Қысқа мерзімді сабақ жоспар
САБАҚ: Қазақ әдебиеті |
Мектеп: № 17 орта мектеп |
Күні: 09.02.21ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Лесбаева М |
Сынып: 5 б |
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар : |
Сабақтың тақырыбы |
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Дайындықсыз келген бір күн |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу (5. Т/Ж3); Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау (5. Б/С2) |
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Шығарманың мазмұнын түсінеді, кейіпкерлерді салыстырады. Көпшілігі: Іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын аша алады, тапсырмаларды орындау арқылы салыстырып бағалайды. Кейбірі: - шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстырып бағалайды, - мазмұнын түсінеді, іс-әрекетіне қарай кейіпкерлерді ажырата алады; |
Жетістік критерийлері |
Білім алушы • Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды • Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттайды Білім алушы • Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз. Ох, шіркін-ай, төбемнен жай түскендей болды, қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес, әкең тәрізді сұңғақ, біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш; Оқушылар: бұзақы, қоңырау, мақтаншақ, сотқар Пән лексикасы және терминология: портрет, суреттеу, образ, кейіпкер Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: түбінде адам болатын бала, маңдайдан терім бұрқырап есік алдына шықтым,мұрнымды көкке шүйіріп |
Осыған дейін меңгерілген білім |
АКТ арқылы дыбыссыз фильмнен үзінді көрсетіп повестің оқиға желісін, сюжетін еске түсіреді |
Жоспар
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) |
Дереккөздер |
Сабақтың басы Білу: (5 мин)
Түсіну: (10 мин) |
Психологиялық ахуал: Дайындықсыз келген бір күн Тапсырма: Жалпы сыныпқа аудио жазбадан эпизод тыңдалып, есінде сақтайды, тақырыпты ашады. Шынайы өмірмен салыстыру мақсатында сұрақ қойылады. Жетекші сұрақ: «Сіздің басыңыздан осындай бір сәт өтті ме?»
Тапсырма: Жеке тапсырма «Иә» және «Жоқ» сұрақ-жауап әдісі арқылы кейіпкерлердің образын ашып көрсетуге дайындық сұрақтары. Оқушыларға 20 сұрақ беріледі, олар: Тапсырма: 1. Қожаның шын есімі - Қожаберген. 2. Жанардың фамилиясы – Қадырова. 3. Түбінде адам болатын бала – деді анасы. 4. Анфиса Михайловна бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды. 5. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет, - деді Сұлтан. 6. «...маңдайымнан терім бұрқырап есік алдына шықтым...» - қоңырау соғылған кездегі сәт. 7. «Мұрнымды көкке шүйіріп» - Сұлтанның сөзі
|
Келесі қысқартуларды қолданыңыз: МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық МЖ = Мұғалім жасаған ӨД = өзге дерек көздер і |
|
Шығу билеті Сіз бүгін не үйрендіңіз? Сіз тағы не білгіңіз келеді? |
|
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
- «оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы оқушылардың оқуына әр түрлі тапсырмалар арқылы қолдау көрсетемін; - оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуда «Дайындықсыз келген күнің болды ма?» деген жетекші сұрақ арқылы сабақ басында «миға шабуыл» әдісін пайдаланамын. - оқушылардың жеке мүмкіндіктерін: және жас ерекшеліктерін: есепке ала отырып «Ыстық орындық» әдісін қолдандым
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Оқушылардың жауаптарына сәйкес қолдану мен талдаудағы дискриптор арқылы ынталандырып, сабақ соңында бағалау парақтары арқылы өзара бағалау жұмысын жүргіземін. Берілген критерийлар бойынша оқушылар «+» таңбасы арқылы түсінгенін белгілейді, ал «-» таңбасы арқылы толық түсінбегенін белгілейді. Бағалау жұмысын 3«+» - жасыл шляпа,2 «+» - қызыл шляпа, 1 «+» - сары шляпа беріп, қолдау көрсетемін. |
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі - көркем мәтінді талдау жүйесі болып алынып отыр.
