А С Ы Л Ә Ж Е М, С Ү Й К І М Д І Н Е М Е Р Е М
Мақсаты: Отбасындағы әжелер тәлімінен үлгі алу, халқымыздың салтдәстүрін, өнегелі
нақыл сөздерді асыл қазына екенін оқушы санасына жеткізу, сыйластыққа бірінбірі
құрметтеуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін жамыту, сабырлы болуға,
парасатты мен білімдарлыққа баулу.
I жүргізуші II жүргізуші
Уа, жарандар, жарандар Көктем тойы әніміз
Көңілің бар алаңдар Көркем өнер сәніміз
Ата менен әжең бар Өлеңәнмен той сәнін
Үлкен –кіші анаң бар Өрнектейміз бәріміз
Наурыз тойы басталды Жарқыраған жас, нұрлы
Бәрің бері қараңдар Жаса Наурыз,дәстүрлі
I жүргізуші II жүргізуші
Әнім де саған,сәнім де, Наурыз тойы, ұлу жылы
Құт қонақ өзің үйімде Құтты болсын халайық
Қуаныш сыйлап еліме Ұлыстың бұл Ұлы күні.
Күлімде,Наурыз күлімде Шырқап әнге салайық.
I жүргізуші IІ жүргізуші
Халқымның әдетсалтына Жас ұрпағым тал бесіктен өскейсің
Ойлана қарап,түйін түй Ұлтымыздың дәстүрімен көктейсің
Шаттығын сыйлап жалпыға Құрметті көрермен қауым «Асыл әжем,
Жалғаса берсін әнкүй,би. сүйкімді немерем» атты сайысымызға
Қош келдіңіздер... Бастарыңызға қонсын дәйім бақ құстары
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы,
Ұзақ, ғұмыр,қуаныш,нұр сыйласын
I жүргізуші
Өмірдің тыншымайтын ағыстарыдей отырып Шаңырақтың ұйытқысы,ақылдың көзі асыл
әжелерімізді немерелерімен ортаға шақырамыз.
1.Жұмакүл әже немересі Әселмен
2.Салима әже немересі Эльвирамен
3.Рымкүл әже немересі Әдемімен
4.Гулсім әже немересі Араймен
IІ жүргізуші
Қадірменді көрермен қауым,ақылына көркі сай әжелеріміздің өнері мен өнегесін пайымы мен
парасатын тамашалауға қош келдіңіздер!
I жүргізуші
Ендігі сәтте бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар.
1шарт. «Сәлемсөздің атасы» әр топ өзін таныстырады.
IІ жүргізуші
2шарт. «Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын»
(әжелер жүн түіп, шүйкелеп, ұршық иіреді. немересі дайын оюдан өрнек құрастырады)
I жүргізуші 3шарт. «Халық тәлімітәрбие бастауы» деп аталады. (әжелер мақалмәтелдер айтады,
немересі тиым сөздер айтады).
IІ жүргізуші
4шарт. «Бармағынан бал тамган әжемай» деп аталады (қазақтың ұлттық тағамдарының
біреуін алып көрсетіп таныстыру, немерелері көктем көрінісін салу)
I жүргізуші
5шарт. «Өз өнерлерін көрсету» деп аталады.(әжелеріміз бен немерелері өз өнерлерін
көрсетеді)
IІ жүргізуші
Өнер,білім,өнеге тұнған дарын.
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын.
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
I жүргізуші
Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше, дей келе сайысымыздың алғашқы шарты бойынша «Сәлем
сөздің атасы» бөліміне кезек береміз.
Әділқазылар жағынан көрсеткіш есебін сұраймыз.
ІI жүргізуші
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салтдәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнері әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей сайысымыздың келесі шарты бойынша «Өнерлінің
қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын » бөліміне кезек берейік. (әжелер жүн түіп, шүйкелейді және ұршық
иіреді,немересі дайын оюдан өрнек құрастырады)
Әділқазылар көрсеткіші
I жүргізуші
Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер есі кірген баларды жаман
әдеттен, жат пиғылдан, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Сайысымыздың
3шарты бойынша «Халық тәлімітәрбие бастауы» деп аталады. (әжелер мақалмәтелдер
айтады, немересі тиым сөздер айтады). .
IІ жүргізуші
4шарт «Бармағынан бал тамған әжемай» деп аталады (қазақтың ұлттық тағамдарының
біреуін алып көрсетіп таныстыру, немерелері көктем көрінісін салу)
Әділқазылар көрсеткіш есебі
I жүргізуші Сайысымыздың 5шарты «Өз өнерлерін көрсету» аталады.(әжелеріміз бен немерелері өз
өнерлерін көрсетеді)
IІ жүргізуші
Тамашалармыз пәк сәбилердің күлкісін
Ақ әжелерің өзінен естіп сырды шын
Ақ бата алып,қариялардан өмірге,
Наурызым саған ұшырғым келді Жыр құсын
I жүргізуші
Ортамызға шақырып Рымкүл әжеміздің
Ақ батасын алайық,
IІ жүргізуші
Ән қосылсын әніңе
Сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп Жаңа жыл
Бақ дарысын бәріңе!
I жүргізуші
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылсын бойыңа
Аманесен жетейік
Келер наурыз тойына!
Әділқазылар көрсеткіші
Сайысты қорытындылау жүлдегер әжелер мен немерелерді марапаттау. Сыныптан тыс жұмыстар
Өткізген: Шаңқұлова Г.Қ
Математика. Санды қосындыға көбейту. (4 класс)
Математика. Санды қосындыға көбейту. (4 класс)
Математика. Санды қосындыға көбейту. (4 класс)
Математика. Санды қосындыға көбейту. (4 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.