Математика пәні: матемаикалық сайыс
Оценка 4.6

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Оценка 4.6
Контроль знаний
docx
математика
2 кл
14.04.2019
Математика пәні: матемаикалық сайыс
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Оқушылардың ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Математикалық сайыс.docx
№ 12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп Математикалық сайыс: «Көңілді тапқырлар» (2 сыныптар арасында) Өткізген:Комекова Жанар 2018\2019 оқу жылы Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»  математикалық сайыс Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой­өрісін дамыту,  жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану.  Оқушылардың ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді  тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой­өрісін кеңейту, логикалық  ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа,  ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына  қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп  қалыптастыру. Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы арқылы өткізу. Сыныпты безендіріледі. Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар!  Бүгінгі 2 сыныптар арасында  өтетін «Көңілді тапқырлар » атты  математикалық  сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер !  Мұғалім: Бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға  беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп,  таныстыра кетейін.  Мүшелері: Оқу ісі жөніндегі орынбасары   Ғылыми­әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары   Бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі  Мұғалім: Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар­дегендей бүгінгі сайысқа қатысатын оқушылар 2 «А» ­ Лентаева Оксана, Есен Муса. 2 «Ә» ­Рахманберді Абумансур, Қонар Аяжан. 2 «Б» ­ Елубаева Гүлсезім, Тілеп Мейрамбек. 2 «В» ­ Нұрғали Асыл, Есмағанбет Мөлдір. 2 «Г» ­Амиров Арман, Есқалиева Қарагөзайым. 2 «Ғ»­ Қалдыбай Жансая, Жарылға Махамбет. 2 «Д» ­ Утемурадов Дастан, Нұржан Майра. 2 «Ж»­Орынбай Жанболат, Қармысова Фатима. 2 «З» ­ Асау Аружан, Назар Нұрислам. 2 «Е» ­Әділбек Бекарыс, Даулетнияр Камшат. Мұғалім:  Барысы: Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызды «Көңілді тапқырлар»  сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Математика керек әр күнге Математика қажет өмірге Математиканы оқимыз Миымызға тоқимыз. ­ Енді сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы  алқасын таныстырып өтейік.(Әділ қазы алқасы таныстырылады.) Топқа бөліну: “Сиқырлы әріптер” арқылы бөліну: «А» әрпі ­ «Алғырлар» тобы «Т»  әрпі ­ «Тапқырлар» тобы «З» әрпі ­ «Зеректер» тобы Мұғалім: Бүгінгі «Көңілді тапқырлар » математикалық сайысына  қатысушылар 2сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған  “Алғырлар” және ”Тапқырлар”, “Зеректер” топтарын ортаға шақырып,  құрмет – қошемет көрсетіп қояйық. Сайыстың жүру кезеңдерімен таныстырып өтейін. 1­кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап. 2­кезең. “Жорға” – Математикалық жұмбақ есептер . 3­кезең. “Көкпар”­ сиқырлы ұяшықтар. 4­ кезең. Ойлан, тап ! I кезең ­ “Бәйге” – Сұрақ – жауап.Бұл кезеңде 10  сұрақ беріледі,2  минут ішінде сол сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Әр  сұрақтың дұрыс жауабы 5 ұпай . «Алғырлар» тобына: 1.Ең кіші үш таңбалы сан. (Жүз) 2.Қабырғаларының ұзындықтары бір­біріне тең тік төртбұрыш.  (Шаршы ) 3.4 ондықтан құралған сан. ( Қырық ) 4.Сұйықтықтың өлшем бірлігі. ( литр) 5.Кеміту амалы. ( Азайту ) 6.