмкіндік бар.
Абай «Желсіз түнде жарық ай»
1Жүргізуші Қазақ деген ұлт өлмейінше, Абайдың есімі де, оның мұрасы да өлмек емес.
2Жүргізуші Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын шығармашылығының аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылманы.
1Жүргізуші Ол қалдырған күй даланы кернейді,
Ұшқан оттай құс қанатын сермейді.
Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,
Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді.
2Жүргізуші: Абай атамыздың мерейтойын тойлаудың бұл басы десек, алдағы уақытта ол қандай деңгейде өткенін қалайсыздар. Көзқарастарыңыз.
1Жүргізуші: Олай болса, бірінші Мұғалімдер қауым өкілдері Сіздер алдағы уақытта Абай тойы қалай тойланады деп ойлайсыздар.
2Жүргізуші Біздің шәкірттеріміздің ойы қандай, алдағы 175жылдықтың қалай тойланады деп ойлайсыздар.
1Жүргізуші Пікірлеріңізді тыңдадық, пікір тілектеріңіз қабыл болып, елімізде тек той болуға жазсын.
2Жүргізуші Абайдың артына қалдырған мол мұрасын зерттеп, зерделеу, жас ұрпақтың бойына сіңіру, оны танып білу, біздің перзенттік парызымыз.
1Жүргізуші Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.
2Жүргізуші Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.
1Жүргізуші Бүгінгі кешімізге қатысқан қонақтарымызға алғысымызды білдіре отырып, Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қожарияноваға қорытынды сөз кезегін береміз.
«Құйған орта мектебі» КММ
Бекітемін:_______________
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Ж.Қожариянова
« » қыркүйек, 2019 жыл
(Абайдың 175жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара)
5-9 сыныптар
Жауаптылар: Г.Темиршенова
Л.Алтынбек
2019-2020 оқу жылы
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.