Мақала
Оценка 4.7

Мақала

Оценка 4.7
Семинары
docx
английский язык
Взрослым
09.10.2017
Мақала
Білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде тілдік қызмет дағдыларын дамытумен қатар сандық технологияларға да ерекше назар аудару керек. Олар біздің өмірімізде қандай рөл атқарады? Әрқайсымыз уақыт өткен сайын жаңа технологияларды меңгеруге асықпыз. Заманауи технологиялар, ғаламтор туралы ақпарат алуды меңгеру заман талабы.Аудандық ағылшын тілдері мұғалімдерінің әдістемелік жиынында оқылған баяндама
доклад.docx
Күршім аудандық ағылшын тілі  пәні мұғалімдерінің секция отырысы Баяндама тақырыбы: Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде тілдерді деңгейлік меңгеру бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту Теректібұлақ орта мектебі  ағылшын тілі пәні мұғалімі  Касымжанова А.К. Күршім ауылы 25 тамыз  2017 жыл      Мақсаты:  Білім беру мазмұнын жаңарту аспектісінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің   педагогикалық   практикасының   өзекті   мәселелері   жайында тәжірибе бөлісу.             Ағылшын тілін оқытуға бүгінгі күні үлкен жауапкершілік жүктелген. Себебі   ХХІ   ғасыр   ақпараттық   технология   ғасыры.   Ал   ағылшын   тілі компьютер тілі, ақпарат тілі. Осы бағытта ағылшын тілінде сөйлейтін, қарым қатынас   жасайтын   ортаны   үлкен   жауапкершілікке   қоямыз.   Сондықтан   оқу үрдісі   оқушыға   әкелетін   материалды   толық   меңгертуді,   оны   жақсы   есте сақтай алуына, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы қажет.  Елімізде ағылшын тілінің маңызы ондаған есе артқанына куә болып отырмыз. Ағылшын әлемдегі кең таралған жаһанданудың тілі болуымен қатар болашақта еліміздің жаҺандық экономиканы жетістікпен ықпалдастыру тілі болмақ.     Педагог мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстарының «Үш тілде оқыту   жағдайында   мұғалімдердің   пәндік   және   коммуникативтік­тілдік құзыреттілігін   қалыптастыру»   тақырыбындағы   білім   беру   бағдарламасына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаһандану процесінің күшейіп, әлемдік   интеграцияның   қарқын   алуы   дүние   жүзіндегі   тілдік   кеңістіктердің өзгеруіне   алып   келді.   Ағылшын   тілінен   біліктілікті   арттыру   курстары   пән мұғалімдеріне білім беруге деген жаңа мүмкіндіктер ашады деп үміттенеміз.   Білім беру мазмұнын жаңарту кезеңінде тілдік қызмет дағдыларын дамытуға назар аудару үшін: ­ Оқытудың 4 дағдысының анық тепе­теңдігін ұстану: тыңдау, айту, оқу, жазу; ­ Оқу кезеңінен идеяларды  бейнелеу  кезеңіне  және  ары қарай – жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыру; Слайд   2:  Сандық   технологиялар…   Олар   біздің   өмірімізде   қандай   рөл   атқарады? Әрқайсымыз   уақыт   өткен   сайын   жаңа   технологияларды   меңгеруге   асықпыз.   Заманауи технологиялар, ғаламтор туралы ақпарат алмай өмір сүру және даму қиын.   Слайд 3: Осы ұрпақтың оқушылары алдыңғы ұрпақпен салыстырғанда өзгеше. Бұл балалар «ұялы телефонмен дүниеге келген», ойлау қабілеті кең, ақпаратты жылдам қабылдайды, бостандыққа құштар. Олар өз ата­аналарынан гөрі Google­ға сұрақ қойғанды ұнатады. Бұл Z ұрпағының, яғни, сандық ғасырдың және озық технологиялардың балалары. Бұл дегеніміз – оларды оқыту тәсілі де өзгеше болу керек деген сөз.  Слайд   4:  Z   ұрпағының   балаларын   қалай   оқыту   керек   деген   сұрақ   әрқайсыңызды толғандырған болар? Оқу қызметінде озық технологиялар мен келесі тәсілдерді қолдану қажет: Бірінші өзгеріс: Оқытудағы жылдамдық.          Педагогтер оқыту процесінің мазмұнын жеделдетулері қажет.          Ақпаратты жылдам беріп, қойылған міндеттерді шешуге уақытты аз жіберіп нәтижеге қол жеткізу, оларды талдап және шешімді дереу қабылдай алу.  Екінші өзгеріс: Бір сурет мың сөзден тұрады.          