Ұлттық құндылық
Оценка 4.6

Ұлттық құндылық

Оценка 4.6
docx
29.11.2022
Ұлттық құндылық
ұлттық құндылық.docx

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы

Бөлім:

2-бөлім:

 Ұлттық жəне отбасылық құндылықтар Фонетика

Педагогтің аты-жөні:

 

Күні:

 

Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

 6.1.4.1 Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 

6.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді  іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; .   6.4.1.1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар  Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді  іріктей отырып, жинақы мәтін жаза  алады

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар  Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуды  үйренеді

Құндылықтарға баулу:

 «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

 

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

 

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

 

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

 

 (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері  беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау  жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Құндылық дегенді қалай түсінесің?

2. Ұлттық құндылықтар туралы не білесің?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп,  талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру. 

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпен танысады.

 

Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма:  Өз ойыңды төмендегі пікірмен салыстыр.

Кез келген заттың, құбылыстың, ұлттың және қоғамның ең басты сипаттарының жиынтығын құндылық деп атаймыз. Ол материалдық, рухани, отбасылық, ұлттық, жалпыадамзаттық т.б. құндылықтар болып бөлінеді. Біздің Отанымыз Қазақстанның ең басты

құндылығы – ел тәуелсіздігі. Оны көздің қарашығындай сақтау –

әрқайсысымыздың абзал борышымыз.

 

2-тапсырма:  Атамекен, атажұрт туралы бір-біріңнен интервью алып, өзара  пікірлесіңдер.

Дескриптор:                    Жалпы - 4 балл

1. Өз ойын тапсырмада берілген пікірмен салыстырады.

2. Атамекен, атажұрт туралы бір-бірінен интервью алып, өзара  пікірлеседі.

ДК экраны

6-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

 

Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-тапсырма:  Оқулықта  6-тапсырмада  берілген  мәтінді екпін қоя отырып оқы.

4-тапсырма: Мәтіндегі негізгі ақпаратты үш сөйлеммен түйіндеп, сызбаны  толтыр.

Дескриптор:                    Жалпы - 3 балл

3. Оқулықта  6-тапсырмада  берілген  мәтінді екпін қоя отырып оқиды

4. Мәтіндегі негізгі ақпаратты үш сөйлеммен түйіндеп, сызбаны  толтырады.

ДК экраны

6-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон»  әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

 

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін,  өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

 

Мұғалім оқушыларды  «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Описание: C:\Users\Айгуль\Desktop\4-32.png

Описание: https://fsd.multiurok.ru/html/2018/10/02/s_5bb3d3fa1a424/961901_6.png

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

 

Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

 «Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

 

 


 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы

Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі

Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі

Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді

Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді

Сабақтың соңы Ой толғаныс.

Сабақтың соңы Ой толғаныс.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2022