Мемлекеттік Рәміздер Тәрбие сағаты
Оценка 4.6

Мемлекеттік Рәміздер Тәрбие сағаты

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
3 кл
26.01.2018
Мемлекеттік Рәміздер  Тәрбие сағаты
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституция заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституция заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;
Мемлекеттік рәміздер.docx
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер  Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және  тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге,  елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын  білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі­түсті суреттер Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру:Амандасып, балалардың назарын сабаққа аудару . Кіріспе бөлім: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді  әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен  шығармайық. Отан –жерім, Отан­суым, Отан қуат, нәр береді.. Отан­ұран, Отан­туым, Отан мәңгі гүлденеді­ демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып  саналады. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым  белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде  орналастырылған жанды­жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман­мұраты, өзін­өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе  беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз  етеді. Олардың түр­түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституция  заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен  қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін  құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Қазақ халқында әрбір рудың мал­мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында  межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының  астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік  Рәміздері бекітілді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. Бiрыңғай көк­көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және  Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан  барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны  болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық,  сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк”  сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының  қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет ­  ғұрыпты, салт ­ дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Мемлекеттік Рәміздер Тәрбие сағаты

Мемлекеттік Рәміздер  Тәрбие сағаты

Мемлекеттік Рәміздер Тәрбие сағаты

Мемлекеттік Рәміздер  Тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.01.2018