Екі нүкте арасын қосқанда қандай пішін шығады? (кесінді) 7.Жеңіс күні қашан тойланады ? (9 мамыр) 8.Ең үздік баға (5) 9. 1сағ неше минут бар? (60 мин) 10.1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)  «Тапқырлар» тобына:  1.Ең үлкен екі таңбалы сан ( 99) 2.Қарама­қарсы қабырғалары бір­біріне тең геометриялық фигура. (тік  төртбұрыш ) 3.8 ондықтан құралған сан. (80 )  4.Ұзындық тың өлшем бірліктерін ата ( мм, см ,дм, м ) 5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. (Шеңбер) 6. Бір нүктеден шыққан түзулер? (сәуле) 7.Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан) 8. Ең нашар баға. (2) 10. 1 жылда неше ай бар? (12) «Зеректер» тобына: 1.Сабақтың басталатын уақытын ата (8сағ 15 мин) 2.1м­де неше см бар? (100см) 3.Қосу амалының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосынды) 4. Жүзде неше нөл бар? (2) 5.Тік бұрыштан кем бұрыш қалай аталады? (сүйір) 6. Кез келген санға 1­ді қосқанда қандай сан шығады? ( содан кейінгі сан)  7.Үстелдің беті төрт бұрыш. Оның бір бұрышын кесіп тастағанда неше  бұрыш қалады? ( 5) 8. 1 дм­ де неше см бар? (10 см) 9. Санға нөлді қосқанда неше болады? ( сол санның өзі шығады?) 10.Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі (мм) II кезең  ­ “Жорға” – Математикалық жұмбақ есептерді шешу.  Әр топқа бір есептен беріледі. Бір минут ішінде жауабын беру қажет.  Жауап дайын болмаған жағдайда келесі топ жауап береді. «Тапқырлар » тобына: 1)Аулада 60 үйрек , Қорада 20 үйрек. 10 үйрек тығылды, 10 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек? (60)   «Алғырлар» тобына:  2) Көлден ұшты 50 қаз ,    Қайтып қонды 20 қаз.  Қонбады оның нешеуі,  Қәне кім тез шешеді? (30) «Зеректер» тобына: 3) 11 түйе, бес жылқы, 2 сиыр, бір ешкі. 2 қоян, үш түлкі Болды сонда нешеуі? (23) Мұғалім:  Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер, Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер,­дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене  отырып,сайысымыздың келесі кезегі «Көкпар» сайысына көшейік. III  кезең ­ «Көкпар» сайысы . Сиқырлы ұяшықтар .  Әр бөліктегі сиқырлы  ұяшықтарды алма­ кезек таңдау арқылы  сұрақтарға жауап беру. Егер дұрыс жауап берілсе, сол сан ұпай болып  есептеліп, қоржындарыңызға түседі.Қателескен жағдайда  қарсыластарыңызға кезек беріледі де, ұпай солардың еншісіне тиеді. Үш  топта жауабын таба алмаған жағдайда кезек жанкүйерлерге беріледі.  Олар өз ұпайларын өздері қалаған топқа береді. 5­1 тапсырма: Шеңбер, Шаршы, Үшбұрыш берілген суреттегі қанша  фигура екеннін табу. Жауабы: Шеңбер ­6, Шаршы ­9, Үшбұрыш­7. 5­2 тапсырма: Математикалық ребусты шешу.  6Н – Алтын, Т10 –тон, К3 – көз, С10А – сона, 100ІМ – жүзім. 10­1 тапсырма: Белгісіз көрші санды табу.  4­3­5, 4­5­6, 1­2­3, 4­5­6, 3­4­5, 5­6­7,7­8­9,9­10­11,7­8­9. 10­2 тапсырма: 10 санының құрамын табу.  10 = 9+1 , 10= 5+5 , 10 = 6+4 , 10 = 8+2  , 10= 7+3. 15­1 тапсырма: «Тышқан» моделінде қанша үшбұрыш және неше шеңбер  фигуралар бар?  Жауабы: 6 – шеңбер, 6­ үшбұрыш. 15­2 тапсырма: Сыйлық ретінде ұпай ұсынылады.  Мұғалім: Ойын толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай таным да, жат дауыс та, Біреу озық келеді қатарынан, Біреу қалып жатады қапылыста. 4­ кезең .Ойлан, тап! «Кім жылдам?» Жауабы: «Алғырлар» тобында:  9 үшбұрыш                «Тапқырлар » тобында: 8 үшбұрыш                 «Зеректер » тобында: 6 үшбұрыш Назарларыңызға көп­көп рахмет!

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс

Математика пәні: матемаикалық сайыс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.04.2019