"Математика білгіштері" сыныптан тыс іс шараның әзірлемесі
Оценка 4.9
Занимательные материалы +4
docx
математика
7 кл—8 кл
20.04.2019
7-8 сыныптар арасындагы математика пәнінен өткізілген сыныптан тыс іс-шара
Мақсаты:
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
• Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
• Оқушыларды ұжымдыққа, ептілікке ,достыққа тәрбиелеу.
Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 6 оқушыдан.(Ітоп - 7 сынып, ІІ топ - 8 сынып)
Әр топтың атауы, ұраны, сәлемдемесі болуы керек.
Құрал –жабдықтар: презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Джуматаева Г.К. ашық сыныптан тыс іс-шара..docx
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
78 сыныптар арасындағы математика
пәнінен өткізілген сыныптан тыс ісшара
Өткізген : Джуматаева Г.К.
математика пәнінің мұғалімі
«Бурабай» РОО оқутәрбие бөлімінің орта мектебі
20182019 оқу жылы
78 сыныптар арасындагы математика пәнінен өткізілген сыныптан тыс ісшара
«Математика білгіштері»
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру; Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу
Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқушыларды ұжымдыққа, ептілікке ,достыққа тәрбиелеу.
Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 6 оқушыдан.(Ітоп 7 сынып, ІІ топ 8 сынып)
Әр топтың атауы, ұраны, сәлемдемесі болуы керек.
Құрал –жабдықтар: Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Турнир кезеңдері
1. Таныстыру .Әрбір топ өзінің сәлемдемесін, ұранын айтады.
2 .Блицтурнир
І топ
1. Дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым (теорема)
2. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
3. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)
4. Формуланы жалғастырыңдар а²b²=…(екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?)
( (ав)(а+в) )
5.Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
6. Сызықтық функцияның графигі (түзу)
7. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда,олардың арасындағы ішкі айқыш бұрыштары туралы не айтуға
болады? (өзара тең)
8. Екі өрнектің айырмасының кубы неге тең?
b
а−¿
¿
¿
9. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы (гипотенуза)
10. Қабырғасы 3ке тең квадраттың ауданы
(9)
(Нақты сандар)
(Аксиома)
(х1+х2=p, x1x2=q)
ІІ топ
1.Барлық рационал және иррационал сандар жиыны
2. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым
3. Виет теоремасын тұжырымдаңдар
4. Үшбұрыштың тамаша нүктелерін атаңдар ( медианалар, биіктіктер, биссектрисалар, орта
перпендикулярлардың қиылысу нуктелері)
5.30° синусы неге тең? (0,5)
6.Квадраттық функцияның графигі (парабола)
7.Дискриминант формуласы
8. Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб)
9.Үшбұрыш төбесін қарсы жатқан қабырғасының ортасымен
қосатын кесінді. (медиана)
10. Жарты түзудің басқаша аты
(в²4ас)
(сәуле)
3. Кім жылдам?
І топ
Теңдеуді шешіңдер:
2*(11х5)17х=55
5*(8х+3)12=83
ІІ топ Теңдеуді шешіңдер:
7*(2х+9)3х=107
3*(4х+13)25=74
3*. Жанкүйелермен ойын.
Біз санбыз....
Сызықпын бөлген
Матемаиканы ұқпас адамға
Құбыжық болып көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас
Ондық болып бөлген. (бөлшек)
1.Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. \Икс\
2.Күшіне сенген бір мықты,
Жығып салды сегізді. \шексіздік\
1.Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірінбірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді. \параллель түзулер\
2.Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. \дәрежелеу\
1. Математикалық таңба ол
Білімің болса ашарсың
Теріс сан болса астында
Мағынасы жоқ де қашасың \квадрат түбір\
2. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жанжағыңа қарамай \натурал сан\
Жұмбақтарды шешу.
4. Суретшілер сайысы
Плакатта берілген координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеп,оларды кесінділермен
қосып, сурет құрастырып алады.
І топ
(4;0), (3;1), (4;3), (1;3), (2;5), (4;6), (6;6), (8;5), (9;3), (6;3), (7;1), (6;0) (саңырауқұлақ).
ІІ топ .
(2;0), (1;1), (1;2), (4;5), (2;5), (3;6), (4;6), (5;5), (3;2), (6;4), (9;4), (5;0) (аққу).
5. Ойлан, тап
І тапсырма. Суретте барлығы неше шаршы бар ? (13 шаршы) ІІ тапсырма
М1000,
D – 500,
C – 100,
L – 50,
X – 10,
V – 5,
I 1.