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс Аудиожазба мен видеожазба тыңдатқан кезде компьютер мен колонканы қолданамын.
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Сабақ барысында топтық жұмыс кезінде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауын, ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік бар.
|
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Сабақ барысында Дифференциацияны сабақтың қолдану, түсіну, жинақтау бөлімдерінде пайдаландым. Мақсатыма сәйкес жеке тапсырмалар жасадым. Атап айтар болсам «Иә» «Жоқ» әдісі арқылы оқушыларға кейіпкер портреті мен іс әрекеті арқылы образын сомдауға мүмкіндік берілді.Сонымен қатар саралауға «Ыстық орындық» әдісін және шығарма кейіпкері мен шынайы өмір кейіпкерін салыстырып жазу арқылы білімдерін молайтуға мүмкіндік туғыздым. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдістәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін дискриптор мен «өзара бағалау» әдісін қолдандым. Осы әдісті таңдаған себебім әр оқушы өз өзіне баға бере отырып өзінің кемшілік тұстарын ескеруге үйренеді. Балада өзіне деген шынайы баға беру дағдысы қалыптасады. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? -Қажет. Себебі өзімнің жоспарлауымдағы жіберген қателіктерді әріптестерімнің идеялары мен іс тәжірибесі арқылы дұрыстауға мүмкіндігім болады. Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? - Жоқ Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? Жауапкершілігі мол,белсенді азаматтық ұстанымы бар,Шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлайтын, қарым-қатынасқа ашық және ықыласты, өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын тұлға қалыптастыру. |
|
Ойлану
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланғану уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Сабақ барысында жоспарланған сабақ жоспарыма сәйкес сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттарым жүзеге асырымды болды. Берілген тапсырмаларым тақырыпты ашуға, оқушылардың қажеттілігін ескеруге мақсатқа жетуге мүмкіндік туғызды.
Оқушылар бүгінгі сабақтан кейіпкер портреті мен кейіпкер іс әрекеті арқылы образын ашып, шынайы өмірмен салыстырып бағалауды үйренді.
Сабақ барысында оқушылар жоғары деңгейде белсенділік танытты. Тапсырмаларға оқушылар қызығушылық танытып, сыныптығы қабілеті төмен оқушылар белсенді жұмыс жасауға талпынды.
Жоғарыда көрсетілген дифференциацияны жүзеге асыруға барынша тырыстым. Берілген тапсырмаларымды арқылы саралап бағаладым.
Жоспарланған уақытымды ұстана отырып, сабақ барысында жоспарыма өзгерістер енгізген жоқпын. Бірақ келешекте сабақ өткізу барысында оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып өзгеріс енгізуім мүмкін.
|
||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: «ыстық орындық» әдісі арқылы кейіпкер портреті мен образын ашу барысында оқушылар белсенділік танытуы, кейіпкер портреті мен іс әрекеттері арқылы образ ашуды үйренді, демек берген жауаптары арқылы тақырыпты түсінгендіктерін байқадым.
2: Жеке жұмыс: Шығарма кейіпкерлерінің бірі таңдалып, кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен жеткізу арқылы оқушылардың өз ойларын жазбаша түрде әдеби тілмен жеткуге, салыстыра отырып шығарма кейіпкері мен шынайы өмірден мысал алып саралауды үйренді.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Кейбір (қабілеті төмен) оқушылармен қосымша тапсырма беріп, орындатқан жағдайда.
2: АКТ – ны пайдаланатындай тапсырмалар орындатқан жағдайда, сабақ әсерлі әрі оқытуға ықпалын тигізер еді.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Келесі сабақтарда сыныпты топқа және жұпқа бөліп, соған сәйкес тапсырмалар дайындап өткіземін. Себебі топтың арасында оқушылар өздерін еркін ұстап ойларын еркін жеткізеді.
|
|||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.