Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі
Оценка 5

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Оценка 5
Повышение квалификации
docx
администрации
Взрослым
03.05.2017
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажетҚазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. «Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім» демекші ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.
Полатова А знанио.docx
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет» Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8­бабында  «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа  технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.  Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:  «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман  талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына  жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».Сондықтан, қазіргі даму  кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің  технологияландыру мәселесі қойылып отырғаны баршамызға  аян.Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл  педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты ­ бәсекеге қабілетті маман  дайындау. «Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім»  демекші ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс ­  оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз  атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау ­ әр  мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін ,  мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация  мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,  тұрақты өзін­өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан  шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы,  біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы  мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру  сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы  шеберлігі. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа  парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және  тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу  қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері  нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс­  әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру  мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби  шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру  үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын,  дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда  ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін  дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы  адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті  дамытуға бағытталған танымдық іс­әрекетке ынталандыру үшін  білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға»  бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге  көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру­ оның  философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін,  теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы  барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге  жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен  дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын,  ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық ­  дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы  құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін  оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу  мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін­өзі жасау талабын  қалыптастыра алады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда  оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық  рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,  педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі  бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін  дамытуды қамтамасыз ету, сондай­ ақ педагогтердің еңбегін  мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне  үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер  мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен  бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен  жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса,  білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі  педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.  Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби  білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды  игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып,  басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық  қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым  К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары  педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше  көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала  бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти  отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім  шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы  Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған  білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын –  құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы  Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз ­  педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі  мен абыройлығы ». Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру  тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби ­ тұлғалық  құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12  жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. 1. Арнайы құзыреттілік­ өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін  қабілеті. 2. Әлеуметтік құзыреттілік­ кәсіптік қызметімен айналысу  қабілеті. 3. Білім беру құзыреттілігі ­ педагогикалық және әлеуметтік  психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім  стандартына сай тұлғаның жан­ жақты дамуына негізделген, алған  білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай  дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. Мұғалімнің кәсіби деңгейінің дамуы. Психологтер де, педагогтер  де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен  өзін­өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп  көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг,К.Ушинский,  А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану  ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей  отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы  тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік­ кәсіби әрекетті  жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның  білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей  психологиялық критерийлерін анықтаған. Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары  еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу  біліктері, т.б жататындығын атап өтеді. Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның  табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты  ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім  еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық  бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну,  маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады. Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған  нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің  стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым­ қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын  басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың  психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана  алуы. Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы  жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін  қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін  басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың  болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы  белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова  оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз  мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін­өзі өзектендіру  кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта  шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби  құзыреттіліктің сипаттамасын шебер­ мұғалімнің , жаңашыл­  мұғалімнің, зерттеуші­ мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген  мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады. Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет.  Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған  нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа  ортаға икемдеп, өзіндік іс­ әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай  нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік­ педагогикалық қызмет  қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке  тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік­мәдени  жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді  басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму  заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан­  жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп  мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының  шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай  алатын, тұлғалық­ ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс­ қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті,  оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік  мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай  алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен  қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз. Қазіргі қазақ мектебі. Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі,  оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде  мұғалімге, ата­анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген  жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған  бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді.  Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –  жан­жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы  негізгі мақсат ­ өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны  қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын  оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол  арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының  түрлі дара қабілеттерін арттыру. Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және  тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни  бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір  жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық  міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен  қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім  сабақта әдіс ­ тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс ­  пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген  сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер  арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына  негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды  сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы  қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп,  онымен жұмыс жасау, оны жан ­ жақты тануды ойлап, оқушылардың  шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі  қажет. Қазіргі мұғалім:   Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;  Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;  Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; Білімді, іскер, шебер болу керек;  Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе  жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді  дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен  жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,  орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке  тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы:    Дүниетаным қабілеті жоғары; Дарынды, өнерпаз; Іздемпаз, талапты: Өз алдына мақсат қоя білу керек;  Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның  тән­дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен  мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Ата­ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата­анамен бала  арасындағы өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін  жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы  араласатын іс­әрекетінің алуан түрлілігін, ата­ананың тәрбие  құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана алу қабілеттерін,  баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады. Ата­ана арасындағы, ата­ана мен бала арасындағы, балалардың  арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік  механизмдері болып табылады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн  тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет  біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің  басты міндеті ­ өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей  және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға  ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен  мәдениетке үйрету, білім, қарым­қатынас ережелерін, әлеуметтік  тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн  тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке  тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана,  отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар  дегенiмiз ­ бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа  бағдарланған ой­санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi  мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу­танымдық  әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын  анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір  әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған  ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi. Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның  құндылық бағдар жүйесi «адамның өмiрлiк әлемi», «әлемнiң  бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары,  уәждемелік қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi  болып табылады. Құндылық бағдар сананың негізін құрайды,  дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси­ экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз  етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс­әрекетін бағыттап, адам  өмірінің мінез­құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша,  құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші,  бағыттаушы қызметтер атқарады. Құндылықтар қоғамдық  қатынастарды реттейді, оның дәстүрлері мен нормаларының қызмет  етуін қамтамасыз етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие.  Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалармен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір  мемлекет үшін маңызды. Олардың негізінде жеке тұлғаның  әлеуметтену үдерісі жүреді, оның тәлім­тәрбиесі, өмірдегі орны,  мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар  әлемі – сөздің кең мағнасында мәдениет әлемі, адамның рухани  әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның  адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. Құндылықтар  адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді. Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан  кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа  шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік  адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс.  Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс  негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың  ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса,  қоғам болашағы­ жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік,  мейірімділік, ақыл­ой, сана­сезім қалыптастыратын салауатты  тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны  табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету  артық болмас. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына  көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан­жақты дамыған, рухани  бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты  мақсаты да сол жан­жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға  қалыптастыру болып табылады. Рухани бай, жан­жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты  қасиеттердің бірі ­ тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі  көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша  сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген  адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке  тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын,  қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол  бермеуді қалыптастыру болып табылады. Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын  дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін  шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін  ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз,  ата­ана және қоғам қауымының міндеті. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік  жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау  кезінде қалыптасып тәрбиеленеді. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын  қарастыратын болсамҚР білім беру мекемелерінің басшыларының  біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын игеріп келгеннен   кейін өзімнің басшылық тәжірибеме, оның ішінде  мектепті   дамытуға, мектепті  көшбасшылықпен  басқаруыма  біраз өзгерістер  әкелді. Мектеп директорының роліне тән кәсіби тәжірибенің 4  санаты бойынша1.Оқыту мен оқуға жетекшілік ету. 2.Өзінің дамуы  мен басқаларды дамыту. 3.Жетілдіру,инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету. 4.Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа  тарту міндеттерімді орындау мақсатында біршама жұмыстарды   жоспарладым.Осы ұғымдарды өз мектебімдегі іске асыру үшін  басшылыққа мектептің даму жоспарын іске қосып жүйелі  жоспарладық. Мектепті дамытудың сынамалық жоспарлауының жүзеге асу үдерісіне   тәжірбиелі   ұстазды   және   жас   мамандарды   тарттым. Мектептің   дамуына   ықпал   ету   мүмкіндігін   ескере   отырып,оқыту мен   оқуда   нәтижеге   қол   жететіндігімізге   сеніммен қарадым.Сонымен  қатар Лессион Стади әдісімен  сабақты зерттеу жоспарланды.   Lesson   Study   –   мұғалім   тәжірибесі   саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс­әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.     Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған   мамандарға   да   кәсіби   жетілуге   көмектеседі.   Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз.Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson   Study   дайындаған   әріптестеріміздің   көзімен   де қарастырамыз,   соның   нәтижесінде   біз   Lesson   Study   барысында бақылаған   нақты   сабақты   өзіміздің   жоспарлаған   сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте   «шеттетіп   тастайтын»   немесе   болжамды   білім   ретінде сақталып   қалатын   нәрселерді   аңғаруымызға   түрткі   болады.   (Пит Дадли, нұсқаулық)     Мектептің даму жоспарына сәйкес «Жаңа форматтағы  педкеңес» жоспарланып өткізілді. Мақсаты: Сыни теориясына  негізделген оқыту мен оқу үдерісіндегі өзгерістің маңызын ұжымға  түсіндіру болды. Шеберлік сыныбында бүкіл ұжым Жаңа білім  берудің маңыздылығына аясында пікір алмасты, оның тиімділігі  оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай мұғалімдердің  жүйелі жұмыс істеуіне ықпал ететіндігі де айтылды.Ол үшін ұжым  болып Ықпалдастырылған сабақтар топтамасы ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ, сабаққа енгізу, Жеті модульді сабақтарға пайдаланудың тиімділігі  айтылды және ұсыныс бірауыздан қабылданды қабылданып  хаттамаға жазылды. Аталған ұсыныс бойынша  мұғалімдерге өз  ұжымында әріптестерге қолдау көрсету мақсатында "Оқыту тобы  құрылып жұмысын жалғастырады. Мектепішілік «Самғау»  қоғамдастығы құрылды. Оның құрамына мектеп әкімшілігі мен  деңгейлік білімдері бойынша сертификатталған мұғалімдер  енгізілді.Самғау қоғамы бірігіп оқуға өзгеріс енгізу тобын  құрды.Мақсаты сыни теориясына негізделген оқыту мен оқу  үдерісіндегі өзгерістің маңызын педұжымға түсіндіру. Осыдан кейін  «Сенім» желілік  қауымдастығын құрдық. Мұндағы мақсатымыз  біздің мектеп тірек мектебі болғандықтан  мектептер арасындағы  желілікті жандандыру еді.Лессон стади  тәсілі туралы  түсінік беру арқылы таныстыруды  және кері байланыс – рефлексияны айтып  өтілді тапсырмаларды орындаудағы ұмтылысын байқадым.Келесі  қадамым­  мектеп ұжымына  ҚР білім беру ұйымдарының  басшыларының біліктілігін арттыру курсы туралы таныстырылым   өткіздім, оны слайдтар, бейнетаспалар арқылы түсіндірдім.Содан  соң тәлім алушы А.Полатова екеуміз бірінші коучинг жоспарын  құрып, тақырыбын «Топтық оқытудың әдіс­тәсілдері»­деп  бекіттім.Коучингке  қатысатын мұғалімдердің тізіміне қоғамдастық  мүшелеріне қоса тәжірибесі аз мұғалімдерді, бастауыш сынып  мұғалімдерін де қамтыдық, жалпы саны–40 мұғалім болды.     Сенімжелілік қоғамдастығының жоспарына байланысты  аймақтық семинар ұйымдастырылды.Тақырыбы:«Кәсіби желілік  қоғамдастық және оның маңызы». Мақсаты : Кәсіби желілік  қоғамдастық құру, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру  арқылы оқушылардың заман талабына сай сапалы білім алуына қол  жеткізу. Семинардың жоспары бойынша «Кәсіби желілік  қоғамдастық және оның маңызы» тақырыбында    дөңгелек стол,  «Оқыту мен оқуда топтық жұмыстың маңыздылығы» тақырыбында  коучинг семинар,  Тәлім алушы Н.Ербосынова  2­ші сыныпқа қазақ  тілінен «Мәтіннің түрлері» тақырыбы бойынша сабақ көрсетті.  Сонымен қатар III­ші деңгей бойынша сертификатталған мұғалім : А.Оңалбаева орыс тілі сабағынан  бір сабағын өткізу арқылы іс­ тәжірбие тарату болды. Нәтижесінде жергілікті "Арыс ақиқаты" газетіне №  46(5988)14.11.2015ж нөмеріне   "Тәжірибе алмасу ­ мұғалімдердің  кәсіби дамуының құралы" тақырыбында тәлім алушымның   мақаласы жарияланды        Осындай нәтижелі жұмыс барысында оқушыларды: ерекше  ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете  отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін  қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландыра алды. Қорыта келгенде, кәсіби, шығармашыл шебер ұстаз оқытудың  жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу­тәрбие ісіне  жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу­ тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті  тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс­әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары  адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез құлық  қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп  қана қоймай, өзін­өзі жан­жақты дамытуға қол жеткізеді.  Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді.  Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі  бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Бүгінгі заман талабы — жан­жақты дамыған, өзіндік «мені»  қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы  үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға,  өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни  ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның  құзіреттіліктері қалыптасуы қажет. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары  мұғалім ғана жүзеге асырмақ .

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.05.2017