Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!
Оценка 4.6

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Оценка 4.6
Документация
docx
психологическая работа +1
11 кл
05.03.2018
Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!
Максаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру. Балалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Пікір-талас сүрақтары: 1. Оқушының болашақ мамандық тандауға деген қарым-қатынасына талдау жасау. 2. Мамандық таңдаудағы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеті. 3. Мамандық тандаудағы жанұяның әсері. Жүздесуге шақырылған оқу орталығының өкілдері балаларға болашақ мамандығын таңдау да жанүяның көмегінің мүмкін жолдары туралы айтып береді. Сондай-ақ, басқа да мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлүмат беру. Ата-аналардың балаларының жөнінде мамандық немесе қандай да бір пікірмен, не баласына көмек сұрай келген жағдайларда да мамандар оған дайын болуы керек. Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кез ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді. Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі , тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабыданатын жауапты шешімдердің біреуі. Осы арада мамандық
Ырымжанова А.К.docx
Балқаш аудандық білім бөлімінің «Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ Педагог­психолог Ырымжанова Аида Каршигиевна   Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл! (Шағын дәріс) Максаты:  Оқушылар   мен   ата­аналарға   оқушының   мамандыққа   бейімделу   мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.  Ата­аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік  беруін түсіндіру. Балалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Пікір­талас сүрақтары: 1. Оқушының болашақ мамандық тандауға деген қарым­қатынасына талдау  жасау. 2. Мамандық таңдаудағы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеті. 3. Мамандық тандаудағы жанұяның әсері. Жүздесуге  шақырылған  оқу  орталығының  өкілдері  балаларға  болашақ мамандығын  таңдау  да  жанүяның  көмегінің  мүмкін  жолдары  туралы  айтып  береді. Сондай­ақ, басқа да мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу, еңбек нарығында енді ғана  пайда  болған  мамандықтар  жөнінде  мағлүмат  беру.  Ата­аналардың балаларының  жөнінде  мамандық  немесе  қандай  да  бір  пікірмен,  не  баласына  көмек сұрай келген жағдайларда да мамандар оған дайын болуы керек.       Мамандық  таңдау­адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам  тағдырының бір бөлігі таңдаған  мамандығымен  ұштасып жатады. Адам асқақ   арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кез  ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш  дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Әр  мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол  мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты  дұрыс  таңдауына  ықпал   ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл­кеңесін ортаға салып,  балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.         Мамандық таңдау­белгілі бір даярлықты қажет ететін  іс­әрекет түрі , тіршілік  көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабыданатын жауапты шешімдердің  біреуі. Осы арада мамандық таңдауға ықпал ететін  негізгі 7 факторы ескере кеткен  жөн. 1. Икемділік. Икемділік дегеніміз – ол адамның қоршаған ортада өзін­өзі асқан ептілікпен  жаңадан құрылып жатқан заманауи талабына сай адам болуы; адаспай өз жолын дұрыс таңдай білуі және заман талабына сай азамат болып өсуі. 2. Мағлұматтылық Мағлұматтылық дегеніміз – ол адамның өзі таңдаған және жан­жақты білімді  болуына, әр нәрседен хабардар болуы; әрдайым ізденісте және жаңа заман талабын дер кезінде дұрыс түсіне білуі. 3. Тартылу деңгейі. Тартылу деңгейі дегеніміз – бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек  жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай  еңбек етсе және халқының мүддесін  жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету. 4. Мүмкіншілік. Мүмкіншілік дегеніміз – қазіргі таңда Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен  көптеген жаңалықтар және бұрын  соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат  болуға зор мүмкіншіліктердің  болуы; өзінің ішкі –жан дүниесін үңіліп, өз  қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру. 5. Ата­аналардың көзқарасы. Қай ата­ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының  да өнегелі сөздеріне  құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің  қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн. 6. Құрдастарының көзқарастары  Мұнда айтыла кететін жәйт, ол құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін  ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне  және еліне   орасан зор пайда әкелетіндігіне көз  жеткізу. Дана халқымыз айтқандай:  «Бірлесе пішкен тоң, келте болмас», ­деген дана сөзі осыған дәлел. 7. Нарық қажеттілігі. Нарық қажеттілігі дегеніміз – қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің   өз еркінде . Бірақ тағдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан  әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмаслып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі  деп  білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне  қажетті  саланы терең оқып және жаһандану  кезеңінде салауатты өмір сұру үшін жан­жақты бәсекеге  қабілетті азамат болу.       Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін  есте сақтаған жөн:  Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта  қандай  мамандықтар керектігін анықтау қажет;  Өзін­өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін­ өзі бағалау, талаптану деңгейі);  Өзіне ұнамды және ыңғайлы  мамандықты таңдауы тиіс;  Таңдаған мамандықты зерттеу;  Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;      Мамандық туралы жетік білмеу­мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп  соқтырады.