Үйдің сыртында мынадай жазу болса
MDCCLXXXIX,
онда үй нешінші жылы салынған? ( жауабы 1789)
6. Қара жәшік
1 топ
Бастауыш мектеп оқушылары оны ұнатады.
Ол мұғалімдерге де керек.
Жоғары сынып оқушыларының кейбіреуінде ол көп, кейбіреуінде ол біреуақ.
Ежелгі заманда ол болмаған,оның орнына тақтайшаны қолданған.
(Жауабы: дәптер)
2 топ
Кара жәшіктегі затты ойлап тапқан жігіт грек өнертапқышы Дедалдың (Икарға қанаттарын жасаған
шебері) жиені.
Помпей күлінде археологтар қоладан жасалған көптеген осындай заттарды тапты.
Ол архитектурада және құрылыста қажет.
Мектепте математика сабақтарында оны қолданады. (Жауабы : циркуль)
7. Мақалмәтелдер сайысы
І топ тапсырмасы
1.Жеті жұрттың тілін біл,..........
2.Білекті бірді жығар,.............
3.Екі жақсы қас болмас,.......
4.Досыңды үш күн сынама,.......
5.Жүз теңген болғанша,..........
6. Жүзден біреу шешен...........
Жауаптары: ІІ топ тапсырмасы
1. Отыз тістен шыққан сөз, .........
2. Білгенің бір тоғыз, ...........
3. Бір кісі қазған құдықтан, ..........
4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,......
5. Елу жылда ел жаңа, .........
6. Жеті рет өлшеп, ............
1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
4. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
5. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
6. Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем.
Жауаптары:
1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар.
2. Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.
3. Бір кісі қазған құдықтан, отыз кісі су ішер.
4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса төбедегі келеді.
5. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.
6. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
8. Тарихи калейдоскоп
1) Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы
мектептің тұңғыш математигі. Оның басты еңбегі – «Негіздер».
2) Бұл математик 1777 жылы туған.
19 жасында ол дұрыс жетібұрышты және тоғызбұрышты салудың толық шешімін берді. Бұл мәселені
ғалымдар 2 мың жыл бойы шеше алмаған.
Оның атақты сөздері: «Математика барлық ғылымдардың патшайымы, арифметика математика
ханшасы» Ол кім? (Карл Гаусс)
3) Бұл математик 1777 жылы туған.
19 жасында ол дұрыс жетібұрышты және тоғызбұрышты салудың толық шешімін берді. Бұл мәселені
ғалымдар 2 мың жыл бойы шеше алмаған.
Оның атақты сөздері: «Математика барлық ғылымдардың патшайымы, арифметика математика
ханшасы» Ол кім? (Архимед)
(Евклид)
4) Бұл математик 1777 жылы туған.
19 жасында ол дұрыс жетібұрышты және тоғызбұрышты салудың толық шешімін берді. Бұл мәселені
ғалымдар 2 мың жыл бойы шеше алмаған.
Оның атақты сөздері: «Математика барлық ғылымдардың патшайымы, арифметика математика
ханшасы» Ол кім? (Пифагор)
9. Капитандар жекпежегі. «Буриме» ойыны. Капитандар берілген сөздерді қатыстырып өлең
шығарады.
І топ
... үшмүше
… неше
... дәлелдеу
... жіктеу
ІІ топ
... пи … Әл Фараби
... тік
... биіктік
9*. Көрермендермен ойын. Логикалық есептерді шешу.
Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл ,Гүлназ,Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан
үлкен.Сонда кім үлкен? (Айгүл)
2 мен 3тің арасында қандай таңба қойғанда 2ден үлкен, 3тен кіші сан шығады? (,)
10. Музыкалық сайыс Сандарды ән әуеніне келтіріп оқу. «Два веселых гуся» әнін бірге айту.Содан кейін
әр топ өз әнін бөлек айтады
«Два веселых гуся»
120 7 5
1 18 40
2 9
|
11 8 | 2 рет
56 |
13 |
1 топ «Чунгачанга»
1 9 5
17 2
83 10
25 30
72
40 25
18 3
595
2 топ «Антошка»
41 41
40 80 18
41 41
40 80 125
11.Іс шараны қорытындылау.Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды атайды.
"Математика білгіштері" сыныптан тыс іс шараның әзірлемесі
"Математика білгіштері" сыныптан тыс іс шараның әзірлемесі
"Математика білгіштері" сыныптан тыс іс шараның әзірлемесі
"Математика білгіштері" сыныптан тыс іс шараның әзірлемесі
"Математика білгіштері" сыныптан тыс іс шараның әзірлемесі
"Математика білгіштері" сыныптан тыс іс шараның әзірлемесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.