Z ұрпағының балалары ақпаратты басқаша қабылдайды. Олар үшін барлығы әсерлі, ашық түсті және көркем безендірілген болуы керек. Сондықтан да бұл ұрпақ балалары үшін сабақ және басқа да оқыту жұмыстары дәстүрлі құралдармен (тақта, маркерлер) және оқытудағы   озық   технологияларды   (проекторлар,   ұялы   телефондар,   компьютерлер) біріктіре қолдану арқылы жүргізілуі қажет.    Үшінші өзгеріс: Мультимәселелік және қызықтыра білу.                  Көптеген балаларға бірнеше әрекеттерді қатар орындау ыңғайлы. Сондықтан да заманауи сабақтарда ойын түрлерін, интерактивті динамикалық тапсырмаларды қолдана отырып өткізу оңтайлы.   Төртінші өзгеріс: Ынталандыру жүйесі                 Z   ұрпағының   балалары   өздерінің   еңбектеріне   ынталандыру   ретінде     сыйлық алатындарын білсе жұмыс атқаруға ынталары арта түседі. Бұл ретте олар сыйлықты бірден, нәтижеге   жеткен   бетте   алғылары   келеді.   Сондықтан   да   қалыптасқан   шарттылықтарды ұстанбай   баланың   еңбегін   уақытылы   бағалап,   атқарылатын   әрекеттердің   сапасын   және жылдамдығын жеделдету керек. Сонымен оқыту процесін қалай тартымды ете аламыз? Сандық білім беру ресурстарын (СББР) қолдану арқылы.  Слайд 5: Сандық білім беру ресурстарын оқыту процесінде пайдалану педагогтерге оқыту мазмұнын, әдістемелерін және формасының сапасын өзгертуге мүмкіндік береді.  Слайд 6:  Сандық білім беру ресурстары  – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша алған білімдерін зерделеуге, қайталауға және бекітуге арналған тиімді ресурс.  Электронды гаджеттердің көмегімен сапалы білім беру ресурстарына еркін қол жеткізу мүмкіндігі  Слайд   7:  «Назарбаев   Зияткерлік   мектептері»   ДББҰ   Қазақстан   Республикасында   орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш және негізгі мектептері бойынша сандық білім беру ресурстарын әзірлеуде.    Слайд 8: Әзірленген сандық білім беру ресурстарының тақырыптары оқу бағдарламасына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес.  Түрлі пәндер бойынша әзірленген СББР тақырыптары  Слайд 9:  СББР­ның   мазмұны   мен   құрылымы   оқытушыға   оларды   сабақтың   кез­келген   кезеңінде қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа материалды ұсыну Меңгерілген білімдерді тәжірибеде қолдану Материалды бақылау және жинақтау Слайд 10: Сандық   білім   беру   ресурсын   әзірлеуде   жаңа   материалды   ұсынудың   келесі   формалары қаралды:   Интерактивті дәріс  Шынайы өмірмен өзара байланыс  Виртуалды эксперимент  Виртуалды саяхат  Виртуалды зертхана Слайд 11:  Берілген материалдарды бекітуге арналған тапсырмалар бар, оларды жұппен, топта, сонымен қатар жеке өз бетімен орындау (сабақтан тыс уақытта) мүмкіндігі бар.  Слайд   12:  Әрине   келесі   сұрақ   туындауы   мүмкін:   Оқушының   материалды   қаншалықты меңгергендігін қалай тексереміз?  Сандық білім беру ресурсында бұл жайларда ескерілген. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ресурсты ұсынудың түрлі формалары алынған.  Бұл: Тесттер,  Виртуалды тәжірбиелер.  Диктанттар Электрондық тапсырмалар.  Слайд 13: Барлық әзірленген ресурстар NIS Play онлайн­платформасына салынған. Әрбір мұғалім қарапайым тіркелу қадамдарын жасау арқылы сандық білім беру ресурстарына қол жеткізіп және өзінің кәсіби қызметінде еркін қолдану мүмкіндігіне ие болады. 1. Кез келген браузерде play.nis.edu.kz  адресін теру.  2. Жаңа   қолданушыларға   Тіркелу,   ал   тіркелген   қолданушылар   онлайн­платформаға кіру батырмасын таңдау. 3. Тіркелу формасында берілген барлық жолдарды толтыру!  4. Тіркелу процесін аяқтау үшін тіркелуді растау. Содан кейін сіз портал қолданушысы боласыз!  Навигацияны ыңғайландыру үшін сайтта қажетті ресурстарды іздеу батырмасы берілген. Қажетті сандық білім беру ресурсын іздеу үшін пән, сынып, тіл немесе тақырыбын жазасыз. Сіздің кәсіби қызметіңізде бұл ресурстардың көмегі болады деп сенеміз.

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала

Мақала
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.10.2017