Мастер класс "Топиарий"
Оценка 4.9

Мастер класс "Топиарий"

Оценка 4.9
docx
20.12.2020
Мастер класс "Топиарий"
семинарсабақ (1).docx

ҚАЛАЛЫҚ  ТЕХНИКАЛЫҚ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ

 

 

Қалалық онлайн семинар-практикум

 «БИСЕР, МОНШАҚ ЖӘНЕ ІЛГЕКТЕРДЕН ҒАЖАП ТУЫНДЫЛАР»

шебер-сыныбы

 

 

Топиарии из бусин: разбираем три варианта

 

 

 

Дайындаған: ҚТШО қосымша

білім беру педагогі- Исенкулова Э.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы

11 желтоқсан 2020 жыл

Шеберлік класс тақырыбы: «Бисер, моншақ және ілгектерден ғажап туындылар»

Күні: 11.12.2020ж

Мақсаты: 

білімділік:

Бисер, моншақ және ілгектерден ғажап туынды -топиарий талын жасап үйрену. Материалдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. дамытушылық:

Іскерлікті, ойлау қабілетін, қол шеберлігін, теориялық алған білімді іс жүзінде шығармашылықпен дамыту.

тәрбиелік:

 талғампаздыққа баулып, эстетикалық тәрбие беру.

Шеберлік сабақ барысы:

Бұл европалық өнер қазіргі уақытта өте кең таралып, үй интерьерін безендіру үшін пайдаланылады.

Өз қолыңмен жасалған топиарий туған күнге, мерекеге таптырмас ерекше сыйлық  және үйді әсем етіп безендірудің керемет декоры болып табылады. Өз қолыңмен жасалған зат әрқашан да ерекше және құнды да бағалы.

Топиарий сөзіне тоқталып кетсек, ол ағылшын сөзі "topiary" ежелгі грек тіліндегі "топос" - орын дегенді білдіреді. Ол ландшафт үшін өрнекті және ойдан шығарылған пішіндерді көрсетеді. Латын тілінде "topiarius" бағбан, "topiaria"- бағбандық өнер. Ежелгі Европада куб, пирамида, шар, адамдар мен жануарлардың пішіндеріндегі ағаштары бар саябақтар пайда бола бастады. Топиар Голландияда кеңінен тараған және сол жақтан 1660 жылы бұл сән үлгісі Англияға келіп, онда жақсы дамиды.Топиардың қызықты үлгілерін Гурзуф саябағынан көруге болады.

Топиарийді әртүрлі заттардан, табиғи материалдардан жасауға болады. Мысалы: шыбықтан, теңіз ракушкаларынан, жаңғақтан, жапырақтан, сабандардан, кофе дәндерінен, конфеттен, лентадан, тоқыма жіптен, қағаздан, пластмасса, гүлдерден, мата, шнурдан, түрлі-түсті жұмсақ қағаз майлықтардан жасалған топиарийлер және т.б.Жаңа жыл шыршасын топиарий ретінде жасауға болады. Оған мысалы шыршаға ілетін жылтырақ ақ түсті мешурадан, ойыншықтардан жасауға болады.

 

Жасау әдісі:

Моншақтан жасалған топиарий өте әдемі. Оны жасау қиын көрінгенмен,қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс реттілігін орындаса, керемет бұйым жасап шығаруға болады. Сізден талап етілетіні ұқыптылық пен тиянықтылық.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Полистиролдан жасалған шар, диаметрі 8-10 см;

Ағаштан жасалған таяқшалар - 50 см;

Атластық ленталар, ені 3-7  мм, түсі әртүрлі ( таңдалған жұмысына қарай);

Әртүрлі көлемдегі моншақтар;

Ыстық желім;

Кашпо;

Топиарийді кашпоға отырғызу үшін: губка немесе гипс

Әсемдеу үшін: органза, папирос не гофра қағаздары т.б

 

Топиарийдің басты пішіні дөңгелек. Дөңгелек полистиролдан жасалған шарды дүкендерден сатып алуға болады.. Полистиролдан жасалған шарлар басқа материалдарға қарағанда қатты болып келеді.

Шар жасау үшін басқада материалдарды да  пайдалануға болады.

1. Балалар ойнайтын жұмсақ доптар.

2. Теннис доптары.

3. Папье-маше әдісін қолданып шар жасау. Топиарийдың шарын умаждап жыртылған газет қағазын алып домалақ пішін жасай отырып жіппен орау тәсілі арқылы дөңгелек шар жасайды.

4. Пластмассовый шар және балалар кубиктары т,б.

  

 

Топиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три варианта


 

   Құрал-жабдықтарымыз дайын болған соң, шеберлік сабағымызға кірісеміз.      

1.     Шарды алып ең жоғары нүктесінен бастап ыстық желіммен біртіндеп моншақтарды жабыстыруды бастаймыз.  Желіммен жабыстырған кезде  моншақты  бірнеше секунд ұстап тұрамыз. Моншақтардың көлемі мен орналасу жиілігін өзіңіз таңдайсыз. Түрі мен түсін де өз қалауыңызша таңдай аласыз. Біз бүгінгі шебер класымызда ақ түсті моншақтарды таңдадық. Осылайша моншақтармен шардың барлық көлемін жапсырмалап шығамыз.

2.     Топиарий  діңгегін дайындаймыз. Үш таяқшаны біріктіріп желімдейміз. Сыртын бір не екі түсті атластық  лентамен айналдырып ораймыз, шетіне келгенде желімдеп бекітеміз.

3.     Шарды діңгегін орналастырып орын дайындап тесіп, желіммен ағашын орналастырамыз.

4.     Содан кейін оны кашпоға гипспен не флористикалық губкамен орналастырамыз. Орналастырған кезде оны дәл ортасына тіктеп, түзулеп қоямыз. Кашпоны да өз қалауымызша қолда бар заттардан таңдауымызға болады: ол дайын гүл кашпосы, стакан, ыдыс(кружка) болуы мүмкін.  Түбін декоративтеп әсемдік үшін тастармен толтыруға болады.

5.     Сонымен қатар кашпоның сыртын да безендіруге болады. Оған органза немесе басқа да заттар пайдалана аласыз.

6.     Осымен моншақтан жасалған топиарийіміз дайын.

 

 

 

 

 

 

 

Топиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три варианта

 

 

 

 

 Топиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три вариантаТопиарии из бусин: разбираем три варианта


 

АЛАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

АЛАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

Шеберлік класс тақырыбы: «Бисер, моншақ және ілгектерден ғажап туындылар»

Шеберлік класс тақырыбы: «Бисер, моншақ және ілгектерден ғажап туындылар»

Кашпо; Топиарийді кашпоға отырғызу үшін: губка немесе гипс Әсемдеу үшін: органза, папирос не гофра қағаздары т

Кашпо; Топиарийді кашпоға отырғызу үшін: губка немесе гипс Әсемдеу үшін: органза, папирос не гофра қағаздары т

Шарды алып ең жоғары нүктесінен бастап ыстық желіммен біртіндеп моншақтарды жабыстыруды бастаймыз

Шарды алып ең жоғары нүктесінен бастап ыстық желіммен біртіндеп моншақтарды жабыстыруды бастаймыз

Мастер класс "Топиарий"

Мастер класс "Топиарий"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.12.2020