осы жағдайға байланысты ата­аналарға  төмендігі жадынама ұсынғым  келеді.  Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;  Баланың өзі таңдаған  мамандықтың  пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе  шешуге тырысу;  Болашақ мамандықты  таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол   мамандықтарды ғана емес, соынмен қатар  моральдық сезімдерді  қанағаттандыратын  мамандықтарды да қарастыру;  Егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға  алмау;  Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп,  әңгімелесу;  Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;  Егер ата­ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай  бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету  керек.       Мамандық таңдау­әркімнің өз жүрек қалауы.  Жүрек қалауымен таңдалған  мамандық биік шыңдарға жетелері анық. "Менің жанүямның мамандығы" атты эссе жазу. Оқушылар   өз   жанұясының,   әке­шешесінің  мамандықтары   жөнінде,   оларға деген өзінің көзқарасы туралы шығарма жазады. Мамандык таңдау бойынша окушылар мен ата­аналарға арналған жадынама. Мамандық тандау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықтандай отырып алдымен  балан ы ң   қы з ығ уш ы лы ғы н а ,   қабі лет і н е ,   бейімділігіне,   қалауына қарау керек, содан кейін барып жанүялық салтпен санасуға болады. 1. Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз. 2. Оның тандаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып  талқылаңыз. 3. Мамандық тандар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың  рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз. 4. Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз. 5. Егер мамандық тандау барысында қарамақайшылықтуыңдап жатса, кеңесші  амандармен ақылдасыңыз. 6. Мамандық тандауда балаңызды қыспалай бермсңіз, әйтпесе бұл жан жалға әкеп  соқтыруы мүмкін. 7. Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз. 8. Егер балаңыз мамандық тандауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны  жөндеуге болады.. 9. Егер балаңыз қандай да бір мамандыққаертеден әуестене бастаса, оған  үйірмелер,   әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын  сақтауға мүмкіншілік беріңіз. 10. Балалар өз ата­аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін  екенін есіңізге алыңыз. Пайдалы акпарат Оқушыларды   болашақ   мамандығын   таңдауға  саналы   түрде   дайындау   еңбек тәрбиесімен   қатар  жүреді.   Сынып   жетекшісінің   жоғарғы   сынып  оқушыларына мамандық тандауда бағыт­бағдар көрсетуіне төмендегі бірнеше кеңестер мен пай­далы шараларды ұсынамыз. 1."Мамандықты   дүрыс   тандау   дегеніміз   не?",  "Өзінді   болашақ   маманға   қалай дайындауға болады?", "Білім деңгейі мен мамандық тандау",  "Нарық жағдайында мамандық таңдау" т.б. тақырыптарда әңгіме өткізу. 2. Әр түрлі мамандықтың өкілдерімен кездесу, өнеркәсіптерге саяхат жасау. 3. Конкурс өткізу: "Мамандық туралы кімкөп біледі?" деген конкурс өткізу  мамандық туралы рефераттар жазу, оны қорғау. 4.0қушыларды үйірмелік және факультативтік  сабақтарға, қоғамдық жүмыстарға қатыстыру. 5. Оқушыларды болашақ мамандығын анықтау үшін сынақ ретінде  қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту. 6. Жоғарғы сынып оқушыларына оқуын жалғастыруға және мамандыққа  дайындалуға кеңес беру. Мамандық тандау жолы. Баланың   мектептегі   жәнс   қоғамдық   қоғам­дық пайдалы іс­әрекеті оның кейін әлеуметтенуінде өте үлкен мәнге ие. Мамандық тандауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Бүған мыналарды жатқызуға болады: жас жеткіншектің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі,  өзінің өмірлік позициясын қорғай алу, қоғамдық өмір туралы экономикалық және   саяси   білім  алу,   қүқықтық   мәдениетті   дамыту.   Соңғы   кездері  жоғарғы   сынып оқушылары   тарапынан   тұрмыстық   және   өндірістік   дизайн,   мебельдер   жасау, безендіру, тоқыма және тігін, өсімдіктер өсіру, ландшафты дизайн, гүл есіруші және бақташы, әр түрлі андар асырау сияқты кәсіптерге қызығушылық артуда. Мүндай жүмыс түрі қосымша білімді қажет етеді, еңбекке деген шығармашылықты талап етеді карым­қатынас   жасай   алу.  Мектеп   түлектерінің   мамандықты   дәйекті  түрде таңдауы   туралы   нақты   ақпараттар   қүруға  еңбек   нарығында   олардың   қажеттілігін қамтамасыз етуге міндетті. Мамандық таңдаудың екі әдіс – тәсілі бар.   Бірінші әдіс  — сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса   жүріп  әр   түрлі   салаларда   жұмыс   істеуіне   болады,   бүл  оған   жақсы   өмір сыйлаумен қатар, еңбсктің қуанышын да сыйлайды. Бүған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін. Екінші әдіс  — қандай мамандық таңдаса да әрбір адамға қажетті өзін­өзі тану,  қабылдауын,   жүйке өзінің   қызығушылығын,   қабілетін,   ойын,   есте   сақтауын, жүйесінің қалыбын білу. Өзің   туралы   білген   соң,   мамандық   әлемімен  танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігінді, адамның маманға сай болу жонінде білуіңе болады. Тағы да үшінші жол бар. Ол — өзіңнің ата­анаңның, атаңның және бабаларыңның мамандығын тандау. Мүндай жағдай егер отбасында мамандықтың ұрпақтан­ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда тандауға болады. Бірақ ең бастысы — адамның өз маманына деген қарым­қатынасы, өз ісіне дсген сүйіспеншіліктен туындамақ. Болашақ мамандық тандау кезінде үлкендердің  көмектескеніне қарамастан, соңгы шешімді баланың   өзі   қабылдайды   және   одан   арғы  жауапкершілікті де өз мойнына алады.

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!

Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.03.2018